400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Абай Құнанбаев "Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс тілінде білім алатын мектептерде қазақ әдебиеті пәнінен 9-cыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынамын.Бұл сабақ жоспарында қазақ халқының кемеңгер, біртуар ақыны ұлы Абай Құнанбаевтің шығамашылығына жалпы тоқтай отыра, нақты бір шығармашылығын өзге тілді тасымалдаушылар ретінде ұғынуға мол септігін тигізеді деп есептеймін."Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек" атты өлеңінің тақырыбын, идеясы, өлең құрылымы талданған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Апта

Күні/

Уақыты

Сабақ

Сабақтың атауы


Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы

Сілтеме

45 минут

Тақырыптық күнтізбелік жоспар, сабақ жоспары, оқулықтан алынған материал (КБББСЖ папкасы)

Дереккөздер


Оқулық, «Қазақ әдебиеті» журналдар жинағы, ғаламтор

Жалпы мақсаты


Мақсаты:

  • ХIX ғасыр кезеңіндегі халық басындағы жағдай туралы, ақын шығармасындағы сол кезең көрінісі туралы мәліметтерді ортаға салу;

  • ақын жыр-толғауларын қазіргі кезеңмен салыстыра өз ойларын жеткізіп талдау;

  • Жаманнан жиреніп,жақсыдан үлгі алуға бағыттау;

  • дарынды оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар беру;

  • Топтық тапсырмаларды орындай отырып,пікір алысуға,ортақ ой бөлісуге үйрету.


Оқушылар үшін оқу нәтижелерінің дамуы, күту


  • Оқушылардың тындалым дағдыларын қалыптастыру және ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыру;

  • Топтық тапсырманы орындай отырып, шығарманы есте сақтауға, ойқорытуға, пікір алмасуға бағытталған оқу үйрену нәтижесіне мән беру.

Сабақта туындаған түйінді (негізгі) идеялар


  • Оқушылардың ынтасын, ынтымақтастығын анықтау, терең ойлауға баулу.


Қолданылған ресурс және көрнекілік



  • Абай Құнанбайұлы шығармаларына байланысты суреттер, үлестірмелер

  • Шығармаларынан үзінділер


Сабақ барысы

45 минут

І.Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Негізгі. Оқушылар жұмысы.Топтық тапсырманы орындау. Пікіралмасу. Ойқозғау.

ІІІ.Қорытынды. Кері байланыс. Сөзжұмбақ шешу. Өзін-өзі бағалау


Тапсырмалар


мұғалім

оқушы


3 минут жұппен жұмыс

Диалогтік тәсіл

1-тапсырма Ұйымдастыру кезеңі.


1. Оқушалармен амандасу. Оқушылар «Күлімкөз» арқылы бір-біріне жақсы тілек тілейді.

2.

Бүкіл сабақ барысы «Кемемен саяхат» концепциясы бойынша жүзеге асады.


Қызыл желкенді және ақ желкенді кеме тарату. Кімде қызыл желкен болса, олар І топ болады, ақ желкенділер ІІ топ болады.


Cынып оқушыларын топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.


5 минут


1) «Сұрақ-жауап» аралы.

- Ыбырай Алтынсарин қай жылдары өмір сүрген?

-Ыбырай кім болған?

-Қандай әңгімелерін оқыдық?

2) «Танып білу» аралы.

Сұрақтар:


1. Абай Құнанбайұлы қай жылдары өмір сүген?

2. Абайдың туған жері қай жер?

3. Абайдың әжесі және анасы кім болған?

4. Абайдың әкесі кім болған?

8. Абай қай жерлерде оқыған?

9. Абайдың өмірін, шығармашылығын зерттейтін ғылым қалай аталады?

10. Абайдың неше өлеңі бар? Абайдың неше поэма бар? Абайдың неше қара сөзі бар?

Үй жұмысы бойынша тақырыпты қаншалықты жақсы білетіндігін көрсетіп,өз тобын дұрыс тауып отыру.




«Оза оқу» технологиясы арқылы оқушылар Абайдың өмірі жайлы жалпы деректерді үйден танып- біліп келеді. Жұмыс сұрақ қою арқылы жүзеге асады, жауап экрандағы слайд арқылы лезде тексеріледі.



7-8 минут

Диалогті тәсіл

Абай өмірі,шығармалары бойынша не біледі, әр топ өзара ақылдасып, біреуі айтып шығу

Оқушылар жұмысы бойынша сөйлету


А.Абайдың шығармалары

Ә.Шығармаларының тақырыптары

Б.Шығармаларының құрылысы

В.Шығармаларының ерекшелігі


10 минут

2.Топтарға алдарында жатқан бос парақтарға Абай өлеңдерінен алынған насихат,үлгі бойынша берілген өлең жолдары бойынша мақал-мәтел табу керектігін түсіндіріп шығу.

«Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» атты өлеңін оқу.

Әр топқа жеке тапсырмалар беріледі, постер бойынша қорғалады.
1-топ тапсырмасы
Өлең мазмұнына байланысты тақырыбы мен идеясын табыңдар? Ажарлау құралдары бар ма? Өлеңді суретпен көрсетіңдер?

2-топ тапсырмасы
Өлең неше тармақтан, неше шумақтан, неше жолдан тұрады? Өлең қандай ұйқас түріне құрылған?


3 минут

ІІІ.Сергіту сәті


Бәрі жаттығу түрінде берілген биге қарап қозғалады.


5 минут

ІV.Қорытынды.

1 тапсырма:

«Абай кім болған?»



Өз ойларын топпен ақылдасып, ортаға салып, сұраққа топтастыру жасайды.. .





3 минут

Үлестірмемен жұмыс


Шәкәрім өлеңдерінен үзінділер келтіріп айту


3минут

Кері байланыс

Диалогті

тәсіл

«Жекпе-жек» кезеңі.


Әр топтан бір-бірден оқушылар шығады. Оларға жекпе-жек сұрақтар қойылады.


Өзін-өзі бағалау 3-минут

Өзін-өзі бағалау парақшаларын үлестіру. Көк түс–өте жақсы,сары– жақсы, қызыл – қанағаттанарлық.

Оқушы сабақ бойы қалай қатысты, өзін –өзі бағалайды.

Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері


2-минут

Абай поэмаларының тақырыбы мен идеясын біліп келу, шығармаларын оқу.


Кейінгі оқу


Әдебиет оқулығы,хрестоматия, Абайдың өлеңдер жинағы,


Сабақты талдау


Сабақтан кейін өзіндік талдау жасаймын

Тәжірибелік сабақты бағалау


Оқушылар үшін қызықты өтті.



Сабақтың рефлексивті есебі

Сабақ Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайында болды. Сындарлы оқыту бағдарламасы негізінде диалогті оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқытуды басқару және көшбасшылық бойынша өттім.

Сабақтың жалпы мақсаты: ХІХ ғасыр кезеңіндегі халық басындағы жағдай туралы, ақын шығармасындағы сол кезең көрінісі туралы мәліметтерді ортаға салу; ақын жыр-толғауларын қазіргі кезеңмен салыстыра өз ойларын жеткізіп талдау; жаманнан жиреніп, жақсыдан үлгі алуға бағыттау; дарынды оқушыларға кеңейтілген тапсырмалар беру; топтық тапсырмаларды орындай отырып, пікір алысуға, ортақ ой бөлісуге үйрету;

Оқушылар үшін оқу нәтижелерінің дамуы бойынша олардың тыңдалым қалыптастыру және ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыру; топтық тапсырмаларды орындай отырып, шығарманы есте сақтауға, ойқорытуға, пікір алмасуға бағытталған оқу, үйрену нәтижесіне мән беру; Сабақта туындаған түйінді идеялар: оқушылардың ынтасын, ынтымақтастығын анықтау, терең ойлауға баулу; Қолданылған ресурс және көрнекілік: Абай Құнанбайұлы шығармаларына байланысты суреттер, үлестірмелер, шығармаларынан үзінділер;

Сабақ барысы: І.Кіріспе. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушылаын топқа бөлу. ІІ.Негізгі бөлім. Оқушылар жұмысы. Топтық тапсырмаларды орындау. Пікір алмасу. Ойқозғау. ІІІ. Қорытынды. Кері байланыс. Өзін – өзі бағалау.Тапсырмалар диалогтік тәсіл арқылы мұғалім – оқушы сызбасы бойынша жүргізілді.Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға «Күлімкөз» стратегиясы арқылы оқушыларды топқа бөлдім. Сабақ концепциясы «Кемемен саяхат» сабағы болғандықтантоп мүшеклері қызыл не ақ түсті желкендерді таңдап, бір -бір топ болып отырды.

Оқушылардың үй жұмысын қаншалықты жақсы білетіндері көрініп, өз тобын дұрыс тауып отырды. Бірден таба алмағандарға үлестірме беріліп, жеке жұмыс жүргізілді. Әр топ Абайдың өмірі, шығармашылығы бойынша не біледі, өзара ақылдасып, бірлесіп айтып шығады. Келесі тапсырмада топтарға алдарында жатқан бос парақтарға Абай өлеңдерінен алынған насихат,үлгі бойынша берілген өлең жолдары бойынша мақал-мәтел табу керек болып, ары қарай «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек» атты өлеңін оқып, талдау жұмысы жүктелді.

Бірінші топ әр түрлі кескінді келтіре отырып, өлең мазмұнына байланысты тақырыбы мен идеясын тапты. Ажарлау құралдары бар екенін көрсетіп, мсыал келтірді. Сол арқылы өздерінің сыни тұрғыдан ойлауға үйренуге бағыт алғандығын және орталарында ерекше дарынды, талантты оқушылар жұмыстарын көрсете алды.

Екінші топ өлең неше тармақтан, неше шумақтан, неше жолдан тұратынын тауып, өлеңнің қандай ұйқас түріне құрылғанын анықтай алды,
мысал келтіре отырып дәлелдей айтты.

Сергіту сәтінде әр оқушы қаңтар айынан бастап, желтоқсанға дейін туған күндері бойынша тұрып,дене қимылын жасады.

Абай шығармаларындағы өзекті мәселелер дегенде оқушылар өздері оқып келген шығармалардан үзінділер келтіре отырып, Абайи барлық жанрға қалам сілтеген ақын екенін дәлелдей айтса, келесі топ оның өзекті тақырыбының бірі – махаббат дегенді айтып, мысалдар келтіріп өтті. Абай Құнанбайұлы шығармашылығы бойынша екі - үш оқушыға үлестірме берілді. Әр топқа берілген үлестірме өз топтарының ішіндегі көшбасшы оқушы көмегімен беріліп,жеңіл түрде берілген сұрақтарға көшбасшы оқушылар іштеріндегі аз қатысып отырған оқушыға өздері көмек көрсете отырып, сол оқушылардың сөйлеуіне септігін тигізді.

АКТ арқылы берілген жекпе-жек сұрақтарына да оқушылар белсенді қатысты. 1 – сұрақ - Абай Құнанбайұлы қай жылы дүниеге келді?

2- сұрақ - Абай Құнанбайұлы оқыған медресе?

. 3-сұрақ - “Әуелде бір суық мұз ақыл зерек”өлеңінде неше тармақ бар?

4 – сұрақ - “Әуелде бір суық мұз ақыл зерек”өлеңінің идеясы?

5–сұрақ - “Әуелде бір суық мұз ақыл зерек”өлеңінде “суық”, “зерек”, “ыстық” сөздері ажарлаудың қай түріне жатады?

6 – сұрақ - “Әуелде бір суық мұз ақыл зерек”өлеңінде ақыл, қайрат , жүрекке не басшы?

7-сұрақ - “Әуелде бір суық мұз ақыл зерек”өлеңі нешінші жылы жазылған?

Жауаптары: 1. 1945 2. “Ахмет риза». 3.12. 4. «Толық» адам болу. 5.Эпитет 6 Білім. 7. 1889. Оқушылар сабақ соңында берілген түрлі-түсті қағаз арқылы өзін-өзі бағалады. Абай Құнанбайұлының шығармаларының тақырыбы мен идеясын біліп, қара сөздерін оқу ұсынылды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі