Материалдар / Сабақ жоспары "Бар білімнің қайнар көзі- кітап" 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Бар білімнің қайнар көзі- кітап" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарында 5-сыныпқа арналған кітап туралы тапсырмалар, сұрақтар берілген. Оқушыларға кітап оқығанның пайдасы мен ұқыпты ұстау туралы мәлімет береді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
900
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бар білімнің қайнар көзі – кітап.Мақсаты: ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол , еңбекқор ұрпақты тәрбиелеу барысында кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру; кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту; кітапты сүюге баулу, күтіп ұстау ережелерін білу.Көрнекілігі: «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітаптар көрмесі, слайд-презентация, сұрақтар мен жұмбақтар. БарысыПсихологиялық дайындық: Кітап та алма ағашы Жемісін бізге беретін. Тәтті алмаға балашы Кітабыңның әр бетінКітапханашы: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!Сендер кітап оқығанды жақсы көресіңдер ме? Бүгін біз кітапхана, кітап туралы әңгіме қозғамақпыз. Біз сендердің қандай кітап оқығандарыңды, білімдеріңді білгіміз келеді. Қанеки 2 топқа бөлініп алайық1-топ «Кітап» 2- топ «Кітапхана» Ал, балалар, «кітапхана» сөзі нені білдіреді? Кітапхана – араб тілінен « жазу қоймасы» деген сөз. Ал, «кітап» сөзі нені білдіреді? Кітап – араб тілінен «жазу» дегенді білдіреді. ( балалардың өз жауаптарын сұрау) Кітап – ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең. Сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?(оқушылардың жауабы)Бүгінгі сайыс сабағымыз 5-кезеңнен тұрады. 1-кезең «Артық білім кітапта» 2 топқа кезекпен аралас сұрақтар қойылады. 2-кезең «Мақал- сөздің мәйегі» мақалдардың жалғасын табады. 3-кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» суреттегі зат кімдікі екенін табу керек. 4-кезең «Иә, жоқ» келісіп, келіспеген сұраққа жауап беру керек. 5-кезең «Суреттер сөйлейді» берілген суреттеді қимылмен келтіріп түсіндіру Әр кезеңдегі 1-тапсырма 5 баллдық жүйемен бағаланады. Бұл сайысымызға төрелік ететін Айнұр апай мен Гүлжан Ақылбековна. Ендеше 2-топ дайын болса, сайысымызды бастасақ. 1-кезең «Артық білім кітапта» сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 балл беріледі. 1-топқа – Кітап неден жасалады?(ағаш) –Әліппенің атасы кім?(А.Байтұрсынұлы) – Азайып бара жатқан жануарлар, аңдар енген кітап қалай аталады?( Қызыл кітап) – Тудың авторы кім?( Шәкен Ниязбеков) - Әлемдегі ең үлкен 2 көне кітапхананы ата? (Отырар мен Александрия) – Қазақстандағы ең кішкентай кітап? (С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» таңдамалы лирикалық сувенир кітабы)2-топқа – Кітап сөзі қандай мағынаны береді? (жазу) – Айналадағы дүниені оқытатын пән қалай аталады?)(дүниетану) – Әлемдегі бағасы ең қымбат кітап?( Француз жазушысы Жозер Фореннің «Апокалипсис» кітабы құны100 миллион франк) – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан қабылданды? (16.12.1991ж) – Әлемдегі ең кішкентай кітабы қай елде шығарылды, бетінің ұзындығы мен бет саны туралы не білесіңдер?(Жапондар шығарған Токиодағы мұражайға бетінің ұзындығы 0,75 мм көзілдірікпенде көзілдіріксізде оқуға мүмкін емес, 22 беттік микрокітап) Өте жақсы, сайыскерлерімізге рахмет! Қазылар алқасынан баға беруін сұраймыз! Енді әлемдегі таңғажайып кітаптар мен кітапханаларға шолу жасап өтейік.(слайд көрсету) 2- кезең «Мақал- сөздің мәйегі» мақалдардың жалғасын табу керек. 1-топқа - Кітап – білім бұлағы,................ – Жеті жұрттың тілін біл, ........................ Әдепті бала - арлы бала,...................... – Күш –білімде, білім - .............. 2-топқа - Наданмен дос болғанша, ........ – Жеті рет өлшеп,............... – Қына тасқа бітеді,................... – Кітап - ...........(алтын қазына) Жақсы балалар мақал-мәтелдерді жақсы біледі екенсіңдер.Жарайсыңдар! Ал, енді қазылар алқасынан баға берулерін сұраймыз! 3-кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» суреттегі зат қай ертегінікі екенін табу керек. 1-топқа – Кебіс кімдікі? (ханшайым) – Себеттегі самса кімдікі?(қызыл телпек) –Жыртық шапан кімдікі?(Алдаркөсе) – Кілт кімдікі?(Буратино) 2-топқа - Тоқпақ кімдікі?(Ұр тоқпақ) -Лақ кімдікі?(7 лақ ) – Мейіз кімдікі?(Мақта қыз) – Үлкен қалпақ кімдікі?(Қаңбақ шал) Бәрекелді балалар сендер өте тапқыр екенсііңдер! Ал, енді қазылар алқасының бағаларын естіп алайық! 4-кезең «Иә, жоқ» келісіп, келіспеген сұраққа жауап беру керек. 1-топқа сұрақ: Кітап нені сүйеді/ жақсы көреді?
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!