жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Сабақ жоспары: "Күлтегін жыры" 7 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Көне күндерден жеткен жәдігерлер» бөлімі |
Мектеп: « Абай атындағы ЖОББ мектеп – лицейі» КММ
|
|||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Омарова Әйгерім |
|||||||||
|
Сынып : 7 Қазақ әдебиеті |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры |
|||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
7. Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау. |
|||||||||
|
Сабақ мақсаттары (Тақырыпқа байланысты сабақтың оқу, тілдік мақсаттары) |
Барлық оқушылар орындай алады: Тірек сөздерді пайдалана отырып шығарманың мазмұны мен идеясын талдай алады. |
|||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Негізгі кейіпкерлерге мінездеме беріп, образын ашады. |
||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Шығарманы зерттеп, бүгінгі күнгі батырлармен салыстырады. Сыни түрде баға беріп, осы кезеңдегі тарихи оқиғаға өз көзқарасын білдіре алады. |
||||||||||
|
Бағалау критерийі (Оқу мақсатына жетуге бағытталған қадамдар) |
|
|||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: « Күлтегін» жырының мазмұнымен танысып, Күлтегіннің батырлық, ерлік болмысын ашады.(оқылым) Шығармада кездесетін тілдік ерекшеліктерді ( көнерген, диалект) сөздік арқылы мағыналарына карай талдайды.( айтылым) «Күлтегін» жырын аудио арқылы тыңдап, негізгі кейіпкерге тән мінезді (батырлық, намысшыл,өжеттік) анықтау.(тыңдалым) «Күлтегін» жырындағы негізгі кейіпкерлердің іс-әрекетін қазіргі таңдағы батырлардың іс-әрекетімен ажыратып жазады.(жазылым) |
|||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қару-жарақ, рун, пышыр, терістік, қолбасшы, тәңір, жайдақ, ебесін, байтал, бұлың, сауыр. |
||||||||||
|
Диалог құруға/шығарма, хат жазуға арналған пайдалы тіркестер:
|
||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар: Көне түркілердің тасқа қашалып жазылған шығармада Тоныкөк , Күлтегін, Білге қаған туралы қандай деректер бар? «Күлтегін» жырының басты идеясы ... деп санаймын. Күлтегінге арнап орнатылған ескерткіштегі жазудан ... байқауға болады . Жырдың қандай тәрбиелік мәні бар? |
||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Ортақ МЕ-дің «тарих, мәдениет және тілдің біртұтастығы» құндылықтарына баулу. Оқушылардың білімге деген құлшыныстарын арттыру. |
|||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Қазақстан тарихы мен география |
|||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Халық ауыз әдебиеті арқылы Орхон-Енисей ескерткіші жайлы түсініктері қалыптасқан |
|||||||||
|
Жоспар |
||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||
|
Сабақтың басы 8 мин.
|
С.Ұйымдастыру шаралары: сәлемдесу, оқкшыларды түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.. «Жүректен –жүрекке» әдісі арқылы сыныпта жағымды ахуалды туғызу. Әр оқушы өзінің сыныптасына жылы тілектерін білдіреді. Сыныпты суреттер арқылы топқа бөлу (Күлтегін, ескерткіш, Білге қаған). Оқушылар суреттердің қиықтарын құрастырып, бір суретті табу керек. Топ «Күлтегін» Топ «Ескерткіш» Топ « Білге қаған» ҚБ. «Қолпаштау» сөздер. Т1.С. «Бес қадам» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру. Ортаға табан іздері тасталады. Оқушыларға Орхон –Енисей ескерткішінің тарихы, шығарманың мазмұнына қатысты сұрақтар қойылады. 1. Орхон –Енисей ескерткіші қашан пайда болды? 2. Тастағы жазу қалай аталады? 3.Басқа топтағы тілден қандай айырмашылығы бар?
ҚБ. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір – бірлеріне кері байланыс жасайды. |
Жүректің суреті бейнеленген жұмсақ ойыншық. Топ атауларының қима суреттері.
Табан іздері бейнеленген суреттер. |
||||||||
|
Сабақтың ортасы 30 мин.
7 минут |
С. «Болжау» әдісі бойынша оқушыларға тақтадан: түрік, руна, тарих, Күлтегін, қаған, Білге, Бумын, Істемі, табғаш сөздері көрсетіледі. Олар осы сөздерді оқи отырып жаңа тақырыпты өздері болжап анықтаулары керек. Т1.Аудиодан жырды тыңдап, негізгі кейіпкерлерге тән мінезді анықтау. Т2..«Джигсо» стратегиясы арқылы оқушылар «Күлтегін» жырының мазмұнымен танысып, тақырыбы мен идеясын, Күлтегіннің ерлік, батырлық болмысын ашады. Мәтінді бөліктерге бөліп, тапсырмалар бойынша әркім өз міндетін атқарады.
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі бойынша балалар бір – бірлерінің жауаптарын бағдаршамның түстерін көрсету арқылы бағалайды. Т3. «Ворд» кестесін толтыру.
Қ.Б. «+,-, керемет» әдісі арқылы оқушылар бір-бірімен кері байланыс жүргізеді. Т4.«Дилог және қолдау көрсету» тәсілін қолданып оқушыларға алдын-ала дайындалған сұрақтар қойылады: Шығарманың негізгі идеясы қандай? Орхон-Енисей жазбалары не үшін осылай аталады. Бұл шығармада не туралы айтылады? Аталған жазбаларды кімдер зерттеген?
Т5.
Тапсырма: Күлтегін кім? Оның
іс-әрекеттерін пайдалана отырып, төмендегі үлгі арқылы
көрсетейік. Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» Қалыптастырушы тапсырмасымен жұмыс жасату. Кері байланыс беру. Т6.Тапсырма: «Күлтегін» мен «Қыз Жібек»жырын салыстыра отырып, оларға тән ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайық.
Т7. «Орхон-Енисей» ескерткішінің орналасуын картадан көрсетіңіз. Дескриптор: «Күлтегін» мен «Қыз Жібек» жырындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтырды ажыратып жазады. «Орхон-Енисей» ескерткішінің орналасуын картадан көрсетеді.
|
Интерактивті тақта.
Аудио тыңдалым.
Интерактивті тақта
Қазақ әдебиеті Оқулығы «Атамұра» 2017
А3 парағы, маркер
Карта
Қазақ әдебиеті «Атамұра» 2017 оқулығы
Интербелсенді тақта |
||||||||
|
Сабақтың соңы 7 мин |
«Мәңгілік Елдің ұрпақтары қандай болуы керек?»тақырыпта сыни шолу жазайық.
| |||||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген