Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары "Дене мүшелері" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-сабақ

Сабақ тақырыбы

Дене мүшелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1. ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдері түсініп қайталау.

2.1.5.1. тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау.

2.2.3.1. тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау.

Көбі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысады және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді.

Кейбірі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді, сұрақтар қояды және сипаттайды.

Күтілетін нәтиже

Қазақ тілінде дене мүшелері туралы ақпарат береді, сөздерді қазақ тіліне аударады, диалог құрайды.

Жаңа сөздер

Көз, мұрын, құлақ, ауыз, тіс.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер, маркерлер, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, смайликтер.

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Баспалдақ» техникасы, «Кім тапқыр?» дидактикалық ойыны, постер, «Кері байланыс» тәсілі, сергіту жаттығу.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім сыныппен сәлемдеседі, жоқ оқушыларды түгендейді. Балаларды сабаққа дайындау үшін сұрақтар қояды:

  • Балалар, бүгін көңіл-күйлерің қандай?

  • Сабаққа белсене қатысуға дайынсыңдар ма?

Мұғаліммен амандасады. Қойылған сұрақтарға смайликтерді көрсету арқылы жауап береді.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы орындайды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын ояту мақсатында интерактивті тақтадан дене мүшелеріне қатысты дайындаған слайдтар көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды:

  • Балалар, дене мүшелері жайлы не білесіңдер? Дене мүшелерін атап беріңдерші.

Слайдтарды көреді, сипаттайды, дене мүшелерін атайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтумен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 1 тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді

Ә) Жазылым. Оқулықтағы 3 тапсырманы орындатады.

Жазылым. Суреттерге қарайды, толықтырып жазады.

4. Мәнерлеп оқу. «Кел жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.

5. Сергіту сәті. Мұғалім оқушыларға А4 парағы мен түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер таратады. «Дене мүшелері» тақырыбына постер жасатқызады.

А4 парағына тақырыпқа қатысты постер жасайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Диалог құрайды.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 5 тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттерді сәйкестендіреді.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім оқушылардың өзін өзі бағалау бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім «Кері байланыс» әдісімен кесте таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кестеге толтырады.



























































3-сабақ

Сабақ тақырыбы

Әлібек, тісіңді тазала!

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1. тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау.

2.2.6.1. салыстыру негізінде ақпарат, кейіпкер, оқиға туралы қарапайым ой-пікірін (мен ... ойлаймын, мен ... санаймын) айту.

2.5.1.2. сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолданады.

Көбі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды.

Кейбірі: салыстыру негізінде ақпарат, кейіпкер, оқиға туралы қарапайым ой-пікірін айтады.

Күтілетін нәтиже

Өзінің күнделікті іс-әрекеті туралы ақпарат береді, сөйлемдерді толықтырып жазады.

Жаңа сөздер

Тара, бет.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кеспелер, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар, желімқағаздар (стикерлер).

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Сиқырлы қоржын» ойыны, диалог, «Шағын шолу» тәсілі.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі сабақты бастайық!

Оқушылар мұғалімдерімен бірге қайталап, бір-біріне жақсы тілектер айтады. «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін. Бес ал. Жақсы жауап бер».

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы орындайды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Балаларға түрлі түсті заттардың суреті жапсырылған (тарақ, сүлгі, тіс щеткасы, сабын, коньки, қалпақ, жейде, т.б.) А4 парағын таратады.

Оқушылар берілген суреттерден тазалыққа қатысты заттарды қоршап сызады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтумен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1 тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттерге қарайды, сөйлемдерді толықтырып айтады.

Ә) Оқылым. Оқулықтағы 2 тапсырманы орындатады.

Оқылым. Суреттердің орнына қажетті сөздерді қойып оқиды.

4. Сергіту сәті. «Сиқырлы қоржын» ойынын ұйымдастырады.

Әр оқушы қоржынның ішінен сөз жазылған бір карточканы алады. Сол сөзді қатыстырып 2 не 3 сөйлем құрайды.



ІІІ. Ойтолғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарды пайдаланып диалог құрайды.

IV. Бекіту

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Сөйлемдерді толықтырып жазады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақшалар таратады.

Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерді, сөйлемдерді парақшаға жазады.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Мұғалім оқушыларға желімқағаздар (стикерлер) таратып береді.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін желімқағаздарға жазып, тақтаға іледі.

























4-сабақ

Сабақ тақырыбы

Әнелдің шашы ұзын.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1. тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау.

2.2.6.1. салыстыру негізінде ақпарат, кейіпкер, оқиға туралы қарапайым ой-пікірін (мен ... ойлаймын, мен ... санаймын) айту.

2.5.1.2. сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолданады.

Көбі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды.

Кейбірі: салыстыру негізінде ақпарат, кейіпкер, оқиға туралы қарапайым ой-пікірін айтады.

Күтілетін нәтиже

Жаңа заттық, сапалық атауларды меңгереді, сөйлемдер құрайды, салыстырады.

Жаңа сөздер

Шаш, ұзын, қысқа, қоңыр.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кеспелер, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар, желімқағаздар (стикерлер).

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, «Кім тапқыр?» дидактикалық ойыны, «Бағдаршам» тәсілі, синквейн, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл күйді анықтау» тренингі негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп, езу тартып тұрған, қабағы түюлі, ь.б.) салады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы орындайды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім слайдтан шашы ұзын сүйкімді қыздың суретін көрсетеді. Сол қыздың кескін келбетін сипаттап берулерін сұрайды.

Оқушылар слайдтағы қызды сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтумен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Оқулықтағы 1 тапсырманы орындатады.

Оқылым. Мәтінді оқиды.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.

Б) жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардың бойжазуы үшін орындарынан тұрғызып, сергіту жаттығуын жасатады.

Ал, балалар, тұрайық!

Алақанды ұрайық!

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық!

Айтылым. Сергіту жаттығуын жасайды. Оқушылар хормен айтып, орындарында жасайды.

5. Мәнерлеп оқу. «Кел жаттығайық!» айдарымен берілген өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушыларға өлеңді жаттатады, мәнерлеп оқуға машықтандырады.

Тыңдалым. Айтылым. Тыңдайды, мәнерлеп оқуға машықтанады, жаттайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

Бірнеше сөздер беріп, жаңа сөздерден синквейн құрастыру тапсырады. .

Синквейн құрастырады:

Шаш

Әнелдің шашы

Әнелдің шашы әдемі

Әнелдің шашы өте әдемі

Әнелдің шашы ұзын, өте әдемі.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Бағдаршам» үлгісі бойынша өзін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.















5-сабақ

Сабақ тақырыбы

Менің көйлегім жаңа

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1. ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау.

2.2.6.1. салыстыру негізінде ақпарат, кейіпкер, оқиға туралы қарапайым ой-пікірін (мен ... ойлаймын, мен ... санаймын) айту.

2.5.1.2. сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды.

Көбі: сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолданады.

Кейбірі: салыстыру негізінде ақпарат, кейіпкер, оқиға туралы қарапайым ой-пікірін айтады.

Күтілетін нәтиже

Жаңа заттық, сапалық атауларды қатыстырып сөйлемдер құрай алады, киім-кешек атауларын сипаттайды.

Жаңа сөздер

Жейде, шалбар, бәтеңке, көйлек, жаңа, ескі.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кеспелер, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар, желімқағаздар (стикерлер).

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Шаттық шеңбері» тренингі, «Ойлан, тап!» стратегиясы, «Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі, диалог, «Бағдаршам» тәсілі, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім сыныпты сабаққа ұйымдастыру үшін оқушылармен бірге «шаттық шеңберін» құрады.

Оқушылар ортаға шаттық шеңберін құрып, мұғаліммен бірге ән айтады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы орындайды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Мұғалім «Ойлан, тап!» стратегиясы бойынша алдын ала тірек сөздерді (жейде, кітап, көйлек, үстел, орамал, дәптер, т.б.) тақтаға жазып қояды.

Тірек сөздерді қолдану арқылы тақырыпқа қатысты негізгі сөзді табады.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтумен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Айтылым. Оқулықтағы 1,3-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді, диалог құрады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім «Не артық?» ойынын ұйымдастырады (5 тапсырма).

Айтылым. Суреттерге қарап, ненің артық екенін атайды. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңеді.

5. «Білгенге маржан...» айдарымен берілген жұмбақты оқиды.

Тыңдалым. Айтылым. Жұмбақты тыңдайды, жауабын табады.

ІІІ. Ойтолғаныс

«Атаулар туралы үш сұрақ» тәсілі бойынша оқушыларға шалбар, көйлек, әдемі, жаңа, қызыл, сары, т.б. сөздер жазылған карточкалар таратады. Сөздерді пайдалану кезінде мынадай сұрақтарға ауызша жауап беруін сұрайды:

  1. Бұл сөзді қайда пайдаландыңдар?

  2. Болашақта күнделікті тұрмыста қалай қолданасыңдар?

  3. Осы сабақтан кейін бұл сөз қандай қолданыста болады деп ойлайсыңдар?

Әр оқушы бір сөзден таңдап алады, сұрақтарға ауызша жауап береді. Мысалы, әдемі сөзін көйлегіме байланысты қолдандым (Менің көйлегім әдемі). Жақсы пайдаландым. Жиі қолданамын деп ойлаймын.

IV. Бекіту

«Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзін бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Бағдаршам» үлгісі бойынша өзін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындау.


VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.

























6-сабақ

Сабақ тақырыбы

Сен күртеше киесің бе?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1. ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау.

2.2.4.1. оқиға желісін сақтай отырып, таныс сөздерді қолдану арқылы шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндау.

2.5.1.2. сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды.

Көбі: сөйлеу барысында көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын қолданады.

Кейбірі: шынайы және ойдан құрастырылған оқиғаларды баяндайды.

Күтілетін нәтиже

Жаңа заттық, сапалық атауларды қатыстырып сөйлемдер құрай алады, киім-кешек атауларын сипаттайды.

Жаңа сөздер

Баскиім, күртеше, жемпір, етік, киемін, пәлте, белдемше.

Сабақта қолданылатын материалдар

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, кеспелер, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, парақшалар, желімқағаздар (стикерлер).

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту жаттығуы.

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.



Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім сыныппен сәлемдеседі, оқушыларды түгендейді. Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық!

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер,

Бір-бірімізге сыйлайық!

Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы орындайды, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында тақырыпқа қатысты слайдтар көрсетеді, киім үлгілерін сипаттап берулерін сұрайды.

Киім үлгілерін сипаттайды.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтумен ауызша жаттығу жүргізеді.

Ә) «Дұрыс айт!» айдарында берілген сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады, бірнеше рет қайталатады.

Айтылым. Сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқулықтағы тыңдалымға арналған мәтінді тыңдатады. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Жаңа сөздерді қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Оқулықтағы 1-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Суреттерге қарап, сөйлемдерді толықтырады.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Суреттерге қарап, жауап береді.

Б) Жазылым. Оқулықтағы 3-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды жазады.

4. Сергіту сәті. Мұғалім «Түсі қандай?» ойынын (4-тапсырма) ұйымдастырады.

Айтылым. Диалог құрады.

ІІІ. Ойтолғаныс

Мұғалім жұптық жұмысты ұйымдастырады (5-тапсырма)

Айтылым. Диалог құрады.

IV. Бекіту

А) Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Жағдаяттық тапсырманың шартын орындайды.

Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды, жаңа сөздерді қайталайды.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Баспалдақтың суреті салынған парақ таратады. Мұғалім оқушылардың өзін өзі бағалау бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Өзіне ұнайтын киімнің суретін салу, сипаттау.


VII. Рефлексия

Мұғалім тақтаға бүгінгі сабақтың өтілу барысын сипаттайтын суреттер іледі.

Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарды (стикерлерді) жапсырады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
2580
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12