Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Жүріп келе жатып алу тәсілдері 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға жүріп келе жатып ату тәсілдерін үйрету. Оқушылар теориялық оқыта отырып шапшаңдыққа, жерін қорғай отыратын егемен елдің патриоты болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Жүріп келе жатып ату тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

А). Білімділігі:Оқушыларға жүріп келе жатып ату тәсілдерін үйрету.

Ә). Дамытушылығы: Оқушылардың жүріп келе жатып ату тәсілдерін практикалық тәсілдерді меңгере

отырып ептілік қабілеттерін дамыту.

Б). Тәрбиелігі:Оқушылар теориялық оқыта отырып шапшаңдыққа, жерін қорғай отыратын егемен

елдің патриоты болуға тәрбиелеу.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: 10 сынып, Тактикалық алаң.

Көрнекілік құралдар: Автомат макеті, АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

- взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады,оқытушыға рапорт береді,

- амандасу,түгендеу,оқушылардың сырт көрінісін тексеру,

- қарастырылатын тақырыпты жариялау,

- оқушылар назарын сабаққа бөлу.

ІІ. Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

- Автоматшы (пулеметші) атысты уақытша немесе толықтай тоқтату үшін не істеу керек?

- Автоматтың (пулеметтің) оғын алу ретін айтыңдар.

- Автоматшының (пулеметшінің) «Қаруды – қаруға!» пәрмені бойынша жатып ату әрекеті тұрып не жатып атудан несімен ерекшелінеді?

- Тіреуден және таса артынан ату тәсілдері жайлы айтып беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ: АЕ. Т-5. Жүріп келе жатып ату тәсілдері.

Оқу сұрақтары:

1. Жүріп келе жатып ату тәсілдері.

ІҮ. Негізгі бөлім – 25 минут.

1-ші оқу сұрағы 25 мин. АЕ. Т-5. Жүріп келе жатып ату тәсілдері.

Жүріп келе жатып автоматтан (пулеметтен) ату – көтеріп не дүмді бүйірге қысу арқылы жүргізіледі.

Көтеріп атуды қысқа аялдамамен және жүріп келе жатып жүргізуге болады.

Қысқа аялдама жасап автоматты көтеріп алып ату үшін – тоқтап және сол аяғын жерге қойып, сонымен бір уақытта дүмді иыққа тіреп көтереді; оң аяғын қоймастан көздеп, кезекпен бір-екі атыс жүргізеді де, автоматты (пулеметті) түсіріп, қозғалысын жалғастырады.

Жүріп келе жатып автоматты (пулеметті) көтере ату үшін - автоматты (пулеметті) иыққа көтеріп, оны нысанаға бағыттай отырып, қозғалысын тоқтатпастан атыс жүргізеді.

Дүмді бүйірге қысып ату аялдамасыз жүргізіледі. Ол үшін – оң қолмен дүмді оң жаққа тіреусіз немесе оң қолдың иық бөлігіндегі шынтаққа ілмегін тірей қысу керек. Егер дүмі күрделі болса, автоматты оң қолмен бүйірге үңғы қорабы мен тапанша тұтқасынан қысады да, сол қолмен автоматты сағағынан ұстайды.

Пулеметтен ату кезінде, сонымен бірге бауды сол иықтан асыра тастайды.

Автоматты (пулеметті) нысанаға бағыттап, қозғалысын тоқтатпастан атады.

Жүріп келе жатып ату кезінде автоматты (пулеметті) қайта оқтауды қозғалысты тоқтатпастан жүргізеді.

Әуе нысаналарын ату тәсілдері.

Әуе нысаналарын автоматтан (пулеметтен) ашық жерлерде ату – жатып, тізерлеп және ату үшін ыңғайлы қалыпта орналасады (тұрып, жартылай бүгіліп, тізерлей).

Орда тұрып әуе нысаналарын ату былай жүргізіледі:

- сол қолдың иығы мен автоматты ордың алдыңғы қырына немесе байланыс жолына тірейді; егер көтерілу бұрышы жеткіліксіз болса, онда отырып атады;

- арқаны тірей және сол аяқты ор қырына тірей ату; сол аяқты мейлінше көтеріп, оның табанын ордың қарсы жақ қырына тіреп, жеңіл отырады. Автоматты (пулеметті) тұрып атқан кездегідей ұстайды, бірақ сол қолдың шынтағын сол аяқтың жамбасына тірейді немесе аздап алға қояды.

Ү. Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Қаруды көтеріп, қысқа аялдама жасап жүріп келе жатқанда қандай ату тәсілдерін қолдануға болады?

- Ашық жерлердегі әуе нысаналарын жою үшін автоматшы (пулеметші) атуды қандай жағдайларда жүргізеді?

- Автоматшы (пулеметші) жергілікті заттар артынан ату үшін қандай жағдайда орналасады?

- әуе нысаналарын ордан (байланыс жолынан) тұрып ату қалай жүргізіледі?

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үй жұмысы:§ 5.5.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2021
502
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12