жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары: Доспамбет жырау 6 сынып
Қысқа мерзімді жоспар
|
Мектеп: |
|||||||||
|
Сабақ тақырыбы: Доспамбет жырау «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын, Ақ Жайық» өлеңдерінің тілі. |
|||||||||
|
Күні: 07.10.20 |
Мұғалімнің есімі: Қалиақбар Нұрзада |
||||||||
|
Сынып: 6 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны:
|
|||||||
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
|
6.2.2.1- эпикалық, поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтау; 6.3.4.1-Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау (6.Б/С4) |
||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар: Эпикалық, поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтайды; Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасайды; Оқушылардың басым бөлігі: Шығарманы негізге ала отырып, шығармадан көркемдегіш құралдарды табады; Кейбір оқушылар: Шығармаға сыни хабарлама жасай отырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді; |
||||||||
|
Бағалау критерийлері: (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) |
- Эпикалық, поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтайды; - Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасайды; - Шығарманы негізге ала отырып, шығармадан көркемдегіш құралдарды табады; - Шығармаға сыни хабарлама жасай отырып, шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді; |
||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым, |
||||||||
|
Терминология: теңеу, эпитет, метафора, интонация, т.б. |
|||||||||
|
Сөз тіркестері: сыни хабарлама, сайгез оқ, күдері, т.б. |
|||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Құрмет (әр оқушының, өзге оқушының ойына немесе өзге топтың пікіріне құрметпен қарауы). |
||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Қазақстан тарихы. (Доспамбет – қазақ хандығының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген, Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған жырау. ) |
||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба тыңдайды. |
||||||||
|
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім |
Доспамбет жырау туралы білгендерін айтады. |
||||||||
|
Жоспар |
|||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурстар |
|||||||
|
Басталуы 5мин |
Ұйымдастыру: І. Сәлемдесу ІІ.Оқушыларды түгендеу ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау «Айналайын, Ақ Жайық» толғауынан үзінді жаттау.(Оқушылардың үзіндіні жаттау барысында, дауыс ырғағына, дикциясына, интонациясына баса назар аударып, бағалаймын.) КБ: Жарайсыңдар, балалар! Өте тамаша! Келесі жолы мүдірмей, тоқтамай айтатыңдарына сенімдімін. Осы беттеріңнен таймаңдар! |
|
|||||||
|
Ортасы 2мин
10мин
10мин 7мин |
Сабақ мақсаттарын хабарлау:. Бүгінгі сабақта эпикалық, поэзиялық шығармадағы автор бейнесін анықтаймыз; Шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасаймыз; Оқылым. Жазылым. Жазылым алды тапсырмасы. 1-тапсырма: «Санамақ» әдісі бойынша екі топқа бөлінеді. Топтық жұмысты орындап жатқанда баяу күй қосылып тұрады. Тыңдалым, жазылым кезіндегі тапсырма: 1-топ: «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауындағы автор бейнесін анықтаңыздар. «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауында автор бейнесі ерекше көрініс тапқан. Поэзиялық шығарма болғандықтан, автордың ішкі толғанысы арқылы жазылған. Өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға позициясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі. Бұл толғауда эпикалық оқиғаны лирикалық сезіммен ұштастыра отырып, автор бейнесін ерекше көрсеткен. 2-топ: «Айналайын, Ақ Жайық» толғауындағы көтерілген мәселені анықтап, сыни хабарлама жазыңыздар. «Айналайын, Ақ Жайық» толғауындағы көтерілген мәселе сол дәуірдегі көшпелі қазақ өмірін, қазақ жұртына қалқан болған ерлердің қарекет сипатын, олардың асқақ рухты болмысын аңсау. Сыни хабарлама: «Айналайын, Ақ Жайық» толғауында көтерілген мәселе өзекті мәселенің бірі. Қалың елдің қамы үшін қай уақытта да бес қаруын бойынан тастамай, қапысыз қамданып жүретін батыр ерлердің бейнесі ерекше көрініс тапқан. Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттаған. Дескриптор: -«Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауындағы автор бейнесін анықтайды; -«Айналайын, Ақ Жайық» толғауындағы көтерілген мәселені анықтайды; -Сыни хабарлама жазады; Жазылымнан кейінгі тапсырма. ҚБ: «СМС» әдісі (Топтарға берілген таратпа қағаздар арқылы бір-біріне хабарлама жазып, бағалайды.) КБ: Жарайсыңдар! Шығарманы меңгергендерің көрініп тұр. Өте тамаша! Келесі тапсырмаларда да осылай белсенділік танытады деген ойдамын. Жазылым. Айтылым. Айтылым алды тапсырма 2-тапсырма: 1-топ: «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауынан көркемдегіш құралдарды теріп жазыңыздар. Жазылым кезіндегі тапсырма: Теңеу: оқ қылқандай, қан жусандай, аққан судай, . Эпитет: Қоғалы көлдер, қом сулар, Бетегелі Сарыарқа, т.б. Метафора: Кілең бұздай кілшейтіп. Ассонанс: Қоғалы көлдер, қом сулар, Қоныстар қонған өкінбес. 2-топ: «Айналайын, Ақ Жайық» толғауынан көркемдегіш құралдарды теріп жазыңыздар. Теңеу: Кетбұғадай билерден;т.б. Эпитет: сайгез оқ, ақ балта. Ассонанс: Күдеріден бау тағып, Кіреуке киер күн қайда? Күмбір-күмбір кісінетіп Күреңді мінер күн қайда? Аллитерация: Айналайын Ақжайық, Ат салмай өтер күн қайда? Еңсесі биік боз орда, Еңкеймей кірер күн қайда? Жазылымнан кейінгі тапсырма. ҚБ: «Индекс карточка» әдісі. Оқушылар карточканың бір бетіне қызықты болған, екі жағына қиындық тудырған жағдайларды жазады. КБ: «Ауызша кері байланыс» әдісі арқылы топтағы серіктестер бір-бірінің жазған жауабына «Негізі сен дұрыс жазғансың, алайда дәлелдемелер керемет немесе солғындау шықққан» деп кері байланыс жасайды, өзара бағалайды. Жазылым кезіндегі тапсырма. Жеке жұмыс 3-тапсырма: «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауының тарихи және көркемдік құндылығына баға беріп, кестеге түсіріңіздер..
Жазылымнан кейінгі тапсырма. ҚБ: «Бағалау терезесі» Арнайы таратпа қағаздарға белгі қойып бағалау. Кері байланыс: Жарайсыңдар, балалар! Шығарманы толық меңгеріп, тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар! Келесі сабақта да осылай үнемі белсенділік танытып қатысады деген ойдамын. |
https://youtu.be/k2kCI
Оқулықпен жұмыс
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған 7 желтоқсан 2620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | |||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген