жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: Электр тогы. Электр тогы көздері
|
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: » Тұрақты электр тогы Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 8 Қатысқандар: 24 Қатыспағандар: 0 |
||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Электр тогы. Электр тогы көздері |
|||||||||||||||
|
Оқу мақсаттары |
8.4.2.1-Электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру |
|||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Электр тогы, ток көздері ұғымын түсінеді Басым бөлігі : Электр тогы мен ток көздерін қолдануды біледі Кейбір оқушылар : ЭҚК-ке есептер шығаруды түсінеді. |
|||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Электр тогының пайда болуын біледі,ток көздерін атай алады; Электр тогын және ток көздерін тәжірибеде қолданады , өмірмен байланыстыра алады, есептер шығарады. |
|||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
|
|||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы |
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Геометрия, сызу,химия, биология |
|||||||||||||||
|
Тақырып бойынша алдыңғы бөлім |
Электростатикалық өріс, денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядының сақталу заңы, Кулон заңы , электроскоп, электр өткізгіштер және электр тогын өткізбейтіндер, атом құрылысы, элементар электр заряды, электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі туралы біледі. |
|||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||
|
Сабақтың жарияланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||
|
Сабақтың басы 7 мин |
1.Ұйымдастыру /Сыныпты түгендеу, амандасу.Сыныптың сабаққа дайындығына көңіл аудару / 2.Психологиялық ахуал туғызу. Шеңберде тұрған оқушылар қорапшаға салынған айнадан өз бейнелерін көріп мінездеме береді, мұғалім бүгін сыныпта осындай мақтауға лайықты оқушылардың қатысып тұрғанын хабарлап, сәттілік тілейді. 1,2,3 деп санап тақырыпқа сай сынып оқушылары топқа бөлінеді./ Электр тогы, Ток көздері, ЭҚК/ Үй тапсырмасын сұрау. Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс. Конденсатор.
Ғажайып алаң
1-қатар: 10 ұпай сұрағы: Потенциалдық энергия дегеніміз не? Жауабы: Өзара әрекеттесетін денелердің немесе олардың бөліктерінің бір-біріне қатысты орналасуына қарай анықталатын энергияны айтады 20 ұпай сұрағы: Электростатикалық өріс дегеніміз не? Жауабы: Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады. 30 ұпай сұрағы: Потенциалдар айырымы немесе Кернеу дегеніміз не? Жауабы: Оң зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғанда, өріс атқаратын жұмыстың осы зарядтың шамасына қатынасын потенциалдар айырымы немесе кернеу деп атайды. 2-қатар: 10 ұпай сұрағы: Конденсатордың электрсыйымдылығы дегеніміз не? Жауабы: Конденсатор зарядының конденсатор пластиналарының арасындағы потенциалдар айырымына қатынасымен өлшенетін физикалық шаманы айтады. 20 ұпай сұрағы: Конденсатор сыйымдылығының еселік , үлестік өлшем бірліктерін ата? Жауабы: Ф, пФ, мкФ, нФ 30 ұпай сұрағы:Конденсатор қай жерге қолданылады? Жауабы: Конденсаторды техникалық құрылғыларда электр зарядтарын жинақтау үшін кеңінен қолданылады. 3-қатар: 10 ұпай сұрағы: Элементар зарядтың сан мәні? Жауабы: е=
1.6* 20 ұпай сұрағы: Нүктелік заряд дегеніміз не? Жауабы: Өлшемдері арақашықтығынан көп кіші болатын өзара әрекеттесетін зарядталған денелерді нүктелік заряд деп атайды. 30 ұпай сұрағы: Атом ядроларында протоннан басқа , заряды болмайтын қандай бейтарап бөлшектер табылды. Жауабы: Нейтрон |
Стол үстінен түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы оқушылар төмендегідей топқа бөлінеді
Электр тогы
Ток көздері
ЭҚК
Ғажайып алаң кестесі экранда шығып тұрады, оқушылар өздерінің қалауларымен ұпай сандарын таңдайды. Ұпай сандарының астында сұрақтары жазылған. |
||||||||||||||
|
Бағалау
10 -20 ұпай « Жақсы » 20-30 ұпай «Керемет» 30-40 ұпай «Өте жақсы» 40-60 ұпай «Жарайсыз»
«ТҮРТІП АЛУ» әдісі арқылы жаңа сабақ негізі заңдылықтарын дәптерге жазып алады.
Электр тогының пайда болуы үшін еркін зарядты тасымалдаушыларға әрекет ететін электр өрісінің бар болуы қажетті. Электр тогы ұзақ сақталуы үшін электр өрісін тудыратын құрылғының болуы міндетті, яғни ток көзі керек; Токтың әрекеттері: 1.Токтың жылулық әрекеті 2.Токтың химиялық әрекеті 3.Токтың магниттік әрекеті 4.Токтың физиологиялық әрекеті
БІЛУ-ТҮСІНУ “Талаптыға –нұр жауар” Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы Электр тогы деп аталады. Еркін қозғалғыш электр зарядтарын тасымалдаушылары бар болғанда ғана өткізгіште электр тогы пайда болады;электр тогының пайда болуы үшін еркін зарядты тасымалдаушыларға әрекет ететін электр өрісінің бар болуы қажетті; электр тогы ұзақ сақталуы үшін электр өрісін тудыратын құрылғының болуы міндетті, яғни ток көзі керек; Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. Ток әрекетінің бұл қасиеті бізге белгілі электр қыздырғыш аспаптарында:электрплитада, үтіктерде, қайнатқыштарда,дәнекерлеуіштерде қолданылады. 2.Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ерітінділерге батырылған металл өткізгіш бойымен ток өткенде, ерітіндінің құрамына енетін заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мысты бөліп алуға ,металл бұйымдарының бетінкүміспен жалатуға болады. Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіш бойымен ток жүргенде, онда магниттік қасиеттер туындайды. Қарапайым магнит сияқты ол өзіне ұсақ темір денелерді тартады. Токтың физиологиялық әрекеті. Жануарлар бойымен ток өткенде бұлшық еттердің жиырылуын тудырады. Адам денесінен өткен ток ауыр әсер қалдырады, мұны «ток ұру» деп атайды. Сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек. Ток көздеріне : Гальвани элементтері, аккумуляторлар, генераторлар жатады. Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін ƹ әрпімен белгіленетін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымын енгіземіз. Ол ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады. Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын ƹ Электр қозғаушы күші деп бөгде күштер жұмысының (Аб) орын ауыстыратын электр заряды (q) қатынасына тең шаманы айтады. Ƹ
= 1 Вольт (В) болып табылады. 1В= |
|
|||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 25 мин |
ҚОЛДАНУ-ТАЛДАУ “ Білгеніңді айналаңмен бөліс, тәжірибемен дәлелде” Тәжірибе-1. Зарядталған және зарядталмаған электрометрлерді өткізгіш арқылы жалғайық. Зарядталған электрометрдегі зарядтың тең жартысы екіншісіне өтеді. Тәжірибе -2. Токтың жылулық әрекеті, токтың магниттік әрекеті Тәжірибе -3 Токтың химиялық әрекеті , физиологиялық әрекеті ЖИНАҚТАУ /Диалог жүргізе отырып, тәжірибенің негізі арқылы тақырыптың негізгі ұғымдарына, заңдылығын тоқтала кету/ ЕСЕПТЕР: №1 Есеп:Ток көзі ішінде 10 Кл зарядты оның бір полюсінен екінші полюсіне тасымалдау үшін бөгде күштер 30 Дж жұмыс атқарады. Ток көзінің ЭҚК-і неге тең? 1.Дескриптор: Берілгенін жазады; Формуласын жазады; Формуланы пайдаланып есептей алады; № 2 Есеп: Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарға не жатады? 2.Дескриптор: Электр тогы ұғымын біледі Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарын біледі
Психодидактикалық технология:
|
Екі электроскоп және өткізгіш
Үтік, электрплита Стакан, химиялық ерітінді, электр өткізгіш
ҚБ: Бірін-бірі бағалайды, дұрыс жауаппен түзетеді.
. |
||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 8 мин |
КЕРІ БАЙЛАНЫС:
Допты топқа лақтырып түсіндірілген сабақ мазмұнынан сұрақтар қою арқылы, топ оқушыларының қаншалықты түсінгенін байқауға болады. ( Электр тогы дегеніміз не, ток көздеріне не жатады, электр тогының сақталуының қажетті және жеткілікті шарттары қандай, электр тогын қалай алуға болады, ток көздеріне не жатады)
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Электр тогы. Ток көздері |
|
||||||||||||||
|
Саралау сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. |
||||||||||||||
|
Нәтиже немесе жауап бойынша саралау. Тәжірибе саралаудың бұл түрі кеңінен қолданылады. Нәтиже мен жауап бойынша саралау барысында оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топтағы барлық білім алушыны ынталандыру шаралары да ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс пен нәтиже әр түрлі болады. Диалог негізінде саралау. Кез-келген білім алушы үшін маңызды ресурс –қағаз емес, электронды құрал емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. |
Топтық жұмыста оқушылар бір-бірін «Басбармақ»,
арқылы бағалайды.
Тәжірибені жасап түсіндіру арқылы жасалған топтық
жұмыста, әр топ тәжірибені өмірмен заңдылыққа бағына отырып,
түсіндіруіне байланысты «Үш
шапалақ» арқылы бағалау; Тапсырмаға сәйкес берілген есептерді орындауда есептің дұрыс жолы көрсетілгеніне байланысты «Біріңді–бірің тексер» бағалау жасайды. «Мұғалім бағалауы» бойынша, жетістікке жеткен оқушыға «Көңілді смайлктер» беріледі.
|
Физика кабинетінің қауіпсіздік ережесін сақтау, сергіту сәті өткізіліп қолайлы орта туғызылады. |
||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Электр тогы. Ток көздері туралы ұғымды жақсы түсінсе, теорияны толық түсініп, тәжірибеде қолдана алатынына сеніммен қарауға болады. Топтардың өзара байланысы нақты болу керек.Өтілген сабақпен байланыс болуы қажет. Сабақ басына 7 мин ғана уақыт бөлдім, себебі БІЛУ-ТҮСІНУ бөлімі бойынша жаңа сабақ мазмұнына мән беріліп, негізгі идея қамтылады. Сабақ ортасына 25 мин уақыт бөлемін бұл жерде бала тәжірибе жасап, оны бақылап, нәтиже шығарады, есеп шығарып нәтижесін көреді, «диалог тәсілі» арқылы жаңа сабақ заңдылықтарын түсіндіріп кетемін және психодидактикалық технология бойынша кестені толтырады. Сабақ соңына 8 мин уақыт бөлдім. Кері байланыс алу үшін доп арқылы оқушыларға сұрақ қоямын
|
|||||||||||||||
![]()
шағым қалдыра аласыз









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген