Сабақ жоспары Адамдық борышың 6сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары Адамдық борышың 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне керек, дамдық борыш туралы түсінік береді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _______________

Күні: _______________

: 15

Мұғалімі: _________________________

Сыныбы: 6

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адамдық борышың

Құндылығы: Сүйіспеншелік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық

Мақсаты: Оқушыларға адамдық борыштары туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға қоғамға, адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға, табиғатқа жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. https://kk.wikipedia.org

  2. http://kz-minusovki.ucoz.kz

3. bilim-all.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №14 – сабақ. Оқулықта берілген 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №15, «Атаның өнегесі» мәтінін оқып келу Сұрақтар:

    1. Әбен атаның игілікті іс атқаруының мәні неде деп ойлайсыңдар?

    2. Атасынң өсиетінен Ғалымбек қандай өмірлік сабақ алды?

    3. Қоршаған табиғатқа, адамдарға риясыз қызмет ету бойымыздағы қандай құндылықтардың артуына ықпал етеді?

    4. Өздерің қоғам игілігі үшін қалай қызмет атқарып жүрсіңдер?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды)

Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.

Нельсон Мандела

Нельсон Ролилахла Мандела — Оңтүстік Африка Республикасының 8-ші және тұңғыш қара нәсілді президенті 

Сұрақтар:

  1. Адамдық борыш дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Төле би мен Райымбек батыр жайындағы ел аузындағы әнгімесі.

Әйгілі Төле биге салем бере келген Райымбек бала, аттанарда;

-Ата сізден мынадай сауалдардың мәнісін білсем деп едім!-деп сұрақтарын қойыпты;

-Жер дегеніміз немене?

Ел дегеніміз немене?

Жер сәні дегеніміз немене?

Ел сәні дегеніміз немене?

Жерді не көтереді?

Елді кім көтереді?

Жас батырдың сауалдарының сырын аңғарып, пайымдылығына риза болған Төле би былай деп жауап беріп, батасын берген:

-Жер дегеніміз - тіршілік.

Ел дегеніміз - халқың.

Жер сәні - аққан көлің, жайқалған шалғының, орман, тауың, оны мекендеген аққуы мен аңдарың.

Ел сәні - өркендеп өскен тәрбиелі ұл-қызың

Жер құты-жер қазынаң, кенің.

Жерді су көтереді,

Елді ер көтереді.Сондықтан да халық «Жер-қазына басы»,

«Мал - байлық көзі», «Батыр ел сақшысы». Олай болса жер қазынамызды, туған елімізді, қоршаған ортамызды көзіміздің қарашығындай қорғау - ең қасиетті борышымыз - деп ойын түйіндеген екен.

Сұрақтар:

  1. Ел сәні дегеніміз не?

  2. Жер сәні дегеніміз не?

  3. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?

  4. Ақиқат дегеніміз не?

  5. Әңгімеден не түсіндіңіз?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма:

1-топ «Қоғамдық орындағы  ізгілік істер» сахналық қойылым көрсету.

2- топ «Табиғат аясындағы ізгілік істер» сахналық койылым көрсету.

3-топ «Отбасындағы ізгілік істер» сахналық койылым көрсету


Топпен ән айту.

Сөзі:Мұғалімдер шығармашылығы

Әні: «Ертегілер әні» сазымен

  1. Ақиқаттың әнін,

Айтамынмын күнде мен.

Бөбек әлемінің сырларын түсініп,

Нұрына шомылдым күннің.

Тыныштық жан - көркем,

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп.

Қайырмасы:

Құндылықтар – мәңгі әнім,

Құндылықтар – өмір мәні

Ізгіліктің ғажап күйіне

Ертесіңдер сендер.

2. Дұрыс әрекеттер

Сүйіспеншілік береді,

Тыныштық орнайды,

Қиянат болмайды,

Адамзатқа әлемдегі.

Керемет ол неткен,

Ар- ұждан сөйлейді,

Жүректі тербейді

Бақытқа бізді жетелеп

Қайырмасы:


7. Үй тапсырмасы.

1. №15 – сабақ. Оқулықта берілген 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №16, «Шелекпен егін суарған бала» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
3293
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі