Материалдар / Сабақ жоспары: «InShot» бағдарламасында коллаж жасау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Сабақ жоспары: «InShot» бағдарламасында коллаж жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
"Компьютер әлемі" үйірмесінің оқушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2021
1085
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «InShot» бағдарламасында коллаж жасау


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: жалпы оқушыларға «InShot» бағдарламасы туралы мәлімет беру. Бағдарламаның интерфейсі және әсерлерді пайдалану туралы түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың зейіндік қабілеттерін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: балалардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіре отырып, адамгершілік тәрбиесіне баулу, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, жеке жұмыс, тренинг, жаттығу жасау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, суреттер, бейнероликтер, мақал-мәтел, түрлі-түсті шарлар.

Сабақтың пәнаралық байланысы: информатика, сурет, сызу, ағылшын


Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Ой қозғау

ІІІ. Жаңа сабақ

Теориялық бөлімі

Практикалық бөлімі

Сергіту сәті

IV. Сабақты бекіту

V. Сабақты қорыту

VI. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу

- Оқушыларды түгендеу

- Психологиялық жағымды орта қалыптастыру:

«Ақ тілек» 

Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.

Қатысушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.


ІІ. Ой қозғау:

1. Коллаж деген ұғымды қалай түсініесіңдер?

2. Басқа сабақтарда қоллажды табиғи материалдарды, ватман қағаздарын қолдана отырып жасағандар бар ма?

3. «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» мына мақал-мәтелге назар аударайықшы, не туралы айтылған.

Енді осы сабаққа бізге отбасы мүшелерінің суреті керек болады, сол суретті бүгін дайындап алып келген шығарсыңдар.

(Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады).


ІІІ. Жаңа сабақ:

Теориялық бөлім.

Коллаж – бірнеше фотоэлементтерді бір суретке біріктіріп қосу. Бұл сөз бізге француз тілінен келді, аударғанда «жабыстыру» деген мағынаны білдіреді.

Фотоколлаж – бұл бірнеше басқа суреттерден тұратын бір сурет. Бірнеше суреттің мұндай комбинациясы соңғы суретті мәнерлі, қызықты немесе әдемі етуге мүмкіндік беретіні белгілі.

Фотоколлажды әдемі, әсерлі етіп жасау үшін заманауи графикалық редакторлардың мүмкіндіктері қолданылады. Бұл фотосуретке нысанды ауыстыру немесе қосу, фонды ауыстыру, суреттегі адамдардың санын өзгерту, фотосуретке жақтауды қою және тағы басқалар болуы мүмкін. Бұл тек дизайнердің шеберлігіне және тапсырыс берушінің қалауына байланысты.


Бүгінгі сабақта Inshot бағдарламасы арқылы фотоколлаж жасауды үйренеміз. Компьютердегі Inshot – бұл бейнелер мен фотоларды өңдеуге арналған ең жақсы қосымшалардың бірі. Кең функционалдылық, жағымды интерфейсі пайдалануға өте ыңғайлы. Себебі, бәрі бір жерде жинақталған!

Бұл бағдарламада коллаждар үшін 1-ден 9-ға дейін фотосуретті қолдана аламыз, барлығы 22 шаблон бар.

Оның барлығын толық көру үшін экранға назар аударамыз (бейнематериал).



Практикалық бөлім.

Тапсырманы орындамас бұрын техникалық қауіпсіздік және компьютерде жұмыс істеу ережелерін еске түсірейік.

  1. Жұмыс кезінде өзінің де, өзгенің де көңілін бөлмеу.

  2. Жарық жоқ және оның нашар кезінде жұмыс істемеу.

  3. Компьютерді рұқсатсыз қоспау және қосылған компьютерді иесіз қалдырмау.

  4. Дымқыл немесе су қолмен жұмысқа отырмау.

  5. Монитор экраның желі жалғағыштарды, сымдарды қолмен ұстамау.

  6. Қондырғыларды рұқсатсыз орнынан қозғамау.

  7. Жұмыс орнынан қажетсіз кетпеу.

  8. Компьютерді қатты қозғамау.

  9. Компьютерлердің үстіне бөгде заттарды қоймау.

  10. Жұмыс орнында және бөлмеде тазалық сақтау.


Компьютерде жұмыс істеу ережесі.

1. Арқаңды тік ұста.

2. Иықтарыңды бос ұста, шынтақтарың тік бұрыш жасап бүгілген болсын. Басыңды сәл алдыға еңкейтіп тік ұста.
3. Орындығыңның отырғышы жұмсақ болуы, тізелерің тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарың жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.
4. Арақашықтықты сақта. Көз бен монитор экраны арасындағы қашықтық 70 см - ден аз болмауы тиіс.


1-тапсырма. Компьютерде орындау.

  • Inshot бағдарламасын ашамыз.

  • Коллаж бөлімін таңдаймыз.

  • Кейін ұялы телефонның альбомынан өз отбасыларың туралы дайындап келген 9 дан артық емес фотоларды белгілейміз.

  • Астындағы бөлімдерден (макет, шекарасын, холст, фильтр, артқы фон, стикер, текст, рамкасын) өз қалауымызша безендіреміз.

  • Дайын болған жұмысты сақтау батырмасын басып, сақтаймыз.

  • Қалаған месенджерлер арқылы досыңа жіберуге болады.


Сергіту сәті:

«Көңілді күн» әніне жаттығулар жасау (бейнематериал).


IV. Сабақты бекіту:

1. Бағдарламада фотоколлаж жасауда қандай қиындықтар болды?

2. Қанша фотодан тұратын фотоколлаж жасадың?

3. Бағдарламаның интерфейсі туралы не түсіндіңдер?

4. Коллажды қандай тақырыпқа жасадың?


Дұрыс айтасыңдар, отбасы тақырыбына жасадық. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту, махабатпен бөлісу. Міне, балалар, бүгінгі сабақта сендердің жұмыстарыңы қарай отырып, отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындығын түсіндік. Мына жасаған жұмыстарыңнан отбасымен бір дастарқан үстірде жиналу, салауатты өмір салтын сақтау және тағы да басқа суреттерді көруге болады.

Сабақта жасаған оқушылардың жұмыстары









V. Сабақты қорыту:

- Рефлексия

«Смайликтер» бойынша сабақты қорытындылау.

- Оқушыларды мадақтау


VI. Үйге тапсырма: «Алтын күз» тақырыбына коллаж жасау.



Күтілетін нәтиже:

Оқушылар:

  • компьютерде жұмыс істеу ережесін біледі;

  • жеке, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптасады;

  • «InShot» бағдарламасының интерфейсі туралы біледі;

  • өз отбасы туралы фотоколлаж жасауды меңгереді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!