Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары, Абайтану 9 сынып 34 сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа арналған Абайтану курсы бойынша толық бір жылға арналған сабық жоспары. Мұғалімдерге бұл жоспар өте қажет, бағдарлама бойынша 9 сыныпта аптасына - 1 рет, жылына - 34 сағат. Менің жүктеп отырған жоспарым бір жылға толығымен жазылған. Мұғалімдер апта сайын жоспарды жазып отырмайды, осыны өздеріне жүктеп алып қолдануға болады. Осы жоспарларды жүктеп алса апта сайын жазып уақыттарын кетіргеннің орнына сабаққа дұрыстап дайындалуға уақыт үнемдейді деп ойлаймын. Әр мұғалімге осы жоспарлар өте қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 9 № 1 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Адамзаттың Абайы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының өнегелі өмір жолына шолу жасап, шығармашылығы жайлы жан-жақты білім беру;

Дамытушылық: әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік беріп, өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту, сөз мәдениетін дамыту, тіл байлығына үлес қосуға жол ашу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: ұлы ақынның өмірін өнеге тұтып, оқушыларды адами қасиеттерге баулу, өзін-өзі ұстай білуге, адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеп, азаматтық бейнесін қалыптастыру;

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру, ой шақыру, кубизм әдісі, мағынаны тану, деңгейлеп оқыту, брейн-ринг, синквейн, инсерт картасы.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақынның портреті, ақын туралы ұлылар ой-пікірлері,  көрме.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі.

Сабақтың ұраны: Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасып, сыныпты түгелдеу.

2. «Менің тілегім» — тілектер тізбегі.

ІІ. Зерттеңіз. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы не білесіңдер?
Салыстырыңыз. Ыбырай Алтынсарин мен Шоқан Уәлихановтың шығармашылығын салыстырып, ортақ қасиеттерін табыңдар.

Қолданыңыз. Ыбырай Алтынсариннің білім, оқу, өнер, еңбек туралы қандай шығармаларын білесіңдер?

Байланыстырыңыз. «Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Жылдам хабар алғызды»

Өлең жолын бүгінгі күнмен байланыстырыңдар.

Суреттеңіз. Ыбырай өмірінің елеулі кезеңдерін жылдар тізбегімен суреттеңдер.

Талдаңыз. Ыбырай Алтынсариннің бір өлеңін құрылысына қарай талдаңдар.

Бекіту сұрақтары мынадай:

1. Ы.Алтынсарин қай жылдары өмір сүрді?

2. Атасы оны қандай мектепке оқуға берді?

3. Ыбырай қай жерлерде мектеп ашты?

4. Табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

5. Ол қазақ әдебиетіне қандай жаңалық әкелді?

ІІІ. Ой шақыру (кластер бойынша)

Абай кім?

Жырларымен бүкіл әлемді қандырған кім?

Қазақты әлемге танытқан кім?

Ұрпаққа мұраларын аманат қып,

Рухани азық етіп қалдырған кім? (Абай — ақын)

«Көңіл құсын құйқылжытып шартарапқа»,

Өлеңіне ән шығарып, шырқатқан кім? (Абай — сазгер)

Қарасөзі даналық сөзге толы,

Әңгіме емес, көңілден шыққан ойы.

Тәрбиелік мәні бар әр сөзінде,

Кім дейсіңдер осындай ұлы Абайды? (Абай – көсемсөз шебері)

Халқы үшін мыңмен жалғыз алысқан кім?

Тайсалмай, сөздің оғын жаудырған кім? (Абай – халық қамқоршысы)

Орыстың әдебиетін үлгі тұтып, Пушкин мен Лермонтовты қазақша жырлатқан кім? (Абай — аудармашы)

Осындай қасиеттерді бойға жиған ұлы адамды кім дейміз? (Абай — дана)

ІҮ. Мағынаны тану (жаңа сабақты түсіндіру).

1. Абайдың арғы тегі (сызба бойынша түсіндіру)

2. Абай ізденіс жолында (шығыс ақындарынан сауат ашуы)

3. Абайдың лирикасы

4. Абай және орыс әдебиеті (Пушкин, Лермонтов, Крылов)

5. Абай – сазгер (әні тыңдалады, бейне ролик көрсетіледі)

6. Абай – көсемсөз шебері, ұлы ойшыл (қарасөздерін оқушылар жатқа оқиды)

7. Абайдың  өлең түріне енгізген жаңалықтары

8. Абайдың поэмалары

Брейн-ринг стратегиясы (деңгейлік тапсырмалар)

І деңгей (оқушы деңгейі). Абайдың өмір жолы;

ІІ деңгей (алгоритмдік деңгей). Өлеңін талдау;

ІІІ деңгей (эвристикалық деңгей). Өлеңдерін жатқа айту;

ІҮ деңгей (шығармашылық деңгей). «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» (ойтолғау жазу).

«Синквейн» әдісі

«Абай кім?» деген сұраққа синквейн әдісі арқылы жауап алайық.

Зат есім (Кім?) –

Сын есім (Қандай?) –

Етістік (Не істеді? Не қылды? Қайтті?) –

Сөйлем

Синоним –

Венн диаграммасы

Ыбырай мен Абайдың өмірі мен шығармашылығын салыстырып, ортақ қасиеттерін табыңдар.

Ү. Үйге тапсырма. Абайдың өмірі мен шығармашылығын оқу

ҮІ. Бағалау.


Сыныбы: 9 № 2 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абайдың өмірі

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Ұлы ойшыл, көрнекті қоғам қайраткері, ақын, сазгер, күйші, қара қылды қақ жарған төбе би-шешен, аудармашы Абай Құнанбаевтың өмірімен таныстыру.

Дамытушылық: тақырып бойынша сызбамен жұмыс жасату, тарихи тілмен сөйлеу қабілетін жетілдіру мақсатында кестедегі оқиғаларды ауызша баяндату, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс, Абай өміріне байланысты хронологиялық кестемен жұмыс жасату.

Тәрбиелік: өскелең жас ұрпақты Абай атамыз армандағандай сегіз қырлы, бір сырлы, еңбексүйгіш, терең ойлай білетін парасаттылыққа, өзінің өткен әркүнінен міндетті есеп бере алатын ақылды, өзін -өзі тәрбиелейтін адамгершілік қасиеті мол ұрпақ ретінде оқыта, тәрбиелей отырып қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

1. «Абай» энциклопедиясы;

2. «Аңыз Адам» журналы №5 қыркүйек 2010 жыл;

3. «Абай ұрпақтары» суреттері (слайдтар)

4. Интернет материалдары (Абай күйшілігі хақында)

5. Даналық ой-пікірлері жазылған слайдтар

6. «Абай туралы ойшылдардың бағалары» (слайдтар)

7 Қазақ әдебиеті 9-сынып оқулығы

8. «Абайдың қара сөздері» — 2 том

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка,

Сабақтың әдісі - Аралас (ауызша баяндау, оқушы шығармашылығы, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ)

І. Ұйымдастыру: Оқушы қатысын тексеріп сабақтарына сәттілік тілеу.

ІІ. Үй тапсырмасы: конспект оқу (сұрақ-жауап әдісі)

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары

1) Ақынның балалық шағы

2) Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы

3) Абай – ұлы ақын әрі ойшыл, қоғам қайраткері, төбе-би шешен

4) Ақынның өмір сүрген ортасы.

«Миға шабуыл» әдісі

  • Оқушылар мен сіздерге мына бір өлең жолдарын жасырғалы тұрмын. Ойланып көрейік, кімнің өлеңі екен?Осы өлең арқылы біздер жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтап алмақпыз.

Бақпен асқан патшадан,

Мимен асқан қара артық

Сақалын сатқан кәріден,

Еңбегін сатқан бала артық

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап (Абай) 

1 кесте

1845ж 10 тамыз - 1904 ж 23 маусым

Семей облысының Шыңғыстауының баурайында дүниеге келді

Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше

Әкесі Құнанбай Тобықты

Ибраһим руының аға сұлтаны.

Абай - «Телғара» (анасы Ұлжан мен кіші шешесі Айғыз екеуінің арасында тел өскен)



АБАЙ КІМ?

Қазақтың бас ақыны Қоғам қайраткері Ағартушы

Ойшыл Сазгер Төбе би – шешен

Аудармашы Заңгер (74-бап «Шар ережесі», 1868ж Ережеге сай 100-бап «Абай ережелері») Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Болыс (Қоңыркөкше)


Құнанбай әйелдері Күңке, Ұлжан, Айғыз, Нұрғаным

Жақындары: Құдайберді, Тәңірберді, Халиолла, Абай (1845-1904), Ысмағұл, Ысқақ, Оспан, Шәкәрім

Жеті ата: Олжай Айдос Қайдос Жігітек Торғай Кенгірбай Ырғызбай Көтібақ Топай Бөкенші Бор Өскенбай Құнанбай Абай

Абай әйелдері Ділдә Әйгерім Еркежан

1.Ақылбай

2.Әкімбай Мекаил

3.Әбдірахман (1868-1895) Ізкаил

4.Мағауия (1870-1904) Кенжеш

5.Күлбадан

6. Райхан

2 кесте Абай өмірі (хронолгиялық кесте)

1855-1857ж – ауыл молдасынан сауат ашты. 9жасында «Кім екен деп келіп едім түйе қуған» алғашқы мысқыл өлеңін шығарды.

1857-1859ж - Семей қаласында Ахмет Риза медресесінде білім алды. 3 ай «Приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. 13 жасынан — аға сұлтан Құнанбай әкесінің көмекшісі болып, ел билеу ісіне араласты.

1870ж Семей кітапханасында Е.П.Михаэлиспен танысады.

1876-1878ж — Қоңыркөкше еліне 3 жыл болыс болады.

1876 ж – Жала жабылады

1877-1878ж – 12 іспен тіркеліп, 3-4 ай Семей қалаасында жатты.

1880ж — Е.П.Михаэлис арқылы Н.И. Далгополов, С.С. Гросс, П.Д. Лобановский, Н.Кончин секілді орыстың озық ойлы демократтарымен танысады.

1889ж – 25-ке жуық өлең шығарды. «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері Омбыдағы «Дала уалаяты» газетінде Көкбайдың атымен жарияланды.

1890-1898ж -Қара сөздерін жазды.

1891ж Сүйікті інісі Оспан қайтыс болған соң Абай өлеңдеріне мұң араласа бастайды.

1895ж – Талантты ұлы Әбдірахман 27 жасында қайтыс болады.

1904ж 14 мамырында баласы Мағауия қайтыс болды.

1904ж 23 маусымда 40 күннен кейін Абай дүниеден өтеді.Жидебайдағы өз қыстауының жанына жерленеді

1909ж. Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай Ысқақұлы басып шыңарды. Абайдың баласы Тұрағұл да атсалысты.

1922ж – Абай өлеіңдерінің жинағы Ташкентте жарық көреді.

1933ж – Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды.

1940ж – Абайдың туғанына 95 жыл Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде Абайдың мемориалдық музейі ашылды.

1945ж – Абайдың 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Алматы опера және балет театры Абай атымен аталды.

1949ж – М.Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды.

1959ж -Лениндік сыйлық алды.

1960ж Алматы қаласында Абай ескерткіші орнатылды.

1995ж .А.Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.


Сыныбы: 9 № 3 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері.

Білімділік: Замана шамшырақтарының бірегейі, ақыл мен ойдың телегейі, ұлтымыздың данагөйі, бір бойына барлық қасиетті жинақтаған, қалың ұйқыда жатқан қазақ елін өнер-білімге, ғылымға жетелеуді мақсат тұтқан ұлы Абайдың дүниетанымен көзқарастарын оқушыларға таныту.

Дамытушылық: Қызметі, саяси көзқарасының қалыптасуы, жеке қасиеттері, Абайдың қоғамдық – саяси және тарихи көзқарастарынмен танытырып, кестелермен жұмыс жасауға дағдыландыру

Тәрбиелік: Қазақ тарихындағы Абай орны, мұрасын насихаттау, білімдерін кеңейту, толықтыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: талдау, салыстыру, ой шақыру, кубизм әдісі, мағынаны тану, деңгейлеп оқыту, брейн-ринг, синквейн, инсерт картасы.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, ақынның портреті, ақын туралы ұлылар ой-пікірлері,  көрме.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, орыс әдебиеті, қазақ тілі. 

І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Абай туралы даналық ой пікірлер

1. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы — соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ».

А.Байтұрсынов

2. «Абай деген – терең теңіз, алып мұхит. Абайды таныған сайын, оның түбіне маржандарын алу үшін сүңги беруің керек,сүңги беруің керек. Ал мен оның бетін ғана қалқыдым»

М.Әуезов

3. «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. «Адамға адамның баласының бәрін дос санады. «Біріңді қазақ, бірің дос көрмесең, істің бәрі бос» деген сөздері- шын мәнінде ұлт болып ұюмыздың негізі шарты. …..Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті».

Н.Ә.Назарбаев

4. «Өз Отанының сом алтыны»

Ә.Бөкейханов

5. «Қараңғы заманда шырақ жаққан» шамшырақ»

М.Дулатов

6. «Әлемнің құлағынан әні кетпес» кемеңгер»

М.Жұмабаев

7. «Ол халық тарихының биік шыңына жалғыз – дара шыққан тау ағашы сияқты»

М.О.Әуезов

Абай-шешен. Ұлттық өнеріміздің ішінде алмастай асыл, найзағайдың отындай жарқ-жұрқ еткен өткірлікке, тапқырлыққа суарылған дүниетаным тереңдігіне негізделген өнер-шешендік. «Шешендік дегеніміз» — кесімді билік айту, қажет нәрсені ортаға ,көптің талқысына салу яки айтатын нәрсе мен айтпайтын нәрсенің ара-жігін жіті айыра білу, өлшемнен асырмау, ой-пікірлерді айқындау және көмейі суырылған шешенде табиғилық, ұғымдылық, шыншылдық, сыршылдық, ақжарқындық, жаздың әсем таңындай сұлу көңілі болуы қажет.

Абайдың ел билеу өнеріндегі айтулы құбылыстың бірі – 1885 жылы мамыр айында Шар бойында Қарамола сиезінде (сьезінде) бес дуан елге арналып жазылған 74 баптан құрылған Ережесі. Тарихи мәні терең бұл құжат жүйелеп тексерудің, қазақ өмірінің әлеуметтік- ұлттық болмысын нақтылы шаншыла зерттеудің ең жоғары түріне жатады.

Бұл Ережеде: жер дауы, құн дауы, жесір дауы, қалың мал, құдалық жоралары, әйелдің бас бостандығы, ата-ана мен баланың арасындағы сыйластық, ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы, әмеңгерлік мәселесі терең талданып, әділ билік – кесімдер, шара қолдану айтылады.

Ұрлыққа барымтаға Шара қолдану: суға батқанға көмек арық, көпір, құдық бұзғандарға өрт, боран, аяз кезінде араша болмағандарға (35 бап)

Алты алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейханов: «20 жасқа жеткенше Абай от тілді шешен, халық өмірі мен әдет-салтын, қазақ даласындағы атақты билердің әр істі шешкендігі төреліктерін жақсы білетін ділмар атанды. Абай өзінің қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысында басты тізгін ұстаушы болды» -деп жазады.

Ахмет Байтұрсынов:«Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің билігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды тілдер, мақал-мәтелдер сияқты нәрселерді Абай көп біледі екен. Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбәсіз. Біліммен би болып, жұрт білмейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған» — деп бағалаған.

Дүниенің тылсым сырын надандық, танып білу талапсыздық,жалқаулық мінездерді сынады. Ар-ұят, адамгершілік мәселелерін қамтыды. Абай терең зейінді адам болғандықтан өзі өмір сүрген ортасын, оның қоғамдық жағдайларын терең түсініп, ақиқаттықпен көрсете білді.

Ақын өмір сүрген кездегі қазақ қоғамы:

  • Феодалдық – патриархалдық құрылыстың шырмауында болатын;

  • Рулық құрылыс ыдырамады;

  • Патшалық әкімшіліктің ру басшыларының тартыстарын қоздыруы;

  • Қоғамдық ахуал шиеленсті;

  • Халықтың күйі нашарлап кетті;

  • Халықтың мұң-мұқтажын жоқтаған ақын болыс, төбе би болып әлеуметтік мәселелерді шешті;1868 жылы 100-бап ереже жасаған

  • Топтық қоғамда әлеуметтік әділдіктің болмайтынын да көре білді;

«Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,

Қолға түсер, сілесі әбден қатып

Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,

Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып» — деп теңдік алу үшін қанша арызданып ізденгенімен, байларға «ырылдатып ит қосып» күрескенімен, кедейдің қалжырап, сілесі қатқаннан басқаға әлі жете алмайтынын көрсетті.

ІҮ. Қорытынды. Ұлы Абай

  • Жазба әдебиеттің негізін қалаған, ұлттық поэзия тілін көркейткен көсем.

  • Ғажайыпты болжаған айыр тілді аруақты шешен

  • Қазақ поэзиясына ұшан теңіз өзгерістер енгізген реформатор

  • Ұлттық музыка өнерін асқар биікке көтерген біртуар композитор (сазгер)

  • Аударма өнерінің үздік шебері

  • Ана тілінің негізгі сөздік қорын сарқа пайдаланған ерен дарын

  • Абай мұрасы, Абай жолы кейінгі ұрпақ үшін сарқылмас қазына

Шығармашылық тапсырма

Абай-ақын

Абай-сазгер

Абай-шешен

Абай-ағартушы-ойшыл

Абайдың тарихи көзқарастары

Абай-күйші, сазгер.

Абай-аудармашы

Абай саясаткер

Абай төбе би- шешен

Үйге тапсырма: «Мен таныған Абай» тақырыбында эссе жазу.


Сыныбы: 9 № 4 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ақынның халық даналығын тануы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру;

Дамытушылық: қосымша материалдарды ізденуге,ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге, өзіндік көзқарасын қалыптастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: ұлы ақынның еңбектерін зерттей отырып, елін сүюге, адамгершілік, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді беру, монтаж-компазиция сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, зерттеу, дәлелдеу, ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, буклеттер, рефераттар,

«Абай елі»бейнефильмі,топтарға арналған тапсырмалар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Сабақтың масатымен таныстыру

III. Жаңа сабақ. Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақ" газетінде жарияланған мақаласында Абайды "қазақтың бас ақыны" деп бағалады. Шынында да, Абай - қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Оның шығармаларында өз тұсындағы қазақтың қоғамдық өмірінің, халық тіршілігінің шытырман шындығы терең де көркем бейнеленген.

Абай өлеңдері "қиыннан қиысып", "айналасы жұп-жұмыр тегістілігімен" көңілге ұялайды. Жаңа ой, мазмұнына лайық өзгеше көркемдік қуатқа ие Абай қазақ сөзін ұстартып, әдеби тілдің негізін салды. Өлеңді өмір сыры туралы кемеңгерлік ой-толғамдармен, адам сезімін, оның көңіл күйін әсерлі бейнелейтін жоғары сапалы лирикамен жаңартты. Кіршіксіз, адал махаббатты жырлайтын, табиғат жарасымын суреттейтін ғажайып өлеңдер тудырды.

Абайдың композиторлық шығармашылығы да қазақ өнері тарихында үлкен жаңалық болып табылады. Оның өз өлеңдеріне шығарған әндерінде заман ауыртпалығын тартқан адамның мұңы да, сүйіскен жастың жалынды сезімі де айқын көрінеді. Абай адам өмірін мағыналы етуді, нұрлы ақыл, адал еңбекке сүйеніп өмір сүруді, жамандық жасамауды, адамгершілікті, имандылықты ұрпағына өсиет етті, адамның рухани азаттығын жырлады.

Сондықтан да ұлы жазушы М. Әуезов Абайды: "Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі",- деп бағалады

Бүгінгі сабағымызда 2-топ жұмыс істейді.

1-топ. «Зерттеушілер» тобы ( Олар Абай өмірін зерттейтін шығармашыл топ)

2-топ. «Сарапшылар» тобы ( Олар Абай шығармашылығын сараптап, баға берушілер)

  1. Сөз кезегін «Зерттеушілер» тобына береміз.

а) Абай өмірбаяны

б) Абай өмір сүрген кезең

в) Абай ұрпақтары

г) Абай достары

Абай өңі қараторы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болыпты. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Әсіресе ол аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын зерделілігімен айрықша көзге түсетін. Кейін кемеңгер Абай адамның ең жақсы қасиетіне санаған "білмекке құмарлық" өзінің туа біткен мінезі десе де болғандай. Оның бала кезін білетіндерден қалған сөзге Қарағанда, Абай ертегі-аңыздар, ел ішінің өткен өмірінен қалған алуан түрлі әңгімелер, өлең-жырлар десе, ішкен асын жерге қояды екен. Мұндайда көп мазалайтыны сондай әңгіме-хикаяларды, әсіресе ертегілерді көп білетін әрі нақышына келтіріп жалықпай айтатын өзінің әжесі еді. Шешесі Ұлжан да ара-тұра хикая құмар ұлына ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, кызықты етіп әңгімелеп беретін.

Кең-байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір құтты қоныс, қасиетті аймақ ол кезде Семей облысы аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың үнсіз куәсі — әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып. Сол таудың көп бұлақ, көк өзенді жал-жоталары ақбоз үйлер мен төрт түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы қалың ел ішіндегі көкмайса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше, сонысынан да ма, аздап сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, 1845 жылдың тамыз айында нәресте дүниеге келді. Нәрестенің өмірге келуі, оның үстіне — ұл болуы — ол заманның қазағы үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып, баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен Ыбырайым демей, нәресте туған үйдің өзгешелігіне бейімдеп — арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: "Бауы берік болсын! Ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" — десіп жатты. Шынында да, бұл баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді. Ол кісі бұ күнде дүниеден қайтқан. Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі Зере болатын. Әкесі — Өскенбай бидің өжет баласы, жасында жау түсіргіш қарулы жігіт болған, бүгінде ел "қарадан хан болған" деп марапаттайтын аға сұлтан Құнанбай-тын. Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы Ұлжан бәйбіше еді. Бұл кісі де текті жерден шыққан. Әсіресе өткір сықақ-мысқылға жүйріктігімен аты шыққан елдің қызы. Абайдың біреудің мінін ащы тілмен, ажуа-мысқылмен мінегіштігі шешесінің төркіндерінен — нағашы жұртынан жұққан десетін жұрт. Әлгінде үлкендер жаңа туған нәрестеге "ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" дегенде, меңзеп отырғандары осылар болатын.

Абай-ұлы ақын, аудармашы, компазитор, мысалшы, этнограф, ағартушы ,философ дейсіңдер,қане,кім дәлелдеп береді?

2. Сөз кезегін «Сарапшылар» тобына береміз

а) Абай –ұлы ақын

б) Абай -аудармашы

в) Абай -компазитор

г) Абай –этнограф

ғ) Абай- философ

(Әр топ мүшесі берген бағаларын мысалдармен дәлелдейді)

а) Абайдың түсінігінде ақын-алмасқылыш ұстаған батыріспеттес, ел қамын жейтін ер, патриот азамат. Абай үшін ақындық өнер-қоғам түзетуші құдіретті күш,әділетсіздікті бетке айтатын,қара ылды қақ жарғыш әділ қазы, қараға да, ханға да ой салатын ақылшы,қоғамджы түзетуші ұстаз.

б) Абай Крыловтың,Пушкиннің шығармаларын аударған (түсінік беру

в) Абай әндері -өмірмен байланысты туған. Мәселен «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй»деген өлеңінің Біржан әндерін өз аузынан тыңдаудан туған т.б

Сабақты бекіту: «Абай» презентация көрсетемін

Сабақты қортындылау: Тест сұрақтары

«Зерттеушілер» тобына

1.Абай ең бірінші өлеңін неше жасында жазды?

а)11 жаста түйешіге арнаған ә) 10 жаста түйе қуған әйелге

2. Абайдың әжесі мен әкесінің аты

а)Құнанбай,Ұлжан ә) Зере, Құнанбай

3. Абай Семейде неше жыл оқыды?

а)3жыл,10 ай ә) 3жыл

4. Абай Михалспен қайда танысты?

а)театрда ә) кітапханада

5. «Абай жолы» эпопеясының екінші кітабы қай жылы басылып шықты?

а)1949 ә) 1956

«Сарапшылар» тобына

1.Қарасөз дегеніміз не?

а)арабтың «дана сөз»дегені ә) латынның «асыл сөз»дегені

2. «Адам хайуаннан ақ жүрегімен, адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді»нешінші қарасөзі

а)17 сөз ә) 14сөз

3. Абай аудармасын тап

а)Ескендір поэмасы ә) «Теректің сыйы» М.Ю.Лермантов

4. Күн барда қашып құтыла алмайсың, күн жоқта іздеп таба алмайсың. Бүл не? Қандай нақыл сөз шығады

а)көлеңке, дос туралы ә) көңіл күй, байлық туралы

5. Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбдыр қағып, бұлаңдап ағады өзен..

Қай өлеңнен үзінді, қандай троп кездеседі

а) Жазғытұры, кейіптеу ә) күз, бейнелеу

Қорытынды сөз. Балалар бүгін сендер Абай атамыздың өміріне, шығармашылығына терең зерттеу жұмыстарын жүргіздіңдер.Абайды оқыған ұрпақ қалың елінің қамын жейтін нағыз патриот азамат, Абайды оқымаған қазақ қазақ емес. Абай өлеңдернің, шығармаларының өз өмірлеріңе үлгі алатын тәрбиелік мәні жоғары, құнды туындылар.

Абайдың дүниеден кеткеніне едәуір уақыт болса да, оның көптеген айтып кеткен ойлары әлі күнге дейін күн тәртібінен түскен жоқ және маңызды, қазіргі уақыт талабы мен талғамымен үндес.

Сыныбы: 9 № 5 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар туралы түсінік беру,

Дамытушылық: Өлеңнің лирикасының ерекшелігіне назар аудару, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.

Тәрбиелік: ұлы ақынның еңбектерін зерттей отырып, елін сүюге, адамгершілік, ізгілікке, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді беру, монтаж-компазиция сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: топпен жұмыс, зерттеу, дәлелдеу, ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, буклеттер, рефераттар,

«Абай елі»бейнефильмі,топтарға арналған тапсырмалар

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Сабақтың масатымен таныстыру

III. Жаңа сабақ. Абай — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қо бай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан А. С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. , Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенев, Н.Г. Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған,ғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесіне түседі. Мұндағы оқудың бәрі де ескіше, дін сабағы еді. Онда Абай небәрі үш жыл мұсылманша және үш ай орыс мектебінде орысша оқиды. Дін мектебінде жүргізілетін бар сабақты жақсы үлгеріп, қалған уақытын өз бетімен кітап оқуға жұмсайды. Оқитын кітаптары араб, парсы, түрік елдерінің даңқты ақындарының еңбектері болады. Солардың ішінде шын сүйіп оқыған ақындары - Навои, Саади, Қожа-Хафиз, Физули. Абай өзінің таланттылығы мен қабілетінің күштілігімен үш жылда үлкен білімге иесі болған.

            Сол жас кезінде-ақ араб, парсы, түрік ақындарының өлеңдеріне еліктеп, өзі де өлең шығара бастады. «Физули, Шәмси, Сайхали», «Жүзі раушан» атты өлеңдері осы кезде жазылады.

Фзули, Шәмси, Сәйхали


Фзули, Шәмси, Сәйхали, 

Науаи, Сағди, Фирдауси,

Хожа Хафиз - бу һәммәси

Мәдәт бер я шағири1 фәрияд2

1 - Шағири (арабша) - ақын.

2 - Фәрияд (парсыша) – теңдесі жоқ, асыл


Араб және парсы ықпалы:

Абай тілі лирикасының келесі қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығына... мойынсұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды

Он үшінші қара сөз.

\оқу, араб тілінен қолданылған сөздерді талдау\

Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі - не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі - кітаптан оқу бірлән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық берік боларға керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғалмастай берік болу керек. Бұл иманды иман таклиди дейміз.

Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай тағала өзі сақтасын. Әрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде құдай тағала кеңшілігімен кешеді дағы демесін, оның үшін құдай тағаланың ғафуына яки пайғамбарымыздың шафағатына да сыймайды, мүмкін де емес. «Қылыш үстінде серт жоқ» деген, «құдай тағаланың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.





Сыныбы: 9 № 6 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай және орыс әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жыр тәңірі Абай өмірі мен шығармашылығына шолу
жасап, ақынның аударма саласындағы шеберлігі мен жаңалығын таныту.

Дамытушылық: Поэзияның шығармаларға талдау жасай отырып, түп
нұсқамен салыстыруға, қорытынды жасауға үйрету, дағдыландыру.

Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, Абай шығармалар жиынтығы, «Жыр тәңірі – Абай» бүктеме, «Абай энциклопедиясы» сызбалар.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Орыс әдебиеті, неміс тілі.

Сабақтың ұраны: «Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жат тоқып ал көңілге.»

С. Торайғыров.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

IІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Ой қозғау. Сызбалар арқылы Абай өмірі мен шығармашылығы жөнінде еске түсіру.

1945 ж 10 тамыз. 1904 ж 23 маусым.

Абай нәр алған 3 қайнар бұлақ.

Абай әндері мен күйлері.

Табиғат лирикасына жазған өлеңдері. Қара сөздері. Поэмалары.

Абай шәкірттері.

«Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді»,-деген болатын З.Ахметов.

Абай поэзиясынан нәр алу үшін поэзия минутын өткізейік.

«Әсем болма әрнеге»

«Қалың елім, қазағым,қайран жұртым»

«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»

«Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма?»

«Сегіз аяқ»

«Қараша, желтоқсан мен сол бер-екі ай»

«Жаз»

«Ғашықтық құмарлық-ол екі жол»

«Адамның кейбір кездері»

«Мен жазбайым өлеңді ермек үшін»

Абай кім? «Топтастыру» стратегиясы арқылы анықтау.

Абай: Ұлы ақын, Реформатор, Ойшыл, Көркемсөз шебері, Сазгер, Философ, Аудармашы

Мағынаны тану.

Ендеше бүгін біз ұлы Ақынның аудармашылығы сөз етеміз.

Абай нәр алған 3 қайнар бұлақтың бірі- орыс әдебиеті болатын. Ол әдебиетін 1882 жылдан бастап аударған. Ең алғашқы аудармасы орыстың атақты М.Ю.Лермонтовтың «Бородино» атты патриодтық өлеңінен үзінді. Ең соңғысы Лермонтовтың «Вадим» атты ұзақ әңгемесінің желісін, оқиғасын алып, өзінше қысқартып жазған поэма.

Жалпы, Абайдың аудармасын 3 топқа бөліп қарастыруға болады.

Біріншісі, Пушкин- Абай.

Абайдың ақындық мәдениетті жетілдіруді ақынның қоғамдағы орны мен көркем сөздің ролі туралы ойлануына А.С.Пушкиннің ықпалы зор болды. Пушкиннің көркемдік әдісі Абай бойындағы таланттың отын үрледі. Пушкиннің «Евгени Онегині» Абайға қатты әсер етті.

Онегимен Татьяна тағдырын қазақша сөйлету арқылы қазақ даласындағы ұқсас тағдырлар мұңын жоқтады. Татьяна әні қазақ даласына ән болып таралды.1889 жылы Пушкин шығармаларынан 8 өлең аударды.

«Онегиннің сипаты»

«Татьянаның Онегинге жазған хаты»

«Онегиннің Татьявға жауабы»

«Онегин сөзі»

«Онегиннің Татьянаға жазған хаты»

«Татьяна сөзі»

«Ленский сөзі»

«Онгиннің өлердегі сөзі»

Абай аудармаларын тыңдап көрелік.

Пушкин әсерінен «Қөзімнің қарасы», «Қызарып, сұрланып» атты махаббат туралы тың өлеңдері дүниеге келді. Және шалыс ұйқасты өлең түрін тапты. Екіншісі, Лермонтов-Абай.

М.Ю.Лермонтов өмірі мен шығармашылығы Абайға өте жақын болатын.

Абай өзі өмір сүрген қоғамды сынады. «Қалың елім, қазағым», «Адасқанның алды жөн» «Сегіз аяақ» өлеңдері заман мен оның адамдары жөнінде ой толғады. Лермонтовқа жақын келуінің сырында еді. 90-жылдарының басында Абайдың жеке өмірінде де қайғы, мұң көп болды. Ескі достары Жиренше, Оразбайлар теріс айналды, сүйікті інісі Оспан, сүйікті ұлы Әбдірахмен қайтыс болады. Оңшада қалғанда Лермонтовқа көп жүгініп, оның 27 өлеңін аударады.

«Бородино», «Демоннан», «Боряин Оршадан», «Измаил-Бейден», «Вадимнен үзінді», «Теректің сыйы», «Қарасам қайғырар жұрт бұл заманғы», «Тұтқындағы батыр», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалғыз жалау», «Жартас», «Дұға»,

«Альбомнан», «Менің сырым, жігіттер, емес оңай», «Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда», «Қараңғы түнде тау қалғып» (Лерментов, Гетедан аударған) т.б.

Абай Лерментовтан алған әсерінен «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», «Ауру жүрек ақырын соғады жай», «Әй, жабықтым, әм жалықтым» өлеңдерін жазады. Енді өлеңдерге құлақ түрелік. «Альбомға», «Қанжар», «Жартас» аудармаларының орысша, қазақша нұсқалары салыстырыла оқылады.

«Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңін 3 тілде оқылып, салыстырылады.

Wanderers Nachtlied

Uber allen gipfeln ist Ruh

In allen wipfeln spurest du

Kaum einen Hauch

Die Voglein schweigen im Walden.

Warte nur Balde

Ruhest du auch

Горные вершины

Спят во тьме ночной,

Тихие долины

Полны свежей мглой

Не пымет дорога,

Не дрожат листы;

Подожди немного –

Отдохнешь и ты . . .

«Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап,

Даланы жым-жырт, дел-сал ғып,

Түн басады салбырап.

Шаңдай алмас жол-дағы,

Сыбдырламас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы…

Сыбыр қылсаң азырақ..»

Үшінші – Крылов пен Абай.

90 жылдардың аяғында Абай И.А.Крылов мысалдарын көбірек аударумен шұғылданған. «Емен мен шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Бүркіт пен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа», «Әншілер», «Ала қойлар», «Түлкі мен қарға», «Есек», «Бақа мен өгіз», «Піл мен қанден». Ақын Абай өз шығармаларында аяусыз әшкерелеген ұнамсыз құбылыстарды мысалмен сынауға бет бұрады. Сол арқылы адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді – қулық – сұмдық,тойымсыздық, жауыздық пен зорлық – зомбылық,ашқарақтық,әлін білмеген әлектерді сынға алады. Мысал өлеңдерді оқып, ғибрат алайық. «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден», мысалдарының орысша және қазақша нұсқалары жатқа оқылады. Жалпы, қорыта келгенде Абай аудармалары жөнінде де қазақ әдебиеті тарихында орны айрықша екенін көреміз. Бірінші, бұл қазақ әдебиетінің даму жолындағы күрделі жаңа адым.

2. Қазақ жұртшылығын ұлы идея, үлкен зор, жоғары сатыдағы әдебиетпен таныстырып, екі елдің рухани тіршілік мәдениет, әдебиеттерін байланыстыруға берік дәнекер болды.

3. Орыс әдебиетін жақсы аудару, олардың үлгісінде жаңа образ, жаңа сөз, сөйлем, қазақ әдебиетінде бұрын соң әр түрлі әдістерді әдебиетке кіргізіп, қазақтың әдеби тілін бұрыңғыдай да байытып, дамытты, ілгерілетті.

4. Шет тілден өлеңдерді қалай аудару керек екендігінің бірінші рет жолын салып, кейінгілерге үлгісін пішіп берді.

III. Ойтолғау.

«Абайға хат» жазу.

Оқушы хатын оқып талдау.

