400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

сабақ жоспары Көркем сөз және көркем әдебиет 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өнердің бір саласы болған – Көркем сөз көркем әдебиет туралы білім беру. Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу. Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Күні: I топ- III топ-

II топ- VI топ-

Сабақтың тақырыбы: Көркем сөз және көркем әдебиет

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға өнердің бір саласы болған –

Көркем сөз көркем әдебиет туралы білім беру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу,

достыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын

кеңейту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, кесте,

сурет, нақыл сөздер.

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,сурет.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Әнұран айтқызу.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Оқушының білімін тексеру.

Отан-туралы мақал-мәтел.



ІІІ.Жаңа сабақ мақсаты.

Оқушыларға Көркем сөз көркем әдебиет туралы білім беру.

ІV. Жаңа сабақ түсіндіру.

Көркем әдебиет – ол да көркемөнер. Көркем өнердің сәулет, мүсінші, сурет, музыка сияқты түрлері болады.

Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің әсерін тудыра алады. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, көркем әдебиет бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді аңғарып, сезінуге үйретеді. Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл – күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз.

Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып – білген адамның көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бесінші сыныпта біз оның өлең, дастан, роман повесть сияқты түрін білетін боламыз. Жанрдың еркшеліктерін аңғара отырып, шығарманы көркемөнер түрі ретінде қабылдауға үйренеміз, олардың авторлары туралы түсінік аламыз.

Сондай – ақ әдебиеттің үлкен бір түрі – ауыз әдебиетінің үлгілерімен де танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп көркем әдебиет туралы тұтас ұғым аламыз. Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз ішкі рухани дүниемізді байыта түсеміз, білімнің адамгершілік қасиеттердің жаңа биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз. Кітап біздің ажырамас досымызға айналатын болады.

Қазақ әдебиеті екіге бөлінеді: біріншісі – ауыз әдебиеті, екіншісі – жазба әдебиет. Ауыз әдебиеті елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі мәнді әңгімелерімен айтылған. Ауыз әдебиетінің шығарушыларының аты – жөні бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарылған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтумен сақталған. Ескіліктен қалған ондай сұлу, дәмді сөздерді жалғыз адам ғана біліп қоймайды, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды. Ел болып кейінгілерге көркемдеп, әсерлі етіп айтып беріп отырады. Ауыз әдебиеті осылай пайда болады. Ауыз әдебиетінен елдің даналығын, танымын, тәлімін, мінез- құлқын түгел білеміз.

V. Жаңа сабақ түсінгенің тексеру.

  1. Әдебиет не туралы ғылым?

  2. Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?

  3. Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?

  4. Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?

  5. 5- сыныпта біз көркем әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?

  6. Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар?

VІ. Жаңа сабақты бекіту:



Топтастыру әдісі

Shape1

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ

Поэма

Роман әңгіме





Өлең жыр



VІІ.Үйге тапсырма. Түсінік айту. Бағалау

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
1932
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі