Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары Мәтін және оның түрлері 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдеріне тиімді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: №26 ЖББМ

Сынып: 3

Мұғалім: Абуова Шалкар Жалгаскызы

Күні: 07.03.2019

Қатысқаны: 26 Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Мәтін және оның түрлері

Осы сабақ арқылы қол жеткізетін оқу мақсаттары:

3.2.3.1. мәтіннің көмегімен әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау.

Бөлім:

2. Оқылым

Бөлімше:

2.3.Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау

Ортақ тақырып:

Жанды табиғат

Бағалау критерийлері:

Барлық оқушылар:

  • Мәтіннің ережесін қайталайды, құрылымын, бөліктерін талқылайды, хабарлайды.

  • Суреттер арқылы мәтіннің түрлерін сәйкестендіреді.

Көптеген оқушылар:

  • Мәтіннің түрлерін сұрақ қоя отырып салыстырады, анықтайды.

  • Мәтіннің түрлеріне мысалдар келтіріп дәлелдейді

Кейбір оқушылар:

  • Мәтінді бөліктерге бөледі, жалпы құрылымын ажыратады, аргумент келтіреді.

Сөздік қор:

Энциклопедия

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар арасында өзара ынтымақтастық орнатып, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға, өз пікірін айтуға үйрету.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, әдебиеттік оқу, АКТ.

Бастапқы білім

Мәтін

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың барысы

5 минут

Шаттық шеңбері









Критерий:

Мәтіннің ережесін қайталайды, құрылымын, бөліктерін талқылайды, хабарлайды.

Мақсаты. Сындарлы оқу теориясы негізінде «Хат ішіндегі хат» әдісі арқылы өткен тақырыппен байланыстырып сұрақтар қою

Топқа бөлу. «Хат ішіндегі хат» әдісі арқылы топқа бөлінеді.

1-топ. Әңгімелеу

2-топ. Пайымдау

3-топ. Сипаттау

Дескриптор:

  • Хат ішіндегі хатты алып сұрақтарға жауап береді.

  • Мәтіннің ережесін, құрылымын, бөліктерін біледі, ажыратады.

ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі

Үш шапалақ-өте жақсы, екі шапалақ-жақсы, бір шапалақ-орташа.























Топтың ережесі

Picture 3





Picture 1

Сабақтың ортасы 30 минут

Критерий:

Суреттер арқылы мәтіннің түрлерін сәйкестендіреді.

Тапсырма: Топтық жұмыс. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

1-топ. Әңгімелеу мәтіні.

Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл түске боялған. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.

2-топ. Пайымдау мәтіні.

Күз белгісін алдымен ақ қайың сезеді. Өйткені басқа ағаштардан гөрі оның жапырағы бұрын сарғаяды.

3-топ. Сипаттау мәтіні.

Арпа бір жылдық шөп тектес өсімдік. Ол астық тұқымдастарға жатады. Оның сабағы түп-түзу, жіңішке. Масағы төрт қырлы немесе алты қырлы.



Дескриптор:

  • Суреттер арқылы мәтіннің түрлерін ажыратады, сәйкестендіреді.

  • Мәтіндерге сұрақ қойып түрлерін айтады, талқылайды.



ҚБ: «Бағдаршам» әдісі











Мұғалімнің түсіндірмесі

Критерий:

Мәтіннің түрлерін сұрақ қоя отырып салыстырады, анықтайды.

Оқулықпен жұмыс. 38-39-жаттығу.

«Интерьвю» әдісі арқылы ит туралы берілген мәтіндерді оқып салыстырады. Ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, қай мәтінде ит туралы нақты фактілер берілгенін анықтайды.

Дескриптор:

  • Берілген мәтіндерді салыстырады, түрлерін анықтайды.

  • Мәтінді салыстырып, түрлерін анықтады.

ҚБ: «Жапондық мимика»

-О, -о, -о! - 5 -М, -м, -м! -4

Сергіту сәті «Кунг-фу Панда» әдісі

Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем бойынша сұрақтар қойылады. Соған жауап ретінде іс-қимылмен көрсетеді.



Дәптермен жұмыс.

39-жаттығуды дәптерлеріне көркемдеп көшіріп жазады

Критерий: Мәтіннің түрлеріне мысалдар келтіріп дәлелдейді

Алабай Ортақ қасиеті Тазы

Дескриптор:

  • Суретке мысалдар келтіреді.

  • Мәтіннің түрлерін салыстырып, айырмашылығын табады.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі


Критерий: Мәтінді бөліктерге бөледі, жалпы құрылымын ажыратады, аргумент келтіреді.

Тапсырма: «Төрт сөйлем» әдісі

Пікір – тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлерін бір сөйлеммен жазады.

Дәлел – өз пікірлерін бір сөйлеммен дәлелдейді.

Мысал – пікірлерін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді.

Қорытынды – Тақырып бойынша қорытынды шығарады.

Аққу

Аққу – қорғауға алынған, мойны ұзын жыл құсы. Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес. Қауырсыны тығыз, әрі үлпілдек, шымқай ақ түсті.

Ол ұясын жұптасып, қамысы нулы, суы таза, тұщы көлдің жағасына салады. Оның бір ерекшелігі өлгенше жұптарын жазбайды.

Халқымыз аққуды киелі құс санап, оған ешуақытта оқ атпайды.


Дескриптор:

  • Мәтіннің құрылымын, бөліктерін бөліп ажыратып, дәлел келтірді.


ҚБ: «Смайлик»































































Сабақтың соңы
5 минут

Кері байланыс. «Ыстық орындық» әдісі

  1. Бір нәрсе жайында хабарлайтын мәтін ______________ деп аталады.

  2. Зат немесе құбылысты суреттеп сипаттайтын мәтін ______________ деп аталады.

  3. Оқиға, құбылыстардың себептері түсіндірілетін, дәлелденетін мәтін ______________ деп аталады.







Саралау тәсілдері:

1.Дерек көздер: Өтіліп жатқан тақырып бойынша мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстырып дәлел келтірді.

2.Тапсырма: Оқушылардың қажеттіліктері ескере отырып тапсырмалар берілді және қолдап отырамын.

3.Қарқын: Әр тапсырмаға тиімді уақыт пайдаланамын және үлгермей отырған оқушыларға көмек көрсетемін.

4.Бағалау: Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалауды жүргізіп отырамын.

5.Диалог және қолдау: Топтық, жұптық жұмыстарда жетелеуші сұрақтар арқылы диалог болады және әр балаға қолдау көрсетемін.

6.Қорытынды: Оқушылардың түсінген түсінбегенін білу үшін үнемі кері байланыс жүргізіп отырамын.

Ықшамсабақтастықтың ықпалы:

Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқу бағдарламалары, сабақты жоспарлауды, белсенді әдіс – тәсілдерді, SMART мақсат қоюды, бағалау критерийлерін, пәннің оқу – әдістемелік кешенімен жұмыс істей білуді үйрендім.

«Мұғалімге арналған нұсқаулық», «Критериалды бағалау» әр пәнге арналған үлгілік оқу бағдарламаларын пайдаланып, тренер, әріптестермен кері байланыс жасай отырып, жаңартылған оқу бағдарламасын іс – тәжірибеме енгіздім.

Пәндік оқу бағдарлмалары оқу мақсаты, бөлім, бөлімше, ортақ тақырыптан құралатынын білдім. ҚМЖ құруда белсенді әдіс – тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, бағалау критерийлерін құруды үйрендім.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.05.2019
24637
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12