15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары М. Мағауин "Бір атаның балалары" 6-сынып
|
Сабақ тақырыбы: Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» әңгімесі |
Мұғалімнің аты-жөні: А. Керімбекова Күні: |
||||
|
СЫНЫП: 6 «А» |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспаған оқушылар саны: |
|||
|
Сабақтың негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): |
М. Мағауиннің өмірімен танысып, әңгіменің мазмұнымен танысу, тақырыбы мен идеясын ашу; жағдаятты шешу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру; білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер қолдану арқылы негізгі идеяны түсіну; өз бетімен жұмыс жасау барысында қабілетті оқушыны табу; |
||||
|
Сабақтан күтілетін нәтиже: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мұхтар Мағауиннің өмірімен таныс Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: «Бір атаның балалары» әңгімесінен өз түсінгендерін айта алады. Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: «Бір атаның балалары» әңгімесін құрылысына қарай талдай алады. |
||||
|
Тілдік мақсат: |
М. Мағауиннің басқа да шығармаларын біледі, ҰОС туралы мәліметтер біледі |
||||
|
Ресурстар: |
Стикерлер, суреттер, оқулық. |
||||
|
Пәнаралық байланыс: |
География, тарих |
||||
|
Алдыңғы оқу: |
Ә. Марқабаев «Ғарыштағы қымыз» |
||||
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ: |
|||||
|
Сабақ барысы, жоспарланған уақыт |
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер |
Ресурстар |
|||
|
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ (психологиялық ахуал қалыптастыру) 3 минут |
Психологиялық дайындық: Алдымен ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында оқушыларды ортаға шаттық шеңберіне жинап, қол ұстастырып: Доспыз, татумыз Күндей күлеміз. Бәріміз біргеміз, Берік іргеміз. Психологиялық жағдай: І. Топқа бөліну: І.Достық, ІІ.Татулық, ІІІ.Ынтымақ, ІҮ.Бірлік. |
Стикерлер |
|||
|
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ минут Үй тапсырмасын қорытындылау (білу, түсін, қолдану): |
Үй тапсырмасын тексеру. Әбділхамит Марқабаев «Ғарыштағы қымыз»
І топ Ғарышкерлер.
Әбділхамит Марқабаев туралы қосымша деректер ІҮ топ Дәрігерлер. «Қымыз туралы сыр шертсем» |
Оқулық, мәтіндер. |
|||
|
ЖАҢА САБАҚ минут (білу, түсіну, қолдану): |
Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын интерактивті тақтадан Ұлы Отан соғысы және жетім балалар туралы, соғыс жылдарындағы өмір туралы бейнеролик көрсетіледі. – Балалар, бейнероликтен не көріп отырсыңдар? – Соғыс жылдарындағы өмір. – Дұрыс айтасыңдар, ендеше біздің бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар? – Соғыс жылдарындағы өмір, балалар туралы. – Дұрыс, балалар, бүгінгі сабағымызда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өмірі, жетім балалар тағдыры туралы жазылған шығармамен танысамыз. (ҰОС туралы қысқаша тоқталу). Тақтада слайд көрсетіледі. – Мұхтар Мағауин- жазушы. – Қандай шығармаларын білесіңдер? (Слайд көрсетіледі: Мұхтар Мұқанұлы Мағауин- тарихшы, жазушы, драматург, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі, ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты , Қазақстанның халық жазушысы ) 1-тапсырма: Оқушылар берілген парақшалардан дұрыс жауапты алып, топтастыру құрастырады. Жазушы, драматург, тарихшы, зерттеуші, ғалым, қоғам қайраткері. 2-тапсырма: Мәтін мазмұнымен танысу көзбен шолу адамның ұзақ мерзімді жадының маңызды аспектісі болып табылатынын ескеріп, «Дайындал. Назар сал. Оқы.» әдісімен төрт топқа шығарманы оқу үшін бөліп бердім. І топқа – «Бастау» бөлімі ІІ топқа – «Зигфрид Ахметұлы» бөлімінің басынан бастап, «…Көкем айтқан»…сөйлеміне дейін ІІІ топқа – осы әңгімеден «…Ауыл балаларымен кездесу…»деген сөйлемнен бастап, аяғына дейін. ІҮ топқа – мәтін түгел беріледі. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, өздеріне берілген бөліктің мазмұнын айтып береді. |
Экраннан бейнеролик көрсету Оқушыларға «Дайындал. Назар сал. Оқы.» әдісімен төрт топқа шығарманы оқу үшін бөліп беру |
|||
|
САБАҚТЫ БЕКІТУ минут (білу, түсіну, қолдану): |
3-тапсырма:«Кубизм» әдісі бойынша кубик лақтыру арқылы тапсырмалар таңдатып, топтық жұмыс жасайды. 1.Зертте. Ауыл адамдарының тұрмыс –тіршілігі, өмірге көзқарасы 2.Суретте. Ауылға келген алты бала 3.Салыстыр. Ауыл адамдары мен алты жетім бала 4.Қолдан. Шығарманың мазмұнына жоспар құр — деген тапсырмалар бойынша өз топтарына берілген тапсырма бойынша топта талқылап, ойларын постерге түсірді, білімдерін жинақтап постер қорғады. |
|
|||
|
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА минут (білу, түсіну, қолдану): |
«Біз – бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа эссе жазып келу. |
Оқушыларға эссе жазып келу тапсырылады |
|||
|
шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар |
Бұл тәсілдің тиімділігі оқушыларға: -Шығарманы сен қалай атаған болар едің? -Авторға шығарманың қай жерін өзгертуді ұсынар едің? -Шығарма мазмұнына сәйкес мақал — мәтел айт |
|
|||
|
Бағалау |
Сабақтың соңғы «Бағалау» бөлімінде асықпай ойланып жауап беруіне мүмкіндік жасадым. Бұл тәсілдің тиімділігі оқушыларға: |
|
|||
|
Кері байланыс |
«Әткеншек» ойыны. Балаларды екі шеңберге тұрғызу. Ішкі және сыртқы шеңбер кезегімен қозғалып сабақта не болғанын бір-біріне айтады. |
Оқушылар сыртқы және ішкі шеңберге тұрады. Ішкі және сыртқы шеңбер кезегімен қозғалып сабақта не болғанын бір біріне айтады |
|||
|
|
|
|
|||
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы «Қызық таң» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Керімбекова Айгүл Балқыбекқызы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген