Сабақ жоспары "Бастауыштан кейін қойылатын сызықша" 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Бастауыштан кейін қойылатын сызықша" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың бастауыш пен баяндауыш жайындағы алган білім, дағдыларына сүйене отырып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру; бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауды үйрету. Бастауыштан қойылатын сызықша туралы біледі; Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалатынын біледі. Тыныс белгісін қойып жазу. Бастауышты бір сызықпен, баяндауышты екі сызықмен сызу Бастауышы зат есім, баяндауышы етістік болатын бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні/айы

Пән



Қазақ тілі 3 сынып


Сабақтың тақырыбы

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша.

Жалпы мақсаты

оқушылардың бастауыш пен баяндауыш жайындағы алган білім, дағдыларына сүйене отырып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру; бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауды үйрету.

Күтілетін нәтижелер

Бастауыштан қойылатын сызықша туралы біледі;

Бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалатынын біледі

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап.

Ресурстар

Дидактикалық материалдар, кесте.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі



1. Сабақтың мақсатын түсіндіру

2. Психологиялық тренинг.

Жарқырап күн де шығады,

Айналаға нұр шашылады.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Әрбір адам?

  • Досым, сыныптасым.

Әрбір сабақ?

  • Үйрену, оқу, іздену.

Әрбір ісің?

  • Тірлік, тірек, адалдық.

Әрбір сөзің?

  • Шындық, бірлік, адалдық.

3. Топқа бөлу.

Сандар арқылы.

4. Бағалау критерийлерін жасау. (кесте арқылы)




1.Сабаққа назар аудару

2.Сабаққа қызығушылығын арттыру. Топқа бөліну. Сабақ мақсатымен танысады.

Негізгі бөлім



І. Үй тапсырмасын тексеру.

Үш баладан ережені сұрау.


ІІ. Қызығушылықты ояту

«Иә, жоқ» тест.

Мақсаты: оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.

1. Бастауыш сөйлемнің негізгі мүшесі . - Иә

2. Баяндауыш – Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап береді .- Жоқ.

3. Бастауыш – Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап береді .- Иә.

4.- Баяндауыш – Не істеді? Не қылды? Қайтті ? сұрақтарына жауап береді .- Иә


ІІІ. Мағынаны тану


Оқулық, дәптермен жұмыс.

1 – жаттығу. Жазбаша. Тақтада орындалады. (жеке жұмыс).


4 – жаттығу. Жатқа жазу. Өзара бағалау жұмысын жүргізу. ( жұптық жұмыс).


Сергіту сәті


Топтық жұмыс:

1-топ: Тыныс белгісін қойып жазу. Бастауышты бір сызықпен, баяндауышты екі сызықмен сызу

  1. Отансыз, адам ормансыз бұлбұл.

  2. Жалбыз хош иісті, дәрілік өсімдік.

  3. Шұбат шипалы сусын.

2-топ: Бастауышы зат есім, баяндауышы етістік болатын бірнеше сөйлем құрастырып жаз.

Қарға, құс, орақ, сайман, доп, ойыншық, қалам, құрал.

3-топ: Сызба бойынша сөйлем құрастыру.

Топтық жұмысты қорғау.

Рефлексиялық бағалау кезеңі.

Мен білдім ......................................

Мен үйрендім ..............................

Маған ұнады ...............................

Мен қиналдым .......................

Менің көңіл – күйім .............................



Сұрақтарға жауап беру.












Сұрақтарға жауап береді.







Дәптерде жұмыс.





.




Топпен жұмыс жасайды. Өз жұмыстарын қорғайды.






Бағалау


- өзін –өзі бағалау

- өзара бағалау

- мұғалімнің бағалауы.

Үйге

тапсырма

77-бетте 3-жаттығу



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
1277
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі