400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: Бұқар жырау 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 9 сынып ұстаздарына сабақты жүргізуге көмек ретінде, ҚМЖ бөлісуге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: қазақ әдебиеті


Мектеп: № 15 орта мектеп


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сартбекова Жаркыл

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

І бөлім Атадан қалған асыл сөз

Сабақ тақырыбы:

Бұқар жырау «Тілек» өлеңі

Оқу мақсаттары

А.И. 9.2.4.1 – автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.

Б.С. 9.3.2. 1 – шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады.

Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жаза алады, ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда салыстыра алады.

Көпшілігі орындай алады

Ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады

Ұрпақтар сабақтастығына баға бере отырып, өз көзқарасын тың пікірлермен дәлелдей алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

Бағалау критерийлері

  • Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жаза алады.

  • Ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда салыстыра алады.

  • Жаңашылдығына баға бере алады.


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жаза алады,

шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

толғау, жыр, жырау,залым, төсек тартып, тегін олжа, жесір.

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

тілек тілеу, күнә жасамау, адамгершілік қасиеттер, сөзге ермеу, жақсылық ойлау, көмегіңді аямау.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Бұқар жырау қай ғасырда өмір сүрді?

  • Жырау толғауларының басты тақырыбы?

  • Жыраудың адамгершілікке, адалдыққа баулитын қандай өлеңдері бар?


Құндылыққа баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, тарих


Тақырып бойыншы алдыңғы білім

Бұқар жырау


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин



















Сабақтың ортасы

15 мин




















15мин








Ширату жаттығуы

«Сократ шеңбері» бойынша оқушыларды ішкі және сыртқы шеңберге жиалып, өткен сабақтан алған білімдерін жұбымен талқылайды. Бірінші сыртқы шеңбердегі оқушыларға сұрақ қойылады, ішкі шеңбердегілер жауаптарын тыңдайды.

  • Бұқар жырау қай ғасырда өмір сүрді?

  • Жырау толғауларының басты тақырыбы?

  • Жыраудың адамгершілікке, адалдыққа баулитын қандай өлеңдері бар?

Ішкі шеңбердегі оқушыларға сұрақ қоямын. Сыртқы шеңбердегілер жауаптарын тыңдайды.

- Жырау мен жыршының айырмашылығын ата?

- Бұқар жырау қай жылы, қай жерде дүниеге келді?

- Бұқар жырау қай ханның тұсында өмір сүрді?


Оқушылар бір –біріне тілек айтады. Денсаулық, амандық, бірлік тілектері арқылы топқа бөлемін.



1-тапсырма

Өлең оқуға арналған идея

«Денсаулық» тобы: нақты әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өлең жазу.

«Амандық»тобы: Кейбір негізгі сұрақтарды қоя отырып,ақынға хат жазу.

«Бірлік» тобы: Өлең -ақын туралы мектеп журналына мақала жазу.


Дескриптор:

-автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жаза алады.

- Жанрлық ерекшеліктерін сақтай алады.

-автор шығармашылығын заманауи жаңашылдығымен байланыстырады.

Қалыптастырушы бағалау: жазбаша

(Өлең жолымен ойыңды жақсы жазыпсың, бірақ ұйқас түріне көңіл бөлу керек. Негізгі сұрақтарды қолданып, ақынға хатты өте жақсы жазыпсың, жарайсың! Жырау туралы мақаланы өз ойыңдағыдай жақсы жеткізе білдің, жарайсың!, Жырау туралы тарихи деректерді оқу керек.Болашақта жазба жұмыстарды өте жақсы жазу үшін грамматикалық сауаттылықты білу қажет. Ол үшін көп оқу керек, оқушы!.)


2-тапсырма

«ПОПС» әдісі

Оқушылар толғаудағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырады. Сондықтан «Попс» әдісі арқылы тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, стиліне сүйене отырып, көзқарасын білдіреді, шешім шығарады.

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .


Дескриптор:

1.Толғаудағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстыра алады.

2.Өз көзқарасын білдіріп, жаңашылдығына баға бере алады.


Қалыптастырушы бағалау: ауызша

(Оқушы өте жақсы өз ойыңды еркін айтып жеткіздің! Сөз еркіндігі деген осы, оқушылар! Жарайсыңдар!










Қазақ әдебиеті

9 сынып

Ақтанова А.С.Жүндібаева, А.Қ.Жұмекенова, Л.К.

Алматы «Атамұра»2019




10-үлестірме материалы 8-күн,

3-сабақ











Оқыту мен оқудағы белсенді әдіс-тәсілдер, 8-бет. Медеров Ғалымжан Маратұлы

Сабақтың соңы

5-минут

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін «бес саусақ» әдісімен білдіреді.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?


Үйге тапсырма: «Тілек» өлеңін жаттап келу.

Жаңа әдіс-тәсілдер

11-бет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік, Акт-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).

Оқу мақсатынан сабақ мақсатын нақтыладым. Оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды саралап алдым. Сараланған тапсырмаларды орындауда «Попс» әдісін қолдандым.

«Попс» әдісі арқылы тақырып бойынша өз пікірін дәлелдеп, стиліне сүйене отырып, көзқарасын білдіреді, шешім шығарады

Қолдауды қажет ететін оқушылар өз ойын нақты жеткізе алмады.Оқушылар мен мұғалім көмегін қажет етті.Сол себепті ауызша, жеңіл сұрақ-жауап әдісін қолдандым.

Орта деңгейдегі оқушылар сөз байлығын, сөздік қорын дамытуды қажет етті.Көркем әдеби кітаптарды көп оқу керек екендігін ескертіп, талап еттім.

Қабілетті оқушылар өз ойын еркін, жан-жақты мысалдармен тиянақты жеткізе білді. Оларға жақсы мадақтама сөздер арқылы қолдау көрсетілді.


Оқушылар тапсырманы қандай деңгейде орындаса да, кері байланыс арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

1 - тапсырманы орындауына қарай (өлең жолымен ойыңды жақсы жазыпсың, бірақ ұйқас түріне көңіл бөлу керек. Негізгі сұрақтарды қолданып, ақынға хатты өте жақсы жазыпсың, жарайсың! Жырау туралы мақаланы өз ойыңдағыдай жақсы жеткізе білдің, жарайсың!, Жырау туралы тарихи деректерді оқу керек.Болашақта жазба жұмыстарды өте жақсы жазу үшін грамматикалық сауаттылықты білу қажет. Ол үшін көп оқу керек, оқушы!) жазбаша кері байланыс беруге болады.

2 – тапсырманы орындауына қарай (оқушы өте жақсы өз ойыңды еркін айтып жеткіздің! Сөз еркіндігі деген осы, оқушылар! Жарайсыңдар!


Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыра отырып, тарихи деректерді ұғынады.

-Оқуды жақсарту үшін сабақ басында ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пайдаланылады.

« Мәңгілік ел » идеясының құндылықтары негізінде тәрбиелеу көзделеді.




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды.

Оқушылар автор стиліне сүйене отырып,шығармашылық жұмыс жазуды үйренді. Автор шығармашылығының мазмұнына сүйене отырып, оқушы өз ойын заманауи жаңашылдықпен байланыстыра білді. .

Тапсырмалар нақты және оқу мақсатына сай берілгендіктен сабақ жоғары деңгейде өтті.

Оқушылардың тақырыпты қабылдау деңгейіне, қажеттілігіне, жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар сәйкес болды, жоспарланған саралау жақсы іске асты.

Оқу мақсаты СМАРТ-қа негізделгендіктен уақыт тиімді пайдаланылды.

Жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Ширату жаттығуы өз деңгейінде өтіп, оқушылар барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

2: Сабақ мақсатын меңгертуде өлең оқуға арналған идея мен «Попс» әдістерін қолдану өте сәтті шықты.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: «Крест-нөл» әдісі сабақта тиімді әдіс болады.

2: Сабақты қорытындылау мақсатында «Менің сөзім» әдісін қолданар едім

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымда жетілдіруге көмектесу туралы мен не білдім?

Ойдан өлең жазу үшін өлең ұйқасына көбірек мән беру керек.Өз ойын ауызша жеткізу мақсатында сөйлем құрылымын, сөз байлығын жетілдіру үшін оқушымен көбірек жұмыстануым керек.





Авторы: Сартбекова Жаркыл Бакытовна қазақ тілі пәні мұғалімі.

Қала: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.

Мекеме: №15 орта мектеп

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
8 ақпан
2353
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі