Материалдар / Сабақ жоспары "Ғылым таппай мақтанба" 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары "Ғылым таппай мақтанба" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы туралы мағлұмат беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
3379
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі

Пән

Сыныбы

Пән мұғалімі

Тексерген

18


Абайтану

9




Сабақтың тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

Сабақтың жалпы мақсаты: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы, ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі, өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні, ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі, Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы туралы мағлұмат беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж

  2. М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

  3. Абай. Энциклопедия. Атамұра 1995 ж


I. Қызығушылықты ояту сатысы:

1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.

2) Өткен тақырыпты еске түсіру.

3) Абайға топтастыру.

II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ


«ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА» - Абайдың 1886 жылы жазылған өлеңі. Көлемі 77 жол.

Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, көңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды.

Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік керсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бұл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз.

1909 жылғы жинақ пен 1922 жылы Қазанда жарық көрген басылымдарда бүл шығарманың кейінгі жылдарда бөлек туынды саналып жүрген «Интернатта оқып жүр...» дейтін өлеңге қосылып, біртұтас шығарма болып келетіні де тегін болмаса керек. Қазақ жастарын білім-ғылым үйренуге шақыру – «Интернатта оқып жүр» өлеңінде де ең өзекті идея. Мұнда ақын еңбексіз, ықылас-ынтасыз, мехнатсыз нағыз ғылым-білім қолға түспейді дей келіп, одан ары бірден негізгі ой желісін үздіксіз өрбітіп, оқудағы мақсат не, алған білімді не қажетке жұмсау керек, не істеу, қандай қызмет атқарған жен болады деген мәселелер теңірегінде сөз қозғайды.

Ал мына өлеңдегі:


«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба...» -


дегендегі орын тап деп отырғаны - алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Бұдан Абай:


«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол...» -


деп адамдық, адамгершілік жайын қозғайды. Алайда ойының негізгі желісін үзбейді. Бұл тұста ерекше бір кеңіл бөлерлік жай – Абай ғалым болу мен адам болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айтады, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды. Ғалым болудың басты шарты – не нәрсені болсын ақыл таразысына салып өлшеу,- ақыл сенген нәрсеге ғана сену және көзің анық жеткен шындықты тура айтудан тайынбау екендігін нақтылап, мейлінше дәлелді етіп, шегелеп айтады.

Осы өлеңдегі Абайдың надандықпен айтылған сөзге ерме дей отырып, «ақсақал айтты, бай айтты...», егер қисық керінсе кімнің сөзі болса да, тіпті жақын адам айтса да, ақылмен жеңуді үлгі етуі әсіресе, сол еткен ғасырдағы қазақ өмірінің жағдайында бірден-бір батыл айтылған пікір болғаны анық. Үлкен адамға, лауазымы жоғары адамға қарсы келіп, өз ойын көлденең тарту сыпайыгершілікке келмейді дегенді желеу қылып, шындықты тура айтуды қалайда шектеу, қолдамау ол заман ғана емес, бүгінгі заманда да аз кездеспейтінін ескерсек, Абайдың осы пікірінің мәні зор дейміз. Ендеше:


«Ақымақ көп, ақылды аз,

Деме көптің сөзі - пұл...» -


дегенді кепке топырақ шашқандық емес пе деп келгірсімей, ашық айтылған, жас-тарды артық сенгіштіктен сақтандыратын ащы өмір шындығы деп бағалауымыз орынды.


«Сөзіне қарап кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма...» -


деген нақыл түрінде келетін түйін жоғарғы пікірлерге орайлас, жалғас. Сырттай қарағанда мұның өзі бір түрлі, тосын естілуі мүмкін, өйткені кісіні сөзіне қарай бағалама, ісіне қарай бағала дейтін үйреншікті пікірге қарама-қарсы келетін секілді. Ал, байыппен қарасақ, мұнда терең мағына жатыр. Кісіні сөзіне қарай, яғни, ақылына, ойына қарай бағала, кісіге қарап, оның мансабына, дәулетіне қарап ақылға сыймайтын, қисынға келмейтін сезіне иланып алданып қалма, «надандықпен кім айтса, ондай түпсіз сөзге ерме...» деген даналық пікірді аңғартады.

Абай надандыққа, қандай да болсын теріс, кертартпа ықпалға қарсы тұра алатын оқыған, біліммен қаруланған адамды құрметтеу керек деп санайды. Ең алдымен білімді, ғалым адам мақтан тұтуға лайықты. Ақылды, парасатты адамның идеал бейнесін ұсына отырып, Абай оған жақсылықты жамандықтан ажырата білмейтін, ағыммен ілесіп жүре беруге бейімделген надан, қараңғы адамды қарсы қойды. Топас, кертартпа адамның осы жағымсыз типі ақынның шығармашылық жолына өте тән және ағарту ісін, өнер-білімді жақтаушы Абайдың алдыңғы қатарлы көзқарасын білдіреді.

Өлең 6-8 буынды аралас ұйқас үлгісінде жазылған. Туынды ағылшын, араб, азербайжан, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр т.б. тілдерге аударылған.


III. Ойтолғаныс сатысы

  • Ақын өлеңін оқу және талдау.

  • Өлеңнің дидактикаға, ақылға толылығы.

  • Жастарды ғылымға үндеу идеясы.

  • Жастарды надандық, талапсыздық, и.б. жаман қасиеттен жирендіруі.


Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ —

Бес дүшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой —

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Жамандық көрсең нәфрәтлі1,

Суытып көңіл тыйсаңыз.

Жақсылық көрсең ғибрәтлі² ,

Оны ойға жисаңыз.

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сізге ғылым кім берер,

Жанбай жатып сөнсеңіз?

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл берсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз.

Ақыл сенбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз.

Ақсақал айтты, бай айтты,

Кім болса, мейлі, сол айтты —

Ақылменен жеңсеңіз —

Надандарға бой берме,

Шын сөзбенен өлсеңіз.

Аят, хадис емес қой,


Күпір³ болдың демес қой,

Қанша қарсы келсеңіз.

Көп орында көріне айтпа,

Біздің сөзге ерсеңіз.

Мұны жазған кісінің

Атын білме, сөзін біл!

Осы жалған дүниеден

Шешен де өткен не бұлбұл,

Көсем де өткен не дүлдүл.

Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл — мизан, өлшеу қыл.

Егер қисық көрінсе,

Мейлің таста, мейлің күл.

Егер түзу көрінсе,

Ойлап-ойлап, құлаққа іл.

Ақымақ көп, ақылды аз,

Деме көптің сөзі пұл.

Жақынның сөзі тәтті деп,

Жақыным айтты дей көрме.

Надандықпен кім айтса,

Ондай түпсіз сөзге ерме.

Сізге айтамын, хаупім —

Өзің үшін үйренсең,

Жамандықтан жиренсең,

Ашыларсың жылма-жыл.

Біреу үшін үйренсең,

Біреу білмес, сен білсең,

Білгеніңнің бәрі — тұл.

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.

Шын сөз қайсы біле алмай,

Әр нәрседен құр қалма.

Мұны жазған білген құл —

Ғұламаһи Дауани,

Солай депті ол шыншыл.

Сөзін оқы және ойла,

Тез үйреніп, тез жойма,

Жас уақытта көңіл — гүл.



Сөздікпен жұмыс:


ˡНәфрәтлі (арабша) — жиіркенішті.

²Ғибрәтлі (арабша) — үлгілі, өнегелі.

³Күпір (арабша) діннен шығу.

Мизан (арабша) — таразы.















Өлеңнің өзіңдік ерекшелігі – ақынның басқа өлеңдеріне қарағанда ұзақ әрі ақыл-нақылға толы афористік мәнділігінде, олардың тәрбиелік мәнінің қуатында.

Ағартушы ақын өзінің жастарға айтар өсиетін ссы өлең аркылы қалдырған Абайдың көптеген өлеңдерінде "улы сия", "ащы тіл", "долы қол" қатар жүрсе, бұл өленде ақынның жұмсақ жүрегі, даналыққа толы ойы, данышпандық ақыл-кеңесі, зілсіз ескертпесі астасып келеді. Өлең жастарға дұрыс та мәнді, мақсатты да иманды өмір сүрудің айқын жолын көрсетіп түрған шамдалды шамшырақтай. Өлеңнін егіз ұйқаспен жазылуы (поэзияға Абай кіргізген жаңалығы), өтініш, назды бұйрықты лебі, афоризмдік сипатьшың ақындығы, ойдың бүкпесіз, ашык айтылуы, өлеңнің өсиетгік сипаты оны таддауды қиынға соқтырмайды. Сөздік жұмысына ерекше көңіл аударамыз: "Нафрәтлі", "ғибратлі", "мизан", "кәпір", "ғұламаһи" сияқты сөздерді жазып, түсінік беру керек. Мысалы:



«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі:


1) Өлең өздеріңе қандай ақыл-кеңес айтады? Мәтіннен тауып оқып бер. Өзіңе қай ақыл, нақылы ұнайды?

2) «Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз» деген өлең жолдарын тұсіндір. Сондай-ақ, «Сөзіне қарап кісіні ал, кісіге қарап сөз алма» деген жолдарға қара.

3) Абай айтқан жақсы мен жамандықтың бес қасиетін жаттап ал.

4) Өлең ұйқасына көңіл бөл Ақын өлеңнің әр жолының аяғын қандай

сөздермен бітіреді?

5) Өлең ырғағы, екпінге зер сал. Қай мәнермен оқу керек деп ойлайсың?

Мәнерлеп оқуға дайындал


* Өлеңді өз беттерімен талдауға дағдыландыру мақсатында алдын ала төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1. Адам баласының "бес дұшпаны" ретінде Абай нені айтады?

2. Адам баласының "бес асылы" не екен, теріп жаз.

З.Басқа да қандай ақыл-нақыддар бар? Ұнағанын жазып ал, есте ұста.

4.Өлеңдегі қандай сөздерді мақал, афористік, шешендік сөздерге қосуға болады.

5.Өлеңді талдауды жетілдіру үшін, мұғалім мынадай көрнекілік даярлап, окушыларға пайдалануға ұсынады.


Өленді талдау үлгісі

Өлеңнің мазмұны

Өсиет, ақыл-нақыл сөздер

Ғылым іздеуге шақыру.


Бес нәрседен қашық, бес нәрсеге

асық болу.


Ғылымға берілу жолы.


Жастарға айтар өсиеті, нақылы.


Ғылым таппай мақтанба

Құмарланып шаттанба

а) Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

ә) талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Болмасаң да ұқсап бақ

Бір ғалымды көрсеңіз.

«Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Білгендердің сөзіне

Махаббатпен ерсеңіз».

Надандарға бой берме,

Жамандықтан жиренсең.

Сөзіне қарап, кісіні ал,

кісіге қарап, сөз алма.


Сабақты қорыту.


"Ғылым таппай мақтанба" — жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өлең. Абай "адам болам" деген жасөспірімге тікелей тіл қатып, ашыла сырласады. Өлең тілі де жеңіл, түсінікті. Ең ардақты мақсатың — ғылымды меңгеру дей тұра, бес зиянды нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан да опа жоқ дегенді бірден ашып айтады.

Дана ұстаз бұл өсиет өлеңін жазарда көп ойланьш, көп толғанғаны байқалады. Ол бұрынғы өткен "не бұлбұл шешен", "не дүлдүл көсемдерді" еске алады, Дауани секілді атақты оқымыстылардың айтқандарын ой елегінен өткізеді (өзі: "Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз", — дейді ғой). Сөйтіп, "тілеуі мен өмірі алдағы" ұрпағына өлмейтін, ескірмейтін ақылын айтады:

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Немесе:

Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма...

Немесе:

Сөзін оқы және ойла,

Тез үйреніп,тез жойма, -

Деген сияқты шексіз сүйіспеншіліктен туған даналық ақыл-кеңес беріп, жамандықтан сақтандырады. Және бұл бір заманның, бір халықтың емес, барлық заманның, барлық халықтың балаларына арналған.



Сұрақтар:


1. Ақынның "Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз" деген ұлағатты сөзін қалай түсінесің?

2. "Мұны жазған кісінің атын білме, сөзін біл" деген пікірі туралы не айтар

едің?

3. "Сөзіне карап кісіні ал, Кісіге қарап, сез алма" деген өсиетті қалай

түсіндірер едің?

4. Өлеңдегі ақыл-нақыл ақынның өзінікі ме, әлде өзі жазғандай, ғұлама

Дауанидікі ме?

5. Өлеңнің екпіні, ақын кеңіл күйі туралы не айтасың?


1. Сіздің бес дұшпаныңыз, бес асыл ісіңіз?

2. "Ғылымдық жолда балалықты қалай қидыңыз?"

3. "Қай ғалым сөзіне махаббатпен ердіңіз?"

4. Абай атамыздай сіз бізге қандай ақыл айтар едіңіз?



Топпен жұмыс:

Shape3 Shape2 Shape1 Талап еңбек өсек өтірік

Shape4

Shape5 Shape6

Бес асыл іс

Бес дұшпан


Терең ой

Shape11

Shape12 мақтан

қанағат


рақым еріншек бекер мал

шашпақ




Үйге тапсырма: «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жаттау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!