Сабақты елбасы Н.Ә.Назарбаев сөзімен қорытындылау.

ІҮ. Үй тапсырмасын беру. Абай аудармаларын қайталау


Сыныбы: 9 № 7 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай және Пушкин

Мақсаты: Абайдың Пушкиннен аудармаларымен таныстыру, мәнерлеп оқуға жаттықтыру, басқа ұлттың тілін құрметтеуге тәрбиелеу

Жаңа тақырып:

Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.

Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.

Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы

Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып келіп жатты. Олар, атап айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері болатын. Жер аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А. Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н. Долгополов және басқалары еді.

Олар Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығармаларымен жете танысты.

«Всенародный акын земли» - так называл Пушкина великий акын казахской степи Жамбыл.

Гений Пушкина удивительно многогранен. Выражая в своих творениях сущность «русского духа», он вместе с тем выражал и общечеловеческое. Больше того, пушкинский гений обладал удивительным , поистине редкостным даром: он умел проникнуться духом другого народа. «Песни западных славян», «Подражание Корану», «Цыганы», «Бахчисарайский фонтан» - яркое тому подтверждение. Он был открыт всему миру, и весь мир отвечает ему взаимностью, не считая его чужим и чуждым. Имя Пушкина так же дорого и близко казахам, как и другим народам.

Абай приступил к переводам произведений Пушкина и других русских поэтов с полным пониманием всего того огромного значения, которое имеет такая работа. Из «Евгения Онегина» Пушкина Абай перевел на казахский язык всего семь отрывков: 1) Портрет Онегина; 2) Письмо Татьяны. 3) Ответ Онегина (так назван у Абая монолог Онегина в деревенском саду). 4) Второй вариант этого перевода. 5) Письмо Онегина к Татьяне; 6) Письмо Татьяны, т.е. монолог Татьяны в Петербурге; 7) Монолог Ленского (отрывок).

Кроме того, Абай создал еще одну песню, которая называется «Предсмертное слово Онегина».

Евгений Онегин в переводе Абая(фрагменты)

ОНЕГИННІҢ СИПАТЫ

Жасынан түсін билеп, сыр бермеген,

Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген.

Нанасың не айтса да, амалың жоқ,
Түсінде бір кәдік жоқ «алдар» деген.

Кейде паң, кейде көнгіш орныменен,
Кейде елеусіз, кейде ынтық, формыменен,

Кейде үндемей жүрсе де сөзге баяу,

От жалындай жауапкер құрбыменен.

Ғашықтық сөзге жүйрік әсіресе,

«Дем алысым, құмарым - бір сен» десе.

Жанын құрбан жолына қылған жансып,

Көз қарауы құбылар әлденеше.

Кейде ұялшақ, төменшік, кейде тіп-тік,

Қамыққансып, қайғырып, орны келсе.

Жап-жаңа кісі болып түк білмеген,

Қылжыңын білдіртпейді «қалай» деген.

Жаның шошыр, өрлігі жаннан белек,

Кісіге балдан тәтті орны келген.

Биттей бойы босаса, сезер сонда,

Жастық жеңіп, көңілді шайқағанда.

Ғашық құмар, ақылмен бойыңды алып,

Жылы жауап есітер не қылсаң да.

Емінер, «әй» дегізер, дайын қылар,

Жүрегің қалай соқса, пайым қылар.

Жылы ізін суытпас, дамыл көрмес,

Бір оңаша жолығар жер айтқызар.

Ел аулақта оңаша колына алып,

Көңіліндегі сабағын айтып тынар.

Жасынан көрсе оны ақылы сасқан

Не сұрқия жандарың жұрттан асқан.

Жеңуге, қор қылуға тағы да ұста,

Өзіне күндес шықса, жол таласқан.

Ажуаға, қорлауға тілі орамды,

Не түрлі тұзақ құрып көңлін басқан.






ТАТЬЯНАНЫҢ ОНЕГИНГЕ ЖАЗҒАН ХАТЫ

Амал жоқ - қайттім білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын?

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын.

Талайсыз, бақсыз мен сорлы

Еріксіз аттап ұяттан,

Қорлыққа көндім бұл құрлы,

Байқалар халім бұл хаттан

Әлімше мен де ұялып,

Білдірмен дедім өлсем де,

Шыдар ем күйіп мен жанып,

Айында бірер керсем де.

Болмады көріп қалуға,

Есітіп біраз сөзіңді.

Шыдар ем бір ай жатуға

Ұзақ түн жұмбай көзімді.

Қызықтан қашып бұл жерге

Көңіліңіз суып келіпсіз.

Мәнісін сұрап білуге

Тілдесе алмаймын еріксіз.

Келмесең егер сен бізге,

Сау болмас па ем, әлбетте.

Болмасам ашына мен сізге,

Түспес ем мұндай бейнетке.

Асау жүрек қайнамай,

Жуасыр ма еді кезінде?

Елден бір жақсы сайламай,

Бармас па ем ерге өзім де?

Өзгеге ешбір дүниеден

Еркімен тимес бұл жүрек.

Әзелде тағдыр иеден,

Қожам - сенсің, не керек.

Тіршілігім - құрбандық,

Шыдамай сені көргенше.

Тәңірімнен келген бұл жарлық,

Ием - сенсің өлгенше.

Әуелде кірдің түсіме,

Ортақтасып өміріме.

Толғау салып ішіме,

Сол күнде-ақ жақтың көңліме.

Сыныбы: 9 № 8 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абайдың Пушкиннен аудармалары

Сабақтың мақсаты: Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануын ұқтыру

Сабақтың міндеттері:

  1. Ұлы Абай Құнанбаев пен А. Пушкиннің шығармашылықтарындағы үндестікті аңғарту

  2. Аудармаларының ерекшелігін сөз ету

  3. Аудармаларына талдау жасау.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дәріс мәтіні, Абай портреті, аудармалар

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.

Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: «Онегиннің сипаты,» «Татьянаның Онегинге жазған хаты,» «Онегиннің Татъянаға жауабы,» «Онегин сөзі,» «Онегиннің Татьянаға жазған хаты,» «Татьянаның сөзі,» «Ленскийдің сөзінен» және «Онегиннің өлердегі сөзі» – деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер «Евгений Онегинді» толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына «Ләйлі Мәжнүннен» бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай «Евгений Онегиннен» үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол «Татьяна сөзін» «Тәңірі қосқан жар едің сен», деп бастайды.

Онегиннің өлердегі сөзі


(А. С. Пушкиннен)
Жарым жақсы киім киіп, (70)
Келді жанға жылы тиіп.
Диуана болды бұл көңілім,
Басылмай бір құшып, сүйіп.

Бойым тұр дал болып ұйып,
Көңілім жүр құс болып шүйіп.
Есіркеп сүйгізіп еді,
Кетіппін жүз есе күйіп.

Қылдың арам ойынды,
Бір бұрмадың мойныңды.
Сен ақылмен көңіліңді
Тыйып, жеңдің бойыңды.

Мен бұрылып түзеле алман,
Қайтсін дедің сорлыңды...
Атам, анам – қара жер,
Сен аша бер қойныңды.
Сенен басқа еш жерден
Таба алмадым орнымды.



ІІІ. Жаңа білімді бекіту.

Абай

Ұқсастығы

Пушкин









Сыныбы: 9 № 9 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті

Мақсаты: Абай және батыс әдебиеті өкілдері туралы түсініктерін кеңейту, шығармаларымен таныстыруды жалғастыру, Абай мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Абай портреті, шығармалар жинағы, «Абай жолы» романы

Сабақтың барысы: түсіндіру, конспект жазу , салыстырту

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Абай мұрасының маңызды бір қыры – Европа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы. Бұл құбылыстың мазмұны мен сыры, диалектикасы мен динамикасы бір жағынан, талант, дарын іспетті қасиеттер табиғатынан шектелушіліктен, томаға тұйықтықтан аулақ болатынында, жалпы адамзаттық игілік-жақсылықпен сабақтас, тектес екендігінде болса, екінші жағынан, Абайдың туған жерінің, елінің жаратылысының өзі Европа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір іспеттілігіне байланысты. Қазақ халқының көп ғасырғы рухани ізденістері мен қазынасының жемісі, жиынтығы, әрі жаңа сатыға көтерушісі бола алған Абай - дүниенің осы екі бөлігінің бірсыпыра халықтарының даму тарихына, ақыл-ой жүйесіне, мәдениетіне, әдебиетіне көз тігіп, танып, біліп өзіндік шығармашылық қатынас қалыптастырды, қазақ қоғамының қажетіне, рухани өсуіне жарату ісін де, дәстүрлерін де байытты.

Батыс Европа халықтары көркем мұраларын Абайдың игеру ерекшеліктері, қазақша аудармалары, ақын шығармаларының кейбір европалық тілдерге аударылуы, шетелдік жылы лебіздер - бүгінгі абайтану ғылымындағы терең зерттеуді, байсалды тұжырым жасауды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі. Қазақ әдебиетінің басқа елдер әдебиетімен, оның ішінде, Европа халықтары әдебиетімен қарым-қатынас, байланыс тарихында Абай Құнанбаевтың орны ерекше

Абайдың ақындық қызметінің негізгі үш түп төркіні: алдымен, қазақ халқының, есте жоқ ескі заманнан жиып, дамытып жеткізген өз даналығы, ауыз әдебиеті қоры; екінші - араб, парсы, түрік тіліндегі шығыстың классик. көркем поэзиясы, үшінші - орыс халқының мәдениеті және сол арқылы Европа мәдениеті десек, «ез заманы үшін, әрі жаңа тарих, жаңа дәуірдің басы, әрі кең майдан келешек» болған Абайдың ақындық білімінің кемелденіп толысуына, өрісінің кеңеюіне апаратын даңғыл жолды тап басатынымыз сөзсіз, бүл Абайтану ғылымында едәуір зерттелген мәселе. Алайда ақынның орыс мәдениеті арқылы Европа мәдениетімен байланысы, Европадан алған нәр, оның ақындық жолында қандай іздер мен өрнектер қалдырғаны әлі арнайы зерттелген жоқ.

Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым - батыс, батысым - шығыс боп кетті» деуі ақынның Батыс елдерінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі болса керек. Бүл тану, қызыға зерттеу, үлгі тұтып, нәр алу ақын шығармашылық жолына ізін қалдырмауы мүмкін емес еді. Европа елдерінің әдеби қорына қарым-қатынасында Абай Құнанбаев жай ғана үйренуші, таңырқаушы, еліктеуші ретінде емес, үлкен ойлы, терең толғаулы ізгі ақындық ерекшелігімен, ұлттық келбетімен, улы реалистік өзіндік, Абайлық тұлғасын сақтайтын қадір-қасиетімен, қалып-қабілетімен керінді. Ақын қазақ сахарасының шегінен шығып, орыс мәдениетіне, сол арқылы Европа елдерінің мол қазынасына жалғыз езі жол тартып, туған әдебиеттің қадір-қасиетін бұрынғыдан да арттырып, биіктете түсті.

«Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ, білімпаздарын да зерттейді. «Европаның есею тарихы», «Ескі Шығыс мәдениетінің тарихы» сияқтыларды да сол Батыс Европа ғалымдары арқылы оқып-біледі. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрі де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі»,

- деп жазды. (М. Әуезов. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. - ). Әуезов Абайдың бұлармен қатар Батыс Европада орта ғасырда етек алған діни сот - инквизицияның зұлымдықтарын суреттейтін романдарды кеп зерттегенін, Европада әкімшілік қырған патша, король нәсілдерінің сарай тартысын білу ниетімен, Александр Дюма романдарын кеп оқығанын, кейін «Үш ноян», «Он жыл өткен соң», «Патша әйел Марго» романдары ақынның әңгімелеуі бойынша елге танылып, ертек боп кеткенін айтады. Африкада, Америкада, Австралияда немесе басқа бір жабайылар арасында тіршілік еткен білімді кісілер немесе жергілікті адамдардың ішінен шыққан намысқой ерлер, ақылды адамдар туралы әңгімелерді де Абайдың сүйсіне оқығандығы туралы деректер бар. Сондай-ақ Әуезов Африкадағы негрлер (Абай сөзімен айтқанда зәңгілер) мен ақ нәсілділер арасындағы жұлқыс-тартысты бейнелейтін «Валентин Леви», «Аза жүрек», «Ягуар Медуленец» деген әңгімелер де Абайдың ертегі етіп таратқан әңгімелері екендігін, ақынның осылайша Европа жазушыларының да көптеген әңгіме-дастандарын еліне жая жүргенін дәлелдейді. Бұл айтылған деректердің өзі-ақ Абай назар аударған, оқып, біліп, таныған Европалық мәдениет қазынасының көлемі қандай болғанын танытады. Абайдың Европа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы оның орыс әдебиетімен байланысының бір қыры, бір бөлігі. Орыс тілі, орыс әдебиеті, орыс классиктері арқылы дүние жүзі мәдениетінің үлгілерімен танысқан Абай Европадағы кейбір мәдени-әдеби құбылыстарды өз жұртының талап- талғамына сай халықтың рухани қажетіне жарата білді. Абай шығармаларындағы Европа әдебиетінің белгілерін оның орыс классиктері ерекше қадір тұтқан антиканың көне классик. тарихы мен әдебиетіне оқта-текте соғып отыруынан, бүкіл Батыс, Шығыс тарихын бірдей әңгіме еткен «Ескендір» жайынан әңгімелі-өлең жазуынан, классиктер Шиллер, Гете, Байрон, Мицкевичтердің кейбір өлеңдерін қазақшаға аударуынан, бірсыпыра батыс романдарын әңгімелеп, ел арасына таратуынан, өзінен кейінгі жас ақындарға сыртқы өзге елдер жайында шығармалар жазуына ақыл беріп, тақырып ұсынып, әсер етуінен керуге болады. Бұл белгілер халқымыздың рухани тарихында маңызы зор ерекше құбылыстар еді.

Абай мұрасының ежелгі антикалық және элладалық тарихпен байланысы да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Эллада мәдениеті мен әдебиеті адамзаттың даму тарихында ерекше орын алатыны белгілі. «Греция мен Рим салған фундаментсіз қазіргі Европа да болмаған болар еді» деп жазды Ф. Энгельс «Анти-Дюринг» деген еңбегінде (К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч. Т. 20, С. 185 ). Грек өнері мен эпосы «бізге көркемдік ләззат береді және белгілі бір дәрежеде норма мен үлгі де бола алады», - деді К. Маркс (К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч., Т. 12. С. 737). Орыс жазушылары, әсіресе, Абай айрықша назар аударған И. А. Крылов, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов та антикалық дәуірдің көркем мұраларын жоғары бағалаған. Антикалық мәдениет пен әдебиеттің орыс қоғамында жоғары бағалануы мен ықпалы Абай назарынан тыс қалмаған. Сондықтан да антикалық мәдениеттің Гомер, Софокл, Сократ, Платон, Ксенофонт, Аристотель сияқты өкілдері Абай шығармаларынан орын алды. Абай өлендерінде, әсіресе, қарасөздерінде кездесетін эллин мәдениетінің классик. үлгілері ақынның рухани ізденіс үстінде адамзаттың ортақ мұрасына қол артқанын байқатады. Ежелгі гректердің эстетик. мұраттары қазақ ақынының да ізденіс-толғаныстарына үндесе үйлесті. Өзінің Жиырма жетінші сөзінде өнеріне таңырқауға лайықты адамдар деп бәйітші, жыршы Гомерді, трагедия шебері Софоклды, суретші Зевксисті атайды. Грек ойшылдары арасынан Абайдың көбіне-көп назар аударғаны Сократ, Платон, Аристотель.

Неміс халқының тағы бір үлкен ақыны әрі ойшылы Иоганн Вольфганг Гете шығармашылығы Россияда 18 ғ-дан бастап-ақ зерттеліп, жоғары бағаға ие болған-ды. Гете өлеңдерін орыс тіліне аударуға В. А. Жуковский, Пушкин айналасының ақындары және Ф. И. Тютчев, Н. П. Огарев, М. Ю. Лермонтов, А. А. Фет т. б. қатысты, Гете қазынасына қазақ ақыны Абай Құнанбаевтың да қызығуына Лермонтовтың әсері мол болды. Гете шығармаларының орыс тіліңдегі ең тәуір аудармалары, мысалы, Жуковский аударуындағы «Орман патшасы», А. Н. Толстой аударуындағы «Коринф қалыңдығы» қатарынан саналатын

Лермонтов аударған «Тау шыңдары»

Абай қазақшаға еркін тәржімелеген

«Горные вершины

Спят во тьме ночной.

Тихие долины

Полны свежей мглой;

Не пылит дорога,

Не дрожат листы...

Подожди немного - Отдохнешь и ты...»

«Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт, дел-сал қып,
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жолдағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы
Сабыр қылсаң азырақ».


деп келетін тамаша пейзаждық көріністі Абай дәлме-дәл дерлік, шебер аударған.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту

Үйге тапсырма: конспект оқу


Сыныбы: 9 № 10 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері.

Мақсаты: Абай және батыс әдебиеті өкілдері туралы түсініктерін кеңейту, шығармаларымен таныстыруды жалғастыру, Абай мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Абай портреті, шығармалар жинағы, «Абай жолы» романы

Сабақтың барысы: түсіндіру, конспект жазу , салыстырту

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Абайдың Европа мәдениеті мен әдебиетіне қатысы оның орыс әдебиетімен байланысының бір қыры, бір бөлігі. Орыс тілі, орыс әдебиеті, орыс классиктері арқылы дүние жүзі мәдениетінің үлгілерімен танысқан Абай Европадағы кейбір мәдени-әдеби құбылыстарды өз жұртының талап- талғамына сай халықтың рухани қажетіне жарата білді. Абай шығармаларындағы Европа әдебиетінің белгілерін оның орыс классиктері ерекше қадір тұтқан антиканың көне классик. тарихы мен әдебиетіне оқта-текте соғып отыруынан, бүкіл Батыс, Шығыс тарихын бірдей әңгіме еткен «Ескендір» жайынан әңгімелі-өлең жазуынан, классиктер Шиллер, Гете, Байрон, Мицкевичтердің кейбір өлеңдерін қазақшаға аударуынан, бірсыпыра батыс романдарын әңгімелеп, ел арасына таратуынан, өзінен кейінгі жас ақындарға сыртқы өзге елдер жайында шығармалар жазуына ақыл беріп, тақырып ұсынып, әсер етуінен керуге болады. Бұл белгілер халқымыздың рухани тарихында маңызы зор ерекше құбылыстар еді.

Абай мұрасының ежелгі антикалық және элладалық тарихпен байланысы да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Эллада мәдениеті мен әдебиеті адамзаттың даму тарихында ерекше орын алатыны белгілі. «Греция мен Рим салған фундаментсіз қазіргі Европа да болмаған болар еді» деп жазды Ф. Энгельс «Анти-Дюринг» деген еңбегінде (К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч. Т. 20, С. 185 ). Грек өнері мен эпосы «бізге көркемдік ләззат береді және белгілі бір дәрежеде норма мен үлгі де бола алады», - деді К. Маркс (К. Маркс и Ф. Энгельс. Соч., Т. 12. С. 737). Орыс жазушылары, әсіресе, Абай айрықша назар аударған И. А. Крылов, А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов та антикалық дәуірдің көркем мұраларын жоғары бағалаған. Антикалық мәдениет пен әдебиеттің орыс қоғамында жоғары бағалануы мен ықпалы Абай назарынан тыс қалмаған. Сондықтан да антикалық мәдениеттің Гомер, Софокл, Сократ, Платон, Ксенофонт, Аристотель сияқты өкілдері Абай шығармаларынан орын алды. Абай өлендерінде, әсіресе, қарасөздерінде кездесетін эллин мәдениетінің классик. үлгілері ақынның рухани ізденіс үстінде адамзаттың ортақ мұрасына қол артқанын байқатады. Ежелгі гректердің эстетик. мұраттары қазақ ақынының да ізденіс-толғаныстарына үндесе үйлесті. Өзінің Жиырма жетінші сөзінде өнеріне таңырқауға лайықты адамдар деп бәйітші, жыршы Гомерді, трагедия шебері Софоклды, суретші Зевксисті атайды. Грек ойшылдары арасынан Абайдың көбіне-көп назар аударғаны Сократ, Платон, Аристотель. Қайшылықтарды шешу арқылы шындыққа жету диалектикасын ашқан Сократтың философиялық және этикалық идеялары мен ол туралы деректер біздің заманымызға көбіне-көп оның шәкірті Платон, Сократпен 20 жылдай бірге болған тарихшы әрі жазушы Ксенофонт және Аристотель арқылы жетті. Абай бұл ойшылдардың атын атап қана қоймай, Ксенофонттың шығармаларын талдай оқып, соның негізінде «Жиырма жетінші сөзін» (Сократ хакімнің сөзі) жазды. Абайды Сократтың кейбір идеялары ғана қызықтырып қойған жоқ, сонымен бірге оның өміріне, надандықпен алысып өткен өжет бейнесіне, аянышты өліміне де назар аударған. Өзінің Отыз жетінші сөзінде қазақ ақыны грек ойшылының аянышты елімін еске алып, «Сократқа у ішкізген... кім?» - дейді де, оны бағалай білмеген көпшіліктің надандығы, ақылы жоқтығы екендігін ашына атайды. Бүкіл дүние жүзі халықтарының бірсыпырасы өз өмір тарихына, сана-сезімдеріне, мақсат-мұраттарына, қажет-мұқтаждарына, тілек-талаптарына сәйкестендіріп әңгіме еткен ертедегі грек қолбасшысы Александр Македонский туралы ғасырлар бойы жазылған әдеби шығармалар белгілі бір өзіндік дәстүрге ие болғаны белгілі. Халықаралық әдеби кейіпкерге арналған Александр Македонский Шығыста алғашында Ескендір Зұлқарнайын (Қос мүйізді), кейін Ескендір аталып, қыруар шығармаға негіз болды да, өзіндік сипаттары мен ерекшеліктері мол шығыс «Александриясын» жасады. Бүл тақырыпқа қазақ әдебиетінде де фольклорлық және жазба туындылар бар. Абайдың «Ескендір» дастанына әдебиеттану ғылымында байсалды зерттеулер жүргізіліп, дәлелді тұжырымдар айтылған. Алайда, бүл дастанды өзі тақырыптас басқа туындылармен салыстыра, байланыстыра зерттеу, «Александрияға» қазақ ақыны қандай өзіндік үлес, тың түсінік, жаңа шешім қосып, дәстүр байытқанын анықтау - Абай асқан биіктің тағы бір қырын аша түсер еді. Әдетте, осы поэмада кездесетін шығыс классикасына кейбір ұқсастықтар, ондағы кейіпкер мінездемелері және ақынның шығармашылық жолындағы орны мен маңызы баса айтылады да, «Ескендірдің» осы тақырыптың даму тарихына қосқан үлесі, Шығыс әдеби дәстүріне әкелген жаңа лебі, оның «Александрия» әлемінде жоғары баға, тиісті орын алуына әбден тұрарлық мүмкіндіктері солғындау көрсетіліп жүр. Әр халықтың әдебиетіндегі Александр Македонскийдің бейнесін көп зерттеген ғалым Е. Э. Бертельстің Шығыста қалыптасқан дәстүр туралы тұжырымдарына қарағанда «Шығыс халықтарына Александр жорықтарының шын мәні беймәлім болды. Александр грек республикасын талқандап, азаматтарын тәуелділікке душар етті, біршама еркіндіктің орнына өктемдік орнатты, оның. жорықтары Шығыс елдерін ойрандап, мәдениет қазыналарын орасан жойқынға ұшыратты. Мұндай әрекеттер Шығыс әміршісіне дағдылы нәрсе болатын. Сондықтан да, нағыз Александр тез ұмытылып, аңыздар мен әңгімелер-ертек тұманында ғайып болды. Александрды өнегелі басқарушы етіп суреттеу дәстүрі қалыптасты. Ол туралы нақты деректердің жоқтығы кейіпкердің бойына автор қандай қасиеттерді қаласа, соны ұялатты.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту

Ү. Үйге тапсырма: конспект оқу



Сыныбы: 9 № 11 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы

Мақсаты: Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы туралы мағлұмат беру, білімге ынталандыру.

Барысы: \презентация арқылы таныстыру, сызба жасату, конспект жасату, әңгімелесу, пікір алысу\

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Аба й портреті, шығармалар жинағы, «Абай жолы» романы

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.

Абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н.Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланды.

Осыларға негізделе отырып, Абайтанудың тақырыптық, кезеңдік мезгілдері анықталды:

  1. Абайды танудың алғашқы кезеңінде Абай мұрасының Қазан төңкерісіне дейінгі жариялану, танылу, таралу жолдарын қамтумен бірге алғаш рет ақын мұрасын танып насихаттаушылар мен ол мұраның орыс тілінде танылу мәселесі қарастырылған;

  2. Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі, яғни 1918–26 және 1926–40 ж. аралығында зерттеліп тану жолы негізінен таптық, партиялық принцип тұрғысынан қаралып, тұрпайы социол. дүниетанымның үстемдік етуі бұл кезеңде басым жатты;

  3. Абайдың 100 жылдық мерекесіне орай 1940–45 ж. аралығында жазылған зерттеу еңбектері мен насихаттық тұрғыдан Әуезовтің «Абай» романы мен Абай оқу орындарында Абайтанудың арнайы курсы мен семинар сабақтарын өткізу және өзге де зерттеушілердің монографиялық еңбектері айғақтай түседі.

Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен семинар сабағы ретінде Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқытылады

Абай орталықтары Вьетнамның [[Ханой]] Ұлттық педагогикалық университетінде және Қытай Халық Рес­публикасының [[Құлжа]] қаласындағы Іле педагогикалық уни­верситетінде жұмыс жасайды.

Абайдың нағыз дана және дара екенін асқан көрегендікпен тани білген Ахмет Байтұрсыновтың "Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білуі керек" дегенін де еске алған артық болмас. Бұл осы ғасырдың бас кезінде айтылған, алайда бүгін де мәнін жойған жоқ. Қанша жемістеріміз бен жетістіктеріміз бар десек те, қазіргі жастардың жайын ойласақ, жетпей жатқаны да аз емес. Абай сөздерін тек ақындық өнерге, әдебиетке құштар жастар ғана емес, жас буын өкілдері тегіс білуі керек екенін атап айтсақ, Ахаң айтқан осы ойды үнемі есте тұту кажеттігі айқындала түседі.

 Ал Абайды басқа елдердің өкілдеріне таныту жағынан да бірталай іс тындырылғаны белгілі дей отырып, бұл бағытта да әлі атқарылуға тиіс шаралар шаш-етектен. Абай мұрасын басқа тілдерге аудару, оны шет тілдерінде насихаттау алдағы кездерде жалғасын таба бергені абзал.
        Өзі туған халқының әдебиетімен қатар дүние жүзі мәдениетіне үлкен үлес қосқан ұлы Абайдың өлмес, өшпес мұрасы халқымыздың игілігіне аса берумен бірге, басқа елдердің де кәдесіне жарап, рухани қажетін өтей беретіні кәміл.

Абай өлеңдерінің тақырыбы жан-жақты әлеуметтік аясы кең. Өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін махаббат өлеңдері болып келеді. Сондықтан Абай өлеңдері XIX ғасырдағы «қазақ қоғамының айнасы» деп те аталады.

      «Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы.

«Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды.

«Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) роман. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды.

Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды.

Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды. 

 Ал Абайды басқа елдердің өкілдеріне таныту жағынан да бірталай іс тындырылғаны белгілі дей отырып, бұл бағытта да әлі атқарылуға тиіс шаралар шаш-етектен. Абай мұрасын басқа тілдерге аудару, оны шет тілдерінде насихаттау алдағы кездерде жалғасын таба бергені абзал.
        Өзі туған халқының әдебиетімен қатар дүние жүзі мәдениетіне үлкен үлес қосқан ұлы Абайдың өлмес, өшпес мұрасы халқымыздың игілігіне аса берумен бірге, басқа елдердің де кәдесіне жарап, рухани қажетін өтей беретіні кәміл.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту

Ү. Үйге тапсырма: конспект оқу




Сыныбы: 9 № 12 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасының зерттелуі

Сабақтың мақсаты: Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануын ұқтыру

Сабақтың міндеттері:

  1. Ұлы Абай Құнанбаев өмірін, шы,ғармашылығын, тілін зерттеу мәселелерімен таныстыру.

  2. Зерттеушілердің пікірін оқып, өзіндік ой айтуға дағдыландыру.

  3. Шығармаларындағы ерекше тілін сөз ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: дәріс мәтіні, Абай портреті, зерттеушілер туралы мәлімет

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Аса көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі екі тұрғыдан зерттеледі. Бірі - қаламгердің қолданған тілінің даму барысында оның алған орны мен сіңірген еңбегін анықтау, екіншісі-оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де тілдік ерекшеліктерін талдау. Ең алдымен, ақын шығармашылығының идеясын, мазмұнын танып, білуге күш салынды, сол мазмұнның сыртқы көрінісі-тіліне үңілу содан кейін басталды. Абай шығармашылығы хақында алғашқы пікір айту-19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың алғашқы жылдарында басталған болса, тілі жайында да алғаш рет сөз қозғау осы тұстарға саяды. Әрине, бұл әңгіме ұлы ақынның тілін нақты түрде талдау емес, жалпы тұжырым айту, қазақтың поэтикалық дүниесінің тіліне жаңа лептің келгенін атау түрінде болды. 1901 ж. қазақ даласынан жиналып, Орыс географиялық қоғамына жіберілген өлең үлгілерінің ішінде Абайдың жылдың төрт мезгілі туралы өлеңдері: «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деп басталатын туындылары болды. Осы материалдарды редакциялап, баспаға дайындауды қолға алған орыс түркологі П. М. Мелиоранский, авторы кім екенін білмесе де, бұл өлеңдердің өзге шығармалардан бөлекше тұрғанын, олардың жазба әдебиет үлгілеріне жататынын айтты. Абай поэзиясы және оның тілі жөнінде қазақтардан түңғыш рет арнайы пікір айтқан - Ә. Бөкейханов. А. Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1913 ж. 39-41-сандарында «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақала жариялап, ақынның өмірбаянынан қысқаша мәлімет бере келіп, оның поэтикасын сөз етті. Ал С. Торайғыров «Айқап» журналының 1913 ж. 22-23-сандарында «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан» деген мақаласында сол тұстағы қазақ поэзиясының мазмұн-мәнімен қатар, тілін де азын-аулақ сөз етеді, тіл жағынан Абай өлеңдерін өте жоғары қояды. Ақынның 1922-23 жылдардағы шығармаларының тіліне қатысты аз-кем пікірлер мен кейбір араб, парсы, орыс сөздерінің түсініктемесін Абайдың 1922 ж. Ташкентте шыққан өлеңдер жинағына редакция атынан берілген ескерту сөзден және татар ғалымы А. Сағдидың «Ақжол» газетінің 1923 жылғы бірнеше санында басылған мақаласынан табамыз. Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны мен ұстаған бағыт-бағдары жайында 20 жылдардың ішінде, тіпті 30 жылдардың 2- жартысына дейін баспасөз бетінде болып келген пікірталастар кезінде ақынның тілі туралы да айтылып өтті. Бұлардың ішінде, әсіресе, Ы. Мұстанбаевтың батыл да ашық айтқан пікірлері Абай тілі жөніндегі қазіргі бағаларымызбен ұштасып жатыр. 1930 жылдардың орта шенінен бастап Абай шығармаларының тілі жөніндегі пікірлер көбірек және айқынырақ айтыла бастады. Әсіресе, бұған 1934 ж. Абайдың қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап өту шаралары үлкен себепкер болды. М. Әуезов, Қ. Жұбанов, I. Жансүгіров, Е. Ысмайылов, 3. Шашкин ұлы ақынның тілге деген көзқарасы мен еңбегін, сөз қолдану шеберлігі мен өлең құрылысын арнайы сөз етеді. Әуезов ақынның өмір кешкен ортасы мен қалдырған мұрасына үңілген еңбектерінде Абайдың тілі жөнінде де дұрыс әрі түбегейлі пікір айтып отырды. 1934 ж. «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласындағы ойын 1951 ж. жазған «Абай мұрасы жайында» деген еңбегінде де, содан кейінгі «Абай Құнанбаев» деген монографиясында да өрбітіп, анықтап айтады. Абай тілін танып-білу шын мәнінде 30 жылдардың ортасынан басталды да, 50-60 жылдар ішінде мәселеге С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов тәрізді тіл мамандарының қатысуына байланысты едәуір жандана түсті. 60 жылдардан бастап өзге тіл мамандары да: Ш. Ш. Сарыбаев, Е. Жанпейісов, Р. Сыздықова, Т. Қордабаев, Қ. Өмірәлиев Абай тілінің нақты фактілерін: сөз қолданысын, сөздің қазынасын, граммат. тұлға тәсілдерін талдады, Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі» (1968) және «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1971) атты монографиялары жарық көрді. Аталған монографиялардың алғашқысында Абайтану саласының бір тармағы ретіндегі Абай тілін зерттеудің 70-80 жылдық тарихы бар.

ІІІ. Жаңа білімді бекіту.


Жылы

Зерттеушінің аты-жөні

Еңбегі (зерттеген нысаны)











Сыныбы: 9 № 13 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абайтану ғылымының қалыптасуы

Мақсаты:

1. Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін танытуды жалғастыру;

2. Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізуге үйрету; Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлерімен таныстыру

3. Абайдың шығармашылығына қызығушылық тәрбиелеу

Барысы: \презентация арқылы таныстыру, сызба жасату, конспект жасату, әңгімелесу, пікір алысу\

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Абай портреті, шығармалар жинағы, «Абай жолы» романы

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.

Абайтану ғылымының тарихы бай, кемел, іргетасы мықты ғылым десе де болғандай. Осының бәрін ескере келгенде келесі бір жағдаяттарды толық аңғаруға болады.

«Абайтану – ұлы ақын мұрасын жан-жақты, терең зерттеуді мақсат ететін қазақ әдебиеті тарихы салаларының бірі. Совет өкіметі орнасымен-ақ, өткендегі мұраға қамқорлық жаңа дүниетаным негізінде жүргізіле бастады. Ал Абай мұрасын тану, таныту, насихаттаудың алғашқы белгілері революцияға дейін-ақ көрінгенімен, оны шын мағынасындағы ғылыми тұрғыдан танып бағалау ісі біздің заманымызда ғана жүзеге асты.

1933 жылы М.Әуезов Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазып, Абайтанудың негізін салуды бастап берді. Бірақ 30 жылдардың аяғына дейінгі кезеңде жазылған сын мақала, зерттеулерде бұл мұраны танып, бағалауға сол тұстың әдеби атмосферасында орын тепкен тұрпайы социологиялық, компоративистік негіздегі теріс танымдардың салқыны тимей қалған жоқ» .

Абайтану ғылымының негізін салушы, іргетасын қалаушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов десек қателеспейміз. Сол себепті ең алдымен ұлы ақынның шығармашылық мұрасын зерттеуге бар ғұмырын арнаған ғалымның кейбір еңбектеріне қысқаша болса да талдау жасап кеткенді жөн көрдік. 1997 жылы жиырмасыншы ғасырдың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толды. Осы мерекеге орай профессор, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мекемтас Мырзахметұлы мен тарих ғылымдарының докторы Ләйла Әуезовалардың құрастыруымен жарық көрген кітап «Абайтану дәрістерінің дерек көздері» деп аталған екен. М.Әуезовтің бұл кітабының үлкен тарихи маңызы бар. Академик ғалымның Абай мұрасы туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен көркем туындылары, олардың түрлі қолжазба нұсқалары мол. Ұлы жазушының абайтану саласында жарияланбаған, архив сөресінде сақталынып келген материалдарының өзі әлденеше кітап болатыны белгілі болып отыр.

Абайтану ғылымының өміршең, мықты болып қалыптасуы үшін ең алдымен ұлы ақын Абайдың өмірі, өмірбаяны, сондай-ақ ғылыми өмірбаяны түзілуі керек, осы жолда М.Әуезов өлшеусіз үлес қосты, орыс және қазақ тілдерінде қилы-қилы зерттеулер жазды. Ендігі бір назар аударатын бөлім «Абайтанудың арнаулы курсы десе де болғандай.

Ғалым-зерттеуші М.Әуезов «Абайтанудың арнаулы курсында» бірнеше мәселелерді қамтиды, атап айтқанда: «Абай өмір сүрген дәуір - ол дәуірдің ерекшеліктері», «Абай шығармалары», «Абайдың Пушкинге баруы», «Абайдың ақын шәкірттері», «Абайтанудың арнаулы курсы» қамтитын мәселелер өте көп, енді Әуезовтің кейбір ойларына тоқталып, дерек көздеріне үңіліп көрейік. М.Әуезов «Абай өмір сүрген дәуір - ол дәуірдің ерекшеліктерінде» былай деп атап көрсетеді.

«Абайды да сол дәуір, қоғамдық жағдай туғызды. Абай 1845 жылы туды. Осы кездегі, алдыңғы кезеңдердегі ерекшеліктері қандай еді? Бұл кезде Қазақстан Россияға түгелдей қосылып біткен. Сондықтан осы мәселеге жауап беру үшін 30-50 жылдардағы бүкіл Қазақстанның жағдайын айту керек. Ол кездердегі халық көтерілістерінің (Исатай-Махамбет, Бекет) кейбіреулері нағыз халықтық форманы сақтап отырды. Дегенмен ол көтерілістер бұқаралық (крестьянский) жұмысшы күшіне сүйенбеген көтерілістер болып, жеңіліс тауып отырған жайы да болды».

Абайдың тұңғыш биографы - Кәкітай Ысқақұлы. Кәкітай ұлы ақынның немере інісі болуы себепті 12 жасынан бастап тікелей Абай тәрбиесінде өсті. Ес біліп есейген шағынан бастап Абай өмір сүрген ортаның сыры мен қырын танып, ақын өмірінде орын алған елеулі оқиғалардың бәріне де тікелей араласты. Көптеген Абай шығармаларының дүниеге келу сыры мен жазылу себептерін де өз ортасында кімнен болса да анағұрлым жетік білді. Абай өлеңдерінің қай жылы жазылғанын анықтау жолында да көп еңбек сіңірді.

Кәкітай Ысқақұлы жазған Абайдың тұңғыш қысқа түрдегі өмірбаяны өз заманында елеулі қызмет атқарып, соңыра абайтану тарихынан лайықты орны мен бағасын алды .

Осы жағынан келсек, Абайдың өз шығармашылық тұлғасы жан-жақты екені бірден ойға оралады. Ондай әрі ойшыл, әрі сыршыл лирик, әрі суреткер әр қырлы дарын иесі болған кесек тұлғалы ақын сирек кездесетіні даусыз. Жаңа реалистік жазба әдебиеттің негізін салған, ұлттық сөз өнеріміздегі жаңа дәстүрді бастаушы болған ақын тұлғасы осындай жан-жақты болуы да тегін емес дейміз. Сонда оған ілесе шыққан аса көрнекті ақындардың - Шәкерім, Сұлтанмахмүт, Мағжан, А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың қайсысы болсын алдындағы ізашар ақынның дәстүрлерін өз шығармашылық өнерінің өзгешелік сипатына сәйкес өзінше жалғастырғаны заңды құбылыс болып шығады. Сонда біз Шәкерімді Абайдың оқу-білім, ғылымды, адал еңбекті, талаптылықты, адамгершілікті уағыздау өнегесін фәлсапашыл ойшылдығын өзінше өрістеткен ақын десек, Сұлтанмахмүтты әсіресе әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын, өз заманының шындығын нақтылы түрде, үлкен сыншылдықпен ашып көрсетуі жағынан Абай дәстүрлерін дамытуда өзіндік тың, жаңа өріс тапқан дей аламыз. Ал Мағжанды айтсақ, ол теңдесі жоқ лирик ақын ретінде Абайдың өз көңіл күйін және жалпы адамның жан дүниесін, ішкі сезімін суреттеудегі дәстүрлерін өзінің сыршылдық шеберлігіне тірек етіп, өзінше жалғастырған деу орынды.

А.Байтұрсынов Абайға қоғам өмірінің бірталай маңызды мәселелер жайлы толғана айтуы және мысалшылдығы жағынан, ал М.Дулатов әсіресе сөз өнерін халықтың санасын оятудың, қоғам көшін алға бастаудың бірден бір күшті құралы деп санаған ағартушылық өнегесі жағынан үндес екенін айтамыз. Және Ахмет те, Міржақып та Абай бастаған ағартушылық, демократиялық идеяларды жаңа заманның тілек-талаптарымен терең ұштастыра алғанының мәні зор дейміз. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетіндегі ағартушылық, демократиялық идеялар қоғам өміріндегі ілгерішіл ізденістерге орай кең өріс алғандықтан Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы да молая түсті.

\презентация арқылы таныстыру, конспект жазғызу\

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту, класстер, сызба жасау \ шығармашылық жұмыс

Ү. Үйге тапсырма: конспект оқу


Сыныбы: 9 № 14 Күні:

Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Естеліктерді, қосымша материалдарды негізге ала отырып , көркем сөздің пірі,заманымыздың кемеңгер жазушысы, дана ойшыл, ғұлама ғалым, әлем әдебиетінің алыбы, қазақ әдебиетінің «екінші Абайы» Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы кеңінен мәлімет беру, шығармашылығына жалпы шолу жасау.

Дамыту: Қосымша материал қолдану арқылы оқушы танымын, қызығушылығын арттыру,үзінділер арқылы өткен материалдарды еске түсіру, ойлау қабілетін , мәнерлеп оқу машықтарын дамыту, талдау жұмыстарын жүргізіп, әдебиет теориясынан өткендерін еске түсіру. Ой толғау жаздыру негізінде шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Естеліктер, жырлар арқылы оқушыларды Әуезов әлеміне жетелеу, жазушы бейнесін оқушы көкірегіне ұялата білу; Ұлттық мақтанышымыз екендігін ұғындыра түсу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатында -

«Абай жолы» романынан үзінді оқылады;

Сұрақ: Бұл үзінділер қандай шығармадан алынған, авторы кім?

Иә, Мұхтар Әуезов. Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбымен,

мақсатымен, эпиграфымен таныстыру, дәптерлеріне жаздыру

Эпиграфы: Мұхтардың муза толы мұнарасы,

Аллаға аян мәңгіге құламасы!

Қандай бақыт болғаны халқымыздың

Мұхтардай қаламгері, ғұламасы! М.Әлімбай.

(дәптерлеріне жаздыру)



ІІІ. Жаңа сабақ меңгерту

(ақырын музыка әуені естіледі)

Қазақ халқы кенде емес ұлыларға,

Ұлысыз болған елдің күні бар ма?

Мұхтар атты асқақтап тұра берер,

Ұлы Абайдың сом алтын жыры барда.

Мұхтарын ұмытпайды дана халық,

Өзімен болашаққа барады алып.

Әлемдік әдебиет биігінде,

Әр сөзі сом алтындай бағаланып,

Тұрады ұлы Мұхтар дараланып.

Мұхтар Әуезовтің өмірі жайлы хрон. кесте арқылы түсінік беру

1897 жыл, 28.09. – Шыңғыстаудың баурайында дүниеге келген.Қасқабұлақ, Бөрлі Мұхтардың туып-өскен жерлері.( суретін көрсету)

Болашақ ұлы суреткердің алғашқы мұғалімі атасы Әуездің өзі еді. Әуез немерелеріне Абайдың өлеңдерін оқытады екен. «Абаймен дос болған әрі ақын талантына таңырқап ден қоюмен өткен Әуез оның өлеңдерін кітап қып көшіріп алады да, бізге сол арқылы қара танытпақ болады. Немерелері ұлы Абайдың өлеңдерін жақсы көріп өссін деп те ойлайды»,-дейді Әуезов өз естелігінде.11 жасында әкесі қайтыс болып, немере ағасы Қасымбектің қолында болады.(суретін көрсету)

 1908 жылы Семей қаласындағы медреседе сабақ алады.

 1909-1914 жылы Семейде училищеде оқиды. (сурет көрсетіледі)

 1914-1919 жылы Мұғалімдер даярлайтын семинарияны бітіреді. (сурет көрсетіледі) ( Слайд )!

1930- түрмеге жабылады.1932 жылы босатылады. 1946 жылы Қаз ССР ғылым академиясының академигіболып сайланады. 1955жылы жоғары кеңес депутаты,1956 жылы еңбек қызыл ту орденімен, 1957жылы ленин орденімен марапатталады.1952 жылы қырғызстанда «Манаста мансұқтау-бір ұлттың тілін кескенмен бірдей»-деп халықтың ұлттық мақтанышын қорғап қалған.

Әуезов шығармашылығы: Әуезовтің әдеби мұрасын толық қамтып, әлем жұртшылығына таныту мақсатында күрделі ғыл.-зерттеу жұмыстары (естеліктер жариялау, Жазушының эпистолярлық мұрасын жинақтау, әр салалы библиогр. көрсеткіштер даярлау, шығармаларын шет ел тілдеріне аудару) жүргізіліп, көптеген игі істер тындырылды. “Мұхтар Әуезовтің қолжазба мұрасы” (“Ғылым” баспасы, Алматы, 1997), “Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармаларының шежіресі” (“Ғылым” баспасы, Алматы, 1997) деп аталатын ұжымдық еңбектер жарық көрді. Жазушының алты томдық (1957), он екі томдық (1967), жиырма томдық (1987) шығармалар жинағы жарияланып, елу томдық толық шығармалар жинағын шығару қолға алынды (1997).

Қазақ Жазушыларының арасында әлем халықтары тілінде ең көп басылым көргені де, танымалысы да М.Әуезов шығармалары болып отыр. “Абай жолы” эпопеясын француз тіліне аударған Луи Арагонның: “Мен оның шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды үлкен абырой санаймын. Менің ойымша “Абай” эпикалық романы — 20 ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиял мен ерекше ой өлкесін кездіріп, талай терең толғаныстар тудырады. Бұл шығарма кеңес әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады, әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарманы табу қиын”, — деп бағалауы Ә-дың әлемдік деңгейге көтерілгенін танытты. Одан кейін әр елдерде әр жылдардағы аудармаларына байланысты А. Зегерс, А. Стиль, А. Курилла, Б. Матип сияқты Жазушылардың пікірлері жалғаса келіп, 1997 жылы М. Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына орай ЮНЕСКО өткізген ғылым конференцияға ұласты.

Алайда XX ғасырдың ұлы жазушысы, кемеңгер Әуезовтің бұл саладағы еңбегі ұшан-теңіз. Біз өз зерттеуімізде осы мәселелерге ерекше назар аудардық. М.Әуезовтің 1930 жылдардан бастап өмірінің соңына дейін ұлы Абай шығармашылығымен жан-жақты айналысқанын, Абайдың ғылыми өмірбаянынан бастап шығармашылық мұраларының текстологиясына дейінгі аралықтағы зерттеулеріне көңіл қойып, өз кезегінде қажетті деген материалдарды тиісті жерінде пайдаланып отырдық. Әрине ұзақ жылғы зерттеулер нәтижесінде тек қана өмірбаян ғана емес басқа да көптеген жайттар мәлім болды, жүйеге түсті, Абайдың ақын шәкірттеріне дейінгі мәселелер де қамтылды. Сол себепті М.Әуезовтің абайтану ғылымындағы өшпес ізі, мызғымас беріктігі жайында өз зерттеуімізде дәлелдеуге күш жұмсадық. Ұлы Әуезовтен кейінгі кезеңде де бұл саламен шындап, ғылыми тұрғыдан араласқан ғалымдар аз емес. Солардың қатарында С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхамедханов, З.Ахметов, М.Мырзахметов, Ғ.Есімов, Ж.Ысмағұлов т.б. көптеген ғалымдарды санамалап айтуға болады

ІҮ. Сабақты бекіту: 1. Тест жұмысы.

2. Тірек сөздер арқылы ой толғау жазу.

3. Өлеңдерді, пікірлерді мәнерлеп оқуға дайындалу.

Тест сұрақтары

  1. М.Әуезов қай жылы ,қай жерде дүниеге келген?

А/1895ж,Абай ауданында

В/1896ж, Шыңғыстауда.

С/1897ж, Шыңғыстауда

Д/ 1898ж, Абай ауданында

  1. Семейдегі қалалық училищеде қай жылдары оқыды?

А/1909-1914ж В/1908-1910 С/1909-19018 Д/1909-1912

  1. Алғашқы туындысы қалай аталады?

А/ «Көксерек»

В/ «Қарагөз»

С/ «Адамдық негізі-әйел»

Д/ «Қарақыпшақ Қобыланды»

  1. 20 жасар Мұхтар «Еңлік-Кебек» пьесасын алғаш рет қай жерде қойды?

А/Семей қаласында В/Ойқұдықта С/Бөрліде Д/ Алматыда

  1. М. Әуезов 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болады?

А/ Атасының В/ Әуездің С/ Апасының Д/ Қасымбектің

  1. Әуезов құрамында болған алғашқы футбол командасы қалай аталады?

А/ Ұшқын В/ Жеңіс С/ Жарыс Д/ Жастар

  1. « Абай» романының 1-кітабы қай жылы жарық көрді?

А/1940 ж В/1941ж С/1942ж Д/1943ж


Сыныбы: 9 № 15 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Ақын шығармаларының басылымдары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Естеліктерді, қосымша материалдарды негізге ала отырып , көркем сөздің пірі,заманымыздың кемеңгер жазушысы, дана ойшыл, ғұлама ғалым, әлем әдебиетінің алыбы, қазақ әдебиетінің «екінші Абайы» Мұхтар Әуезовтің өмірі туралы кеңінен мәлімет беру, шығармашылығына жалпы шолу жасау.

Дамыту: Қосымша материал қолдану арқылы оқушы танымын, қызығушылығын арттыру,үзінділер арқылы өткен материалдарды еске түсіру, ойлау қабілетін , мәнерлеп оқу машықтарын дамыту, талдау жұмыстарын жүргізіп, әдебиет теориясынан өткендерін еске түсіру. Ой толғау жаздыру негізінде шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: Естеліктер, жырлар арқылы оқушыларды Әуезов әлеміне жетелеу, жазушы бейнесін оқушы көкірегіне ұялата білу; Ұлттық мақтанышымыз екендігін ұғындыра түсу;

Барысы: \презентация арқылы таныстыру, сызба жасату, конспект жасату, әңгімелесу, пікір алысу\

Сабақ түрі: дәріс сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: Абай портреті, шығармалар жинағы, «Абай жолы» романы

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Абай қайтыс болысымен – ақ оның ақын шәкірттері Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын жариялауға кірісіп кетті.
Ә.Бөкейханов пен Кәкітай Ысқақұлы ең алғаш рет Абайдың өмірбаяны мен ақындық өнердегі басты ерекшеліктері, орыс және осы арқылы европалық әдебиетпен қарым-қатынасы алғаш рет сараланып, ақындық кітапханасының жайы біршама анықталғаны бар. Кәкітай Абайдың ақындық өнерге шынымен бет бұрғаны сексенінші жылдар озық ойлы орыс әдебиетімен танысуында жатқанын қадай айтты. «Қазақ» газеті Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай қазақ елінің ұлы ақыны Абайдың өмірі мен ақындық өнерін таныту мақсатында ертерек қамданып, арнайы мақалалар циклін жариялауды қолға алды. Газеттің редакторы Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласының жариялануы абайтану тарихына елеулі рухани құбылыс ретінде қабылданды.

Қоғам қайраткері А.Байтұрсынов Абай мұрасын исі қазақтың танып білу керектігін уақыт талабы ретінде бағалады. «Қазақ» газетінде жарияланған М.Дулатовтың, Н.Төреқұловтың мақалалары да Абайды қазақ халқының рухани данасы, жаңа бағыттағы әдебиеттің көш басшысы, шебер аудармашы ретінде танытып бағалауынан авторлардың білім деңгейі биік жатуын көреміз.

Семей қаласында 1918 жылы жарық көре бастаған «Абай» журналында ақын шығармаларын танып білу, халықтық таным тұрғысынан бағалау мақсатында зерттеулік мақалалар мен Абай шығармаларынан үзінділер жариялап жатты. «Екеу» деген бүркеншік атпен Абай өмірі мен шығармашылығы жайында зерттеулік мақалалар жазған Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов сол кездегі абайтану тарихында ерекше дараланып шықты.

Екеудің «Абай » журналында басылым көрген «Абайдың ақындық өнері мен һәм қызметі» және «Абайдан соңғы ақындар» деп аталатын мақалаларында түйген ортақ танымнан туындаған ойлары, негізінен, Абайдың қарасөздері мен аудармашылық өнеріне әдебиет ғылымы тұрғысынан терең талдаулар жасаған. Өйткені Абайдан кейінгі қазақ ақындарының шығармаларын жанры жағынан талдап жіктегенде Мағжан мен Сұлтанмахмұтты лирик ақындар тобына жатқызса, А.Байтұрсынов мен С.Дөнентаевты халықтық сарындағы ақындар тобына қосады да, Абайдың ақындық дәстүріне еліктеген, шәкірт ақындар ішінен «Осы күнгі ақындардың ішіндегі Абай өлеңіне сырттай болса да ішкі мағынасымен еліктеген кісі «Шәкәрім» деп Абайдың дүниетанымына тереңірек бой ұрған ерекшелігін сол тұста-ақ дөп басқан. Абай мұрасын орыс тілінде танытып бағалауда Ә.Бөкейханов пен ағайынды Белослюдовтар, әсіресе С.Сәдуақасов тарапынан жарияланған мақалалардың Абайтану тарихында өзіндік орны бар, болашақ зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар берерлік өзіндік танымымен ерекшеленетін еңбектер. Абай мұрасын орыс қауымына танытып насихаттауда дер кезінде елеулі үлес қоса білді. Абай мұрасын тану жолында ақын шығармаларының баспасөзде біршама жариялануы елеулі мәні бар құбылысқа айналды. Бұл әрекеттер өткендегі ресми баспасөз орны мен ішінара ақын өлеңдерін баспасөз арқылы жариялауға ат салысқан адамдардың Абай мұрасына қатысы мен сол жарияланған Абай шығармаларының текстологиялық жайы қалай еді деген сұраққа жауап та бере алады.

Абай мұрасының бірегей білгірі академик М. Әуезовтің:«Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған… Абайдың өмірі мен ортасын еңбектерінің әр алуан сипаттарын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді еске алуымыз керек» – деген пікіріне сай Абай дәуірінде-ақ баспасөзде жарияланған кейбір өлеңдері мен ол туралы азын-аулақ деректердің ақын мұрасын таныту мен бағалауда елеулі мәні барлығы арнайы сөз етуді керек етеді. Бұл жолда азды-көпті еңбек етіп, Абай мұрасын танытуда, бағалауда өзіне тән үлес қосқан : Ә.Бөкейханов, Зейнелғабиден ибн Әміре әл-Жауһари әл-Омскауи, Кәкітай Ысқақов, Сұлтанмахмұт Тоайғыров, Самат Әбішұлы сияқты революцияға дейінгі қазақ қауымының қоғамдық ой-санасының демократиялық-ағартушылық бағытындағы интеллигенттер тобы еді.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту, класстер, сызба жасау \ шығармашылық жұмыс

Ү. Үйге тапсырма: конспект оқу



Сыныбы: 9 № 16 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай  Құнанбаев «Ғылымға көңіл берсеңіз»

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны А.Құананбайұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныту.

Міндеттері: Білімділік:  Абай шығармаларын талдай отырып,білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

Дамытушылық: Мәнерлеп сөйлеуге дағдыландыру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: буклет, шрифтограммалар, кітаптар, ойындар және өлеңдер Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық, сайыс, шығармашылық

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сайыс сабағына әзірлеу 2.Өтілген материалдарды жинақтау:оқытушының кіріспе сөзі.

Абай қазақ поэзиясының өсіп,гүлденіп,жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы, алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.Абай мұралары – адамгершіліктің, имандылықтың, биік парасаттылықтың асыл қазынасы. Осыған орай Абай шығармашылығын жинақтау, жүйелеу мақсатындағы сайыс сабағын бастайық.

   Топ мүшелері Ибраһим,Абай,Телғара деген атпен үш топқа бөлініп,өздері шығарған өлеңдермен қорғайды.

 Алған білімдерін жинақтау мақсатында сұрақтар (әр командаға 7 сұрақтан қойылады,сұраққа ойланбастан жауап беру керек).

 Ибраһим тобына

1.Абайдың мұражайы қай жерде? (Жидебайда)

2.Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы,қай жерде басылып шықты? (1909ж. Петербург)

3.Абайдың қоңыраулы балуан атанған атасы. (Ырғызбай)

4.Абай ең алғаш дәріс алған татар молдасы.(Ғабитхан)

5.Абайдың жеті атасын атаңыз. (Құнанбай — Өскенбай – Ырғызбай – Айдос – Томан – Тобықты – Арғын)

6.Абайдың үш поэмасы. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

7.Абайдың атақты ертекшісі. (Баймағанбет)

Абай тобына.

Абайдың ең момын,жуас атасы (Айдос)

Абайдың руы. (Тобықты)

Абайдың неше күйі бар? ( «Май түні», «Желдірме», «Торжорға»)

Абайдың атақты әншісі.(Әлмағанбет)

«Медғат-Қасым» поэмасын Абайдың қай баласы жазған? (Мағауия)

Табиғат лирикасының ішіндегі ең алғашқы жазылған өлеңі.(«Жаз», 1886 ж.)

Құнанбай қайда мешіт салдырды? (Қарқаралы)

 Телғара тобына

1.Абайдың талантты скрипкашысы кім болған? (Мұқа)

2.Абайдың «Қараша,желтоқсан мен сол бір-екі ай» атты өлеңі кімге арналған? (Тәкежанның әйелі Қаражанға)

3.Абайдың алғашқы өлеңдері кімнің атынан шықты? (Көкбай)

4.Абайдың «Ей, сорлы заман,менен аяған қай қастығың қалды… Мен ішпеген у бар ма! …» деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)

5.Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)

6.Абайдың баласы Әбдірахманның қайтыс болған жылы. (1895 ж.)

7.Абайдың орыс досы. (Михаэлис)

 

 

 

 

Берілген тор көздерді шахмат атының жүрісі бойынша асып өту керек.Бір басқан тор көзді қайталауға болмайды.Дұрыс шешкенде Абай өлеңдерінің атын оқуға болады. («Қансонарда», «Жазғытұрым», «Дүтбайға», «Сегіз аяқ», «мәз болады болысың», «Қыс»).

2. Асыл сөздердің жалғасын тап.

Жұмысы жоқтық

Тамағы тоқтық

———————-                                      (Аздырар адам баласын)

 

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

————————————-                  (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)

 

Ғылымды іздеп,

Дүниені көздеп

———————                                       (Екі жаққа үңілдім)

 

Қайратсыз ашу – тұл

Тұрлаусыз ғашық – тұл

——————————-                           (Шәкіртсіз ғалым — тұл)

 

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек

——————————————-          (Жылатқан тұла бойды ыстық жүрек)

 

Досы жоқпен сырлас

—————————                                (Досы көппен сыйлас)

 

Өмірдің алды – ыстық,арты – суық,

—————————————              (Алда – ойын,артқы жағы мұңға жуық)

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар.

(Ынталы жүрек сезген сөз———    Бір тамырды қуалар)

Шығармашылық жұмыс

1.Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыту

а) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

ә) «Ғылым таппай мақтанба»

б) «Өлең – сөздің патшасы,сөз сарасы».

 

2.Абай өлеңдерінің жалғасын тап. (Ойдан өзі шығару керек)

 

—————————           Пайда ойлама,ар ойла,

—————————           Талап қыл артық білуге.

Ұстаздық еткен жалықпас,   —————————

Үйретуден балаға.                 —————————

 

Сабақты қорыту.

Білімдерін бағалау.

Үй тапсырмасын беру.  Шығарма: «Жас ұрпақ үшін Абай мұрасының өнегелік тәрбиесі»


Сыныбы: 9 № 17 Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Интернатта оқып жүр» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны А.Құананбайұлының өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныта отырып, «Интернатта оқып жүр» өлеңімен таныстыру.

Міндеттері: Білімділік:  Абай шығармаларын талдай отырып,білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру;

Дамытушылық: Мәнерлеп сөйлеуге дағдыландыру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: буклет, шрифтограммалар, кітаптар, ойындар және өлеңдер Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық, сайыс, шығармашылық

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

«Интернатта оқып жүр...» - Абайдың 1886ж. жазған өлеңі. Көлемі 77 жол. Негізгі тақырыбы - қазақ балаларының азаматтық білім беретін мек- тептерде оқып, білім алуы, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет етуі жайлы.19 ғ-дың 80 жыддарында оқу-ағарту ісін жүйелі түрде жүргізу мақсатымен әкімшілік орталықтарында әр түрлі дәрежеде орыс-қазақ мектептёрі ашылып, олардың жанынан интернаттар құрылғаны белгілі. Ақынның ағартушы-демократиялық көзқарастарының басты-басты принциптері бұл өлеңде барынша толық білдірілген. Өлеңнің алғашқы жолдарында жасөспірім қазақ балаларының оқуға көптеп тартылғанын қанағат сезімімен айта келіп, автор одан әрі осы оқудың әртүрлі көлеңкеліжақтарын сынайды, оның түпкі мақсатының тайыздығына өкініш білдіреді. Мысалы,ата-ана баласының үкімет орындарындағы ереже, заңдарды біліп шыққанына ырза. Ал шәкірттердің кейбіреулері орысша арыз жазып, сонымен күн көруді, әрі кеткенде не тілмаш, не адвокат болып, ел ішіндегі алауыздық арасынан жалған беделге ие болуды ғана арман етеді. Сол себептен де ақын: «Ойында жоқ бірінің Салтыков пенТолстой» деп,жас ұрпақтың үлкен адамгершілік мұраттарынан, рухани қазынадан қағыс қалатынына қынжылады. Өлеңнің 2-шумағында автор өзінің ағартушылық бағдарламасының негізгі тұғырларын өз тарапынан жастарға тікелей арнаған үндеу сөздерімен жеткізеді: Бас пайдаңды ойлама, ар-абыройды ойла; талмай талаптанып, ғылым ізде. Әскери қызмет қылып, шен алуды мақсат етпе, әкімшілік орындарына да қызмет істеп жағынба. Алыс та болса, асыл мақсаттарды көздеп, өмірден іргелі орын алуға үмтыл. Соның барлығында да тура жолдан тайма, адалдықтан айныма. Ақынның жас ұрпақты оқыту женіндегі талаптары осындай. Кейбір деректерге қарағанда, Абай бұл өлеңді өз балалары - Әбдірахман, Мағауия, Гүлбаданды Семейге апарып, оқуға бергеннен кейін жазса керек. Демек, жаңағы ойлардың бәрі ақынның өмір көріністерінен алған тікелей әсерінен туған. Өлең 7 буынды шалыс ұйқас үлгісінде жазылған. Алғаш 1909ж. С.-Петербургте жарық көрген«Қазақ ақыныИбраҺим Құнанбайүғылының өлеңі»атты жинақта жарияланған. Туындыда аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. Мүрсейіт қолжазбаларында өлеңнің 29-жолы «Я қазақтың баласы» деп келтірілсе, басылымдарда бұл жол 1909 жылғы жинақ бойынша «Я қазақтың аласы» ретінде алынған. Өлең белорус, қырғыз, орыс, ұйғыр т. б. тілдерге аударылған.

Интернатта оқып жүр

Талай қазақ баласы — 

Жаңа өспірім, көкөрім, 

Бейне қолдың саласы. 

Балам закон білді деп, 

Қуанар ата-анасы,  

Ойында жоқ олардың 

Шариғатқа шаласы.

Орыс тілі, жазуы —

Білсем деген таласы. 

Прошение жазуға 

Тырысар келсе шамасы. 

Ынсапсызға не керек 

Істің ақ пен қарасы.

Нан таппаймыз демейді, 

Бүлінсе елдің арасы. 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту, класстер, сызба жасау \ шығармашылық жұмыс

Ү. Үйге тапсырма: конспект оқу



Сыныбы: 9 № 18 Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»

Сабақтың мақсаты: 1.Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Ғылым таппай мақтаңба» өлеңінің мазмұнын ашу. Ғылым сөзіне талдау жасау.

2. Оқушының сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

3. Өз ойларын анық айтуға, достарының пікірлерін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, интерактив тақта.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, оқулық, интерактив тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

- Балалар, мен бүгін өте көңілдімін. Сендер ше?

- Біз де көңілдіміз.

- Неліктен?

- Өйткені: Біз бақытты баламыз,

Ойнап, күліп аламыз.

Жетілсін деп санамыз.

Оқып білім аламыз.

  • Балалар, бүгін қандай күн?

  • Бүгін Әдебиет сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

(Сабақтың тақырыбын хабарлау).

Ой қозғау.

*Абай туралы не білеміз? 

Кіріспе

Абай – қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы. Абайдың шын аты Ибрахим. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы 10 тамызда туып, 1904 жылы 6 шілдеде қайтыс болған.

Абай Семей облысы, Абай ауданының Шыңғыс тауының баурайындағы Қасқабұлақ деген жерде туған. Оның атасы Өскенбай би болған, ал Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы Ұлжан – ақылды, мейірімді кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген, ол Ибрахимді еркелетіп «Абай» деп атаған.

Қос ана қазақтың ертегі, аңыз – жырларын көп білген.

Абайда кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оның санасына құя білген.

Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. 12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Ол өлеңдеріне 20-дан астам әндер шығарған үлкен сазгер.

Мәтінмен жұмыс.

Негізі «Ғылым таппай мақтанба» өленің көлемі 77 жол. Абай бұл өлеңді 1886 жылы жазған. 77 жолдың бізге ұсынып отырғаны 12 жол. Бұл өлең арқылы ақын сендерді жарқын өмірге, білімді болуға, алған білімдеріңді дұрыс пайдалана білуге шақырады. Ғалым болудың басты шарты не нәрсені болсын ақылмен өлшеу, ақыл сенген нәрсеге ғана сену, көзін анық жеткен шындықты тура айту керек. Ең алдымен біз білімді, ғалым адамдарды құрметтеу керекпіз және сондай адам боламын деп талпыну керекпіз.


  1. Өлеңді мәнерлеп оқу. (мұғалім)

  2. Мазмұны бойынша жұмыс.

а) «Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба» деп неге айтып отыр.

ә) Адам білімді, ақылды болу үшін не істеу керек?

3. Оқушыларға оқыту.

Сөздік жұмыс.

Ғылым – білім жүйесі.

Ғалым – оқымысты, ғұлама.

Дәптермен жұмыс. Бір оқушы интерактивті тақтаға шығады. (фонологиялық)

І қатар. «Ғылым» сөзіне дыбыстық талдау.

ІІ қатар. «Білім» сөзіне.

Ғылым – бұл сөз жасалу, айтылу жолдарына қарай жуан сөз.

Ғылым – 5 дыбыс, 5 әріп

Ғы – лым (2 буынды сөз, себебі екі дауысты дыбыс бар).

Ғ – дауыссыз, ұян Б – дауыссыз, ұян

Ы – дауысты, жуан І — дауысты

Л – дауыссыз, үнді Л – дауыссыз, үнді

Ы – дауысты, жуан І — дауысты

М – дауыссыз, үнді М – үнді дауыс

ІҮ. Қорытындылау.

Сабақ бойы алған білімдерін тест арқылы тексерейік.

  1. Абайдың әжесінің аты?

а) Зәуре ә) Зейнеп б) Зере

2. Абайдың алғашқы хат таныған жасын тап.

а) 9-11 ә) 10-12 б) 8-11

3. Абайдың шын аты.

а) Абылай ә) Ибрахим б) Арманбай

4. Абайдың анасының аты?

а) Ұлжан ә) Ұлбике б) Ұлтай

5. Абайдың туған жері?

а) Семей ә) Текеш б) Қапал


ІҮ. Сабақты қорыту.

Ү. Үй тапсырмасын беру.  Қайталау

Сыныбы: 9 № 19 Күні:

Сабақтың тақырыбы:Шығармашылық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

а) Абай шығармаларын талдай отырып, білімдерін жүйелеу, жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан - жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір - қасиетін ұғындыру;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой - өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: буклет, шрифтограммалар, кітаптар, ойындар және өлеңдер Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, проблемалық, сайыс, шығармашылық

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді. Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді. Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».

(Ж.Ысмағұлов.)

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге.

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге.

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге.

Қалай сабыр қыласың,

Жазықсыз күнде сөгуге?

Өнерсіздің қылығы –

Тура сөзін айта алмай,

Қит етуге бата алмай,

Қорлықпенен шіруге.

Ар... Қазақ халқы мағынасы терең ойды осы екі әріптен тұратын сөзге сыйғыза білген. Ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы жайлы сөз қозғағанда, ар сөзіне тоқталмай кете алмаймыз. Ар – қас­тер­лі сөз. Ар туралы айтқанда, Абай атамыз­дың:

«Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге», – дейтін өлеңі еске түседі. «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала», «жігіттің құны – жүз жылқы, ары – мың жылқы», «мал сақтама, ар сақта», «жарлы болсаң да, арлы бол», т.б. мақал-мәтелдерден қа­зақ халқының арды жоғары бағалағанын аңғарамыз.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту, класстер, сызба жасау \ шығармашылық жұмыс

Ү. Үйге тапсырма: конспект оқу

Сыныбы: 9 № 20 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Сегізінші» қара сөзі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Абай Құнанбаевтың «Тоғызыншы» қара сөзімен танысып, талдау;

Дамытушылық: сезімге, философияға толы қара сөздердің мағынасын түсінуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Астарлы ойды түсінуге, оған өзіндік баға беруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Қара сөздер» жинағы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Мәтінмен жұмыс

Сегізінші қара сөз


Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?

Біреу - болыс, біреу - би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі-ақ қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе де, қолы тие ме? Басында өзіндік жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, елдегі бұзақыларымызды бүлдіріп аламыз ба, немесе халқымызды бүлдіріп аламыз ба, яки өзіміз шығымдап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебіне қарай біреуді жетілтейін деп, біреуді құтылтайын деген бейнетінің бәрі басында, қолы тимейді.

Байлар, олар өздері де бір күн болса да, дәулет қонып, дүниенің жарымы басында тұр. Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім - ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны - бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме? Ол малды суармақ, тойғызбақ; саудасын жиғызбақ, күзеттірмек, бақтырмақ, ұры-бөрі, қыс, суық-сұғанақ - солардан сақтанбақ, солардан сақтарлық кісі таппақ. Оның бәрін жайғастырып, аяғын алып келіп мақтанға орналастырғанша қашан? Қолы тимейді.

Енді ұры-залым, сұм-сұрқия өздері де тыңдамайды. Онша-мұнша қой жүнді қоңыршалар күнін де көре алмай жүр. Аналар анадай болып тұрғанда, білім, ғылым, ақылды не қылсын? Және де білім, ғылым кедейге керегі жоқтай-ақ: «Бізді не қыласың, ана сөзді ұғарлықтарға айт!» дейді. Оның өзгеменен ісі жоқ, ана алдындағы үшеуіндей болған жанның ойында ешбір қайғысы, мұңы болмаса керек.

1-тапсырма. Мәтіннен есімшелер мен көсемшелерді табыңдар. Морфологиялық талдау жасаңдар.

2-тапсырма. Мәтіннен антонимдерді теріп жазыңдар. Олардың қара сөзді қаншалықты әсерлі етіп тұрғанына назар аударыңдар.

IІІ. Жаңа білімді бекіту. 3-тапсырма. «Ақыл жастан» тақырыбына ойтолғау

ҮІ. Үйге тапсырма: конспект оқу




Сыныбы: 9 № 21 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Он жетінші» қара сөз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Абай Құнанбаевтың «Он жетінші» қара сөзімен танысып, талдау;

Дамытушылық: Мағынасы мен айтары күрделі сөздердің байыбына барып, түсінуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Адам бойындағы қайрат, ақыл мен жүрек үндестікте болу керектін дәлелдеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Қара сөздер» жинағы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Мәтінмен жұмыс


«Он жетінші» қара сөз


Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті. Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті. Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

1-тапсырма. Төл және төлеу сөздің жазылу емлесіне назар аударып, ережелерді еске түсіріңдер.

2-тапсырма. Ақыл, қайрат, жүрек сөздеріне өздеріңше түсінік беріп көріңдер.

IІІ. Жаңа білімді бекіту. 3-тапсырма. Бұл жерде соңғы сөзі, шешім айтуды неге кітапқа тапсырды? Оның шешімімен келісесіңдер ме?

ҮІ. Үйге тапсырма: конспект оқу


Сыныбы: 9 № 22 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай қара сөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі

Сабақтың білімділік мақсаты:  Абайдың  қара сөздерінің тәлім-тәрбиелік сипатын айтып түсіндіру.

Дамытушылығы: Ақын жан-жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан  құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып,оқушылардың ақыл-ойларын дамыту

Тәрбиелілігі: Оқушыларды Абай шығармашылығында кең таралған кәсіптің түрлі салаларын меңгеруге, адал еңбек етуге үндеу, тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Иллюстративті-түсіндірмелі,ынталандыру, сөздік әдісі, ақпарат беру әдісі, оқулықпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Абайдың қара сөздері (аудио түрінде жазылған), слайд, қара сөздері толық нұсқаларымен, суреттер.

Сабақтың барысы: 

І. Ұйымдастыру (амандасу, түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту (түсіндіру,видеоролик гиперссылка арқылы ашылады.)

Абайдың қара сөздерінің саны - 45.Қара сөз  — арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес.Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т.б көптеген тілдеріне аударылды.

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс ( слайд арқылы көрсетіледі)

Ғақлия – көркем сөз, дана сөз, асыл сөз

Ләкин – бірақ  (он сегізінші сөз)

Дәрілхарап – қауіпті, бүлінген (Жиырма бесінші сөз)

Хикмет – керемет, ғажайып, сыр, ақыл (Жиырма бесінші сөз)

Дауғасына – талас, тартыс, айтыс ( Жиырма бесінші сөз)

Ғибратлану- үлгі,өнеге, сабақ алу (Отыз бірінші сөз)

Оқушыларға Абайдың бірінші, екінші, үшінші, төртінші қара сөздері аудио жазба түрінде тыңдатылып, ауызша талдаймыз.

Қорытынды ( тапсырмалар беру) тапсырмалар (слайдтан көрсетіледі)

1-тапсырма. Абайдың он жетінші қара сөзін рөлге бөліп оқыңыздар (ақыл, жүрек, қайрат, ғылым)

2-тапсырма. Абайдың бесінші қара сөзіндегі мақал-мәтелдерді теріп жазып, талдаңыздар

«Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал — адамның бауыр еті», «Малдының беті — жарық, малсыздың беті — шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым — береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз — құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без»

3-тапсырма. Абайдың он екінші, он бірінші, он тоғызыншы қара сөздерін оқып, мазмұнын ашыңыздар

4-тапсырма. Ақпаратпен толықтыру  (оқулықпен жұмыс, оқушылар берілген мәтіннен жасырын сөзді табады 109-112 беттер аралығында)

1.Бұл қарасөздер  -көркем  әңгіме емес, алайда олардың _______   ______ , мақала, ғылымдық,  _________ шолулар деп қарастыруға болады.

2.Абай поэзиясында  жиі кездесетін “_____” мен “______” ұғымын оның адам  ___________ рөлін, өміріндегі қызметін өзіндік __________ кең талдап түсіндіреді.

3.______ қара сөздері өз _______ тарихи шындығынан туған.

4.“Сөз   _________  жұртқа сөз айтқанша, __________ танитұғын шошқаны  баққан жақсы деген екен ______     ________, сол секілді сөзө болады”. – деп аяқтайды

ІҮ. Бекіту. Н.Ә. Назарбаев: «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары күні бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс бұрысын сараптай аламыз. Өйткені жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен» деп сабағымызды қорытындылаймыз.

Ү. Үй тапсырмасын беру. «Абайдың қара сөздерін жатқа айту» (түсіндіру әрбір оқушы бір-бір қара сөзден жаттау)


Сыныбы: 9 № 23 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Екінші» қара сөз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Абай Құнанбаевтың «Он бірінші» қара сөзімен танысып, талдау;

Дамытушылық: сезімге, философияға толы қара сөздердің мағынасын түсінуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: Ұят, адалдық, серт, ант сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Қара сөздер» жинағы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Мәтінмен жұмыс

Екінші қара сөз

Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп. Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай, атқа мінсе - шаршап, жаяу жүрсе - демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейді, солдат ноғай, қашқын ноғай, башалшік ноғай» деп. Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп. Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі антұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.

Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, шығармаған жемісі жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһары жауласпайды! Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық - бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда, медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда. Оның малдыларына, құзғын тамағымыз үшін, біріміз жалшы, біріміз қош алушымыз. Біздің ең байымызды: «сәнің шақшы аяғың білән пышыратырға қойған идән түгіл, шық, сасық казақ», - деп үйінен қуып шығарады. Оның бәрі - бірін-бірі қуып қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып, зор болғандық әсері. Орысқа айтар сөз де жоқ, біз құлы, күңі құрлы да жоқпыз. Бағанағы мақтан, бағанағы қуанған, күлген сөздеріміз қайда?


1-тапсырма. Қара сөзді түсініп оқып, сол кездегі адамдар ме қазіргі қоғамды салыстырып көріңдер. Соншалықты көп нәрсе өзгеріп пе?

2-тапсырма. Сын есімдерге талдау жаса.

IІІ. Жаңа білімді бекіту.

3-тапсырма. «Еңбек – табысқа жеткізеді» тақырыбына ойтолғау

ІҮ. Бекіту.



Сыныбы: 9 № 24 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Оныншы» қара сөз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Абай Құнанбаевтың «Оныншы» қара сөзімен танысып, талдау;

Дамытушылық: сезімге, философияға толы қара сөздердің мағынасын түсінуге дағдыландыру;

Тәрбиелік: қанағат, рақым сияқты қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Қара сөздер» жинағы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Мәтінмен жұмыс

Оныншы сөз

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма? Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды? Егер жаманшылықты көп қылған болсаң, балаңның оқыған құраны сені неге жеткізеді? Тірлікте өзіңе-өзің қылмаған істі, өлген соң саған балаң кәсіп қылып бере ала ма? Ахирет үшін бала тілегенің - балам жасында өлсін дегенің. Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен? Ондай баланы сендей әке, сенің еліңдей ел асырап өсірмек пе екен?

Қартайғанда асырасын десең, о да - бір бос сөз. Әуелі - өзің қаруың қайтарлық қартаюға жетемісің, жоқ па? Екінші - балаң мейірімді болып, асырарлық болып туа ма, жоқ па? Үшінші - малың болса, кім асырамайды? Малың жоқ болса, қай асырау толымды болады? Баланың мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Хош, құдай тағала бала берді, оны өзің жақсы асырай білесің бе? Білмейсің. Әуелі өз күнәңді өзің көтергеніңмен тұрмай, балаңның күнәсіне тағы да ортақ боласың. Әуелі балаңды өзің алдайсың: «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір - қияңқы, осыған тимеңдерші!» деп, оны мазаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болады деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе? Және мал тілейсіңдер, неге керек қылайын деп тілейсіңдер? Әуелі, құдайдан тілеймісің? Тілейсің. Құдай берді, бергенін алмайсың. Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?.. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі - біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің - сол. Бұл - құдайдан тілеген емес. Бұл - абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым табу керек. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.


1-тапсырма. Мәтіннен автордың ренішке толы сөздерінен не түюге болады? «Бала тәрбиесі – тал бесіктен» тақырыбына пікір алмасып көріңдер.

2-тапсырма. Тыныс белгілердің қойылу себебін түсіндіріңдер. Сұраулы сөйлемдердің ерекшелігі неде деп ойлайсыңдар?

IІІ. Жаңа білімді бекіту.

3-тапсырма. «Дүниеқоңыздық» ұғымын талдаңдар

ІҮ. Бекіту.





Сыныбы: 9 № 25 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Он сегізінші» қара сөз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Абай Құнанбаевтың «Он сегізінші» қара сөзімен танысып, талдау;

Дамытушылық: Ғұламаның әр сөзінен ғибрат алуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Ақыл мен білімді бетке ұстап, өмірде дүниеқоңыздыққа салынбауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Қара сөздер» жинағы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Мәтінмен жұмыс


«Он сегізінші» қара сөз

Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі. Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет-пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас-қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние-ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ. Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.


1-тапсырма. Кербез сөзінің синонимдерін тауып, талдаңдар.

2-тапсырма. Қара сөздің айтпақ ойын анықтап, пікірлеріңді білдіріңдер.

IІІ. Жаңа білімді бекіту.

3-тапсырма. «Сұлулық бетте емес, жүректе» тақырыбына ойтолғау жазыңдар.

ІҮ. Бекіту.


Сыныбы: 9 № 26 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Жиырма бесінші» қара сөз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұлы Абай Құнанбаевтың «Он сегізінші» қара сөзімен танысып, талдау;

Дамытушылық: Ғұламаның әр сөзінен ғибрат алуға дағдыландыру;

Тәрбиелік: Ақыл мен білімді бетке ұстап, өмірде дүниеқоңыздыққа салынбауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Қара сөздер» жинағы

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Мәтінмен жұмыс

«Жиырма бесінші» қара сөз

Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы білгендік керек. Жорғалықпенен көңілін алсам екен деген надан әке-шешесін, ағайын-жұртын, дінін, адамшылығын жауырынынан бір қаққанға сатады. Тек майордың күлгені керек деп, к...і ашылса да, қам жемейді. Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйренушілер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Қазір де орыстан оқыған балалардан артық жақсы кісі шыға алмай да тұр. Себебі: ата-анасы, ағайын-туғаны, бір жағынан, бұзып жатыр. Сүйтсе де, осы оқыған балалар - ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға. Жақсы атаның балалары да көп оқыған жоқ, қайта, кедейдің балаларын орысқа қорлап берді. Олар осыдан артық қайда барсын? Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: «Сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!» деуші еді. Осындай жаман сөзді, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті? Кірді, шықты, ілді, қайтты, түбегейлеп оқыған бала да жоқ. Әкесі ел ақшасымен оқығанға әрең оқытады, өз малын не қылып шығарсын? Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?

1-тапсырма. Сын есімдерді тауып, морфологиялық талдау жасаңдар.

2-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді таып, мағыналық түрлеріне ажыратып, жұрнақтарын белгілеңдер.

IІІ. Жаңа білімді бекіту. 3-тапсырма. «Оқыған азамат...» тақырыбына ойтолғау жазыңдар.

ІҮ. Бекіту.


Сыныбы: 9 № 27 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Абай әндерінің таралуы

Мақсаты:

а)  білімділік. Музыкалық шығармалардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

ә)  дамытушылық. Музыка тыңдата отырып, балалардың ақыл-ойына, сезіміне әсер етіп, эстетикалық толғам беру, творчествалық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік. Музыкалық шығармалардың мазмұнын түсіне отырып, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру.

Түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту.

Жаңа технологиялық әдіс: Ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдени тарихында ерекше орын алады. Соңында тамаша өлеңдер мен қара сөздер қалдырған Абай тек қана ақын емес, композитор және өз өлеңдерін орындаушы. Бүгінгі кластан тыс жұмысымыз Абайдың бір ғана қыры — әндерінің терең мағынасын ашу арналады.
Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шыңына өрледі. Абай өмір сүрген осы кезеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері ауыздан – ауызға, заманнан – заманға ауызша ауыса отырып жетті.
Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі, халықтың жүрегінде сақталуға, сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда? Әндерінің сипаты мен тақырыбы қандай? Кезекті оқушыларға берейік.

Абай әндерінің сипаты туралы – Асила. Абайдың ән мұрасы, композиторлық шығармашылығы қазақ музыкасына енген баға жетпес тың жаңалық болып табылады. Академик А. Жұбанов «Замана бұлбұлдары еңбегінде Абай әндерінің әуені, өлшем ырғақ, құрылым – пішіні жағынан өзіне дейінгі бірде – бір халық композиторының шығармашылығына ұқсамай, айрықша дара тұрғандығын ашып көрсетті. Қане, балалар жақсылап ән тыңдайық. «Көзімнің қарасы»

  1. Балалар ән ұнады ма?

  2. Қандай аспаптардың даусы шықты?

  3. Ән қалай орындалды? Жәй, тез?

  4. Әнді қандай адам орындады?

  5. Үлкен адам, ер адам. Дұрыс айтасыңдар

  6. Ендеше әнді орындаған әнші ағайымыздың суретіне қарайық.

  7. Енді балалар бізде Абай атаның бір әнін үйренейік.

  8. Балалар бірінші мен орындап берейін сендер мұқият тыңдап алыңдар. \оқу, тыңдату\

Қане, балалар, бәріміз бірге орындайық.

Көзімнің қарасы

Көңілімнің санасы

Бітпейді іштегі

Ғашықтық жарасы

Қазақтың данасы

Жасы үлкен ағасы

"Бар" демес сендей бір

Адамның баласы

Жылайын, жырлайын

Ағызып көз майын

Айтуға келегнде

Қалқама сөз дайын

Жүректен козғайын

Әдептен озбайын

Өзі де білмей ме

Көп сөйлеп созбайын 


Желсіз түнде жарық ай

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің, топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып, ән қосып

Үрген ит пен айтаққа.

Келмеп пе едің жол тосып

Жолығуға аулаққа?

Таймаңдамай тамылжып,

Бір суынып, бір ысып,

Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып, бос шошып.

Сөз айта алмай бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі,

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?




ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту, класстер, сызба жасау \ шығармашылық жұмыс

Ү. Үйге тапсырма: конспект оқу


Сыныбы: 9 № 28 Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»

Мақсаты:

а)  білімділік. Музыкалық шығармалардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

ә)  дамытушылық. Музыка тыңдата отырып, балалардың ақыл-ойына, сезіміне әсер етіп, эстетикалық толғам беру, творчествалық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік. Музыкалық шығармалардың мазмұнын түсіне отырып, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру.

Түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту.

Жаңа технологиялық әдіс: Ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Үннің тәтті оралған мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,

Жас балаша жүректі жақсы уатар.

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,

Тыңдағанда көңілдің өсері бар.


Ән-күйдің сана-сезімге, кеңілге әсер ететінін айта келіп, Абай: «Салған ән көлеңкесі сол көңілдің», - десе, екінші біржерінде:

«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Оның тәтті оранған мәні оятар.

Кейі зауық, кейі мұң дертін қозғап,

Жас балаша кеңілді жақсы уатар», - дейді.

Әнде кеңіл күйі сан түрлі болатынын (мажор, минор) Абай шебер түсіндіреді. «Әннің де естісі бар, есері бар, Тыңдаушының құлағын кесері бар...» немесе: «Құр айқай бақырған, Құлаққа ән бе екен», - деген өлең жолдарында Абай музыканың жан қылын шерту орнына, жаныңды түршіктіретіні де болатынын айтады. Данышпан Абай күй женінде де ете өткір пікірлер айтты. Күйдің тексіз айтылатын ән екенін сөзген Абай: «Мұңмен шыққан, оралған тәтті күйге, Жылы жүрек қайда бар қозғаларлык?...» немесе: Ақылдының сөзіндей ойлы күйді, Тыңдағанда кеңілдің әсері бар , - деді. Бұл жолдардан Абайдың күйді жете тұсінгендігі керініп тұр. Осындай ән-күй туралы айтылатын аса бағалы пікірлерімен қатар, Абай әнді орындау шеберлігіне де көп кеңіл аударады...

Абай орындаушылыққа ұлкен мән берген адам. Жақсы шығарылған ән-күй жаман орындаушының қолына түскенде, «ауыздан шыққанда еңі қашатын, кеңілдегі керікті ойдың» көбін киетінін де Абай білді. Шығарушылық пен орындаушылықтың екі турлі қабілет екенін де ол жақсы түсінеді. Сондықтан жоғарыда айтылғандай, Абай алғашында өз әндерінің шығарушысы да, оларды бабына келтіріп орындаудың нұсқаушысыда, ән-күйдің, әншіліктің сыншысы да өзі болды. Әрине, Абайдың «әніңді сатып ақша алма» деуі - сол көздегі ән қадірін тұсініп, біреулерді өтірік мақтап, мал табушыларды мінеп-шөнегендік еді.

Қорытып айтқанда, Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта қалғандай жаңалықтар тудырды. Оның басты себебі - Абай поэзиядағы сияқты музыкалық шығармашылықта да орыс халқының прогресшіл өнерінің артық шылығын түсініп, оны меңгеруге тырысты. Сөйтіп қазақтың халықтық музыкалық дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарды. Сонымен қатар ақын, композитор, орындаушы - үшеуі бір кісі болған тұста ол қолынан келгенше, олардың арасында еңбек белісінің керектігін сезіп, өз аулында, айналасында болса да, сол жұмыстың басын бастап кетті. Өзінің баяу даусымен шығарған үлкен сырлы әндерін халық көпшілігіне жеткізудің бар шарасын қолданды. Оның ән, күй, орындаушылық женінде қысқаша айтып кеткендерінің әлі күнге дейін ұлкен мәні бар. Композиция жағынан Абайдың музыкасы көп жанрлы деуге болады. Онда драма, сатира, трагедия, әдет-ғұрыптық, жаратылыс суретін бейнелейтін т. б. сан түрлі музыка бар. Ал оның музыкалық сыншылығында жан-жақты, терең философиялық пікірлер жатады.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту, класстер, сызба жасау \ шығармашылық жұмыс

ІҮ. Үйге тапсырма: конспект оқу


Сыныбы: 9 № 29 Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Құлақтан кіріп, бойды алар»

Мақсаты:

а)  білімділік. Музыкалық шығармалардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

ә)  дамытушылық. Музыка тыңдата отырып, балалардың ақыл-ойына, сезіміне әсер етіп, эстетикалық толғам беру, творчествалық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік. Музыкалық шығармалардың мазмұнын түсіне отырып, адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру.

Түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту.

Жаңа технологиялық әдіс: Ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту «Құлақтан кіріп, бойды алар...» - Абайдың 1897 ж. М. Ю. Лермонтовтың «Звуки» атты шығармасының сарынымен жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 7 шумақтан тұрады. Орыс ақынының шығармасы 20 жол. Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімөлеңіп алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы. Осымен байланысты мынаны айта кету керек. Абайдың басқа да еркін аударма деп көрсетілген шығармалары, Мысалы, «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек?..», негізі аударма болғанымен, асылыңда тың шығарма. Бұлар өзгертпей берілген, тура мағынасындағы аударма емес, шығармашылық жолмен жазылған тума өлеңге айналған шығармапар. Бұл - Абай аудармаларының басты бір ерекшелігі, ұлы ақын орыс әдебиетінен шығармашылық жолмен үйренуді мақсат еткеңдіктен туып отыр. Абайдың «Евгений Онегин» романынан аударған өлеңдерінің көпшілігі еркін аудармалар. Сонда ақын дәлме-дәл аударуға шеберлігі жетпегендіктен осылай етіп отырған жоқ. Оның еркін аударуы алдына қойған шығармашылық мақсатына байланысты болып отыр. Әрине, Абай шығармаларының ішінде дәлме-дәл, түп нұсқаға сай келіп отыратындары да аз емес. Мысал үшін «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз...», «Альбомға» сияқты аударма өлеңдерін атауға болады. «Құлақтан кіріп, бойды алар» – Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Тақырыбы, идея- сыжағынан олақынның «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, қарапы ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Адамның кейбір көздері...» сияқты шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы. Өлең7, 8, 9 буынды шалыс ұйқаспен (а, -б, -а, -б) жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Өлең басылымдарында ешқандай текстологиялық өзгерістер кездеспейді. Тек 1957 жылғы жинақта жазылу мерзімі 1896 ж. деп көрсетілген. Абайдың бұл өлеңіне компoзиторлар С. Мұхамеджанов, А. Гурьев ән-романстар жазған.


Құлақтан кіріп, бойды алар Құлақтан кіріп, бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Дүние ойдан шығады,

Өзімді өзім ұмытып,


Көңілім әнді үғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Аңсаған шөлде су тапса,

Бас қоймай ма бастауға?

Біреу түртсе, я қақса,

Бой тоқтамас жасқауға.

Бір күйгізіп, сүйгізіп,

Ескі өмірді тіргізер.

Өмір тонын кигізіп,

Жоқты бар қып жүргізер.

Есіткендей болады

Құлағы ескі сыбырды.

Ескі ойға көңілім толады,

Тірілтіп өткен құрғырды.

Ішіп, терең бойлаймын,

Өткен күннің уларын.

Және шын деп ойлаймын

Жұрттың жалған шуларын.

Тағы сене бастаймын

Күнде алдағыш қуларға.

Есім шығып қашпаймын,

Мен ішпеген у бар ма?

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту, класстер, сызба жасау \ шығармашылық жұмыс

ІҮ. Үйге тапсырма: конспект оқу


Сыныбы: 9 № 30 Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Айттым сәлем, қалам қас» әні

Сабақтың мақсаты:

а/Абай Құнанбайұлының таныс емес өлеңімен таныстыра отырып, оны мазмұны мен мәні, құрылысы мен көркемдік ерекшелігі жағынан оза оқыту

ә/Абай өлеңі арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау, рухани адамгершілікке тәрбиелеу, зерделеу, ой салу

б/Өлең табиғатын түсіне білу арқылы адам өмірімен байланыстылығына зерделі ой қосуға ынталандыру, өз бетімен теориялық ізденісті және ой қорытуды дамыту

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: диалог арқылы оқыту, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: сабақ жоспары бойынша слайдтар топтамасы

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, адам және қоғам, информатика, әдебиет теориясы

Сабақ барысы:

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру.

Түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту.

Жаңа технологиялық әдіс: Ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту. «Айттым сәлем, қалам қас...» - Абайдың 1889 ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 10 шумақтан тұрады. Шығарма Абайды дүниежүз. әдебиеттің өресіне көтерген туындыларының бірі. Өлеңде ақын жастықты, сұлулықты, ғашықтықты жырға қосып, бірін-бірі сүйген екі жастың сүйіспеншілігін, ішкі сезімдерін ашып көрсетеді. Кейіпкер монологы арқылы оның жан-жүрегін, кіршіксіз ақ махаббатын сөйлетеді. Туындыдағы сүйген қызына сәлем жолдаушы жігіт - Абай тұсындағы оқыған өмірден тоқығаны көп жаңа тұрпатты азамат. Жігіт үшін бүл дүниеде сүйгенінен артық ешкім жоқ. Бәрін соның жолына құрбан етуге әзір. Сол антының растығын сағынғанда көзіне келетін ыстық жасымен дәлелдейді. Өлең бірте-бірте ыстық ләззат сезімін тербеп, жан мен тән іңкәрлығына жетелейді. Дегенмен, ақын өлең¬де анайы ашықтыққа, тәтті сезімді селт еткізіп түршіктірер тұрпайылыққа бармайды.

Иығымда сіздің шаш,

Айқайласып тай-талас,

Ләззат алсақ болмай ма,

Көз жұмулы, көңіл мас? - деп, көркем сурет жасайды. Ақын жанды ләззатқа бөлер тәттіні сарқа ішкізбейді, тағы түбінде не бар дегізіп, ынтықтырып қояды,яғни әдептілік шегінен өтіп кетпейді. Бірақ айтайын дегенін барынша жеткізіп айта біледі. Өмір сыйына сол сыйлықты ұсына білген ғана лайық дегізеді. Өлең 7-8 буынды қара өлең ұйқасымен өрнектелген. Алғаш рет 1909 ж. С.Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Оның басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1933 жылғы басылымында 1-шумақтың 4-жолы «Ағар көзден ыстық жас» болып басылған. Ал Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909 жылғы жинақта, кейінгі басылымдарда бұл жол «Келер көзге ыстық жас» ретіңде берілген. Сондай-ақ 1954 жылғы жинақта өлең «Жігіт сөзі» деген айдармен ұсынылған.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту, класстер, сызба жасау \ шығармашылық жұмыс

ІҮ. Үйге тапсырма: конспект оқу


Сыныбы: 9 № 31 Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Ескендір» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Абай Құнанбаевтың «Ескендір» — поэмасы туралы түсіндіру. «Ескендір» — поэмасының ерекшелігі, идеялық мазмұны туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, мәнерлеп оқу, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелеушілік: Оқушыларды адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: диалог арқылы оқыту, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: сабақ жоспары бойынша слайдтар топтамасы

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, адам және қоғам, информатика, әдебиет теориясы

Сабақ барысы:

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру.

Түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту.

Жаңа технологиялық әдіс: Ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы.

Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа акындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шап-қыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыкка жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды. Қақпа мен адамның көз сүйегін символ ретінде алады да, ол жұмбақтарды ақылға шештіреді.

«Бұл — адам көз сүйегі», — деді ханға.

Тоя ма адама көзі мың-мың санға?

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзге қүм қүйылганда.

Кәпір көздің дүниеде араны үлкен,

Алған сайын дүниеге тоя ма екен?

Қанша тірі жүрсе де, өлген күні

Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.

Аристотельдің даналық сөзі қанағатсыз Ескендірге ой салады, ол алған бетінен қайтады. Сөйтіп, ақын Аристотельге Ескендірді бағындырып, жауыздықты өділетке жеңгізеді.

Поэмада аңыз сюжеті сақталғанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде баяндайды. Уақиға өділдік пен жауыздықтың бетпе-бет кездесуіне түйіседі де, кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті біртіндеп ашылады. Поэманың бас кейіпкері Ескендір шығармадағы оқиға арқауы болып, оның өн бойында көрініп отырады. Аристотель соңында ғана көрінеді. Ақынның дидактикалық, өсиет-үлгілік қорытындысы Ескендер екеуінің сөздері мен іс-өрекетінен шығарылады.

Поэмада жарқын суреттер мен қызықты баяндаулар, диалог пен лирикалық шегініс ұтымды пайдаланылады. Бұдан Абайдың шағын поэма жасауға шеберлігі танылады.

1-тапсырма

1. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» — поэмасы

2. «Ескендір» — поэмасын оқып, талдау жасау.

3. «Ескендір» — поэмасындағы басты кейіпкерлер (слайдта көрсетіледі)

2-тапсырма

1. Топты екі топқа бөліп, екі топтың оқушылары поэмадағы жағымды, жағымсыз іс – әрекеттерді жазып кестені толтырады.

2. Карточкамен жұмыс (Поэмадан үзінді).

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. Конспект жасату, сұрақ жауап арқылы бекіту, класстер, сызба жасау \ шығармашылық жұмыс

ІҮ. Үйге тапсырма: конспект оқу

Сыныбы: 9 № 32 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Эпикалық дастандағы Ескендір мен Аристотель образдары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Абай Құнанбаевтың «Ескендір» — поэмасы туралы түсіндіру. «Ескендір» — поэмасының ерекшелігі, идеялық мазмұны туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, мәнерлеп оқу, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелеушілік: Оқушыларды адамгершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: диалог арқылы оқыту, сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық ізденіс

Сабақтың көрнекілігі: сабақ жоспары бойынша слайдтар топтамасы

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, адам және қоғам, информатика, әдебиет теориясы

Сабақ барысы:

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрсету, түсіндіру.

Түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет, тіл дамыту.

Жаңа технологиялық әдіс: Ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу

ә) сыныпты түгендеу

б) назарларын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі де, ақынның гуманистік ой – пікірін тереңірек танытатыны да – «Ескендір».

«Ескендір» — поэмасы зерттеушілердің пікірінше 1900 – 1902 жылдар аралығында жазылған. Қазақ әдебиеттану ғылымында Абайдың «Ескендір» поэмасы назира түрінде Низамидың «Ескендір — намасының» негізінде жазылған деген пікір айтылып келеді.
«Ескендір» — поэмасы Шығыс елдерінде «Ескендір Зұлқарнайын» деген атпен тараған, Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған. Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарына қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Науаи, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.

Абай бұл тақырыпты өзінен бұрынғы ақындар үлгісінің ешқайсысына бұрмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүниежүзін күшпен жаулап алмақ болған қанқұмар саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болған ұлы ғалым, гуманист Аристотельді кіргізеді. Поэма әділдік пен жауыздықтың тартысына құрылады. Поэма аңыз сюжетін сақтағанмен, ақын оны өмір шындығына жақындатып, реалистік негізде суреттейді.

1-тапсырма. «Ескендір» — поэмасын оқып, талдау жасау.

2-тапысрма. «Ескендір» — поэмасындағы басты кейіпкерлер (слайдта көрсетіледі)

Мысал ретінде, таразы (макет), адамның бас сүйегі, асыл тастар. (Оқушыларға ой салу мақсатында көрсетіледі).

IІІ. Жаңа тақырыпты бекіту.

1. Жаңа тақырыпты бекіту үшін, оқушылар слайдта көрсетілген үлгі бойынша поэмадағы жағымды, жағымсыз іс – әрекеттер туралы жазып, кестені толтырады. (Топты екі топқа бөліп, екі топтың оқушылары поэмадағы жағымды, жағымсыз іс – әрекеттерді жазып кестені толтырады.)

Мысалы: (Слайдта көрсетіледі)

  1. Карточкамен жұмыс. (Слайдта көрсетіліп, оқушыларға жеке – жеке таратылып беріледі).

Поэмадан үзінді

Үзінді жайлы пікір

Ой тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал


Мықтымын деп мақтанба, ақыл білсең,

Мықты болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!

Іші тар, көре алмастың біреуі сен,

Ондай кісі бұл жерге келмейді тең.

Ақылды білсең, мықтымын деп мақтан ба, мықтылығыңды біліміңмен дәлелде. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

(А. Құнанбаев)


Қу өмір жолдас болмас, әлі – ақ өтер,

Өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер.

Ұятың мен арыңды малға сатып,

Ұятсыз да иман жоқ, түпке жетер.

Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,

Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?

Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,

Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!


ІҮ. Үйге тапсырма: конспект оқу

Сыныбы: 9 № 33 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық жұмыс

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылардың Абай туралы білімдерін қорыту , жинақтау ;

ә) Оқушыларды білімділікке , байқампаздыққа тәрбиелеу,эстетикалық тәрбие беру.

б ) Шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөз мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс сабағы .

Сабақтың типі: жинақтау .

Оқыту формасы: бірлескен ұжымдық іс - әрекет .

Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап , талдау , ой бөлісу .

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Көрнекілігі: интерактивті тақта , иллюстрациялық суреттер , қосымша материалдар , семантикалық карта .

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесіп, сабаққа қатысуы қадағаланады .

ІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Кіріспе.

Асыл сөзді іздесең ,

Абайды оқы, ерінбе ? - деп Сұлтанмахмұт айтқандай , Абай – туған халқының, болашақ ұрпақтың өнегелі тәрбиешісі , ана тілінің , қазақ поэзиясының өсіп гүлденуіне зор үлес қосқан қамқоршысы .

Деңгейлік тапсырмалар :

1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей .

2-деңгей . Ұжымдық .

3-деңгей . Табиғат лирикасы .

4-Венн диаграммасы « Абай мен Шәкәрім » салыстыру .

5-деңгей . «Адам болам десеңіз...» ойтолғау ..

2 – деңгей . Ұжымдық . Абай поэзиясы - махаббат , сүйіспеншілікке толы поэзия . Ақынның қай туындысы болмасын , оның алтын арқауы болып , адам тұрады , адамға деген махаббат тұрады . Ақын поэзиясындағы толық адамдардың бейнесі жасалынған .

Тапсырма. Даналық ойға құрылған шешендік қасиеті мол өнегелі сөздеріне назар аударайық . ( Берілген тапсырманы орындау .)

Еркін жауап . Асыл сөздің жалғасын тап .

1. Жұмысы жоқтық ,

Тамағы тоқтық ( . . . . )

2. Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті : ( . . . . )

3 . Өткірдің жүзі , Кестенің бізі ( . . . . )

Жалғастыру .

3 - деңгей . Абайдың табиғат лирикасы .

1- тапсырма . « Қыс » өлеңі .

а ). Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген ?

ә ). Қыстағы адамдардың тіршілігі қалай бейнеленген ?

б ). Кейіптеу дегеніміз не ? мысал келтір

в ) . Алты қанат ақ орда үй шайқалды . Лексика – грамматикалық талдау .

2 - тапсырма . « Күз » өлеңі .

а ) . Өлеңде күздің қандай белгілері суреттеледі ?

ә ). Өлеңде ауыл тұрмысын қалай бейнеленген ?

б ). Эпитет деген не ? «Күз » өлеңінен эпитетке мысал келтір .

4- деңгей . Венн диаграммасы « Абай мен Шәкәрім » салыстыру .

5 - деңгей . «Адам болам десеңіз ... » ( ой толғау ) . 5 мин .


тShape1 алап рақым

Shape3 Shape2

Адам болам десеңіз



қShape4 Shape5 анағат


еShape6 ңбек терең ой


өShape7 сек өтірік

Shape9 Shape8

Надандықтың белгісі





Shape10

еShape11 ріншек

Shape12


мақтаншақ бекер мал шашпақ


ІІІ. Бекіту. Халқымыздың рухани өмірі аспанында , халықтар достығыны қайнар бастауында мәңгілік жарқырап тұратын үш жұлдыз бар .

Олар: Шоқан , Ыбырай , Абай ! Ал бүгінгі сөзіміз сол үштің бірі –

А . Құнанбай жайында болды Абай атамыздың ұрпағынан қалдырған мұрасы ұлан – ғайыр. Ұрпақтарына үлгі - өнеге боларлық , тәлім аларлық бай мұра қалдырды

ІV . Үй тапсырмасы. конспект оқу



Сыныбы: 9 № 34 Күні:

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды

Мақсаты:  Ұлы ақын Абай  шығармаларының кез келгенін талдай білу, дағдысын одан әрі қалыптастыру, оқушының сөйлеу тілін дамыту. Абай шығармаларының тереңіне үңіліп, сұлулығы мен маңызын түсіну.     Абайды тану арқылы  қазақтың даналығын, сөз өнерін, бай тілін таныту. Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, олардың поэзия, саз өнері, бейнелеу өнері секілді көркем өнер дүниесіне сүйіспеншіліктерін арттыру. Абай ұлылығын терең сездіру,туған табиғатқа қамқорлық жасауға тәрбиелеу. 

Көрнекілігі: ақын портреті, ақын өлеңдерінен үзінді, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері, кітап көрмесі, ақын шығармашылығына байланысты слайдтар.

І. Ұйымдастыру.

Абай туралы видеороликпен басталады.

ІІ. Жаңа білімді меңгерту.

Мұғалім:  Жүрегіңнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,-деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен»  ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз туралы әдеби-танымдық кешімізді жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.

Абайдың суретін  көрген ол:

Мына тұрған Абайдың суреті ме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?-деп айтқан  екен (слайд көрсетіледі).

Мұғалім: Абай өлең шығаруды бала кезінде-ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.


Ұжымдық жұмыс:


Ұнаған сабақ тақырыбы

Оқушының курсқа беертін бағасы (ұнағанына орай)

Мұғалімнің оқушыға деген тілегі, ұсынысы («Абайтану» сабағы көлемінде)










Оқушылардың қорытынды сөздері.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.03.2018
8096
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12