Пәні: Абайтану Пән мұғалімі: Наазарова
Бибигуль
Күні: 22.05.18 жыл. Сыныбы: 10
«А,Ә»
23.05.18жыл.
Сабақтың тақырыбы : Абай мектебінен тәлім алған
– Шәкәрім; Мағауия Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты :а) Шәкәрім мен Мағауияның шығармашылығы туралы түсінік
беру, өлеңдерінің мазмұнын игерту,мәнерлеп оқу дағдыларын
қалыптастыру;
ә) Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне
ықпал жасау,ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін
жетілдіру;
б) оқушылардың көркемөнер дүниесіне
сүйіспеншілігін арттыру,әдемілікті түйсінуге,туған жердің
табиғатына қамқорлық жасау.
Сабақтың түрі :аралас сабақ
Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап,шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі :тірек сызбалар ,суреттер
Пәнаралық байланыс :тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын
тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа
аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген Шәкәрімнің поэмаларын сұраймын.
Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Ұлы
Абайдың маңайына шоғырланған талантты жастар туралы айта келіп
Мұхтар Әуезов былай деп жазады: "... Ондай ақын төртеу. Оның екеуі
Ақылбай, Мағауия - Абайдың өз балалары, мұның екеуі де 1904 жылы
Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын
Абайдың толық мағыналы шәкірттері". Шындығында да Шәкәрім Абайдың
ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған
шәкірті.
Абай
шәкірттерінің қай-қайсысы да ұлы ұстазының басқан ізін қайталамай,
өнер көгінде өздерінше соқпақ салуға ұмтылды. Абай өз шәкірттерінің
өлеңдерін үнемі қадағалап отырған. Өзі тақырып беріп жаздырғандары
да аз емес. Ұлы ақын жастардың туындыларына сын көзбен қарап,
бағыт-бағдар беріп отырған.
Шәкәрімнің ақындық жолын айқындап берген де, міне, осындай
ұлы мектеп, Абайдың ақындық дәстүрі болды. Шәкәрімнің терең
мағыналы шығармашыл мұрасының өн бойынан Абайдың реалистік сарыны,
көркемдік, эстетикалық танымының әсері үнемі белгі беріп
отырады.
Арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше
іздене жүріп және Абай ағасының басшылығымен жан сарайын байытқан
Шәкәрім өз заманында қазақ арасындағы, кала берді, бүкіл Түркістан
өлкесіндегі аса білімдар, ойшыл адамдардың бірі атанады. Араб,
парсы, түрік тілін білді, орыс тіліне жетік болды.
Мағауия - Абайдың Ділдадан туған кенже ұлы.
Үлкені - Ақылбай Абайдың әкесі Құнанбайдың бауырында өседі,
Әбдірахман орысша білім алып, кадет корпусын бітіріп, қызмет етіп
жүргенде, не бары 27 жасында дүние салған. Мағауия ауылда
мұсылманша хат таныған соң, Семейдегі училищеде орысша оқиды.
Екі-үш жылдан кейін ауырып елге қайтады, өмірінің соңына дейін
әкесінің қасында болады.
Абай ортасы, Абайдың ақындық мектебі шыңдаған,
әке үлгісін бойына сіңіріп өсірген Мағауия орыс кітаптарын да өз
бетімен көп оқыған. Әкесінің ақындық үлгісін ғана емес,
адамгершілік қасиеттерін де бойына жиған Мағауия өз ауылында елге
сыйлы, ббауырмал жан болған. Мағауияның ағасы Әбдірахман ауырғанда,
дүниеден өткенде жазған өлеңдері бар.
«Мағауия - әкесінен үлгі-өнеге, мол тағлым
алған, ұлы ақынның жолын қуған, білімді, мәдениетті, саналы
шәкірті, талантты ақын. Ол 16-17 жасында қолына қалам алып, өлең
жаза бастаған. Жас кезінде жазғандарынан біраз өлеңдері сақталған.
Оның алғашқы ақындық қадамынан-ақ Абай өнегесі айқын танылады.
Айтпақ ойын, сезім-сырын ақын тілімен суреттеп жеткізу, тақырыптан
ауа жайылмау, «Бөтен сөзбен сөз арасын былғамау» деген Абайдың
ақынға қоятын шартын, Мағауия әуелден берік ұстаған ақын», (Қ.
Мұхамеджанұлы «Абайдың ақын шәкірттері», А., 1993, 89
–бет).
Әке ақылымен жазған поэмалары –
«Еңлік-Кебек»,
«Медғат-Қасым». Мағауия Абайұлы
әкесінен 40 күн бұрын, 1904 жылы қайтыс болған.
Кітаппен жұмыс: Мағауия өлеңдерін, поэмаларын мәнерлеп оқып, түсініктерін
айтады.
Білімді бекіту:
Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар
қоямын.
-
Мағауия Абайұлының шыққан ортасы,өскен жері
несімен ерекшеленеді?
-
Мағауия
шығармаларындағы романтикалық сарын қайдан пайда болды деп
ойлайсыңдар?
-
Абай
маңындағы ақындардан Мағауияның жолы несімен бөлек.
Үйге тапсырма: Шәкәрімнің,Мағауияның өлеңдерін ,
поэмаларын оқып келу
Тексерілді: