Сабақтың
тақырыбы: Алтын күз
Сабақтың
мақсаты: балалардың күз туралы түсінігін кеңейту,
Алтын күздің ерекшеліктері туралы
әңгімелеу. Суреттер бойынша әңгіме құрастыру
арқылы балалардың тіл байлығын дамыту. Құстарға
қамқорлық жасай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: күз көрінісі бейнеленген
суреттер, геометриялық
пішіндер,
жеміс-көкөністер,
Сабақтың
әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық
ойын,
сұрақ- жауап.
Сабақтың
барысы: - Балалар, бүгін біздерге қонақтар
келіп қалыпты.Олай болса, барлығымыз орнымыздан тұрып
амандасайық.
Қуан, шаттан
алақай!
Қуанатын күн
туды,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіздер ме
қонақтар!
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Иә, дұрыс
айтасыңдар, күз мезгілі. Ал, күзде неше ай бар, қазір қай
ай?
- Ендеше балалар, барлығымыз көзімізді жұмып,
күз мезгілін көз алдымызға
елестетейікші.
Тыныштық сәті ( жәй музыка
ойналады)
-Күз мезгілі. Таңертең ата-анаңызбен
балабақшаға келе жатырсыз.
Айналаға қарасаңыз , ағаштардың жапырақтары
сарғая бастаған, жерде де қызыл- сары жапырақтар төгіліп жатыр.
Бір кезде жаңбыр жауып кетеді. Адамдардың
кейбіреуі қолшатыр ұстап
барады.
-Ал, балалар көзімізді ашайық, күз мезгілі көз
алдарыңа елестеді ме? Қанша күн суық болса да, әр мезгілдің өзіндік
бір жылылығы, кереметтері болады екен.
Алтын күз туралы, ерекшеліктері туралы
әңгімелеу.
-Алтын, сары, қызыл,
көк
Алуан-алуан
жапырақ
Күзгі бақта
күлімдеп,
Көз тартады
атырап.
-Балалар, сендер күз туралы тақпақтар
білесіңдер ме?
Балалардың тақпақтарын
тыңдау.
Суреттер бойынша әңгіме құрастыру(
сұрақ-жауап арқылы)
Ғажайып сәт: - Балалар, біреу есік қағып
тұрғандай ма, қалай өзі?
Есікті қағып «Алтын күз»
кіреді.
-Сәлеметсіздер ме,
балалар!
-Сәлеметсіз бе, балалар бізге «Алтын
күз» келіп қалыпты.
-«Алтын күз»: - Балалар, манадан бері
сендердің мен туралы айтып жатқан әңгімелеріңді, тақпақтарыңды
анадайдан естіп келе жатырмын. Менің сендерге арнаған бір тапсырмам
бар.
- Күзде құстардың бәрі бірдей ұшып
кетеді ме?
-Қалып қойған құстар тоңып қалмау үшін оларға
ұя жасап, жем шашуымыз керек. Олай болса, балалар мына геометриялық
пішіндерден ұя құрастырайық.
( Пішіндерді көрсетіп түрін, түсін атау,
орналасу ретін түсіндіру)
Жылы жаққа
ұшпайтын,
Біздің жақта
қыстайтын.
Құстар жүрсе
жуықта,
Жем шашуды
ұмытпа.
Сергіту сәті:
Тербеледі
ағаштар,
Алдымнан жел
еседі.
Кіп-кішкентай
ағаштар,
Үп-үлкен боп
өседі.
-« Алтын күз» сіздің тағы да тапсырмаңыз
бар ма балаларға?
« Алтын күз»:- Балалар, сіздерге арнаған бір
ойыным бар.
Берекесін
сыйлауға
Өлкемізге күз
келді.
Жемістерін
жинауға,
Шақырады
біздерді.
Дидактикалық ойын:
«Көкөністер мен жемістерді
жина»
Ойынның
шарты: араласып кеткен көкөністер мен жемістерді
айырып, екі себетке бөліп салу, аттарын
атау.
« Алтын күз»:- Өте жақсы балалар, мен сендерге
ризамын. Енді
мен кетейін. Сабақтарыңды жақсы
оқып,
тәртіпті болыңдар. Сау
болыңыздар!
Сабақты қорытындылау, балаларды
мадақтау.