Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Менің Қазақстаным" мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп, айтып беруге үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Айсары негізгі мектебі мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші:
Рахимбаева Мадина Мейрамовна

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Менің Қазақстаным

Мақсаты: Қазақстан Республикасының рәміздерін танып біліп, айтып беруге үйрету. Тәуелсіз еліміздің болашағы – жас ұрпақтар бойына Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жері мен елін сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу. Тақпақтар арқылы ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тілдерін дамыту.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, картасы.

Биллингвальды сыңары: Ту – флаг, елтаңба – герб, Астана – Астана.

Оқу іс-әрекеті

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық



































Ұйымдастырушылық

ізденістік

















Рефлексиялық-

түзетушілік

Шаттық шеңбер

Армысың қайырымды Аспан ата!

Армысың мейірімді Жер ана!

Армысың шұғылалы Алтын күнім!

Армысың балабақша дос-жараным!

Ән ұран.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Желтоқсан. Қаңтар. Ақпан. Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер? Күн суық, жердің бәрі аппақ қар. Сендер қалай киінесіңдер?

Біздің мемлекетіміз Қазақстан. Отан дегеніміз туып – өскен жеріміз. Еліміздің елтаңбасы, туы, ән ұраны бар. Тудың түсі қандай? Балалар  тудың түсі көк. Пішіні төртбұрышты, туда қыран құс, күн мен оюдың суреті бейнеленген. Елтаңбада шаңырақ, уық, жылқының суреттері бейнеленген.

Қазақстан мемлекетінің елбасшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

1991 жылы 1 желтоқсанда Н. Ә. Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады. Тәуелсіз ел болдық. Осы тәуелсіз ел болуымызға себепші болған батыр жастарымыз бар. Олар Қайрат Рысқұлбеков және Ләззәт атты жастарымыз.

Балалар біз егемен ел болып, дербес мемлекет болдық. Олай болса теледидардан көрейік.

Сергіту сәті.

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз,

Қарлығаштай ұшамыз

Көбелектей қонамыз.

Енде балалар бір ойын ойнайық. Суретті сұрақ қою арқылы құрастырамыз.

1.Қазақстан мемлекетінің елбасшысы кім?

2.Тудың түсі қандай?

3.Елордамыз қай қала?

Балалар  табыңдаршы ненің суреті шықты? – Бәйтерек.

Бәйтерек қай қалада орналасқан?

Бәйтеректің биіктігі 97 метр. Төбесіндегі шардың салмағы 300 тонна. Бәйтерек еліміздің тәуелсіздігін, бостандығын, егемендігін асқақтатып тұрғаны сөзсіз.

Міне, балалар еліміздің ел екендігін дәлелдейтін елтаңба, ән ұран, жалауымыз туралы толық мәлімет алдық



Шеңберге тұрып, іс – әрекеттерді тәрбиешінің соңынан қайталайды.





Сұрақтарға жауап береді.













































Сергіту сәтін орындайды.

Ойын шартымен танысып, сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін біледі.  

Игереді: Суреттер бойынша еліміздің көрікті жерлерін

Меңгереді: Ойын арқылы сұрақтарға жауап беру барысында, берілген тапсынманы меңгереді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.10.2020
1056
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12