Күні:
Топ:
Сабақтың
тақырыбы: Қостанайдан шыққан атақты
адамдар.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік:
білім алушыларды қостанай облысынан
шыққан атақты ақын-жазушылардың өнегелі
өмірімен, атақты шығармаларымен
таныстыру;
Дамытушылық:
білім алушыларды қазақ тілінде қазақ
зиялылары туралы диалог құрастыруға,
сөйлем жазуды үйрете отырып, сөйлеу
дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:адамгершілікке,
ұқыптылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: әңгіме, түсіндіру,
Сабақтың
көрнекілігі:
Сабақтың
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі:
Үй
тапсырмасын тексеру
Қостанай
облысының орталығы қай қала?
Қостанай
облысы қай жылы құрылған?
Қостанай
облысында неше аудан бар?
Қостанай
облысының халқы қанша?
Қостанай
облысында неше қала бар?
Жаңа
материалды меңгерту:
Мәтінмен
жұмыс.
Қостанай
облысынан шыққан атақты адамдардан
кімдерді білесіңдер?
Қостанай
облысынан шыққан атақты адамдар.
Қостанай
облысынан шыққан атақты адамдар
жеткілікті. Олар біздің мақтанышымыз.
Олар: Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М.
Дулатов, Б. Майлин, С.Көбеев, М. Қозыбаев,
М.Хакімжанова т.б.
А.Байтұрсынов
– тілші-ғалым, ағартушы-ұстаз, аудармашы,
ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы,
әдебиеттанушы ғалым болды.1913 жылы
Орынборда «Қазақ» газетін шығара
бастады. А.Байтұрсыновты үлкен ақын
ретінде танытатын екі жинағы бар. Оның
бірі-1909 жылы Петербургте жарық көрген
«Қырық мысал» мысал аудармалары. Екіншісі
-1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса»
атты төл өлеңдер жинағы.
Өз
шығармаларында қазақ даласының күрделі
қоғамдық-әлеуметтік жағдайын кеңінен
танытқан. М.Дулатов шығармашыллығының
алғашқысы –«Оян, қазақ!» атты өлеңдер
жинағы.
Көзіңді
аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей
қараңғыда бекер жасты.
Жер
кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым,
енді жату жарамас-ты.
Алғашқы
қазақ романын Міржақып жазды. Ол 1910 жылы
Қазанда басылып шыққан «Бақытсыз Жамал»
романы еді. Міржақыптың «Бақытсыз Жамал»
романының тақырыбы-әйел теңдігі.
Бейімбет
Майлин –көрнекті ақын, прозаик, драматург.
Оның поэзиялық, прозалық, драмалық
шығармалары қазақ әдебиетінің алтын
қорынан орын алады.
Б.Майлиннің
атақты «Шұғаның белгісі» және «Раушан
коммунист» атты повестері қазақ
әдебиетінің табысы.
Сөздік:
әйел
теңсіздігі-неравноправность по отношению
к женщинам
1-тапсырма.
Сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлем
құрастырыңыз.
Бейімбет,
драматургиясының, қазақ, қалаушы,
негізін.
«Даудың,
Дайрабайдың, көк, басы, сиыры».
Соңғысы,
өлеңдердің, жинағындағы.
Ақынның,
қояр, бар, өзіне, талабы.
Шығармашылығының,
саласының, бірі, үлкен, поэзия.
Сан
есім. Есептік сан есім.
Сан
есім заттың саннын, ретін және қимылдың
мөлшерін білдіреді.
Есептік
сан есім (количественное) нақты санды
білдіреді. (бес, он).
2-тапсырма.
Сандарды сөзбен жазып, көшіріп алыңыз.
«40
мысал», 13 жасында, «23 жоқтау», 64 жасында,
68 жолдық, 12 мысал аударған, 9 жол, 1
шығармасын оқыдым, «12» деген поэмасы,
8 кейіпкер, 1 жаманы, 5 кітаптан тұрады,
«7 өлшеп, 1 рет кес», 4 шумақ өлең, қазақтың
3 бәйтерегі, диалог 7 адамның арасында
жүргізілді, неге 3 өлең жаттаймыз, 1 өлең
жетпейме, Абайдың 6 өлеңін білемін, 2 тіл
білемін.
3-тапсырма.
Жақша ішіндегі сөздер мен сөз тіркестерін
қазақ тіліне аударыңыз.
Ыбырай
Алтынсарин (выдающийся ученый,
просветитель). Ол 1841 жылы (родился).
Ыбырайдың әкесі (умер), оны атасы Балғожа
(воспитывал). Ыбырай 48 жыл (жил).
(Талантливый педагог) балаларға мектеп
ашып, «Қазақ хрестоматиясы» мен
«Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы»
деген екі кітап (написал и опубликовал).
Алтынсарин балаларды (к честности,
труду, знаниям) шақырды. Ыбырай
Алтынсаринді (свой народ) жоғары
бағаланған. Алтынсарин есімі (целому
ряду общих и специальных учебных
заведений) берілді. Педагогикалық
(научно-исследовательский институт)
Ыбырай Алтынсарин есімімен аталады.
Ыбырай Алтынсаринді қазақ халқы (высоко
ценит).
Жаңа
тақырыпты бекіту
1:
Қостанайлық атақты қандай жазушыларды
білесіңдер?
2:
А.Байтұрсынов қай облыста дүниеге
келген?
3:
Ы.Алтынсарин атында Рудный қаласында
қандай оқу орны бар?
4:
Қостанай мемлекеттік университеті
кімнің атында?
Рефлексия:
Бағалау.
Үйге
тапсырма: Рудный қаласы туралы мәлімет
жазып келу.