Материалдар / Сабақ жоспары Аппликация

Сабақ жоспары Аппликация

Материал туралы қысқаша түсінік
Аппликация үйреніп, түсіну
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2021
1243
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді: _____________Б. Длмұханова Күні: 08.09.2017 Білім саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация

1 Тақырыбы: Мектеп ауласында

Мектеп/МҰ:Жамбыл орта мектебі

Күні: 08.09.2017

Педагогтың аты- жөні: Иеменова Ш

СЫНЫП-ТОП: «Д» сынып

Қатысқандарсаны:

Қатыспағандар саны:



ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары








Күтілетін нəтиже








0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.

0.2.1.1. Геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тіктөртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тіктөртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу).

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге бүктелген, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Барлық тәрбиеленушілер:

-сюжеттік жапсырмада заттарды кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардыңбөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып орналастыра алады;

-қайшыны дұрыс ұстауды, оны еркін пайдалануды біледі.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала алады;

-бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан бірнеше геометриялық фигураны қиып алады

Кейбір тәрбиеленушілер:

-таныс техниканы өз бетімен үйлесімдей алады;

-қағаз түстері мен реңктерін өз бетімен таңдай алады.




Тілдік мақсат

Дағдыларды дамыту:

-мақсаттарды іске асыру үшін бейнелеу материалдарын пайдалану нұсқаларын талқылау;

-композицияны сөзбен түсіндіру арқылы нақтылау;

-жұмыс әдістері мен кезектілігі туралы айтып беру;

-түпкі ойды түсіндіру;

-сұрақтар арқылы зат құрылысының пішінін нақтылау;

-түстерді, пропорциялық қатынастарды сөзбен сипаттау;

-тақырыпқа қызығушылық туғызатын көркемсөзді тыңдау;

Көптілділік: геометриялық фигуралар–геометрические фигуры– geometry figures.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-сюжеттік композиция, кесу, қиып алу, желімді пайдалану, мектеп ауласы, мектеп, ағаштар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мектеп қандай геометриялық фигураға ұқсайды?

Сен қандай қағазды пайдаланасың?

Қайшымен қалай жұмыс істеу керек?

Жұмыс үстелін таза ұстау керек пе?

Қай бөлшек бірінші болып жапсырылады?

Мектепке не үшін бару керек?

Алдыңғы бөлім

Объектілердің шамасы бойынша қатынасын білдіру, әртүрлі заттардың бөлшектерінің пішінін көрубойынша қарапайым дағдылар. Геометриялық фигураларды, түстер мен реңктерді білу. Қайшыныпайдаланудың техникалық дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған уақыты

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстары

1 Дұрыс

əсерлі көңіл күй

орнату.

0–2мин.









II Өмірлік

тəжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты

болжам.

3–5 мин

(Ұ) ҰОҚ-де оң көңіл күй орнату.

Біздің топта күнбе-күн

Жаттығулар жасаймыз.

Қаз-қатар сапқа тұрамыз,

Отырамыз, тұрамыз.

Басымызды айналдырып,

Созыламыз, бұрыламыз,

Күлімдейміз, қол бұлғаймыз.(Ұ) Педагог балалардан сабаққа келе жатып нені көргендерін айтып

беруді сұрайды. Мектеп ауласында не бар? Олардың қайсысын адамжасады, ал қайсысы табиғи болып табылады?

Тәрбиеленушілер ағаштардың, бұталардың, мектептің көлемдерін,

түстерін айқындайды.

Оқып білім алады,

Сол мектептен балалар.

Педагог балаларға жұмыс үстелі жабдығының: төсеніш клеенка, қайшы,желім, желім жаққыш, шүберек, қоқыс салғыштың дайындығынтексеруді ұсынады.

Музыка мен сүйемелдеу



Алаңдардың, аулалардың

фотосуреттері,

иллюстрациялар

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6 – 27мин













































IV. ҰОҚ-ның

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 мин.

(Ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялармен жұмыс

Педагог балаларға суретке қарап, онда ненің бейнеленгенін айтып берудіұсынады.

Тәрбиеленушілер аула мектебінің жапсырмасын қандай тәсілмен істеугеболатынын айқындайды.

(Ж) Практикалық жұмыс:педагог тәрбиеленушілерге қағазбен жұмысістеудің әртүрлі тәсілдерін көрсетеді. Қағазды ширатады, жапсырады,жыртады, қияды, бүктейді. Балалар тәжірибеге қатысады.Педагог балаларға жапсырудың белгілі тәсілдерін пайдалана отырыпжұмыс жасауды ұсынады.

(Ұ) Саусақтарға арналған жаттығу

«Қайырлы таң».

Қайырлы таң, көздерім! (Сұқ саусақпен көздерімізді сипалаймыз).

Сендер ояндыңдар ма?(Саусақтардан«дүрбі»жасап,онымен қараймыз).

Қайырлы таң, құлақтарым! (Қолымызбен құлақтарымызды сипалаймыз).

Сендер ояндыңдар ма? (Қолымызды құлақтарымызға«Чебурашка»

тәрізді тақаймыз).

Қайырлы таң, қолдарым! (Кезек-кезек қолдарымызды сипалаймыз).

Сендер ояндыңдар ма? (Шапалақтаймыз).

Қайырлы таң, аяқтарым! (Тізелерімізді сипалаймыз).

Сендер ояндыңдар ма? (Аяқтарымызды топылдатамыз).

Қайырлы таң, алтын күн! (Қолдарымызды жоғары қарай созып,күнгеқараймыз).

Біз ояндық!

(Ұ, Ж) Жұмыстың орындалу технологиясы.

Мектеп құрылымының бөліктерін анықтаңдар – қабырға, шатыр, есік-терезелер. Балаларға қажет болуы мүмкін әзірлемелердің геометриялықфигураларын атауды ұсыныңыз. Балалардың мектеп бөліктерінің пішіні,өлшемі және орналасуы туралы түсінігі болуы тиіс.Қиып алу кезінде қағаз түсі мен текстурасын таңдауға

ерекше назар аударыңыз (балалардың барқыт немесе

қатпарланған қағаз пайдалануы да мүмкін).

Балалар түрлі түсті қағаздан тіктөртбұрыш қиып алуы тиіс.

Ол мектеп ғимараты болады.Тіктөртбұрыштан трапеция пішінді шатыр қиып алынады. Трапецияпішінін қиып шығару үшін таспаның екі қарама-қарсы жіңішке жақтарынбір-бірімен қосып, қиғаш сызық бойымен бұрышы қиылады.Қағазды диагоналі бойынша екіге бүктеп, қарама-қарсы бір бұрыштанекіншісіне дейін қиғаштап қию арқылы үшбұрышты шатыр жасалады.

Әзірлемеден таспаларды қиып, оларды тіктөртбұрыш немесе шаршы етіпқию арқылы терезе жасайды.Көкорай шөп жасыл түсті қағаз парағына салынған иректі сызық бойымен қиып алынады.

(Балаларға тіктөртбұрышты тігінен екіге бүктеп,ағаштардың

сұлбаларын қиюды ұсыныңыз. Қағаздың бүктеу сызығы ағаш бұтасыныңортасына дәл келуін қадағалай отырып бүктелген қағаздың бір жағынажай қарындашпен ағаштың жарты сұлбасының суреті салынады жәнеқиып алынады. Балалар дайындалған бөлшектерді жазған кезде ағаштыңсұлбасы дайын болады.Жақсырақ орналастыру жолдарын таңдай отырып бөлшектерді негізгіпараққа орналастырыңыз. Педагог тәрбиеленушілерге аппликациядағимараттардың және т. б. нысандардың дұрыс орналасуын көрсетугекөмектеседі. Балалардың назарын бейнелеуді өз беттерінше жобалауға,

жұмысты қиюдан бастауға, алдымен көлемді бөліктерін жапсыруға, содан соң кіші бөліктермен толықтыруға және соңында өзгешелік сипатберетін бөліктермен аяқтауға аударады.Барлық бөлшектер негізге кезектілікпен жапсырылады.

(Ұ) Қауіпсіз жұмыс жасау ережесі

ҰОҚ барысында педагог тәрбиеленушілердіңназарын қағазды түзу сызық бойымен қиған кезде қайшыныңашасын кең ашпау және соңына дейін жаппау керектігінеаударады. Қайшымен қиған кезде қайшының ұшын ғанапайдалану керек. Қайшымен жұмыс істеген кезде баланың қайшыныемес, қағазды бұруына назар аударады.

Жұмыс орнын ретке келтіру қажеттілігі туралы ескертеді

(Ұ, Ө) Рефлексиялық бағалау.

Педагог балаларды бір-бірін бағалауға тартады.Сабақтың соңында тәрбиеленушілер педагог ұсынған сұрақтарға жауапбереді: бір-бірінің құлағына сыбырлайды немесе ойын кейіпкерлеріне небүкіл сыныпқа дауыстап айтады:Сен нені барлығынан да жақсырақ істедің?Бүгін саған кім көмектесті?

Сен нені жасай алмадың және не себепті?

Келесіде оны жасау үшін не істейсің?

Ең қиыны не болды?

Ең қызықтысы не болды?

Тағы да нені жасай алмадың?

Сабақтағы жұмысы үшін кімге алғыс айтар едің?





Әліппе-альбом,














иллюстрациялық

материал.








770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