Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары: Мектеп және мектеп қоғамдастығы. Мен және қоғам. 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән: дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мейрамдар.

Күні: 15.10.2020

Сынып: 3

Мектеп: №7 орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрай Айжан Оңалбайқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы. Мен және қоғам.

Осы сабақта

қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.3 қоғамда өзін – өзі ұстау әдеп нормаларын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Қоғамда өзін – өзі ұстау әдептілік нормаларын біледі.

Көптеген оқушылар: Қоғамда нені жасауға болатыны , нені болмайтыны туралы біледі.

Кейбір оқушылар: қоғамдық орындарда өзін өзі ұстау ережелерін құруды біледі.


Бағалау критерийлері

  • Қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін атайды.

  • Қоғамдық орындарды біледі;

  • Қоғамдық орындарда әдептілік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінеді;

Тілдік мақсаттар


Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады.

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз. Қоғам деген түсінікті айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: қоғам, тәртіп ,

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-Қоғамдық орындар деп қандай жерлерді айтамыз?

-Қоғамдық орындарда өздерінді қалай ұстайсыңдар?

-Қоғамдық орындарда нені істеуге болады ?нені істеуге болмайды?

Құндылықтарды дарыту

Жұмыс барысында оқушыларды мәдениеттілікке, өзін-өзі ұстауға тәрбиелеймін, топпен, жұппен жұмыс жасай отырып, құрмет пен ынтымақтастық құндылығын, ашықтық құндылығын дарытамын.

Пәнаралық байланыстар

Оқушылардың ойын жүйелі, байланыстыра сөйлеуін қадағалай отырып, әдебиеттік оқу пәнімен байланыстырамын.

АКТ қолдану дағдылары


Интербелсенді тақтадан бейнеролик көрсету

Бастапқы білім


Отбасы туралы ұғымдары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.


Сабақ басында

Ширату жаттығуы «Ашық микрофон» әдісі арқылы бастапқы білімді өз отбасының құндылықтарын ескере отырып, отбасылық бақыттың құпиясын қайталайды.

Жаңа сабақты топқа бөлуден бастаймыз. Тақырып бойынша түрлі – түсті қағазда топ аттары жазылған қағаздарды алып 3 топқа бөлінеді, қоғам, ұжым , тәртіп.

Қоғам дегенімізді қалай түсінеміз?

Тәртіп дегеніміз не?

Ұжым дегеніміз не? деген сұрақ қоя отырып сабақтың тақырыбын ашып аламын.

Түрлі-түсті қағаз

Сабақтың ортасы

4 мин




































7 мин



































5мин













7 мин
















10 мин






(ТА) 1 тапсырма «Артығын тап» әдісі (топта)

Нұсқау: Оқушыларға кластерден артық сөзді тауып, себебін түсіндіру ұсынылады.

Shape2 Shape1

көршілер

отбасы


Shape4 Shape3

сыныптастар


Shape5

Shape7 Shape6

МЕН


Shape9 Shape8

қызметтестер


Shape11 Shape10 Shape12

адамдар


Shape13

достар





Талқылау жүргізіледі. «Қоғам» ұғымы енгізіледі. Қоғам- бұл мүддесі мен мақсаты бір адамдардың бірлестігі

Сабақ мақсатын анықтау(топта)

Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады

Сабақ мақсаты ұсынылады:

қоғамдық орындарда қабылданған әдептілік ережелерін құру.

Негіздеме: оқушылар талқылай отырып, бір – біріне ойларын айту арқылы ашықтық құндылығын , коммуникативтік қарым – қатынас жасай алу дағдысын қалыптастырамын.

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдана отырып,талқылау барысында көмек қажет ететін оқушыларға сұрақтар қойып қолдау көрсетемін.

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы топтар өзара өздерін бағалайды.

2 тапсырма.(Т,А,О) «ДЖИГСО» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды.(топта)
Нұсқау: оқушылар мәтінді оқи отырып , «Қоғам»деген ұғымның мағынасын ашады. Әр топ қоғам деген не?

Көпшілік орындағы жағдайға сенің көзқарасың қандай?

Қоғамдық орында нені істеуге болады, ал нені істеуге болмайтын әрекеттер қандай? деген сұраққа жауап береді?

Негіздеме: мәтінді оқи отырып сын тұрғысынан ойлау дағдысын дамытамын, құрмет рпен ынтымақтастық құндылықтарына тәрбиелеймін.

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілі бойынша сұраққа жауап бере алмай , қолдау қажет ететін оқушыларға көмектесемін.

Бағалау: Оқушылардың мәтінді оқып сұрақтарға жауап беріп отырған топтар өзара "Үш шапалақ" әдісімен мадақтайды.

Сергіту сәті: бейнеролик арқылы өлеңнің мазмұнына байланысты түрлі қимылдар жасатамын.

3 тапсырма. (Т.А) «Ой шақыру» стратегиясы «Дымбілмес пен Білгішбектің дауы» тапсырмасы (жұпта)

Нұсқау: Оқушыларды жұптарға бөліп аламын. Өзара Дымбілмес пен Білгішбектің рөлдерін бөліп алуды сұраймын. Олар өз ұстанымдары бойынша диалог құрады.

Негіздеме: педагогикалық тәсілдемеге сүйене отырып,білімді функционалдықпен,

шығармашылықпен қолдану және коммуникативтік қарым - қатынас дағдыларын дамытамын. Өзі орындаған жұмысқа жауапкершілікпен қарауын қадағалаймын,ашықтық,ынтымақтастық құндылықтарына тәрбиелеймін.

Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсіліне сәйкес мақтау сөзбен қолдау көрсету арқылы ынталандырамын.

Бағалау: диалогты нақты құрған жұптар өздерін «Смайлик» арқылы бағалайды

4 тапсырма (Т,А,О, Ж ) ҚБ тапсырмасы. Нұсқау: Суреттерге мұқият қара. Балалар қандай тәртіп ережелерін сақтады?

Сен қоғамдық орындарға қатысты тағы қандай әдеп нормаларын білесің? Жаз.

Негіздеме: Оқушылар тапсырмадағы сұрақтарға жауап бере және жаза отырып, тыңдалым , айтылым, оқылым, жазылым дағдысын қалыптастырамын.

Қорытынды тәсілі арқылы саралау : тәртіп ережелері , әдеп нормалары туралы сұраққа жауап беру барысында оқушылардың жауаптары әр түрлі болуы күтіледі. Жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істемей мүмкіндіктеріне қарай жауап берулерін талап етемін.
Бағалау: жауаптары толық әрі нақты жауап берген оқушыларға ауызша кері байланыс жазамын. «өте жақсы!», «жарайсың!», «талпын!»

5 тапсырма (Т,А) «Рөлдік ойындар» әдісі арқылы «Өзіңді қалай ұстау керек...» тапсырмасы (топта)

Нұсқау: Топтар тапсырмасы бар бес карточканың бірін таңдайды.

Автобуста өзіңді қалай ұстау керек?

Дүкенде өзіңді қалай ұстау керек?

Театрда өзіңді қалай ұстау керек?

Кітапханада өзіңді қалай ұстау керек?

Мектеп асханасында өзіңді қалай ұстау керек?

Әр топ қысқа қойылымдар дайындайды және көрсетеді.

Негіздеме: оқушылар оқиғаны сахналау барысында коммуникативтік қарым қатынас дағдысын дамытып, құрмет пен ынтымақтыстық , ашықтық құндылықтарын қалыптастыру.

Қорытынды тәсілі арқылы саралау : тәртіп ережелері , әдеп нормалары туралы сұраққа жауап беру барысында оқушылардың жауаптары әр түрлі болуы күтіледі.Жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істемей мүмкіндіктеріне қарай жауап берулерін талап етемін.

Бағалау: Қойылымнан кейін басқа топтың оқушылары қандай әдептілік ережелерін көргендерін айтып, «Бағдаршам» әдісі бойынша кері байланыс береді.

Кластер










Слайд №3



























Кітап















Сергіту сәті. Бейне ролик









Слайд №4















Смайликтер






Тапсырма жазылған ақ парақтар.














Карточка


Интербелсенді тақта.



Стикерлер

Маркерлер



Сабақтың соңы

4 мин

Рефлексия:

«Жанды әріптер» ойыны

Оқушылар қоғамда қолайлы өмір сүру үшін әрбір әріпке қажетті сипаттарды ойлап табады.

Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 ҚОҒАМ



Интербелсенді тақта


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
1777
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12