Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: "Жылқы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жылқы туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Әдебиеттік оқу


Тақырыбы: «Жылқы»


Мақсаты: а) С.Мұқановтың «Жылқы» әңгімесін мәнерлеп оқуға үйрете отырып, мағынасын меңгерту. Қазақ халқы жылқы малын, ерекше қастерлеп, жеті қазынаның біріне бағалағанын түсіндіру.

ә) Оқушыларға мәтінді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыту, түсінгенін әңгімелеп айтып беруге дағдыландыру. Сөздік қорларын дамыту.

Б) Төрт-түлік жануарларды күтіп баптай білуге, еңбекқор болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Түзету мақсаты: Зейінін, есте сақтауын, көруін дамыту.


Түрі: Дәстүрлі сабақ.


Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын.


Көрнекілігі: Суреттер, мультимедия.


Жүрісі:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың назарын аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

- Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?

1. О. Әубәкіровтың «Ара мен шыбын» өлеңін рөлге бөліп оқу.

2. Сұрақ-жауап.

- Шығарма нелер жөнінде?

- Шыбын араға қандай өтініш айтты?

- Ара неліктен бірден келісе салмады?

- Шыбындардың қылығына көзқарастарың қандай?


Жаңа сабаққа көшу.

Бұрынғы ата-бабаларымыз көшпенді халық болған. Сол кездері немен барған деп ойлайсыңдар?


ІІІ. Жаңа сабақ.


  1. Сәбит Мұқанов туралы түсіндіру.

  2. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.

  3. Мәтіннің мазмұнын түсіндіру.


ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға мәтінді оқыту.


Ү. Сергіту сәті. Сөзжұмбақ шешу.


1. Жылқыны жасына қарай қалай атайды? (жабағы)

2. Жылқының төлі? (құлын)

3. Ешкінің төлі? (лақ)

4. Қойдың төлі? (қозы)

5. Төрт түліктің бірі? (сиыр)


ҮІ. Сұрақ-жауап.


  1. Жылқы етінің қасиеті қандай?

  2. Жылқының адамға пайдасы қандай?

  3. Жылқы жөнінде қандай өлең білесіңдер?


ҮІІ. «Ойлан, тап» ойыны.


1. Жылқыны жасына қарай қалай атайды?

(құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті)

2. Жылқыны түсіне қарай қалай атайды?

(торы, көк, жирен, күрең)

3. Жүйрік аттарды қалай атайды?

(сәйгүлік, саңлақ, тұлпар, арғымақ)

4. Жылқыға байланысты қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер?

(бәйге, аударыспақ, қыз қуу, көкпар, теңге алу)


ҮІІІ. Мақал-мәтелдер. «Жалғасын тап»


  1. Ер қанаты-ат.

  2. Жылқының сүті-шекер, еті бал.

  3. Жүзден жүйрік-мыңнан тұлпар.

  4. Жылқы-малдың патшасы.

  5. Жаман аттан аяғым артық-жаман жолдастан таяғым артық.

  6. Ат жаманы жолда қалдырар-жолдас жаманы қолда қалдырар.


ІХ. Жұмбақтар шешу.

1. Апан, апан 2. Кішкентай ғана бойы бар,

Ескі шапан. Айналдырып киген тоны бар.

Иір қобыз, (қой)

Жарық жұлдыз. (түйе)


3. Екеу елеңдеп келеді, 4. Екі айнасы бар,

Төртеуі төбелесіп келеді. Екі найзасы бар.

(аттың 2 құлағы, 4аяғы) Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)


Х. Сергіту сәті.


ХІ. «Кім тапқыр» ойыны


  1. Бәйгеге шабатын баланы кім дейді? (шабандоз)

  2. Жүйрік атты баптайтын адамдарды кім дейді? (бапкер, атбегі)

  3. Ұл бала туғанда кім туды дейді? (ат ұстар)

  4. Жылқы пірі кім? (Қамбар ата)


ХІІ. Қорытынды.

- Сонымен бүгін не үйрендіңіздер?

-Жылқының қасиеті қандай екен?

-Адамға қандай пайдасы бар?


Адамға қанат бітіріп, төбесін көкке жеткізетін де осы жылқы. Жылқы батырлардың жан серігі, көмекшісі болған. Кендебайдың Керқұласы, Қобыландының Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, Ақанның Құлагері нағыз тұлпарлар болған.


ХІІІ. Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқып келу.

ХІҮ. Бағалау.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
1110
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12