Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Ертегілер еліне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ертегілер туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 03.06.20

Топ: 1-2-3

Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларды білім, білік, дағды жүйелерімен таныстыру.

Тәрбиелік: Балалардың ғылыми дүние танымын, адамгершілік қасиетін, көзқарасын, өз - өзіне сенімділігін қадағалау.

Дамытушылық: Балалардың танымдық қызметін, шығармашылық қабілетін, жігерін, көңіл - күйін, тілі мен ынтасын, қиялы мен қабылдау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақ барысы

Дефектологтың әрекеті

Баланың әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Балалармен сәлемдесу

- Көңіл күйлерің қалай?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Енді, әдеттегідей шаттық шеңберге жиналып, бүгінгі күнге сәттілік тілейміз.

Шаттық шеңбері

Білер қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп апайды қарашы.

Бәріңе де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар

Моншақ тізу


ІІ. Мақсаттылық

Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастыру, ертегілерге қызығушылығын арттыру.


ІІІ. Ынталандыру

Ертегі кітаптар, бояуға арналған суреттер.


ІV.Коммуникативтік

Мұғалімнің айтқанын тыңдап, сабаққа зейін қою.

Мұғалімді тыңдау.

V.Мазмұндық

Дидактикалық ойындар арқылы ертегі кейіпкерлерін тани білу. Бір бірінен ажырата білу. Балалар бүгін бізде ерекше оқу қызметі болмақ, себебі бізге ертегілер елінен сиқырлы поезд Желаяқ келе жатыр екен. Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Ертегілер елі өте ғажап, айнала толы әдемі түрлі түсті гүлдерге, жап жасыл ағаштарға толы керемет. Бүгін біз «Бауырсақ» ертегісін айтамыз.

Берілген тапсырманы орындайды.

VI.Бақылау

Баланың сабаққа ынтасын, зейінін бақылау. Суретпен жұмыс. Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлермен таныстыру.

Д/О: «Сиқырлы қалам». Түрлі түсті қарындаштар арқылы ертегіде бауырсаққа кездесетін бірінші кейіпкерді бояу. (Қоян)

Сергіту сәті:

Дауыл тұрды, жел соқты,

Бұлт қаптады аспанды.

Күн күркіреп шатырлар,

Жаңбыр жауды тарсылдап.

Кемпірқосақ көрінді,

Жаңбыр аздап басылды.

Артынан күн де ашылды.


Үйге тапсырма

I – деңгей: Ш/О: «Мүсіндеу». Ертегідегі басты кейіпкер бауырсақты ермексаздың көмегімен мүсіндеу.

ІІ деңгей:Ш /О: «Сиқырлы қалам». Түрлі түсті қарындаштар арқылы ертегіде бауырсаққа кездесетін үшінші кейіпкерді атап, суретін салып, оны бояу.

ІІІ деңгей: Қ/О: «Пародия». Ертегіде кездесетін кейіпкерлердің пародиясын іс − қимыл арқылы салу.

(қасқыр, қоян, түлкі, аю)

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

VII.Аналитикалық

Жарайсың балақай, бүгін сабаққа белсене қатыстың.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2021
1466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12