жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары "А.Байтұрсынов" 11-сынып
Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы. «Маса» , «Қырық мысал» жинағы
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.Шығармаларының басты тақырыптарына тоқталу.Мысал жанрындағы шығармаларының мазмұныны түсіндіру
ә)тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
б) дамытушылық: Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,іздену, топтық,жеке жұмыстар
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,кестелер, портреті т.б
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Оқушыларды 3 топқа бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасы
Оқушылардың үйге берілген тапсырмаға дайындықтарын тексеру. Үйге «ХХ ғасыр әдебиеті» туралы жалпы шолу берілген болатын.
Зымыран сұрақтар:
1.ХХғ. Қандай тарихи оқиғалар болды? /Орыс-жапон соғысы (1904), Орыс төңкерісі (1905-07жж), Бірінші дүниежүзілік соғыс (1914ж), Ақпан көтерілісі (1917ж), Қазан төңкерісі(1917ж)
2. «Серке», «Айқап» , «Қазақ» газет-журналдар қай жылдары дамыды? 1907-17жж
3. «Иман рисәләсі» кімнің еңбегі? А.Байтұрсынов
4.ХХғ әдебиеті Төңкерісшіл –демораттық бағыттағы ақын жазушыларды ата / Ә.Бөкейханов, А:Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин
5.Драматургия саласында жарық көрген еңбектерді айтып бер. / «Еңлік-Кебек», «Бақытсыз Жамал», «Мансапқорлар», «Қанапия-Шәрбәну», т.б.
6. С.Торайғыров,М.Сералин, Ғ.Қарашұлы, С.Дөнентаев сынды ақын-жазушылар қай бағытты ұстанды? / Ағартушы-демократтық
7.ХХ ғ.қай қалаларда кітаптар басылып шықты? / Қазан, Орынбор, Семей, Петербор, Уфа, Ташкент,Троицк, Орал
8.Тарихи жағдайларға байланысты ХХ ғ әдебиеті неше бағытта өрбіді? 3
Зейінін шоғырландыру.
Назар аударыңыз!
Антитеза,шылау,арыз, роман-эпопея, жасуша,ата-ана, кейіптеу,теңіз, «Құлагер» поэмасы,
түсініктеме, метафора, жарнама, (шаршы).
І топ.Әдебиетке қатысты теориялық ұғымдарды ата.
ІІтоп.Неше сөздің асты сызылған?
ІІІтоп. Қандай тыныс белгілері бар?
ІІІ . Жаңа сабақ:
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.Тақтаға күн реті мен сабақ тақырыбын жазу.Ой қозғау:
-А.Байтұрсынов туралы не білеміз?
-Қандай шығармалары бар?
- Шығармалары қандай тақырыпты қамтыды?
1. Мағынаны тану
«Оқы,талда,бөліс»
Оқушылар мәтінмен танысып,топта талқылайды.
Топтық жұмыс
Ітоп. А.Байтұрсыновтың өмір жолына хронологиялық кесте дайындау
А.Байтұрсынұлы
1872ж-5.ІХ қазіргі Қостанай обл. Торғай өңірі Сарытүбек ауылында туған.
1882-84жж -Ауыл мектебінде оқыды.
1890ж-Торғайдағы екі клас. орыс-қазақ училищесін бітірген.
1895ж-Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895-1909жж- Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909ж-Патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып;
1910ж-Жер аударылды.
1912ж-Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.
1913-17ж-Орынборда «Қазақ»газетін ұйымдастырып, редакторы болды.
1918-19жж-Алаш Орда қатарында болады.
1922-25жж-Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, «Ақ жол» газетінде қызметкер.
1925-29жж-Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929ж- қамауға алынады
1934ж-Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған.
1937ж- тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, 8 жел- тоқсанда «халық жауы» есебінде атылған.
|
|
ІІ топ. Құзырлылық тапсырма
1.А.Байтұрсынұлы 1872ж Торғай облысының Қызбел атырабында дүниеге келген. Иә/жоқ
2.1909ж «Қазақ» газетінде редактор болып қызмет атқарды. Иә/жоқ
3. «Қырық мысал» жинағына аудармалар енген. Иә/жоқ
4. «Маса» кітабына енген өлеңдер жекебастың мұң-шері,тұрмыс-салт суреті айтылады? Иә/жоқ
5. «Қырық мысал» жинағы 1909 жылы басылып шықты. Иә/жоқ
Ескерту: Әр жауапты түсіндіру. (неге «иә», неге «жоқ»)
1___________________________________________________________________________________
2 ___________________________________________________________________________________
3 ___________________________________________________________________________________
4 ___________________________________________________________________________________
5 ___________________________________________________________________________________
ІІІ топ. Блум гүлі 3 мин
1.А.Байтұрсынұлы қай өңірдің тумасы?
2. 1929 жылы А.Байтұрсынұлы тұтқындалады. Неліктен?
3. А.Байтұрсынұлының кітаптарын ата.
4. «Маса» мен «Қырық мысал» жинақтарының айырмашылығы неде?
5. Ақын өлеңдерінде қандай тақырыптарды қозғады?
6. «Әдебиет танытқыш» еңбегінің құндылығы
Жұптық жұмыс
І жұп. Кестені толтыру
|
Мысал өлеңдері |
өлеңдері |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ жұп. «Маса» өлеңінің тақырыптық және идеялық ерекшелігі
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса....
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса? ...
ІІІ жұп.
І жұп. ПТМС формуласы
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, .................................................................................................»
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін................................................................»
Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын............................»
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім................................»
ІҮ жұп.. «Тұжырым»кестесі
|
Өлеңдері |
Тақырыбы мен идеясы |
Менің ойым |
Мақал-мәтел |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ү жұп. Бес жолды өлең
1.Зат есім:
2.Сын есім:
3.Етістік:
4.Төрт сөзден тұратын сөйлем.
5.Тақырып мәнін ашатын синоним .
Сабақты қорыту
Қорытынды ұпайларды хабарлау.
|
Оқушылар тізімі |
Үй тапсырмасы |
Топтық жұмыс |
Жұптық жұмыс |
Қорытынды баға |
|
1. |
|
|
|
|
|
2. |
|
|
|
|
|
3. |
|
|
|
|
|
4. |
|
|
|
|
|
5. |
|
|
|
|
|
Бағалау |
Әр дұрыс жауап 1 ұпай |
3ұпай- толық ашты 2 ұпай-толықтыру қажет 1 ұпай-толық ашылмады |
3ұпай- толық ашты 2 ұпай-толықтыру қажет 1ұпай-толық ашылмады |
8-7 ұпай өте жақсы 6-5-жақсы 4-3-орта |
Кері байланыс.
Тоңазытқыш- толық түсіндім, белсенді болдым
Қоржын- қызықты болды, бірақ алаңдадым
Еттартқыш- түсініксіз болды, қиналдым
Үйге тапсырма: А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген