Петропавл
қаласы
Қазақ мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Фазылова Кульжан Ермековна
Сабақтың тақырыбы: Көктем. Сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыта отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, табиғаттың әсемдігін сезінуге баулу.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдап, құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сызба, карточка, суреттер, сандық макеті
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру,
Сабақтың барысы: I. Бағдарлау-мотивациялық кезең
Сәлем деймін достарға
Сәлем деймін құстарға
Сәлем деймін аспанға
Сәлем болсын баршаға
Буги-буги билейміз
Айналамыз тағы біз
Алақанды соғамыз
1,2,3 буги-буги Ок
Ашық болсын айымыз
Биік болсын туымыз
Тату болып халықтар
Аман болсын балалар!
II. Үй тапсырмасын тексеру Жетон бәйшешек сыйлап отыру
-Кешегі біздің өткен мәтін қалай аталады?
-Кемпірқосақтың неше түсі бар?
-Ендеше қазір біз сол түстерді қойып шығайық.
-Ең бірінші түсі қандай, таңдайды бір оқушы.
Сұраққа жауап беріп, тақтаға іледі.
1.Жаңбыр жауардың алдында аспанды не басады?
2.Бұлт арасынан шығып, жарқырап сәулесін шашатын не?
3.Кемпірқосақ қашан шығады?
4.Кемпірқосақтың суретін кім салғысы келді?
5.Ақтелпекке осындай кемпірқосақ бола ма?- деген ненің дауысы естілді?
6.Күн сәулесі нені жасайды екен?
Білесіңдер ме, табиғаттың әсем көрінісі достық белгісіне ұқсас келеді,
–Біз оны кемпірқосақтың керемет көрінісінен білеміз.
Өйткені олар бір-біріне жақын орналасқан.
- Ендеше, бізде бояулар түстерімен бір-бірімізге деген достық сезімімізді, тілегімізді білдірейік.
-Әр түсіне байланыстырып сөйлем құрастырып айтайық.
Балалар:
-Мен қызыл гүл сияқты жер беті әдемі болсын деймін.
-Ал мен қызғылт түс- гүл сияқты әдемі болып өсейік.
-Мен сары түс –күннің көзі сияқты, бәріне жылы шуақ сыйлағым келеді.
-Мен жасыл түс –шөп сияқты Жер-Анаға көрік берер едім.
-Мен көк аспандағы бұлттар сияқты адамдардың бір-біріне ниеті ақ болса деймін.
-Мен көк түс- еліміздің туы
биікте желбіреп, достығымыз арта берсе екен деймін.
-Мен күлгін түс- көктемнің бәйшешек гүлі сияқты бәріне сұлулық
тілеймін.
Тақтаға: Шашылған сөздер беріледі. Сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау. Көктемде, құстар, жылы, жақтан, ұшып, келеді.
Қазір, көктемнің, наурыз, айы.
-Сонымен біз не құрастырдық?
-Сөйлем.
-Ендеше сөйлем неден құралады?
-Сөйлем сөздерден құралады.
-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
-Сөйлемдегі сөздер бөлек-бөлек жазылады.
-Сөйлем өзі қалай жазылады?
-Бас әріптен басталып, соңына нүкте қойылады.
-Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
-Нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі.
-Мысал келтірейік.
Сұрақтар: Тақтаға көктем мезгілінің суретін іліп қою, артына сұрақтарды жазу. Аспан, күн, жаңбыр, қар, гүл.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктемде қар не істейді?
-Көктемде адамдар қалай киінеді?
-Көктемде ауа-райы қандай болады?
-Бұл көрініс қай жыл мезгілін білдіреді?
- «Көктем»
-Ендеше бүгін біз Төлеген Айбергенов деген ақын ағаларымыздың «Көктем» атты өлеңімен танысамыз.
III. Операционалдық-орындаушылық кезең
154-жаттығу
-
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы
-
Оқушылардың тізбектеп оқуы /сөйлеммен/
Оқушылар бір-бірін бағалап отырады.
Мәтіннің мазмұны талданады.
Сұрақтар:
А). Ақын көктем мезгілін қалай суреттеген?
Ә). Көктемде қандай құстар ұшып келеді? 1-ші ұзақ қарға, 2-ші қараторғай,
Құстарға қандай қамқорлық жасаймыз? 3-ші бозторғай.
Бүгінгі күнді жазып қоямыз. Тақтаға көркем жазу Кк
Дәптермен жұмыс: 1-жаттығу
Өзіндік жұмыс. Оқушылар тиісті тыныс белгісін қойып, әр сөйлемнің бірінші сөзінің астын сызады. Орындап болған соң, сөйлемдерін тексеру.
Сергіту сәті:
Қазақстанның жері-кең байтақ
Биік-биік таулары бар.
Терең-терең көлдері бар.
Суда жүзетін балықтары бар.
Жайқалып өсетін ағаштары бар.
Біз сияқты бақытты балалары бар.
Тақтамен жұмыс:
Тақтада: берілген сызба арқылы сөйлемдер құрау /ауызша/
_______ _______ _______ ба?
_______ _______ _______ нешеу?
_______ ________ ________ _______ .
_______ ________ ________ !
Ойын: «Сиқырлы сандық»
Әр оқушы бір әріптен таңдайды. Сол әріпке оқушылар бір сөз ойластырады. Оқушы сол сөзді қатыстырып сөйлем құрайды.
/Музыка/ құстардың дыбыстарын тыңдату
Қорытынды: Екі қатарға жұмыс түрлерін тапсыру
1.Сурет бойынша әңгімелеу.
2.Көктем туралы ой толғау. Көктем сөзіне ассоциация.
IV. Рефлексиялық бағалау кезеңі
Карточка тарату
Бағытпен көрсету Сөз, Сөйлем, Мәтін
Тақтаға жазып қою: Үйге тапсырма: 98- бет өлеңді жаттау, дәптерде 50бетте 2-жаттығу
Бағалау: Жетон бәйшешекті санап, сол бойынша бағалау
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары "Көктем. Сөйлем" 1 сынып

шағым қалдыра аласыз