жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары. Жердің тектоникалық құрылысы
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы. Күні: Мұғалімнің аты – жөні : Асқар Ә |
|||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
7.3.1.2.Жердің тектоникалық құрылысы |
||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сәйкес) |
7.3.1.2 Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды |
||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
|
||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану, талдау |
||||||||||
|
Бағалау критерийлері
|
Картадан ірі литосфералық плиталарды табады; кескін картаға сызады; Литосфералық плиталардың қазіргі қозғалысын карталардан анықтап; плиталардың қазіргі қозғалысына талдау жасайды, жер бедеріндегі өзгеріске ықпалын болжайды |
||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Оқулық ресурсын, атлас қолдана отырып, жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың пайда болуын және сейсмикалық аймақтардың орналасуын сипаттайды. Жер қыртысының қозғалысын, жер бедеріндегі өзгеріске ықпалын түсіндіре алады. Пән бойынша сөздер мен терминдер: тектоника,тектоникалық тақта,тектоникалық тақталар гипотезасы,сейсмограф,тақта(платформа), қалқан, плита Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары) . Сөйлемді жалғастыр. Литосфера бірнеше ...............бөлінген. Жер қыртысының тұрақты бөліктерін қандай платформалар құрайды?.................................. Мысал келтір................................ Не себепті материк және мұхит астындағы жер қыртыстары бір-бірінен айырмашылық жасайды? ................................ Плиталық қозғалыстар жер бедеріндегі өзгерістерге қалай ықпал жасайды? |
||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Баянды,мызғымас негізгі ішкі қағидаттар негізінде оқушының бойына өзгеге деген құрмет, ынтымақтастық әлеуетін, ашықтық, еңбек етуге және шығармашылыққа баулу, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту |
||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Геология, химия, физика |
||||||||||
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар литосфера құрылысы мен заттық құрамын біледі |
||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс - әрекеттер |
Деректеркөздер мен ресурстар |
|||||||||
|
Сабақтың басы 5-7 минут |
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныппен сәлемдесу, номенклатура арқылы топқа бөлу «Платформа» тобы, «Плита» тобы, « Қалқан» тобы 3 топ құралады Өткен сабақты қайталау ретінде «Тарсия» әдісі арқылы жауап алу. Қима қағаздар арқылы тапсырмаларды топта сәйкестендіреді «Миға шабуыл» әдісі Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін көрсетілімдегі сурет арқылы сұрақ қояды:
Оқушылар өздері білетін литосфералық тақталардың қалыптасуына әсер ететін факторларын атап шығады. Мұғалім оқушыларға 7.3.1.1 тақырыбы бойынша сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді. 1.Литосфера қабығын сипаттаңыз,құрылысын түсіндіріңіз? 2.Жер қыртысын түзетін жыныстардың түрлерін сипаттаңыз? 3.Жер қыртысының түрлерін анықтаңыз? ОМ презентация арқылы көрсетіледі. (ОМ) анықталған соң бейнематериал көруді ұсынады және сол материалға байланысты сұрақтар қойылады |
Қима қағаздағы номенклатура Қима қағаздарындағы тапсырмалар Презентация |
|||||||||
|
Сабақтың ортасы
25-30 минут
|
Жеке жұмыс «Мен мұны жасай аламын» әдісі 1.Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз? 2.Жер қыртысы қандай литосфералық тақталалардан тұрады? Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып,өз ойларын бөліседі.
Дескриптор: - таңдап алған тақтаны (плитаны) жоспар бойынша сипаттап, өз болжамын дәлелдермен қорытындылайды. Бағалау: «Басбармақ» әдісі
|
Презентация
Бейне материал
Сурет,7 сынып Атлас
Жұмыс дәптері, атлас |
|||||||||
|
Соңы 5мин-8 мин
|
Жеке жұмыс «Логиалық шың» әдісі 3 тапсырма Есеп. Африка литосфералық тақтасының жылжу жылдамдығын ескере отырып, 200 жылдан кейінгі орнын анықтаңыз, жер бедерінде болатын өзгерістерді болжамдаңыз. Дескриптор -Африка литосфералық плитасының жылжу жылдамдығын картадан анықтайды - Есептеулер жүргізеді және өзгерістерді сипаттайды Бағалау «Бағдаршам» әдісі
Кері байланысты жазбаша орындайды «Шульманның үш көмекшісі»
|
К
|
|||||||||
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақта жүзеге асырылдылуы |
|||||||||
|
Сабақты саралау сыни ойлауды дамытуға негізделген.Ойлаудың қолдану,талдау деңгейін жүзеге асыру мақсатына сәйкес тапсырмалар сұрыпталды. Дарынды және тез орындайтын оқушыларға практика ретінде жетілдіру үшін зерттеу,болжамдау тапсырмаларын әзірлеу арқылы шығармашылықтарын дамыту көзделді |
Бағалау сабақтың өн бойында әрбір әрекеттен кейін тапсырмалар дескрипторларымен және қалыптастырушы бағалау түрлерін енгізе отырып жүргізілді ,оқушының өзін-өзі бағалауына және жұпта,топ ішінде өзара бағалау жүргізілді |
АКТ- мен жұмыс жасау бұл сабақта мұғалімнің презентациясы,видеома териал пайдаланылған. .
|
|||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
|
||||||||||
|
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? . |
|||||||||||
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген