400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Б.Соқпақбаев "Менің атым-Қожа" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз сабақ жоспарым арқылы әріптестеріммен тәжірибе бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ 44 (7)

Мектеп: «Ә.Байсалбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ

Күні : 15.02.2018

Мұғалімнің аты – жөні: Сансызбаева Жаңыл

Сынып: 5 «Ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Түбінде адам болатын бала

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.3.3.1 Әдеби эссе.Шығармадағы кеіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу

Сабақтың мақсаты:

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстырады;

Әдеби эссе жазады

Бағалау критерийлері:

  • Кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстыра алады

  • Әдеби эссе жазады

Дескриптор

  • Эссе жазады

  • Салыстыру жасай алады

  • Эссе құрылымын сақтайды

  • Шынайы өмірмен байланыстыра алады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсаттар:

Титықтап, дәйектеме,композиция, сюжет, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, шынайылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет , тарих

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс - әрекеттер

Сабақтың басы

5 мин











Сабақтың ортасы

8 мин























8 мин
















5 мин








10 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу ;

  2. Топқа бөлу: берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрастыру арқылы 4 топқа бөлемін

1 – топ: Кешегі күні бойғы әрекеттен кейін тұяқ серіппей қатып ұйықтап қалыппын.

2 – топ: Көзімді ашып алып, қабырға сағатқа қарасам, сегізге он бес –ақ минут қалған екен.

3 – топ: Кеше титықтап келіп, сабақ қарауға мұршам болмап еді.

4 – топ: Бүгінгі болатын пәндерді сумкама асығыс салып алдым да, мектепке жүгірдім.


Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен айтамын

1 – тапсырма. Ж. «Бұл кім және қай сәт?»

Бұл қай сәт? «Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңе ұқсар деймін».

Бұл қай сәт? « Маңдайдан буым бұрқырап, есік алдына шықтым.Сәйбек көрінбейді.Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын.Не деп шешер екен? Мектептен шынымен – ақ шығара ма?»

Бұл кім? «Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш».

Бұл кім? «Галифе шалбар киген жіңішке аяқтары сидиып , шашы қақ жұрыла желбіреп, қаздиып тұр».

Бұл кім? «Шыбыным, әйтеуір ешкімге тимей, ұрынбай, жайыңа жүр.Сенің тентегіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма».

Бұл кім? «Жаңа оқытушы бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды...».

Бұл кім? «Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тасталды деп екеумізді бірдей құдалап пәле қылады.Оқи бер.Оқудың түбіне сен –ақ жет.Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер».


2 – тапсырма. ТЖ. «Ақыл – ой картасы»

Оқушылар Қожаға қатысты «Ақыл – ой картасын» сызу үшін төмендегі айдарлары қолданады:


  • Түрі қандай?

  • Не айтты және қалай сөйлейді?

  • Ол не істейді?

  • Ол туралы басқалар не ойлайды?


Автор көзқарасы

Оқушы көзқарасы

Автордың кейіпкерді суреттеуге қолданған маңызды жолдарын көрсетеді

Автордың суреттеуі арқылы қалыптасқан өзіндік ой


Бағалау критерийі бойынша топтар бір – бірін бағалайды.


Бағалау критерийлері

Дискрипторлар

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра алады, қарама –қарсы суреттеулерді таба алады

  • Әңгеменің мазмұның біледі;

  • Салыстыру жасай алады.

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстыра алады.

  • Суреттеулерді таба алады;

  • Шынай өмірмен байланыстыра алады.


3- тапсырма

«Түбінде адам болатын бала» тақырыбында эссе жазу

Дискриптор

  1. Әдеби эссе жазады

  2. Эссе құрылымын сақтайды

  3. Сауатты жазады


Сабақтың соңы

4 мин

Кері байланыс : «Мадақтау сэндвичі»

1 – бөлік: Позитивті комментарий, не ұнады;

2 – бөлік: Сындарлы сын, нені жақсарту керек;

3 – бөлік: Келешекке арналған комментарий: маған ұнады, бірақ келесі жолы....


Үйге тапсырма

«Сенім арту» бөлімін оқып келу


Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік ережелері.

АКТ – мен байланыс .

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Оқушыларға қолдау көрсету үшін түрткі сұрақтар мен тапсырмалар дайындадым, жұптық және топтық талқылауларды бақылап, қажет болғанда көмекші нұсқаулар беріп отырамын

Жұптық және топтық талқылауларды бағалау арқылы

Сабақта оқушы өзінің білмейтіні үшін алаңдаушылық сезімде болмауын қадағалаймын, барынша қолдау көрсетемін. Ұлттық құндылықтарды талқылау арқылы олардың заманауи әлемдегі маңызын түсінуше көмектесемін

Ойлану

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Жалпы баға


Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?


1:


2:


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты) ?


1:


2:


Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болу мүмкін қандай ақпарат алдым?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 мамыр
518
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі