Материалдар / Сабақ жоспары : Фотосинтез
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары : Фотосинтез

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаратылыстану пәнінен 5 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2020
424
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаратылыстану пәні

Мектеп: Лозов ЖОББМ КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Нурахметова М.И.

Сынып: 5 а

Қатысқандар:6


Қатыспағандар: 0


Сабақтыңтақырыбы

Фотосинтез

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасын асілтеме)

5.4.2.5. Фотосинтез үдерісін түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлығы: фотосинтез үдерісін түсіну

 Көпшілігі:Фотосинтез үрдісінінде сіңірілетін және түзілетін газды анықтау

Кейбіреуі: Фотосинтез үдерісінде органикалық заттарды анықтау

 

Бағала критерийлері

Фотосинтез үдерісін түсінеді

Фотосинтез үрдісінінде сіңірілетін және түзілетін газды анықтайды

Фотосинтез үдерісінде органикалық заттарды анықтай алады

Тілдік мақсаттар


Оқушылар істeй алады:

Ғылыми тeрминдeрді пайдалана отырып жануарлардың типтeрін анықтай алады.

Пәнді клeксика мeн тeрминология: Оттегі, көміртегі, көмірқышқылгазы.

Жазылым бойынша ұсыныстар: Өсімдіктің бөлігі:жапырақ.

органойдтар атауы: пластидтер.

Диалог: Жасушада фотосинтез үдерісіне кай органойд қатысады деп ойласыз?

- Табиғаттағы фотосинтез үдерісін қалай түсінесіз ?

Құндылықтарға баулу




Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді;

Сынып оқушыларымен қарым-қатынастары өрбиді;

Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әріөрбітеді;

Ақпараттық білімдері сараланады;

Пәнаралықбайланыс

Биология-жасуша құрлысы, физика- қозғалыс, химия –химиялық элементтер

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтыңбасы



3 мин

Сыныптаын ымақтастық атмосферасын ұйымдастыру «Амандасу »

Психологиялық дайындық

«Ақ тілек. Әсем күлкі.»

-Көңіл-күйлерініз қалай?

-Керемет! (қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарын қалай ?

-Тамаша (алақандарын шапалақтайды)

-Ыңталарыңыз қалай?

-Ғажап! (қолдарн көтереді)

-Ендеше сабағымызды бастайық!

-О,о,о (бас бармақты көтереді)









































Топқа бөлу (гүл арқылы)

Слайд №1

АҚТ, оқулық , қима қағаздар























2 слайд

































Гүл (қызыл, сары)

Сабақтың

ортасы



3-8 мин




















8-20 мин

Жаңа сабақ. Фотосинтез

1-тапсырма

«Бірге ойлаймыз»

Тақырыпты және мақсатың анықтау.

Сен серуенге шығарда, ата-анаң саған: «Барып, таза ауамен демалып кел» дейді. Сен көшеге шығасың, саябаққа барасың, уақытыңды жақсы өткізесің. Сен шынымен жақсы демаласың, себебі жан-жағың толған жасыл өсімдіктер. Сен демалатын оттегі қайдан шығады?

Өсімдіктер дұрыс өсіп, дамуы үшін оларға су, минералды және органикалық заттар керектігін білесің. Су мен минералды заттарды өсімдік топырақтан алады. Ал органикалық заттар қайдан алынады? Сөйтсе, жарықта жасыл өсімдіктер бейорганикалық заттардан органикалық заттарды шығаруға қабілетті екен. Бұл үрдіс – фотосинтез деп аталады. Фотосинтезге қабілеттілік жасыл өсімдіктердің ерекшелігі болып табылады.

Фотосинтез (грекше: «фото» – жарық, «синтез» – пайда болу) – өсімдік жапырағында күн жарықта жүретін үдеріс. Үдеріс кезінде көмір­қышқыл газ бен судан органикалық заттар мен оттегі пайда болады.



Фотосинтез туралы видео бейне көрсетіледі. Ақпарат таратылады (мәтін)

Тапсырма

І-топ. «Ғалымдар» Фотосинтез құбылысын сипаттайды (қоғайды)

ІІ-топ. « Зерттеушілер» Тыныс алу үдерісін сипаттайды (Қорғайды)

Бeрілгeн видеоны мұқият қарап, мәтінді пайдалана отырып фотосинтез үдерісіне сипаттама береді.

1 топ Жапыраққа күн сәулесі түскенде хлоропластар ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Жарықтың әсерінен хлоропластарда күрделі процесс жүреді. Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып, алдымен қант (глюкоза) түзіледі. Соның нәтижесінде оттек бөлінеді. Бөлінген оттек ауаға таралады. Қант хлоропластарда өзгеріп крахмалға айналады. Қараңғыда крахмал қайтадан қантқа айналып, суда еріп, басқа мүшелерге та райды. Кұн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс фотосинтез деп аталады. Фотосинтез процесі тек қана жарықта жүреді.


2 топ. Барлық тірі ағзалар тыныс алады. Өсімдіктер де тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын шығарады. Өсімдіктерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. Тыныс алу кезінде жасушалар оттегін сіңіріп, органикалық заттарды ыдыратады. Тынысалу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады.Тыныс алу фотосинтезге қарама-қарсы процесс.Тыныс алу процесі қараңғыда және жарықта да жүреді.



Бағалау критeрийі: фотосинтез үдерісіне қатысатын элеметтердін аттарын жазады.

Дeскриптор:фотосинтез үдерісіне қатысатын элеметтердін аттарын типтeрін жаза алады.

Бағалау: топтар бірін-бірі (шапалақ арқылы және ауызша) бағдаршам


Сергіту сәті: видео


слайд №3,№4



5







АҚТ, қима қағаздар



















Видео бейне



video/preview/?filmId=12015931007375468581&text=фотосинтез+дегеніміз+не





















8 слайд



video/preview/?filmId=10075860901027627974&text=сергіту+сәті+қыдырып+қайтайық

Сабақтыңсоңы

20-30 мин






























30-40 мин

2-тапсырма

«Тыңдайтын үшбұрыштар»

Үш адамнан тұратын топ бірлесіп жұмыс жасайды.

Спикер

Интервьюер

Хатшы

Оқушылар фотосинтез тақырыбын пысықтайды.



Тапсырма №1:

Салыстыру:

Фотосинтез 2 топ

Тыныс алу 1 топ

Хлоропластары бар жасушаларда жүреді

Барлық тірі жасушада жүреді

Көмірқышқыл газы сіңіріледі

Оттегі сіңіріледі

Оттегі бөлінеді

Көмірқышқыл газы бөлінеді

Тек жарықта жүреді

Жарықта да қараңғыда да жүретін үдеріс

Органикалық заттар түзіледі

Органикалық заттар ыдырайды



Тапсырма №2:

«Заттар тобы, заттар атауы»

Заттар тобы

Заттар атауы

Фотосинтез үдерісінде бөлінетін заттар

Оттегі

Көмірқышқыл газы

Су

Хлорофилл

Органикалық заттар

Минералды тұздар



Мини тест:

Тест тапсырмалары:

І нұсқа

1.Фотосинтезге қажет газ қалай аталады?

A оттегі

B азот

C сутегі

D көміртек диоксиді

2.Күн сәулесін жұтатын жасыл пигмент қалай аталады?

A хлоропласт

B хлорелла

C хлорофилл

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!