жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Аппақ қоян отыр"
Бекітемін______________
«10»12.2018 ж
Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Өтпелі тақырып « Менің Қазақстаным»
|
Ай апта |
Желтоқсан III-апта |
Мақсаты |
|
Білім саласы |
«Шығармашылық» |
Жануардың мүсінін салуға үйрету,оның тұлғасының, басының,құлағының сопақ пішінің көрсету, мүсіндеу- дің және бөліктерді қосу тәсілдерін бекіту. |
|
Ұйымдастырылған оқу қызметі |
Мүсіндеу |
|
|
Тақырыбы: |
«Аппақ қоян отыр» |
|
|
Әдістер |
Түсіндіру,көрсету,есу,біріктіру,сергіту. |
|
|
Керекті-құралдар |
Үлгі жұмыс,ермексаз,тақтайша,сулы майлық. |
|
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Психологиялық дайындық Аққояным тұршы, Бетіңді жуушы,қолыңды жуушы. Айнаға қарашы,шашыңды тарашы. -Балалар,қоян сендерді естіп қалған сияқты, қараңдаршы,бізге өзі де келеді екен. |
Өлең жолдарын айтып, қимылмен көрсетеді.
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Тосын сәт: Топқа қонаққа қоян келеді. Ол қатты шаршағандықтан тыныққысы келетінін айтады. Тәрбиеші: -Отыр қоян сен қайдан келесің? Мен қасқыр мен түлкіден қашып келдім. Қорықпа кел отыр, біздер қазір мүсіндеу өткізгелі отырмыз, балалардың сен сияқты қояндарды мүсіндегенін қалайсың ба? -Әрине, қалаймын.
Тәрбиеші балалармен бірге қоянды қарап көріп, дене мүшелерін айтады. Қоянда басы, денесі, аяқтары, кішкене құйрығы және басында ұзын құлақтары бар. -Бас қандай пішіне ұқсайды? -Ал, денесінің пішіні қандай? -Аяқтары қандай пішінге ұқсайды?
Тәрбиеші орындау тәсілін көрсетеді.
Мүсіндеу әдіс-тәсілі: Ең алдымен балалардың есіне ермексазбен жұмыс жасау ережесін түсіндіреді. Қоянды мүсіндеу үшін, ермексаздың түсін таңдап алады. Ермексаздың бір кесегін бірдей етіп үш бөлікке бөледі: бір бөлігі-денесі; екінші бөлігі-бас пен құлақтары; үшінші бөлігі-аяқтары мен құйрығы. Бір бөліктен дөңгелек илейміз, содан соң оны ілгері-кейінді қозғалыспен сопақшаға айналдырамыз. - Бұл пішін – денесі. Келесі бөлікті дөңгелектеп, басын жасаймыз, қалған бөлігін екі бөлікке бөліп, сопақша пішінге келтіріп, аздап жаншып, құлақ жасаймыз
Ермексаздың үшінші бөлігін 5 кішкене бөлікке бөліп, аяқтары мен құйрығын жасап денеге бекітеміз Бөлшектерді мықтап жалғаймыз да, оларды сылап қоямыз Бейнені ұсақ бөлшектермен: кішкене қара мұрын және көздермен толықтырамыз. Балаларға көрсеткен әдіс бойынша мүсіндеуді ұсынады.
Сергіту сәті: «Сұр қоян» Ұзын құлақ, сұр қоян Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен, Ытқып-ытқып жүгірді.
Дидактикалық ойын: «Мен бәрін жасай аламын» Шарты:Жануарлардың дене бітімін,қимылын ымдап, дененің ырғақты қимылың көмегімен бейнелеуге үйрету. |
Қоянға қызығушылықпен назар аударады.
Қоянмен амандасады.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
-Дөңгелек -Сопақша -Сопақша
Тәрбиешінің түсіндірген әдісі бойынша, балалар берілген тапсырманы орындайды.
Жұмыстарын аяқтарына дейін жеткізеді.
Қимылмен көрсетеді.
Ойында қызығушылық пайда болады. |
|
Рефлексивтік жинақтаушы |
Қорытынды: -Біз нені мүсіндедік? -Қоянды ермексаздың қандай түсімен мүсіндедік?
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын талдап, қоянға көрсетеді, көрмеге қояды |
-Қоян -Ақ түс
Балалар өздері жасаған жұмыстарын қуанып, қоянға көрсетеді. |
|
Күтілетін нәтиже |
||
|
Білу керек |
Қоянның дене мүшесін мүсіндеп,оларды бір-бірімен біріктіре білуді; |
|
|
Түсінеді |
Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін,қоянның түсіне сәйкес ермексаз түсін таңдап алуды; |
|
|
Қолдана біледі |
Таза,ұқыпты жұмыстануды |
|
Тәрбиеші: Насиева Ф.Х.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген