Сабақ жоспары: Еңлік-Кебек дастаны, Шығарманың композициясы 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Еңлік-Кебек дастаны, Шығарманың композициясы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары: Еңлік-Кебек дастаны, Шығарманың композициясы 8 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

2-бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Педагогтің аты-жөні:

Ильясова Х.Н.

Күні:

06.12.2024

Сыныбы: 8 А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Шығарманың композициясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.1.1 әдби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу

Тамам  сөзді  сөйлейді,  сөйле  десе,                        

Етінен  ет  кесемін,  сөйлемесе.

Айт  десем,  айтпайтұғын  жауабы  жоқ,

Сүйгенімді  сөйлеттім  әлденеше.

(Қарындаш)


Бір  нәрсе, жұртқа  мәлім,  көзден  ғайып,

Ұстауға  еш  болмайды,  қолдан  тайып.

Не  сынап,  не  түстеуге  ұқсамайды,

Кейде  көп,  кейде  кетер  тіпті  азайып

(Жел)


Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.





Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Еңлік – Кебектің өліміне кім себепкер болды?




Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

35 мин.


Сатылай  кешенді   композициялық  талдау

«Еңлік-Кебек»  дастаны

1.1.Сюжеттің  басталуы ─Тобықты  руынан  шыққан Кебектің  бейнесі. Сюжеттің  басталуы оның  кіріспесі  іспетті.  Мұнда әдеби қаһармандар  өзара  қарым  қатынасқа көшпес  бұрынғы  қал-жағдай, тіршілік,  қоғамдық  орта, болашақ   қақтығыстар алаңы,  оқиғалар  орны   суреттеледі.

1.2.Сюжеттік  байланыс ─ Кебектің  Нысан  абызға  бал аштыруға  келуі. Сюжеттік  байланыс адамдар  арасындағы  әрекеттің басы, тартыстың  басталуы  іспетті. Шығарма  арқауындағы  негізгі оқиғаның  әуелгі  туындау  себебі   секілді.

1.3.Сюжеттік  даму ─аттастырылып  қойған  Еңліктің Кебекпен  бірге  қашуы. Сюжеттік  даму адамдардың  өзара  қарым-қатынасынан, қимыл-әрекетінен  туған  түрліше  жағдайларға, шиеленістерге  байланысты.

1.4.Шиеленісуі ─ екі  рудың  бірін-бірі  шабуы,  малға  бітім қылмауы. Шиеленісуі ─  оқиғаның  адамдар  арасындағы  әрекеттің  шиеленісіп   ширығуы.

1.5.Шарықтау  шегі ─ Еңліктің  соңғы  сөзі (үш  тілегі). Шарықтау  шегі сюжеттік  дамудың  ең  жоғарғы   сатысы. Адамдар  арасындағы  қимыл-әрекеттің  мейлінше  күшейіп, өрбіп  жеткен  жері,  шығармадағы   драмалық  тартыстың өрістеп  шыққан  биігі.

1.6.Шығарманың  шешемі ─ екі  рудың  келісімімен  екі жасты  ат  құйрығына  байлап  өлтіруі. Шығарманың  шешемі суреткердің  өзі  суреттеп  отырған өмір  шындығына  шығарған  үкімі,  адамдар   арасындағы тайталастардың,  күрестердің  бітуі, түрліше  тағдырлар, тартысынан  туған  нақты  нәтиже;  оқиғаға қатысушылардың  ең  ақырғы  күйі;  күллі   құбылыс көріністердің   соңғы  сахнасы.

Диктант жазады.

Дескриптор: Жалпы – 5 балл.


Оқулық, жұмыс дәптерлері




Дескриптор: Жалпы – 5 балл.

Ақпарат құралдарымен деректер іздестіреді, дәптерге жазады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері,

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.




«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.



Үйге тапсырма:

Шәкәрім шығармаларын пайдалана отырып, кроссворд құрыңыз.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

image7.png



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2024
256
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі