сабақ жоспары "Ақ лағым бар" 2 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

сабақ жоспары "Ақ лағым бар" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:

Ақ лағым бар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1. тыңдау – көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау.

2.2.3.1. тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

2.5.1.2. сөйлеу барысында көптік/ септік/ тәуелдік/ жіктік жалғауларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: сөйлеу барысында көптік/ септік/ тәуелдік/ жіктік жалғауларын қолданады.

Көбі: тыңдау – көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды.

Кейбірі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Қазақ тілінде үй жануарлары туралы айтады, ақ лағын сипаттайды.

Жаңа сөздер

Қора, лақ

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, үй жануарларының суреттері, үнтаспа, парақшалар, смайликтер.

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, Т- кестесі, диалог, «Бағдаршам» тәсілі, жағдаяттық тапсырма, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік

Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс –әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерін анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтадан «Жануарлар әлемінде» бейнебаянын көрсетеді,- Балалар, біз нені тамашаладық? Лақ туралы не білесіңдер?.

Оқушылар бейнебаяннан не көргенін айтады, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

І.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталайды.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, оқиды, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А)Айтылым . Оқулықтағы 1,3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, сөйлемдерді толықтырып айтады.

Ә)Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүңтенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады.

4. «Жаттайық» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Айтылым өлеңдң тыңдайды, мәнерлеп оқиды, жаттайды.


5. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

Т- кестесін құрғызады.

Қошақан

Лақ

Қошақанды сипаттау

Лақты сипаттау


Тапсырманың шартын орындайды.

IV. Бекіту.

А) оқулықтағы 5,6- тапсырманы орындатады.

Айтылым. Жағдаяттық тапсырманы орындайды, диалог құрайды.

Ә) «Есте сақта!»айдарымен берілген өлеңдерді оқиды, талдатады.

Өлеңдерді оқиды, талдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

V.Бағалау.

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма.


Оқулықтағы 4- тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға желімқағаздар (стикерлер) таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.

























10-сабақ

Тақырыбы:

Менің мысығым ақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1. тыңдау –көру материалындағы оқиғалаоды түсіну және сипаттау.

2.2.3.1 тілдің нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

2.5.1.2сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолданады.

Көбі: тыңдау –көру материалындағы оқиғалаоды түсіну және сипаттайды.

Кейбірі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Тақырыпқа қатысты тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, мысығы жайлы ақпарат бере алады, сипаттайды.

Жаңа сөздер

Қалай? Мұрт, тырнақ, тырнайды.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, үй жануарларының суреттері, үнтаспа, парақшалар, смайликтер

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Аквариум» тәсілі, кластер, «Бағдаршам» тәсілі, смайликтер, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс –әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерін анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында интерактивті тақтадан мысықтың суретін көрсетеді. Мұғалім:
- Балалар, сендердің үйлеріңде мысық бар? Оны қалай атайсыңдар? Мысықтың суретін көрсетеді.


Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

І.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталайды.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым, мәтінді мұқият тыңдайды, оқиды, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1,3 -тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, өз сөзімен баяндап айтады..

Ә)Оқылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Сөйлемдерді толықтырып оқиды.

4. Сергіту сәті. Қимылмен көрсете отырып, сергіту жаттығуын жасатады.
Тікірейіп құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып, керіліп
Беті-қолын жуады. Сяу, мяу

Мұғалімнің қимылын қайталап, сергіту жаттығуын жасайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

«Менің мысығым» тақырыбында кластер құрғызады.

Кластер құрады.

IV. Бекіту.

А) Жазу дәптерімен жұмыс

Жазу дәптерінде берілген тапсырмаларды орындайды.

Ә) «Есте сақта!»айдарымен берілген өлеңдерді оқиды, талдатады.

Өлеңдерді оқиды, талдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

V.Бағалау.

Формативті бағалау.

«Бағдаршам» тәсілі бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма.


Оқулықтағы 4 тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия.

Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді.





















11- сабақ

Тақырыбы:

Ақылды күшік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1. тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау.

2.2.3.1 тілдің нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

2.5.1.2сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолданады.

Көбі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Кейбірі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттайды.

Күтілетін нәтиже

Тақырыпқа қатысты тыңдаған материалдың мазмұнын түсінеді, күшігі жайлы ақпарат бере алады, сипаттайды.

Жаңа сөздер

Қарғыбау, құлақ.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, үй жануарларының суреттері, үнтаспа, парақшалар, смайликтер.

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Аквариум» тәсілі, кластер, «жеке әңгіме» техникасы, смайликтер, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс –әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды «шаттық шеңберіне» тұрғызады. Сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерін анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан күшіктің суретін көрсетеді. Мұғалім:
- Балалар, сендердің үйлеріңде күшік бар ма? Оны қалай атайсыңдар? Иттің қандай түрің білесіңдер?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

І.Сөздікпен жұмыс. А) интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталайды.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалым мен оқылымға арналған мәтінді тыңдатады, сөздердің мағынасын түсіндіреді

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, оқиды, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағытапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1,4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, өз күшігі жайлы айтады.

Ә)Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемдерді толықтырып жазады..

4. Оқулықтағы «Күшігім» өлеңін оқып береді. Мәнерлеп оқуға машықтандырады. Өлеңде тақырыпқа байланысты кездескен сөздерді тапқызып, қайталатады. .

Айтылым. Өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқиды, жаттайды..


5. Сергіту сәті. Сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

«Менің күшігім» тақырыбында кластер құрғызады.

Кластер құрады.

IV. Бекіту.

А) Жазу дәптерімен жұмыс.

Жазу дәптерінде берілген тапсырмаларды орындайды.

Ә) «Есте сақта!»айдарымен берілген өлеңдерді оқиды, талдатады.

Өлеңдерді оқиды, талдайды.

V.Бағалау.

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзң қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма.


Оқулықтағы 3 тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия.

Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер) таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға (стикерлерге) жазып, тақтаға іледі.



















12 сабақ

Тақырыбы:

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.2.1. таныс сөздерден құрастырылған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.3.4.1 мәтіннің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтар құрастыру және оған жауап беру.

2.5.1.1 мұғалімнің көмегімен заттың атын/ сынын/ санын/ іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдердіңмағынасын түсінеді.

Көбі: қарапайым сұрақтар құрастырады және оған жауап береді.

Кейбірі: заттың атын/ сынын/санын/ іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолданады.

Күтілетін нәтиже

Өз досы туралы мәтін құрайды, диалог құрады.

Жаңа сөздер

Сенімді, жақсы, адал.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, тақырыпқа қатысты суреттер, желім қағаздар.

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сипаттау, сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Бағдаршам» топтық жұмыс, сергіту жаттыуы

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік

Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс –әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларды « шаттық шеңберіне» тұрғызады, сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне сәттілік, жақсы тілектер айтады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерін анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Ой шақыру. Мұғалім слаидтардан «достық» ұғымын бейнелейтін үзінділерді көрсетеді, жаңа сабақтың мақсатымен байланыстырады.

Айтылым. Оқушылар слайдтарды көреді, кейіпкерлерді сипаттайды, олардың достық қарым-қатынастарын талдайды. .

ІІ. Мағынаны тану

І.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Оқулықтағы мәтінді оқытады, талдайды.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталайды.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады.

Тыңдалым, оқылым. Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Жазылым.Мәтінді оқиды. Өз досы туралы мәтін құрастырып жазады.

4. Білгенге маржан. Берілген мақалды оқытады, мағынасын түсіндіреді.

Оқылым. Мақалды оқиды, жаттайды.


5. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Достары жайында диалог құрады.

IV. Бекіту.

А) Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Берілген тақырыпқа мәтін құрап жазады..

Ә) «Есте сақта!»айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемді оқиды, талдайды.

V.Бағалау.

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Бағдаршам үлгісі бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма.


Оқулықтағы 2- тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия.

Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер) таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға (стикерлерге) жазып, тақтаға іледі.


















































1- сабақ

Тақырыбы:

Терезеде гүл тұр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.2.1. күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

2.5.1.2сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді.

Көбі: сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолданады

Кейбірі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Күтілетін нәтиже

Қарапайым сөйлеу үлгілерін құрайды. Сұрақтарға жауап береді, гүлді қалай күтетіні жайлы ақпарат береді.


Жаңа сөздер

Сынып, гүл, тұр, су құяды.

Сабақта қолданылатын материалдар

Суретті плакаттар, интерактивті тақта, парақшалар, үлестірме материалдар, смайликтер.

Оқыту әдістері

Т.сіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап әдісі, «Гүлмен сөйлес» ойыны, семантикалық карта, «Жеке әңгіме» техникасы.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік

Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс –әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Интерактивті тақтадан алуан түрлі гүлдерді көрсетіп, оқушылардың көңілін көтереді.
- Аналарыңа, әжелеріңе қандай гүл сыйлар едіңдер?- деп сұрақ қояды.

Оқушылар өз ойларын айтады.

Өткен сабақты тексеру

Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерін анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсыманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

«Гүлмен сөйлес» ойыны.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, жаңа сабаққа кргізу үшін ойнатады..
Мұғалім оқушыларға:
- Балалар, гүлмен кім сөйлесе алады? – деп сұрақ қояды. Мұғалім гүлдің қасына барып сөйлескендей кейіп танытады.
- Ал сендер сөйлесіп көріңдерші,- депоқушыларды ойынға тартады.
-Гүл не деді?- деп сұрақты өрбіте келе, «Маған су құй- деді» деген сөйлемді айтқызуға жақындатады.
Сөйтіп, мұғалім жаға сабақтың гүлге байланысты екендігін білдіреді.

Оқушылар бұл тосын сұраққа абдырап қалуы мүмкін. Бірақ олар сұрақтың мәнін түсінгеннен кейін :
- Мен сөйлесе аламын!- деген жауаптар айтады.

ІІ. Мағынаны тану

І.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Оқулықтағы мәтінді оқытады, талдайды.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталайды.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды, оқижы, жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады

Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар береді
1- деңгей. Мәтін бойынша «Не?» деген сұраққа жауап беретін сөздерді табады.
2- деңгей. Неше? Қандай? Сұрақтарына жауап беріп тұрған сөздерді, зат есімдерді тіркестіріп сөз тіркесі түрінде айтып береді.
3- деңгей. Сөйлемдердегі сан есімдердің, сын есімдердің орнын басқа сөздермен ауыстырып айтады..

Оқылым..Мәтінді оқиды, суретті мәтін мазмұны бойынша орналастырады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды.

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Оқушылар суретке қарап, сөйлемдерді толықтырып жазады.

Б)Айтылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады. Оқушылар гүлдердің түстерін ажыратқаннан кейін, тақтадағы сөздерді «қызыл, сары, көк, ақ» деген сын есімдерден толықтырып сөйлем құратады.

Айтылым. Оқушылар гүлдердің түсін ажыратады. Оқушылар гүлдердің түстерін ажыратқаннан кейін, тақтадағы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрады. Тапсырманы ауызша орындайды.

4. «Кел, жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді оқиды, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Айтылым. Өлеңді тыңдайды, мәнерлеп оқиды.



5. Сергіту сәті.

Оқушыларға сергіту жаттығуларын жасатып, тақпақты бірге қайталатып, қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалайды.
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым,
Артқа бір адым,
Оңға бір бұрылып
Солға бір бұрылып.
Жоғары, төмен қарайық,
орнымызды табайық!

Мұғалімнің қимылын қайталап, сергіту жаттығуын жасайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

Мұғалім әр оқушыға сурет беріп, семантикалық қарта толтыртады.

Тақырыпқа қатысты кестені толтырады.

ІV. Бекіту

«Есте сақта!»айдарымен берілген өлеңдерді оқиды, талдатады.

Өлеңдерді оқиды, талдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

V.Бағалау.

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды.

«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады.

VI. Үйге тапсырма.


Жазу дәптермен жұмыс.


VII. Рефлексия.

Мұғалім түрлі желімқағаздар (стикерлер) таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға (стикерлерге) жазып, тақтаға іледі.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
5060
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі