Сабақ жоспары "Менің сүйікті ертегім" 4 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары "Менің сүйікті ертегім" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімділік: оқушыларға бейнелеу өнеріндегі ертегілер кейіпкерлері туралы жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру. Дамытушылық: оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, кезеңдер бойынша суретті тез әрі оңай салуға дағдыландыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Бейнелеу өнері

Сынып: 4

Сабақтың тақырыбы: «Менің сүйікті ертегім»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға бейнелеу өнеріндегі ертегілер кейіпкерлері туралы

жалпы мағлұмат беру, тақырыптың мәнін ашып түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қасиетін дамыту, логикалық ойлау,

дұрыс сөйлеу, есте сақтау, ойдан құрастыру қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, кезеңдер бойынша суретті

тез әрі оңай салуға дағдыландыру. 

Түрі: Топтық жұмыс. 
Әдісі: топтастыру,сұрақ-жауап,иллюстрациялау,жобаны қорғау. 
Сабақтың көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлерінің суреті, презентация,

графикалық материалдар.

Сабақтың құрал –жабдықтары: Сурет альбомы, акварель бояғы, қылқалам, су құятын ыдыс, қарындаш, өшіргіш. 

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 

Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.

II.Өткен материалды қайталау:

Танымдық ойын. Сөзжұмбақ «Ертегі».Сұрақтары: 
- Қазақстанның халық суретшісі. (Қастеев) 
- Пейзаж дегеніміз не?. (табиғатты бейнелеу) 
- Портрет дегеніміз не?. (Адамды бейнелеу) 
- Акварель бояуы мен гуашь бояуының ерекшеліктерін айтып бер.
- Бейнелеу өнерінің бір түрі. (Графика) 
- Он саусағынан өнер тамған халық шеберлері. (Қолөнер)

III.Жаңа материалды меңгерту:

Әлем халқы ертегіге өте бай.Әдеби шығармалардағы кейіпкерлер мен ондағы оқиғаларды көз алдына елестетіп, бейнелеу онша оңай емес, бірақ өте қызықты. Ол шығарманы терең, шығармашылық қызығушылықпен оқып шығуды талап етеді. 
Әр бір халықтың үміт тілегі, аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілері баршылық, яғни ертегі- адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі. Енді суретшілердің сан алуан ертегілерге жасаған көп иллюстрацияларының кейбіріне назар аударайық. Еліміздің белгілі суретшілері ертегілерге иллюстрация жасауға –да аянбай ат салысып келеді.Иллюстрация дегеніміз- ертегі мазмұнына арналып салынған сурет. 
Ертегіні балалар ес кіргеннен бастап тыңдап, есейгенге дейін оқып, үнемі қызықтаумен болады. Ертегі баланы еркін ойлауға, армандап қиялдауға, шындықты танып- білуге баулиды. 
Ертегілер жанрлық ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Олар: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял- ғажайып ертегілер және тұрмыс –салт ертегілері. Ертегінің мазмұнына арнап иллюстрация жасағанда мына талаптар ескеріледі (тақтаға тізімі ілінеді). 
1. Ертегідегі басты кейіпкерлерді анықтап,оларды жеке 
парақтарға жобалап іздеу. 
2. Ертегі ішіндегі ең қызықты уақиғадан сюжеттік көріністер жасау. 
3. әр түрлі мазмұнда ізделген ертегі көріістерін бір жүйеге 
келтіріп, композициялық құрылымын айқындап барып қағаз бетіне түсіру қажет. 
4. Ертегіге арналып салынған иллюстрация ертегінің мазмұнын 
ашуға ықпал жасауы керек. Оның түрлі –түсті бояулары ашық-жарқын болуға тиіс. 
Енді осы талаптарды сақтай отыра жұмыс жасауға кірісейік. ( ертегі мәтінін таратамын). 
Тапсырма: өздеріне берілген ертегі немесе еркін тақырыптағы ертегі кейіпкерлеріне иллюстрация жасау. 


- ертегілер ерекшелігіне қарай неше топқа бөлінеді? 
- біз бүгін қандай ертегілерге иллюстрация жасадық? 
- иә, бірақ біз жұмысты қандай талаптарды сақтай отырып 
орындадық? 
- біз бүгінгі ертегілерде кездескен кейіпкерлерден жағымды , 
жағымсыз кейіпкерлерді тауып, олардың не үшін жағымды, не үшін жағымсыз екендігі жайлы сұрап, өмірмен байланыстыра отырып әр адам тәртіпті тәрбиелі білімді болу керек екендігін айтып сабақты қорытындылаймын. 


ІV. Бекіту. ( Оқушылармен өзіндік жұмыс): Кескіндеме пәні сабағына байланысты тест алынады.

Тест үлгілері:

1. Балама жауаптары бар тест

2. Таңдамалы тест

3. Толықтыруды қажет ететін тест.

I Балама жауаптары бар тест.

1. Акварель - суда еритін мөлдір бояу

а) иә б) жоқ

2. Белгілі көңіл күйді беретін бірнеше түстер жиынтығы түстер гаммасы

а) иә б) жоқ

II Таңдамалы тест

1. Бояу араластыратын тақта

а) пастель

ә) палитра

б) нобай

2. Қазақ халқының қымыз құятын ыдысы

а) ожау

ә) кесепқап

б) торсық

III Толықтыруды қажет ететін тест

1. Бейнелеу өнерінде жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейтін көркем шығарманы.................................................. дейміз

2. Түс және бояумын алуан тәсілдер қолданылатын бейнелеу өнерінің түрін............................................................... дейміз

Тест сұрақтарының дұрыс жауаптары

Балама жауаптары бар тест

1. а)

2. а)

Таңдамалы тест

1. ә)

2. б)

Толықтыруды қажет ететін тест

1. Натюрморт

2. Кескіндеме

V. Қорытынды. Сабақ соңында оқушылардың білімдерін бағалап, үйге төмендегідей 
тапсырма беремін: әр оқушы ойдан ертегі құрастырып, сол ертегіге иллюстрация жасауы керек. 
Арыстан мен түлкі. 
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрыңғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатып: 
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты. 
Арыстан өзінің халін білуге келген аңдардың бірін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды. 
Бір күні түлкі үңгірден алысырақ тұрып: 
- Халіңіз қалай, тақсыр ! – деп көңілін сұрады. 
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің?- біраз сөйлесейік, - дейді арыстан. 
Түлкі: 
-Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ, соңдықтан кіруге қорқып тұрғаным!- деп жүріп кетіпті. 
Көктем сәні. 
Таң атты. Барлық жан-жануар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан керіліп, созылып кешеуілдеп тұрды. Жайнап тұрған далаға көз салып, көңілденіп сала берді. 
-Жар салдыр, -дейді жолбарысқа. - Аң біткен жиналсын! 
Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті. 
-Бәріне бір сұрақ беремін, -дейді Арыстан. 
-Көктем сәні неде? 
-Жасыл желек, тоғай - деді Жолбарыс. 
-Тау мен тас, дала – деді Қасқыр. 
-Ашық аспан, салқын самал - деді Аю. 
-Шалқыған көңіл, шаттың шуақ - деді Түлкі 
-Күлкі, жігер –деді қоян. Сол уақытта елік орнынан лып етіп тұрып: 
- Мен айтатын ештеңе қалған жоқ, меніңше, 
Көктем сәні осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қосақ, көктемнің сәні шығады. Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. 


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
2284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі