Сыныбы:4“Ә”
Сабақтың
тақырыбы: «Көшеде
сақ бол!»
Сабақтың
мақсаты: 1.Білімділігі: Оқушылардың жол
ережесі туралы білімін кеңейту, жол
белгілерін, олардың топтарын ажырата
білуге үйрету.
2.
Дамытушылығы: Оқушыларға жол белгілерін
қатаң сақтауға дағдыландыра отырып
көше ережесіне байланысты ұғымдар мен
терминдерді білу адам өмірі үшін
қажеттілігін түсіндіру, ойлау қабілеттерін
дамыту.
3.
Тәрбиелігі: Оқушыларға жолда жүру
мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке,
өзара достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Жол белгілері, жол таңбалары,
бағдаршам, суреттер.
Сабақтың
барысы:
Мұғалім:
Құрметті оқушылар! Бүгін де қалада да,
ауылда да үлкен көшелер және онда
жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше
кеңейген сайын ерсілі- қарсылы жаяу
жүргіншілер мен жүргізушілердің де
көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары
еліміздің қай жерінде болмасын көліктің
барлық түрлері еселеп артып келеді.Мұның
өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың,
әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін
неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын
қажет етеді.
Көшенің
тәртібін үйде ата- ана ескертсе, көше
қилысында жол полициясы қызметкерлері
мен бағдаршам қадағалайды.
Бүгінгі
«Көшеде сақ бол!» атты сынып сағатымызда
екі топқа бөлінеміз.
«Үлгілі
жолаушылар» және «Жас инспекторлар»
.
«Үлгілі
жолаушылар» тобынан
оқушы:
Бастала әр қадамың аттауменен,
Жол
жүру ережесін сақтауменен.
«Жас
инспекторлар» тобынан
оқушы
: Жол тәртібін білейік,
Аман-
есен жүрейік.
«Көше
ережесі тарихынан»
Қарақат:
Тарихқа
көз жүгіртер болсақ, жүріп тұруды реттеу
қажеттілігі сонау бір машинаның аз
кезінде алғаш рет 1868 жылы Лондон
қаласында темір жол симафоры орнатылды.
Кейінірек Америкада 1870 жылы электр
бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде
үш шамы бар бағдаршамдар 1920 жылы іске
қосыла бастады.
Ертеде
адамдар ат жеккен күйменен жердің тегіс
жерімен баяу жүретін. Қазақстанда 1917
жылы небәрі 127 км ғана жол бар болатын.
«Мәнерлеп
өлең оқу»
1-топ
Қарақат:
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз
қалай жалын атпай басылармыз.
Жол
жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта
тұра алатын жас ұланбыз
Күнсұлу:
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан
тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі
біздің сынып оқушылары
Жолда
жүру ережесін меңгереді.
Аружан:
Қызыл жарық жанғанда,
Қалт
тоқтай қал табанда.
Сары
шамы жанғанда,
Сақ,
абай бол барынша.
Қызбақыт:
Жасыл жарық жол ашық,
Зымырай
бер жол ашық.
Қорытынды
сөз: Жол ережесін білейік,
Аман
– есен жүрейік!
Хаттама
1. Күн
тәртібінде « Көшеде сақ бол! » атты
сынып сағатының өтілуі.
Күн
тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша.:
Сынып
сағаты жақсы деңгейде өткізілді. Барлық
оқушы қатысты. Мұғалім оқушылар жол
ережесі туралы оз ойларын айтты.
Тақтадағы суреттер мен түсіндірді
Оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар
қойылды, оқушылар белсенді қатысып
отырды.
Қаулы:
«Көшеде
сақ бол!» атты
сынып
сағатының өтілуі «жақсы» деп танылсын.
Сынып
жетекшісі:
Абдурахманова
А.
Хатшысы:
Абжетова
А.
Көшеде
сақ бол!
Көшеде
сақ бол!
Болашақ
ауылдық округі №10 орта мектебі
Сынып
сағаты
Тақырыбы:
“Көшеде сақ бол!”
Дайындаған:
Абдурахманова А.К.
2017/2018
оқу жылы