Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Ертегі кейіпкерлері" 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал орыс мектепте істейтін қазақ тілі мұғалімдеріне керек. Қызықты тапсырмалар арқылы оқушылар мақсатқа жетеді Тыңдаған шағын мәтінді қаншалықты түсінгенін қимыл мен қысқа жауап арқылы білідіреді және сұрақ қояды Сұхбаттасын түсінеді және түрлі тәсілмен әрекет жасайды, этика нормаларын сақтап жауап береді Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша? сұрақ қоя біледі Берілген суретке (зат) қатысты сипаттау сөздерін жазады
Материалдың қысқаша нұсқасы



6-бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

3-сабақ «Ертегі кейіпкерлері»

Түрлі көзқарастар

Мектеп: «Дарын» мектеп-лицейі

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Сейпиева Б.А.

СЫНЫП: 1

Қатысқандар саны:




Қатыспағандар

саны:

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Т 1.1.5.1. Тыңдаған шағын мәтінді қаншалықты түсінгенін қимыл мен қысқа жауап арқылы білідру және сұрақ қою

А 1.2.3.1. Сұхбаттасын түсіну және түрлі тәсілмен әрекет жасау, этика нормаларын сақтап жауап беру

О 1.3.4.1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай? қанша? сұрақ қоя білу)

Ж. 1.4.1.1. Берілген суретке (зат) қатысты сипаттау сөздерін жазу

Сабақ мақсат

тары


Барлық оқушылар:

  • Үйге берілген сұрақтарға жауап бере алады.

  • Сабақ басында берілген тапсырманы орындайды

Оқушылардың көбісі:

  • Ертегілер кейіпкерлерін атайды

Оқушылардың кейбірі:

  • Графикалық органайзерді жасай алады

  • Берілген суретке қатысты сипаттау сөздерін жазады.

Тілдік міндеттер

Айтылым дағдысын дамыту, жүйелі сөйлеу, сөйлем құрылымының сауаттылығы

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлері туралы айтқан болатын."Бауырсақ" , "Шалқан" ертегілерінің кейіпкерлер атауларын біледі

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Басы











І. Білу

1.Ұйымдастыру:

«Қайырлы күн» деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

2. Үй жұмысын тексеру

Оқыту тәсілі : графикалық органайзер («хикая картасы»)





АКТ (аудио диск)

суреттер







суреттер

хикая картасы

Ортасы

ІІ. Түсіну





























































































ІІІ. Қолдау







































































































































ІҮ. Талдау



























Сабақтың соңы



Ү. Жинақтау











ҮІ. Бағалау

1.Топқа бөлу:

Мақсаты: сабаққа деген ынтасын қалыптастыру, А және С оқушыларды ортақ жұмыс жасауға бағыттау.

Пазл жинау

Оқушылар жинаған пазл арқылы топтарын анықтайды



1 –топ «Бауырсақ»









2- топ «Шалқан»





2. Жаңа сабақ:

Мақсаты: сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, жаңа сабақ тақырыбын өздігінен анықтау.

Оқыту тәсілі :фильмді пайдалану

Берілген ресурстарға назар аударып, сабақтың тақырыбын ашады.

Дәптерлерімізді ашайық

Қолға қалам алайық

Салақтықтан қашып

Әдемі етіп жазайық



1-тапсырма. Т 1.1.5.1.

Оқыту тәсілі : сабақты бастауға арналған ойындар/жаттығулар

«Моншақты тізбек» ойыны

Shape4 Shape2 Shape3 Shape5 Shape1

6

Shape6

5

4

2

3

7

Ертегі кейіпкерлерін ретімен атап шық









Қалыптастырушы бағалау (смайлик)





2-тапсыпма. А 1.2.3.1

Оқыту тәсілі : «Драма әдісі»





РАФТ стратегиясы

Рөл – ертегі кейіпкерлері

Аудитория – оқушылар, тыңдармандар

Форма – сурет, арыз - шағым, тілек.

Тақырып – «Ертегі кейіпкерлері»

- Ертегілердегі ұнатқан кейіпкерлеріңді, ұнаған үзіндіні бейнелей отырып, сол кейіпкерлердің рөліне еніп арыз - шағым айту немесе тілек айтуларыңыз керек

Қалыптастырушы бағалау (мадақтау сөздері)

Сергіту сәті:

Аю қалай жүреді?

Қоян қалай жүреді?

Оқушы қалай отырады?



3- тапсырма. О 1.3.4.1

Оқыту тәсілі : мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым

«Қатені жіберме» әдісі

Мұғалім әдейі қателер жібереді. Ол туралы оқушыларға алдын ала ескертіледі. Оқушылар қате жіберген сәтте белгі беріп, мұғалімді тоқтатады, түзетеді.

Мысалы: кім? ата, әже, қоян

не? қасқыр, бауырсақ, немере, әже

қандай? домалақ, аю

неше? жеті, бірінші....



Қалыптастырушы бағалау (қол соғу)

Сабақты қорыту Ж. 1.4.1.1.

Оқыту тәсілі :графикалық органайзер

Венн диаграммасы арқылы ертегілерді салыстырады

Shape8 Shape7









Қалыптастырушы бағалау (мадақтау сөздері)

Оқыту тәсілі: табыс критерийлері



Оқушының аты-жөні:

Үй жұмысы

Хикая картасын толтырады

Shape9

  1. тапсырма

Ертегі кейіпкерлерін ретімен айтады

Shape10

  1. тапсырма

Рөлді ойна алады

Shape11

  1. тапсырма

Сұрақтардың жауабын біледі

Shape12

  1. тапсырма

Сәйкестігі мен айырмашылығын біледі

Shape13

Қорытынды баға


Shape14

Бағалау парақшаларына сүйене отырып, жиынтық баға қойылады



Бағалау парағы («бағдаршам» стратегиясы арқылы бағалайды)

Үй тапсырмасы:

  1. Рөлдерді жаттау

  2. Сурет салу

  3. Ертегі кейіпкерлеріне сөзжұмбақ құру

Рефлексия Оқушылар сабақ бойы қандай күйде болғанын көрсетеді





















пазлдар

суреттер

музыка









































































АКТ (теледидар)













моншақ, суреттер















































































бетперделер



























АКТ (интербелсенді тақта)

















музыка























































































































«Ертегілер» әні (аудио)

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?



Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемелері

Қолдау үшін АКТ түрлі түсті суреттерді, бетперделерді таратамын мадақтаймын, қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беремін

Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдері: "бағдаршам"стратегиясы, смайлик арқылы, мадақтау сөздері, қол соғу

Пәнаралық байланыс :орыс тілі, әдебиеттік оқу, математика, музыка

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз

уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Достық қарым – қатынас, бірлесе еңбектену, бір - біріне қол ұшын беру. Бірлесе, жеке әрекет етуге тәрбиелеу.

Ең алдымен, суретпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін атады Оқушылар кейіпкер атауларын суреттерден қарап айтуды үйреніп алғаннан кейін, мұғалім суретті көрсете отырып, сұрақты қате айтты, ал оқушылар дұрыс атауын айтулары қажет болды.

Келесі тапсырманы оқушылар жеке орындады. Әрбір оқушы рөлге енді

Қорытынды жасап, бекіту кезінде әрбір оқушы қалыптастырушы бағалау парақтарын толтырды.

Сабағым жүйелі түрде өтті деп ойлаймын. Оқушылар сабақ барысында белсенді жұмыстанды. Сабақта ұжымдық, жеке, жұптық жұмыс орнады. Оқушылар қалыптастырушы бағалау парақтарын толтырып үйренуде. Сабақ алға қойған мақсатына жетті. Уақыт үнемді пайдаланылды. Дидактикалық материалдар тиімді қолданылды.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:1 -тапсырма. сөздерді дұрыс, ретімен атап шықты


2: 4 - тапсырма. ертегілерді салыстыра алды


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:


2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:


2:

























Бауырсақ ертегісі

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.


Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.


Бір кезде оған Қоян жолығып:

- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.

- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».


Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.


Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.


Бір кезде Аю жолығады:

- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.

- Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.


- Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!


Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.


Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:

- Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.

- Жолмен домалап барамын.

- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...


- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.


Түлкі оған:


- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.

Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.


- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.


Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.







Шалқан ертегісі

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.



Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды.



Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.



Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.



Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2017
2206
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12