Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Ғаламшарлар қалай орналасқан? 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Күн жүйесі ғаламшарларының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 –бөлім. Жер және ғарыш

Күні: 02.03.2020

Сынып: 2

Мектеп: №29 ОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Зинолла Арайлым Мұқтарқызы

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғаламшарлар қалай орналасқан?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы сілтемесі)

  • 2.4.2.1 - Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау;

  • 2.1.1.1 - қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау;

  • 2.4.2.2 Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

  • Ғаламшарлардың қайда орналасқанын табады

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

  • Ғаламшарлардың пішінін қолдағы бар ресурстардан жасап, олардың атын атайды.

Кейбір оқушылар істей алады:

Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ұқсастығы мен айырмашылығына дәлелдер келтіреді.

Бағалау критерилері

  • Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін көрсетеді.

  • Күн жүйесі ғаламшарларының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

  • Зерттеушіге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді атайды.

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Ғаламшар, күн жүйесі, орналасу.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Ғаламшар дегеніміз не?

  2. Күн қандай ғарыш денесіне жатады?

  3. Ғарыш денелерін ата.

  4. Оларға қандай ортақ атау беруге болады?

  5. Ғаламшарларды қалай орналастырар едіңдер?

  6. Неліктен екендігін айта аласыңдар ма?

Құндылықтарды дамыту

Еңбек пен шығармашылық – ғаламшардың кескінін қолда бар ресурстардан жасау кезінде.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі- ғаламшарларды салыстыру, ұқсастығы мен ерекшелігін ажырата біледі.

Математика – ғаламшарлар санын білу, ретімен санау.

Физика – ғаламшарлардың орналасу орнының ерекшелігі

Музыка – ширату ойынын ойнағанда

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсендіден аспан әлемін көрсету https://www.youtube.com/watch?v=HRmMe5NuBpA

Слайд.

Бастапқы білім

Ай, жер, күн, жұлдыз

Сабақтың басы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



0-10 мин

Оқушылардың зейінін шоғырландыру мақсатында оқушылар шеңбер бойымен тұрады.

Оқушылар қолдарында доп болады, олар әр түрлі пішінде болады.

  • М: Біздің қолымыздағы нелер?

  • Доптың пішіні қандай?

  • Осы бірнеше доптардан не байқадыңыздар?

Иә балалар, бүгін біз аспан әлеміне саяхат жасаймыз. Яғни түрлі планеталарды үйренеміз және оның орналасу ретімен танысатын боламыз.


Оқу мақсатын хабарлау: Бүгінгі сабақта ғаламшарлардың күн жүйесіндегі орналасу ретімен танысамыз.

Сабақ ортасы





5 мин

МТ (түсіну мен білу)

Сабақты бастамас бұрын, видеориолик көрсету арқылы ғарышқа саяхат жасау.

Мұғалім жалпы ғаламшарлар туралы мәлімет береді.

Берілген мәлімет бойынша жетекші сұрақтар қою:

  • Бейнефильм не туралы?

  • Ғаламшар дегеніміз не?

  • Планета қай тілден аударылған?

  • Планета латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?

  • Күн жүйесінде қанша ғаламшар бар?

  • Плутон қай жылы «ғаламшар» мәртебесінен айырылды және қазір неше ғаламшар?

  • Жер нешінші орналасқан ғаламшар?

Тұжырым: Барлық 8 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады.

https://www.youtube.com/watch?v=HRmMe5NuBpA






10-15 мин

ҰЖ:

Оқушылардың назарын кітапқа аударамыз.

  • суреттен не байқадыңыздар? Қай суретте планеталар дұрыс орналасқан деп ойлайсыздар?







  • Бағалау критерийі: Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін көрсетеді.

Дескриптор:

  • Оқушылар суретке мұқият қарайды.

  • Планеталардың дұрыс орналасқанын ажыратады.

Кері байланыс: «Ауызша бағалау»

  • «Жарайсың!»

  • «Тамаша!»

  • «Жақсы!»


Оқушылар топқа бөлініп отырады.

Саралау тапсырмалары зертханалық жұмыспен жүргізіледі.

Барынша қолдауды қажет ететін оқушы:

1-топ:

«Күн жүйесінің» сұлбасын ермексаз пайдаланып жасайды.Атауларын атайды..

Бағалау критерийі: Зерттеушіге қажетті жағдайлар мен тұлғалық қасиеттерді атайды.

Дескриптор:

  • Ермексаздан ғаламшарлар жасайды.

  • Ғаламшарларды ретімен орналастырып, атауын жазады.


Кері байланыс: «Планета жетондары» әдісі



Орташа қолдауды қажет ететін оқушы

2-топ:

«Орнын тап» әдісі арқылы оқушылар берілген суреттерді құрастырып, ғаламшардың орнын анықтайды.




БК: Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін көрсетеді.

Дескриптор:

  • Суреттерге мұқият қарайды,

  • Ғаламшарлардың орнын анықтайды.

Кері байланыс: «SMS» әдісі



Аз қолдауды қажет ететін оқушы

3-топ:

«Биопоэма» әдісі: А-4 параққа кесте сызып, 3 бөлікке бөліп, әр бөлікке планета туралы маңызды ақпаратты толтырады. Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің біреуінен ұқсастықты, айырмашылықты байқау, саралау, мәліметті толықтырады.

Ғаламшарлар

Ұқсастықтары

Айырмашылықтары




БК: Күн жүйесі ғаламшарларының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

Дескриптор:

  • Ғаламшарларды салыстырады.

  • Ғаламшардың ұқсастығын табады.

  • Ғаламшардың айырмашылығын табады.

Кері байланыс: «От шашу» әдісі


ҚБ тапсырмалары.

«Планеталар атауын жаз»

БК:

  • Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін көрсетеді.

  • Күн жүйесі ғаламшарларының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.

  • Зерттеушіге қажетті жағдайлар мен тұлғалық

қасиеттерді атайды.

Дескриптор:

  • Ғаламшарлардың атауын табады.

  • Орналасу ретін анықтайды.

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі

Ширату ойыны: «Кім жылдам?»

Оқушылар ғаламшарлар атауы жазылған қалпақтарды басына киеді. Мұғалімнің белгісі бойынша музыка басталғанда оқушылар шеңбер бойымен айналады.

Музыка аяқталғанда күн жүйесіндегі ғаламшарлардың ретімен тұра қалуы керек.


Оқулық. 58-бет


























І топ – Күн тобы

































ІІ топ – Ғаламшар тобы





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.10.2020
479
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12