Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Жаһандану процесіндегі Қазақстанның құндылық бағдарлары 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаһандану процесіндегі Қазақстанның құндылық бағдарлары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: «Жаһандану мәселелері»

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Сыныбы: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Жаһандану процесіндегі Қазақстанның құндылық бағдарлары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

9.4.3.1 стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білу.

Сабақ мақсаттары:

Мәтіндерді жанр бойынша тақырыбын, қызметін, құрылымын салыстыру, стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білу.

Бағалау критерийлері:

  • Берілген мәліметтерді түсінеді;

  • Өз көзқарастарын білдіре алады;

  • Мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Талдау, жинақтау, бағалау

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу (4-құндылық)

Осыған дейін меңгерілген білім

Жаһандану процесіндегі Қазақстанның құндылық бағдарлары

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару.

ОҚЫЛЫМ АЛДЫ. Қызығушылықты ояту

1. Берілген сурет бойынша «Жаһандану және жаһандану мәселелеріне» қатысты ой айтады. Сынып жұптарға бөлінеді. Ұсынылған сурет бойынша ассоциация жасайды, жұптық жұмысты таныстырады.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Ұсынылған сурет нені білдіреді?

  • Оларды өзара қандай ұғым байланыстырады деп ойлайсыз? (ұқсастықтары)

  • Олардың біздің өмірімізде маңызы қаншалықты? Олар біздің өмірімізге/тұрмысымызға қаншалықты әсер етті?

Мұғалім стиль туралы түсінік береді.

Қазақ әдеби тілі – стильдік-жанрлық тармақтары әбден айқын, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететін тіл. Қоғамдық өмірдің барлық саласында белсенді қолданысқа ие. Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары қалыптасып сараланған: білім мен ғылым саласында – ресми іс қағаздар, әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет, бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық,

күнделікті тұрмыстық қарым – қатынаста – сөйлеу тілі (ауызекі).

Тіл стильдері

  1. Ауызекі сөйлеу стилі

  2. Көркем әдебиет стилі

  3. Ресми іс қағаздар стилі

  4. Ғылыми стиль

  5. Публицистикалық стиль.

Мысалы:

Доп ойнайын деп жатырмыз (ауызекі сөйлеу стилі).

Тәуелсіз қазақ елінің алдында латын әліпбиіне көшу міндеті тұр. (публицистикалық стиль).

Тригонометриялық өрнектерді ықшамдау жолымен шешеміз. (ғылыми стиль).

Алғашқыда ел оның тірлігіне таңданып, аса сүйсініп жүрді (көркем әдебиет стилі).

Мен, немерем Құрманғалиева Гүлшаттың зейнетақымды алуына сенім білдіремін (ресми іс қағаздар стилі)

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.


Оқушылармен сәлемдесіп, назарын сабаққа аудару.


Берілген сурет бойынша «Жаһандану және жаһандану мәселелеріне» қатысты ой айтады. Сынып жұптарға бөлінеді. Ұсынылған сурет бойынша ассоциация жасайды, жұптық жұмысты таныстырады.



Оқушылар стиль туралы білімдерін еске түсіреді.


















Көркем әдебиет ерекшелігімен танысады.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады






ҚБ













ҚБ




9-сынып «Қазақ тілі» оқулығы

Сабақтың ортасы


ІІ. ОҚЫЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ. Мағынаны тану

Тапсырма. Оқушыларға мәтіндер беріледі. Олар оқып, сол мәтіндерге салыстырмалы анализ жасайды. Берілген екі мәтіндегі ақпараттарды салыстыра отырып, тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдайды.

А мәтіні

Жаһандану концепциясын ғылыми талдаудың кейбір теориялық мәселелері

Жаһанданудың оң және теріс жақтарына талдау жасай келе, малайзиялық танымал ғалым Музаффар Чандра оның бір ғана оң нәтижесі «жанама өнімде» деп атап көрсетеді. «Оның нағыз себебі пайданы барынша көбейтуден көрінеді», - деп жазады ол, сондықтан жаһандану «бүкіл тарих бойында адамзат өркениетінің тұтастығына маңызды қауіп төндіретін қатерлердің бірі болуы мүмкін». Алайда, «жаһандану дін мен мәдениет үшін белгілі бір оң элементтер әкелетіндіктен, одан толық бойды аулақ салудың да қажеті жоқ. Этикалық және моральдық ережелер қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік стратегияда экономикалық қызмет атқару кезінде ескерілуі тиіс. Нарық этикалық принциптермен реттелініп отыруы қажет» деп санайды ғалым. Оның пікірінше, «ислам және басқа да дін интеллектуалдарына қарсы тұру дінмен үйлесе отырып, жаһандану үдерісіне енгізілген адамгершілік және экономикалық жағынан негізделген саясаттан көрінеді».

Егерде жаһанданудың артықшылықтары туралы айтар болсақ, жаһандану халықаралық бәсекелестікті өршіте түседі. Бәсекелестік пен нарықтың кеңеюі мамандану және халықаралық еңбек бөлінісін тереңдетуге әкеледі. Жаһанданудың тағы бір артықшылығы – өндіріс ауқымындағы үнемділік, мұның өзі ысырапшылыққа жол бермеу мен бағаның төмендеуіне, соның салдарынан тұрақты экономикалық дамуға әкеледі.

Егерде жаһанданудың оң және теріс жақтарын саралайтын болсақ, оның өзі әлемдік жүйенің сипатына байланысты болады. Егер әлем қақтығыстарға толы болса, онда ол мүлдем теріс сипат алады. Керісінше, әлем ынтымақтастыққа қарай бет түзесе, онда жаһандану оң әсер береді.

Ә мәтіні

А мәтіні

Ұқсастығы мен ерекшелігі

Ә мәтіні

Тақырыбы


Тақырыбы





Қызмет


Қызмет





Стилі


Стилі





Тілдік ерекшелігі


Тілдік ерекшелігі





Дескриптор:

  • мәтіндердің тақырыбын анықтайды;

  • мәтіндердің қызметін анықтайды;

  • мәтіннің стилін анықтайды;

  • тілдік ерекшелігін анықтайды.

ҚБ

ОҚЫЛЫМНАН КЕЙІН.

5-тапсырма. «Артық болмас білгенің» айдарымен берілген мәтіннен көркем әдебиет стиліндегі тілдік бірліктерді табыңдар. Көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора т.б.) синонимдерімен ауыстырып, мәтін стилінің қалай өзгергенін анықтаңдар.

Оқушыларға мәтіндер беріледі. Олар оқып, сол мәтіндерге салыстырмалы анализ жасайды. Берілген екі мәтіндегі ақпараттарды салыстыра отырып, тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін талдайды.

































































«Артық болмас білгенің» айдарымен берілген мәтіннен көркем әдебиет стиліндегі тілдік бірліктерді табыңдар. Көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора т.б.) синонимдерімен ауыстырып, мәтін стилінің қалай өзгергенін анықтаңдар.










ҚБ





















































ҚБ









ҚБ









9-сынып «Қазақ тілі» оқулығы






































Сабақтың соңы

5 минут



Рефлексия: «Не ұнады? Не ұнамады? Менің көңіл күйім»

Үй тапсырмасы: 6-тапсырма


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ бойынша рефлексия




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?










































А мәтіні Жаһандану концепциясын ғылыми талдаудың кейбір теориялық мәселелері

Жаһанданудың оң және теріс жақтарына талдау жасай келе, малайзиялық танымал ғалым Музаффар Чандра оның бір ғана оң нәтижесі «жанама өнімде» деп атап көрсетеді. «Оның нағыз себебі пайданы барынша көбейтуден көрінеді»,-деп жазады ол, сондықтан жаһандану «бүкіл  тарих бойында адамзат өркениетінің тұтастығына маңызды қауіп төндіретін қатерлердің бірі болуы мүмкін». Алайда, «жаһандану дін мен мәдениет үшін белгілі бір оң  элементтер әкелетіндіктен, одан толық бойды аулақ салудың да қажеті жоқ. Этикалық және моральдық ережелер қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік стратегияда экономикалық қызмет атқару кезінде ескерілуі тиіс. Нарық этикалық принциптермен реттелініп отыруы қажет» деп санайды ғалым. Оның пікірінше, «ислам және басқа да дін интелектуалдарына қарсы тұру дінмен үйлесе отырып, жаһандану үдерісіне енгізілген адамгершілік және экономикалық жағынан негізделген саясаттан көрінеді».

Егерде жаһанданудың артықшылықтары туралы айтар болсақ, жаһандану халықаралық бәсекелестікті өршіте түседі. Бәсекелестік пен нарықтың кеңеюі мамандану және халықаралық еңбек бөлінісін тереңдетуге әкеледі. Жаһанданудың тағы бір артықшылығы – өндіріс ауқымындағы үнемділік, мұның өзі ысырапшылыққа жол бермеу мен бағаның төмендеуіне, соның салдарынан тұрақты экономикалық дамуға әкеледі.

Егерде жаһанданудың оң жәге теріс жақтарын саралайтын болсақ, оның өзі әлемдік жүйенің сипатына байланысты болады. Егер әлем қақтығыстарға толы болса, онда ол мүлдем теріс сипат алады. Керісінше, әлем ынтымақтастыққа қарай бет түзесе, онда жаһандану оң әсер береді.


Ә мәтіні

Жаһандану және ел тағдыры

Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Айтылуы, аталуы жаңаша болып көрінгенімен, оның түп тамыры ежелгі тарих қойнауында жатқандығын байқауға болады. Кезінде Шыңғыс хан, Атилла (Еділ), Македониялық Ескендір сияқты тарихи тұлғалар жер-дүниенің бәрін жаулап алып, өз үстемдігін жүргізіп, ортақ тілді, құндылықтарды әлемге таратпақшы болған. Демек, жаһандану тарихта бұрын да көрініс тапқан.

Бүгінгі таңда еуропа-американдық немесе батыстық мәдениеттің "мысы" басым болып тұр. Ал қалған елдер не батыстың құндылықтарын, мәдениетін қабыл алып, батыстың "жүрдек пойызының соңғы тепкешегіне жабысады", яғни жаһанданады, не өздерін батыс ықпалынан шығарып алу үшін томаға – тұйықтық, жабықтық стратегия ұстанады.

Жаһандану біздің елде де басталып кетті. Осы тұста бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Бірақ осы орайда біз Батыстан нені алуымыз, нені алмауымыз керек. Жалпы мәдениеттің өзі екі жолмен пайда болады. Біріншісі – дүниетанымнан келіп шығатын, екіншісі – ғылыми-техникалық дамудан келіп шығатын мәдениет. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады. Тіпті ХХІ ғасырда қазақ жастары озық технологияның барлық қыр-сырын білуі тиіс. Мұны меңгерумен біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз. Ал батыстың дүниетанымынан келіп шыққан мәдениет бізге керек емес.

Ұлтымыздың болмысында біткен асқар таудай биік, өмірдің бар асылына бергісіз, сан ғасырлық ғажайып, бірегей мәдениеті бар. Тіл – мәдениеттің құрылымдық элементі, мәдениеттің болу шарты әрі ең жоғары құндылығы. Қазір ғаламдық тіл санатына романдық тілдер тобы, нақтырақ айтсақ, ағылшын тілі сақадай сай дайын тұр.

Ендеше, жөргегінде тұңшыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.02.2025
166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11