Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

сабақ жоспары көркем әдебиет мектепалды даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
балалар шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтуға үйренеді
Материалдың қысқаша нұсқасы



ТАҚЫРЫБЫ:

«Кім болғым келеді» (өлең)

(М. Құрманалин)

Мектеп/ МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/ топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.1.2.1. Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айту

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Шағын мәтіндер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Шағын өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтады.

Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қалай? неге? не үшін? деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

Кім болғысы келетіні туралы әңгімелеседі.

Әдеби жанрларды ажыратады.

Көптілділік: мамандық – профессия – profession

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: құрылысшы, темір ұстасы.

Пікір алмасу сұрақтары:

Мамандығы бойынша жұмыс істеу адам бойындағы жақсы қасиет пе?

Әр мамандық иесі қандай құралдарды пайдаланады?

Әр мамандық иесінің бойында қандай қасиеттер болу керек?

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Мамандықтардың әртүрлілігі туралы баяндайды. Кім болатыны туралы түсініп жауап беру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин. II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) ҰОҚ­де жұмыс жасау үшін педагог жағымды ахуал туғызады.

Жұмбақ шешу:

Кірпіштен сарай үй салады,

Ол адам кім болады? (Құрылысшы)

Шекарада сақ тұрып, көз ілмей кім шығады? (Шегарашы) – Қандай мамандықтарды білесің?

Өзіңе қандай мамандық ұнайды?

Жұмбақ

III. Тақырып бойынша жұмыс

6–27 мин.

(Ұ) Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:

  • Ортада тұрған бала кім болғысы келетінін қалай армандап тұр?

  • Ал сен кім болғың келеді?

  • Суретте қандай мамандықтар бейнеленген?

  • Мұғалім не істейді?

  • Аспаз не істейді?

  • Комбайншы, механик қандай жұмыстар атқарады?

(Ұ) Бейнетаспадан әртүрлі мамандықтар бойынша үзінді көру.

  • Бізде мамандықтың түрлері неге көп?

Әліппе­дәптер

Бейнетаспа



  • Көркем әдебиетте қандай жанр түрлерін білесіңдер?

Бүгін біз өлең жанрымен танысамыз.

Педагог М. Құрманалиннің «Кім болғым келеді?» өлеңін ұсынады.

Талқылау:

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар.

  • Өлең қалай аталады?

  • Өлең сендерге ұнады ма?

  • «Ұлағатты» атанған қай мамандық иесі деп ойлайсыңдар?

  • «Бармағынан бал тамған» деп кімдерді айтамыз?

  • Мамандық иелері кім үшін еңбектенеді?

  • Тағы қандай мамандықтарды білесіңдер?

  • Сенің кім болғың келеді?

Сергіту сәті.

(Т) Саусақ жаттығуы:

Тас қалаушы жарайды,

Қабырғасын үйдің қалайды,

(оң қолды сол қолдың үстіне, сол қолды оң қолдың үстіне қойып, осылайша жоғары көтерілеміз)

Сырлаушы боп мен енді, (босаңсыған қол білезігін жоғары-төмен сермеу)

Сырладым төбе, еденді. (төбені, еденді сырлаймыз)

Мен электрші­шам жаққыш, (сөндіргішті басып, жарықты өшіреміз)

Бұрап шамды жақтым. (шамды бұраймыз – оң қолдың білезігін айналдырамыз)

Жаңа үйге кір көшіп, (екі алақанды бір-біріне түйістіріп, үй жасау)

Бақытты өмір жүр кешіп. (қолдарын екі жаққа созу)

Өлеңнің мазмұнын балалар естеріне сақтау үшін педагог екінші қайтара оқып береді.

Балаларға өлеңді жатқа айтуды ұсынады. (3­4 балаға).

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Суретпен жұмыс:

  1. Ғарышкер деген кім? Ғарышқа ұшқан кімдерді білесің?Сенің Айға ұшқың келе ме? Не үшін?

  2. Мұғалім мен аспазға қажетті құралдарын атау, оны үзік сызықтар арқылы қосу.

  3. Есіңе сақта!

Еңбек адамды өсіреді,

Жалқаулық адамды өшіреді.

Көптілділік: мамандық – профессия – profession (Т) Д/ойын «Мамандықтың бәрі жақсы».

Әртүрлі мамандық туралы суреттер беріледі.

Бала қалаған мамандығы туралы өз ойын айтады.

Саусақ жаттығуы

Әліппе­дәптер

IV. ҰОҚ қорытындысы.

Рефлексия.

28–30 мин.

Педагог қорытынды жасайды.

Бүгін не туралы әңгімеледік?

(Ө, Қ) Рефлексиялық бағалау – өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Тәрбиеленушілер ҰОҚ­дегі өзінің жұмысына баға береді:

Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл түспен.

Әліппе­дәптер, түрлі түсті

қарындаштар

2

ТАҚЫРЫБЫ:

Алтын бала (әңгіме)

Мектеп/ МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/ топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.1.1. Шағын мәтіндер, әңгімелердің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру 0.1.3.1. Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ және т.б.)

0.2.2.1. Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Әңгіме мазмұнының жүйесін сақтай отырып шағын шығармаларды айтып бере алады.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Әдеби жанрларды ажыратады.

Тыңдалған материалды иллюстрация бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндайды.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:

Әңгіме бойынша пікірлеседі. Әңгіме мазмұны бойынша өз ойларын айтады.

Өздерінің қатынасын эмоциялық түрде білдіреді.

Көптілділік: алтын бала – «золотой» мальчик – golden boy

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: жанр, әңгіме, шыдамы таусылып, радио Пікір алмасу сұрақтары:

Қандай әңгімелерді білесіңдер? Есімізге түсірейік.

Жақсы болу адам бойындағы жақсы қасиет пе?

Алтын бала немесе жақсы бала болу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы тиіс?

Өткен ҰОҚ-де алған білім

Өткен әңгімелерді естеріне түсіріп атау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0–2 мин.

II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Педагог жағымды көңіл күй қалыптастыру үшін

тәрбиеленушілерге өлең жолдарын қимыл­қозғалыс арқылы айтады.

Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған. Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам.

Ұқыпты осындай,

Болайықшы, досым­ай.

) Педагог шағын фольклор – мақалмен таныстырады.

«Алғыспен ел көгерер,

Жаңбырмен жер көгерер».

  • Балалар, қалай ойлайсыңдар, алғысты қандай балаларға айтады?Тәрбиеленушілер алғысты қандай кезде айтатыны туралы болжамдайды. Алғысты жақсы іс­әрекет жасаған немесе көмек көрсеткен балаларға айтады.

  • Сен өзің басқа бір адамдардан алғыс естідің бе?

Музыкалық сүйемелдеумен Мақал


ҰОҚ ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс

6–27 мин.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

Ребусты шешу. Шыққан сөздің мағынасын түсіндіру.

  • Қандай баланы «алтын бала» деп айтуға болады?

(Ұ) – Балалар, бүгін «Алтын бала» әңгімесімен танысамыз.

(Қосымша материалды қара).

Біз бүгін әңгіме жанрымен танысамыз. Әңгіменің ерекшелігі – қысқа оқиғаны әңгімелейді.

Мұқият тыңдаңдар.

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар.

  • Әңгіме ұнады ма?

  • Әңгімедегі баланың іс­әрекеті сендерге ұнады ма?

  • Анасы Зәукенді қайда жұмсады?

  • Зәукен атайдың қандай затын жөндеп берді?

  • Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    20.10.2020
    1587
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12