жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары 3 сынып
|
Пәні: Қазақ тілі |
|
Сынып :3 б |
|
|
Сабақтың тақырыбы: «Әнел ақылды» Күні: 15.10.2020 |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.3.2.1. жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну,мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сюжет желісі бойынша иллюстрацияларды орналастыру. 3.4.2.1.оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу, тест тапсырмаларына жауап беру. |
||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар:мәтінді мәнерлеп оқиды Көбі: сұрақтарға жауап береді Кейбірі: оқыған мәтіннің мазмұнын түсіне алады, сюжет желісі бойынша иллюстрацияларды орналастыра алады, жаңа сөздерді сөйлеу барысында қолдана алады. |
||
|
Бағалау критерийлері: |
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, кейіпкерді сипаттайды,сұрақтарға жауап береді, сюжет желісі бойынша иллюстрацияларды орналастырады, сөз тіркестері,сөйлем құрастырады,тест сұрақтарына жауап береді. |
||
|
Бастапқы білім: |
Ұқыптылық туралы өз ойларын айтады.Мұғалім оқушының бастапқы білімін жетекші сұрақтар арқылы біле алады. |
||
|
Пәнге тән лексика мен терминология |
Ақылды, сыпайы, әрқашан, кітапхана, жиі |
||
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Интерактивті тақта, слайд, суреттер, сөздер, үлестірмелі қағаздар, бағалау парағы, қалыптастырушы бағалау, кестелер,видео |
||
|
Оқыту әдістері: Дағдылар: |
Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық-шеңбері» тренингі, «Ішкі және сыртқы шеңбер», сергіту сәті, топтық, жұптық жұмыс, «Дұрыс, бұрыс» ойыны, «Қазақша қалай?» ойыны, «Инсерт әдісі»,видео сюжет Оқылым, жазылым |
||
|
Сабақтың барысы |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Оқушының іс-әрекеті |
|
Сабақтың кезеңдері: |
||
|
Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың басы: 1 мин |
сәлемдесу. Үш тілде. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! -Hello children! -Здравствуйте, ребята! -Сабақты өлеңнен бастаймыз. -Жарайсыңдар! -Көңіл күйлерің қалай? -Жақсы! |
Сәлемдесу |
|
Жаңа сабақ Қызығушылық ояту 3мин
Сөздікпен жұмыс 3мин Ассоциация «Әнел» 3мин Дескриптор Сөз тіркестерін, сөйлем дұрыс құрай алады |
-Бүгінгі сабақтың тақырыбын видео сюжет арқылы шешеміз.Видео сюжетті мұқият қараймыз, тыңдаймыз. Видео -Әлібек кім туралы айтты? -Әнел қандай қыз? -Жарайсыңдар! -Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Әнел ақылды» -Балалар қалай ойлайсыңдар Әлібек Әнелді неге ақылды деп айтады? Өйткені кітап оқиды, сабақтан қалмайды, сабаққа белсенді қатысады, жақсы оқиды. -Дұрыс.Жарайсыңдар!Енді Әлібектің тапсырмаларын орындаймыз. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Сөздік Ақылды- умный, умная Сыпайы- вежливый, вежливая Әрқашан – всегда Кітапхана – библиотека Жиі – часто А. Мұғалім оқиды Ә. Оқушылар хормен қайталайды Б. «Қазақша,орысшы қалай?» ойыны В. Сөз тіркестерін, сөйлем құру Тақтада сөздер ілініп тұрады, сол сөздердің ішінен Әнелге қатысты сөздерді теріп сөйлем құрайды, әр топтан бір оқушы шығады. Ақылды, ұқыпты, жалқау, сыпайы, еріншек, үлгілі, әдепті, әдепсіз -Қай топ сөз тіркестерін, сөйлем құрай алады ? -Әнел ақылды+ -Әнел кітап оқиды+ -Әнел еріншек- -Әнел кітап оқымайды- |
Видео сюжетті қарайды, тыңдайды, сұрақтарға жауап береді. Жаңа сөздермен танысады Сөз тіркестерін, сөйлем құрайды |
|
«Дұрыс, бұрыс» ойыны 2мин |
|
|
|
Оқылым 3мин Мәтінмен жұмыс Дескриптор 1.Мәтінді мәнерлеп оқи алады. 2.Мәтіннің мазмұнын түсіне алады. 3.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бере алады. |
Мәтінмен жұмыс 1.Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды, «Инсерт әдісі» түртіп оқу Оқушылар қолдарына қарындаш алып, белгілейді, білемін, білмеймін, жаңа ақпарат 2. Түсініксіз сөздерді айтады 3.Оқушылар тізбектеп оқиды,аударады Мәтін Әнел-ақылды қыз.Ол кітапты көп оқиды.Кітапханаға жиі барады.Ол оқыған кітабы туралы достарына айтады.Олармен ой бөліседі.Мен де достарыммен кітапханада сабаққа дайындаламын.Кітапханада қатты сөйлеуге , шулауға болмайды. 4.Сұрақтарға жауап береді 5.Мәтін кім туралы? 6.Әнел қандай қыз? 7.Ол нені көп оқиды? 8.Ол жиі қайда барады? 9.Кітапханада не істеуге болмайды? 10. Мәтінді қалай атауға болады?
|
Оқиды, аударады, сұрақтарға жауап береді |
|
Сергіту кезеңі 2 мин |
|
|
|
Кері байланыс «Басбармақ» тәсілі 1 мин |
-Балалар бүгінгі сабақ сендерге түсінікті болды ма ? -Басбармақ жоғарыға қарай – «Мен түсіндім» Басбармақ көлденен – «Мен түсінгендеймін» Басбармақ төмен – «Мен түсінбедім» |
Тапсырманы орындайды, тексереді, бағалайды. |
|
Рефлексия «Бағалау баспалдағы» 2мин |
- Әр оқушы өзін бағалайды стикерді бағалау баспалдағына іледі -көмек қажет - мен түсінемін, сұрақтарым бар -мен білемін |
Стикерді іледі |
|
Үйге тапсырма Қорытынды 2мин |
Үйге тапсырма: Сөздік, 4 тапсырма Бағалау парағын жинау |
Күнделікке жазады |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген