Сабақ жоспары: «Буллингтен қорған!» «Жедел қызмет телефон нөмірлері» 11 сынып

Тақырып бойынша 28 материал табылды

Сабақ жоспары: «Буллингтен қорған!» «Жедел қызмет телефон нөмірлері» 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Буллингтен қорған!» «Жедел қызмет телефон нөмірлері»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары

«Буллингтен қорған!» «Жедел қызмет телефон нөмірлері»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

1 1 « »

Сабақтың мақсаттары:

-Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу

- жоғары сынып оқушыларына қажет болған жағдайда жедел жәрдем нөмірлерін есте сақтауға және дұрыс пайдалануға үйрету.

Құндылық :

Заң және тәртіп

Бірлік және ынтымақ

апта дәйексөзі: « Шығармашыл бала-ойлы бала »

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар




35 мин


































Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

Шағын сұрақтар:

«Буллинг дегенді қалай түсінесіңдер?

«Өміріңде осындай жағдайды байқадың ба?»

Кіріспе бөлім :

Мұғалімнің сөзі:

«Буллинг – бұл біреуді әдейі ренжіту, қудалау немесе қорқыту. Буллинг әртүрлі түрде болуы мүмкін: физикалық, ауызша, әлеуметтік және кибербуллинг (интернет арқылы). Бүгін біз буллингтің қандай зиян тигізетінін және одан қалай қорғану керектігін талқылаймыз.»

Буллингтің түрлері туралы қысқаша ақпарат:

1. Физикалық: ұру, итеру, заттарын лақтыру.

2. Ауызша: мазақ ету, қорлау, жаман сөздер айту.

3. Әлеуметтік: басқа адамды топтан шеттету, беделін түсіру.

4. Кибербуллинг: интернет арқылы қорқыту, әдепсіз хабарламалар жіберу.

Негізгі бөлім :

1) Буллингтің зардаптары:

Құрбан болған адамның психологиялық жағдайына әсері:

Өзін-өзі төмен бағалау, үрей, жалғыздық сезімі.

Қоғамға әсері:

Топ ішіндегі сенімсіздік, достықтың бұзылуы.

2) Буллингтен қорғану әдістері:

1. Өзіңе сенімді бол:

Тік тұрып, айқын сөйлеп, өз пікіріңді білдір.

2. Көмек сұра:

Ата-ана, мұғалім немесе сенімді ересек адамға айт.

3. Жағдайды елемеу:

Кейде ренжіткен адам ескерусіз қалғанда, ол әрекетін доғарады.

4. Қауіпсіз орта таңда

Сенімді достарыңмен бол және қауіпсіз жерлерде жүр.

5. Интернетте қауіпсіздік:

Бейтаныс адамдармен хат алмаспа, жеке мәліметтерді жариялама.

Жағдайлық тапсырмалар:

Жағдай: «Сыныпта бір оқушыны барлығы мазақ етеді. Ол өзін жалғыз сезінеді. Не істеу керек?»

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Жағдай: «Саған интернетте біреу қорқынышты хабарлама жіберді. Сен қалай әрекет етесің?»


Дұрыс шешімдерді талқылау.

Практикалық бөлім :

Рөлдік ойын

Топқа бөлініп, әртүрлі жағдайларды сахналау. Мысалы:

Бір оқушы ренжіп тұрғанда, достары оған көмектеседі.


Біреуді мазақтауды тоқтату үшін достары оны қолдайды.

қарым-қатынас орнатып, мейірімді болудың маңыздылығын түсінеді.

Қорытынды бөлім :

Мұғалімнің сөзі:

«Буллинг – бұл үлкен мәселе, бірақ біз оны бірге шеше аламыз. Әрқайсымыз мейірімді болсақ, бір-бірімізге қолдау көрсетсек, буллингті жеңуге болады. Егер сіз немесе сіздің досыңыз осындай жағдайға тап болса, міндетті түрде көмек сұраңыз.»

Сұрақтар:

«Сен буллинг жағдайында қалай әрекет етесің?»

«Бүгін не үйрендің?»

Бағалау:

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау.

Әр топтың жұмысына баға беру.


Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді







Оқушылар кластер жасап, оны қорғайды.


































Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады




Оқушы

лар бірін -бірі бағалай

ды

Презентация 1-8














Қауіпсіздік сабағы


10 мин








































ҚС:

Сабақтың мақсаты: жоғары сынып оқушыларына қажет болған жағдайда жедел жәрдем нөмірлерін есте сақтауға және дұрыс пайдалануға үйрету.

Негізгі міндеттері:

    1. шұғыл жағдайдағы әрекетке қажетті телефон нөмірлерімен таныстыру;

    2. қандай жағдайларда жедел жәрдем шақыру керектігін түсіндіру;

    3. балаларды төтенше жағдай операторына ақпаратты дұрыс және анық жеткізуге үйрету.

Сабақтың барысы

  1. Кіріспе (2 мин)

Шұғыл жағдайдағы әрекетке қажетті телефон нөмірлерімен кеңінен таныстыру.

    • Қажетті нөмірді тер.

    • Анық және байсалды сөйле.

-Аты-жөніңді, қайдасың, не болғанын айт.

«Есте сақта!»

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен

ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.


  • «111» нөмірі – 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

111


  1. Негізгі бөлім (6 мин)

Рольдік ойын:

  • Балаларды жұпқа бөліңіз. Бір оқушы қоңырау шалушы ролін ойнайды, екіншісі – төтенше жағдай операторы;

  • Әртүрлі жағдайлары бар (өрт, адам құлап қалды, көшеде біреу айғайлап жүр және т.б.) карточкаларды таратыңыз.

  • Жедел қызмет нөмірлерін жаттау: бала қалаған нөмірді теріп, операторға ақпарат беруі керек.

Жедел нөмірлерді қайталаңыз.

Сандарды есте сақтау үшін балалар 3-4 оқушыдан бірігіп сценарий құрастырып, орындап көрсін.

  1. Қорытынды (2 мин): қорытындылау, балаларға жедел телефондар жазылған карталарды немесе стикерлерді тарату.

Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/kz/telefony-goryachih-linij https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLL

ocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=7





















































Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/kz/telefony-goryachih-linij https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLL

ocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=7

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
64
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі