Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Металлдарды кесу түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Кесу процесі — бұл металдарды жоңқаларды алу жолымен өңдеу. Жоңқаны кескіш аспаптармен алады. Металдарды кесу қол аспабымен жөне металл кесу білдектерінде жүзеге асырылады. Металды кесудің негізгі операцияларына: кесу, аралау, бұранда ою, жону, бүрғылау, жонғылау, сүргілеу және ажарлау жатады. Неғұрлым жоғары дәлдіктегі жөне төменгі кедір-бұдырлы беттер өңдеу кезінде ұңғылау, қыру, үңгіштеу және басқа операциялар қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін

ОІЖ директордың орынбасары

__________


Сабақ жоспары

Металлдарды кесу түрлері

(сабақ тақырыбы)


Бөлімнің атауы- Модуль атауы /пән Материалдар мен құралдарды өңдеу негіздері
Құрастырған оқытушы
"__"____________ 20_ ж


      1. Жалпы мағлұмат

      Курс, топ 1 курс,

      Сабақ түрі теориялық сабақ


2. Мақсаты мен міндеттері Темір кесетін құрал-жабдықтармен білім алушыларды таныстыру.

 2.1 Оқу процесінде студенттер игеретін кәсіби дағдылардың тізімі

Студенттерге металды кесу жұмыстары жөнінде мағлұмат беру. Олардың қызметі мен жұмыс жасау қағидаларын үйрету.

3. Сабақтың жабдықталуы

      3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Материалтану пәні бойынша силабус

      3.2 Техникалық жабдықтар, материалдар

Компьютер, интерактивті тақта


      4. Сабақ барысы

Кесу процесі — бұл металдарды жоңқаларды алу жолымен өңдеу. Жоңқаны кескіш аспаптармен алады.
Металдарды кесу қол аспабымен жөне металл кесу білдектерінде жүзеге асырылады. Металды кесудің негізгі операцияларына: кесу, аралау, бұранда ою, жону, бүрғылау, жонғылау, сүргілеу және ажарлау жатады. Неғұрлым жоғары дәлдіктегі жөне төменгі кедір-бұдырлы беттер өңдеу кезінде ұңғылау, қыру, үңгіштеу және басқа операциялар қолданады.
Металдарды кесу мен өңдеу кезіндегі маңызды практика-лық міндет — өңдеу режімін дұрыс таңдау.
Өлшемнің, сызбаның, өрнектің немесе бұйымның, тіпті суреттің бейнесін металдың бетіне түсіруді белгі түсіру деп айтамыз.
Белгілеу сызығы негізгі, бақылаушы және көмекші сызықтарға бөлінеді.
Негізгі белгілеу сызыгымен арнаулы бүйым сызбасының шекара сызығьш, өңделуін белгілейді. Бақылаушы белгілеу сызық негізгі сызыктың жанынан қатар жүргізіледі, ал көмекші белгілеу сызығын симметриялы бөліктерді, дәл ортаны жөне шеңбердің, радиустың ортасын белгілейді.
Темірге белгіні бізбен тырнау арқылы, ал түсті металға белгіні каламмен сызу арқылы түсіреді.
Бірақ қаламньщ ізі жүмыс барысында қол жиі тиген кезде тез кетіп қалады. Ол үшін қаламмен түсірілген күрделі сызбаның (өрнектер, бейнелер, т.б.) үстінен бір қабат нитролак жағып шығу керек.
Темірге бұйымның елшемін түсіру кезінде дайындалатын бүйым-ныңнақтылы өлшемі белгіленеді және шикізатты үнемдеуге көңіл бөлінеді. Бүл әдіс өндірісте жекеленген және үсақ-түйек бұйымдар шығаруда көп қолданылады. Ал өте күрделі бұйымдар шығаратын өндірістерде бұл әдіс арнаулы білдектің көмегімен сызылып белгіленеді.
Бұйымның өлшемі темірге үш түрде түсіріледі: түзу белгіде, бір жазықтықтағы белгіде және кеңістіктегі белгіде.
Бір өлшемдегі түтас темір бөлігін алу үшін (мысалы, сымтемір, т.б.) түзу белгідегі әдіс, белгілі бір бүйымның жалпы көлемін қамту үшін бір жазықтықтағы әдіс, ал кез келген бұйымның, өрнектің, т.б. бейнесін металға түсіру үшін кеңістіктегі белгі әдісі қолданылады.
Темір бүйымның өлшемін немесе белгілі бір бейнені түсіру үшін арнаулы құралдар қолданылады.
Олар: темір сызғыш, бүрыштама, біз, арнаулы өлшегіш аспап түрлері, арнаулы шеңбер сызғышы, т.б.
Арнаулы біз темірге белгілі бір бұйымның нақты өлшемін немесе өрнектің бейнесін түсіруге арналған. Өндірісте біздің үш түрі кең көлемде қолданылады, олар: басы үшкір, қатты сым темірден жасалынған біз, басы үшкір, аяғы қайырылған, арнаулы түтқалы біз, ауыстырмалы инелі біз.
Біздің барлық түрлері алдын ала белгіленген елшем орнын немесе сызықтың бұрышын батыру арқылы белгілеу үшін қолданылады. Бүл өдіс, өдетте, сызылған бүрыштарды анықтау үшін, қайта сызып алу мүмкіндігін сақтау үшін немесе бұрғылау орны нақтылы белгіленуі үшін қолданылады.
Қарапайым түртпе — бұл үзындығы 100, 125 немесе 160 мм-лік, көлемі 8, 10, 12 мм-лік домалак пішінді, басы үшкірленген болат темір. Оның үратын басы жіңіпткеріл доғал келеді. Түртпенің үшы жалпы 60°-та өңделеді. Өте дөлдікті қажет ететін түртпе — 30—45° шамасындағы түртпе, ал шеңбер тесілетін орынды белгілеуге бүрышы 75°-тық түртпе қолданылады.
Арнаулы түртпелер — қоңыраулы пішінді, циркульді (шеңбер-сызғы), механикалық, электр қуатымен іске қосылатын больш бөлі-неді. Арнаулы түртпелер өте жауапты жүмыстарға қолданылады. Ол берілген күш арқылы із түсіріп, серіппетң көмегімен өз орнына, артқа кетеді. Шеңберсызғы түртпе шеңбердегі белгілерді қоюға жөне оны екінші жерге нақтылы өлшемде көпгіруге арналған. Сондайақ геометриялық өлшемдерді белгілеуге, көшіруге өте қолайлы. Шеңберсызғы түртпенің қарапайым жөне серіппелі түрлері болады.
1. Материалга белгі түсіру дегеніміз не?
2. Белгілеу сызығының неше түрін білесіндер?
3. Темір өңдеуде белгі, өрнек, өлшемдерді түсірудің кандай маңызы бар?
Темір өңдеудегі, өрнек түсірудегі күрал-саймандардың түрлеріне, атқаратын кызметі мен касиеттеріне сипаттама беріңдер.
Металдармен жүмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері
Жұмыс басталғанға дейін
• Жұмыс орнында орындалатын жұмыстардың ерекшеліктері жөніндегі нұсқамадан өту.
• Арнаулы киімді кию.
• Мұғалімнен тапсырма алу.
Тапсырманы алғанан кейін
• Қажетті жеке қорғаныш құралдарын (аспапты қайрау, болат және қаңылтыр табақтарын дайындау мен тазарту кезіндегі қорғаныш көзілдірігі) дайындау.
• Жұмыс орнының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру.
• Жұмысты орындауға қажетті аспаптар мен жабдықтарды дайындау және олардың қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарына сәйкестігін тексеру.
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің мынадай талаптары бұзылған кезде жұмысты бастауға рұқсат берілмейді:
а) аспаптар мен қорғану құралдарының ақаулығы болғанда;
ә) жұмыс орны жеткіліксіз жарықтандырылғанда.

Металды кесу, шабу және егеу

Бөлшектердің немесе  дайындамалардың материалдарына, пішіндеріне және өлшемдеріне байланысты, оларды кесу қол немесе механикаландырылған аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Оларға тістеуіктер, қол және электр қайшылары, қол және пневматикалық аралар, құбыр кескіштер және т.б. аспаптар жатады.

Қол қайшыларымен кесу барысы:

1. Қажетті материал таңдалады және тазартылады, кесу үшін материалға белгі сызықтар салынады.

2. Дайындаманы жеңіл көтеріп, өзіне қарай бағыттайды.

3. Қайшының пышақтарын дәл белгі сызығына бағыттайды.

4. Дайындаманы кесіп болғаннан соң оны түзетеді, қырларын қабыршықтан тазалайды, сүйір бұрыштарын доғалайды.

5. Сызғыш және бұрыштама құралымен кесу сапасын тексереді.

Металдарды шабу

Шапқымен кесудің мәні және міндеті. Шапқымен кесу деп металдарды бөліктерге бөлу үшін немесе олардың артық қабаттарын шауып тастау үшін қолданылатын операцияны айтады. Бұл тұрпайы операцияға жатып, дайындамаларды станокта өңдеу қиын немесе  тиімсіз болған жағдайда қолданылады.Шапқымен кескеннен кейін тағыда өңдеуді керек етеді.

Металды шабу процесі. Шапқымен кескен кезде кесу аспабы металды бөліктерге бөледі немесе жонқалайды. Кесу процесіне қолайлы болу үшін кескіш аспаптардың кесетін бөлігі сына тәрізді етіп жасалады.

Шапқылап кесу аспаптары.Шапқымен кесу кезінде кесетін аспаптар қашау және крейцмеисель, ал ұратын құрал-балға.Шапқы-көлденең қималы сопақша стержень. Крейцмейсель жіңішке ойықтар мен жырықшаларды шабуға арналған. Крейцмейсельмен металдардың қалың қабатында бірнеше жырықшалар ойылып, олардың арасындағы металды шапқымен шабады.

Металдарды егеумен өңдеу.Егеулердің көмегімен дайындама бетінен бір қабат материалды алу тәсілі металдарды егеулеу түрпілеу деп аталады.Егеудің механикалық және автоматтандырылған түрлері болады.

Дайындамаларды ию және түзету

Дайындамаларды ию процессі: Дайындаманың қалпын берілген сызба бойынша деформациялау арқылы кеңістіктегі қажетті пішінін жасайтын слесарлық операцияны айтамыз.

Түзету процессі: Балғамен плитаның үстіне қойып түзету. Жіңішке икемге көнгіш сымдарды арнайы жұмыр ағаш, металл бұйымға салып түзету, екі жалпақ ағаш арасынан ысқылап өткізу, бір түзудің бойына қағылған шеге арасынан өткізу арқылы түзету.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2021
983
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12