Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Бөлім: |
Ғасырлық туынды |
|
|
Педагогтің Т.А.Ә. |
Ильясова Х.Н. |
|
|
Күні: |
16.02.2024 |
|
|
Сынып: 11 А |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
«Абай жолы» роман-эпопеясы. Бел-белесте 2 |
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; 11.2.4.1 көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, шығармашылық жұмыс (эссе,әңгіме,өлең) жазу; |
|
|
Сабақтың мақсаты |
«Абай жолы» роман-эпопеясының «Бел-белесте 2» көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстыру. Шығармадағы көтерілген мәселені ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. Көркем шығармадағы ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосып, эссе, өлең жазу. |
|
|
Ойлау деңгейлері |
Түсіну, қолдану, талдау. |
|
|
Бағалау критерийлері |
|
|
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту кезеңі 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың қызығушылығын арттыру әрі өткен сабақты пысықтау және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында «Quizizz» ойынына қосылу сұралады. Бұл ойында «Бел-белесте 2» бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар беріледі. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері талқыланады. |
Оқушылар ойынға қосылып, тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардағы сұрақтарға жауап береді.Тапсырманы орындау барысында оқушылардың таным деңгейі, ойлау қабілеттері қалыптасады. Санамалау арқылы оқушылар екі топқа бөлінеді.
Оқушылар сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысады. |
Әр сұраққа дұрыс жауап – 1балл Барлығы -5балл Дұрыс жауабы арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды. |
№ 1 Ресурс «Quizizz» ойыны сілтемесі салынады. Ноутбук, ұялы телефондар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы Мағынаны тану кезеңі Жаңа сабақ
12 мин |
1-тапсырма Топтық жұмыс «DEAL» әдісі бойынша «Бел-белесте 2» мәселені өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашып талдау арқылы оқушының проблеманы көре алу дағдысын жетілдереді, оны шешу жолдарын қарастырады.
ЕББҚ –жұмысқа қабілеттілігі төмен, енжар, баяу қозғалады, өз-өзімен отырғанды жақсы көреді, көпке қосылмайды. ЕББҚ оқушысына тапсырма: «Пазл» әдісі арқылы топпен әрекет жасау арқылы әлеуметтенуге және рөлдерді бөлу дағдысын қалыптастыруға жетелейді. Берілген ақпараттарды сәйкестендіру тапсырмасын береді. |
Оқушылар топпен жұмыс жасайды. «DEAL» әдісі «Қайтқанда» тарауындағы мәселені өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашып талдайды.
ЕББҚ оқушысы «Пазл» әдісі бойынша берілген ақпараттардың сәйкестігін табады.
|
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы топ бір- бірін өзара бағалайды.
|
Оқулық «Қазақ әдебиеті» «Атамұра» баспасы «Қайтқанда» тарауы 10-22беттер аралығы Флипчарт, маркерлер №2 Ресурс
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
10мин |
2-тапсырма Жұптық жұмыс «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы жұпта жұмыс жасауға, оқыған шығармадағы мәселені өмірмен байланыстыруға дағдыланады. 1-нұсқа тапсырмасында шығармадағы әке мен бала арасындағы қарым- қатынасты қазіргі өмірмен байланыстырып, талдау жасау тапсырылады. 2- нұсқа тапсырмасында шығармадағы ана мен бала арасындағы мейірім, құрметті қазіргі өмірмен байланыстырып, талдау жасау тапсырылады. ЕББҚ оқушысына тапсырмада берілген қажетті сөздер бойынша көркем шығармадағы Абай үйіне келген қонақтар мен бүгінгі күндегі қонақтарға тән сипаттарды сәйкестендіріп жазу жұмысы беріледі. «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы жұппен жұмыс жасауға, әлеуметтенуге дағдыландырады.
|
Тапсырманы оқушылар өзі қалаған жұбымен жұптаса отырып, жұпта талдайды. 1-нұсқа «Бел-белесте 2» Құнанбай мен бала Абай арасындағы қарым-қатынасты қазіргі өмірдегі бала мен әке арасындағы қарым-қатынаспен байланыстырып, талдайды.
2- нұсқа «Бел-белесте 2» Абайдың аналары мен бала Абай арасындағы қарым-қатынасты қазіргі өмірдегі бала мен ана арасындағы қарым-қатынаспен байланыстырып, талдайды.
ЕББҚ оқушысы жұбымен берілген қажетті сөздер бойынша көркем шығармадағы Абай үйіне келген қонақтар мен бүгінгі күндегі қонақтарға тән сипаттарды сәйкестендіріп жазады.
Қажетті сөздер: туыс, ағайын, жыршы, нағашы, ақын, өнерлі, қыдырып келген туыстар, елге сыйлы, тойға келген қонақтар, атақты адамдар. |
ЕББҚ оқушысын бағалау
|
Оқулық «Қазақ әдебиеті» «Атамұра» баспасы «Қайтқанда» тарауы 17-21 беттер аралығы
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
15 мин |
3-тапсырма Жеке жұмыс Оқушылардың деңгейіне қарай саралау тапсырмалары беріледі. ІІІ деңгей тапсырмасы ойлау қабілеті ұшқыр, сыни ойлай алатын, эссе жазуға дағдыланған оқушыларға беріледі Тапсырма: Оқылған шығарма бойынша «Әке тәлімі – ұрпақ өнегесі» тақырыбына шағын эссе жазуға беріледі. (100-120сөз) «Креативті жазу» әдісі арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту арқылы креативті шығармашылық жұмыс жазуға дағдыландырады. ІІ деңгей тапсырмасы поэзияға құштар, өлең жазуға қабілетті оқушыларға беріледі. Тапсырма: «Буриме» әдісі бойынша берілген ұйқастарды пайдаланып ананың балаға деген махаббатының құдіреті туралы бір шумақ өлең құрастыру тапсырылады. ..................................аямаған, ..................................саялағам. ..................................жан анам, ..................................аялаған. Бұл әдіс оқушының креативті шығармашылық жұмыс жазу дағдысын қалыптастыра отырып, сыни ойлауға дағдыландырады. І деңгей тапсырмасы оқу үлгерімі төмен және ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды қолдау мақсатында «Синквейн» әдісі бойынша берілген сөздерді пайдаланып, бес жолды өлең жазу тапсырылады.
Бұл әдіс оқушының ойлау қабілетін жақсартуға және танымдық қабілетін жетілдіруге жетелейді. |
Эссе талаптарын сақтай отырып, шағын эссе жазады.
«Буриме» әдісі бойынша берілген ұйқастарды пайдаланып ананың балаға деген махаббатының құдіреті туралы бір шумақ өлең құрастырады.
Сөздерді ұқсас түстері бойынша сәйкестендіре отырып, бес жолды өлең жазады. 1.Зат есім 2. Сын есім (2) 3. Етістік (3) 4. Сөйлем (4сөзден тұратын) 5. Синоним
|
ІІІ деңгей тапсырмасы критериалды бағалау арқылы жүреді.
І,ІІ деңгей тапсырмалары қалыптастырушы бағалау арқылы жүреді. ҚБ «Шапалақ» әдісі |

Қима қағаздар
№3 Ресурс |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы Қорытынды Рефлексия 5 мин.
|
«Ойлаудың алты қалпағы» әдісі бойынша бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс беру сұралады. Қызыл қалпақ – Сабақтан қандай әсер алдыңыз, көңіл-күйіңіз қандай болды? Ақ қалпақ - бүгінгі сабақтан алған біліміңіз, нені үйрендіңіз, нені білдіңіз? Сары қалпақ - сабақтың жақсы, ұтымды тұстарын қандай? Қара қалпақ - сабақтың сәтсіз тұстарына не айтасыз? Жасыл қалпақ - сабақ бойынша қандай, идея, пікірің бар, нені жақсарту керек деп ойлайсыз? Көк қалпақ - сабақ бойынша қорытынды пікір, берер бағаңыз? |
Сабақ бойынша кері байланыс береді. Қызыл қалпақ - Бүгінгі сабақ бойынша көңіл – күй, сезімін білдіреді. Ақ қалпақ - бүгінгі сабақтан алған білімін, нені біліп, үйренгенін айтады. Сары қалпақ - сабақтың жақсы, ұтымды тұстарын айтады. Қара қалпақ - сабақтың сәтсіз тұстарын айтады. Жасыл қалпақ - сабақ бойынша өз ойын, тағы нені жетілдіру керек, идея, ұсынысын айтады. Көк қалпақ - қорытынды пікір, ойларын айтады. |
Қорытынды баға. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
№1 Ресурс
«Quizizz» ойыны. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Қонақ үйде, дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр. Оқтын-оқтын іргеден соққан жел лебімен әлсіз шам кейде ұйытқып, шалқи түсіп, кейде лапылдап, жалпылдай жанады. …Түсі суық. Қара сұр жүзіне бозғылданып түгі де шығып алыпты. Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр. Зор даусында ыза мен зіл бар. Кейде Абайға қызық көрінетін бір мақалдар, мәтелдер айтылып кетеді.
Тегінде ертекші, өлеңші, не басқа әңгімеші адамға талай уақыт тапжылмай тесіле қарап қалу Абайдың кішкентай күнінен бергі әдеті еді. Адам пішіні әрдайым бұған бір тамаша, өзгеше қызық сурет тәрізденетін. Әсіресе, әжімі мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Ол кей адамның айғыз-айғыз әжімінен, салбыраған ұртынан, қыртыстанған маңдайынан немесе бояуы оңған көздерінен, әр алуан сақал-мұртынан өзінше неше түрлі жанды, жансыз дүние сипаттарын көргендей болатын. Қына басқан, сызаты көп тас па? Я селдір тоғай ма? Не көде-көкпек пе? Кейде мал мен аң бейнесі ме? Бәріне де ұқсап кетіп отыратын адам мүсіндері болады.
1. Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) Зерттеу
В) Хат
С) Өмірбаян
D) Әңгіме
Е) Естелік
2. Үзінді идеясына сай мақалды (мәтелді) тап:
А) Алпысқа келгеннен ақыл сұра
B) Ақыл – жастан
C) Көпті көрген біледі
D) Шөп те басынан қурайды
Е) Сақалға ақ түсті –
Көңілге дақ түсті.
3. Мәтін қай кейіпкер туралы?
А) Байтас
В) Байсал
С) Құнанбай
D) Тәкежан
Е) Бөжей
4. Мәтінде айтылмаған іс-әрекетті көрсет.
А) Кейде лапылдап, жалпылдай жанады
В) Қына басқан, сызаты көп тас па?
С) Адам пішіні өзгеше қызық сурет сияқты
D) Әкесі Абайға ертегі айтты
Е) Жалғыз өзі ұзақ сөйлеп отыр
5. Мәтіндегі Абайдың әрекетін көрсет
А) Әке мінезіне таңғалу
В) Әкеге деген ыза
С) Әкеге сын көзбен қарау
D) Сөйлеушіге тапжылмай тесіле қарау- Абайдың әдеті
Е) Сөйлеушінің сөзіне тамсану
№2 Ресурс ЕББҚ оқушысы «Пазл» әдісі бойынша берілген ақпараттардың сәйкестігін табу

|
№3 Ресурс «Синквейн» әдісі бойынша берілген сөздерді түстері бойынша сәйкестендіре отырып, бес жолды өлең жазу 1.Зат есім 2. Сын есім (2) 3. Етістік (3) 4. Сөйлем (4сөзден тұратын) 5. Синоним
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: «Абай жолы» роман-эпопеясы. Бел-белесте 2 (11 сынып)

шағым қалдыра аласыз