Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: _______________
Күні: _______________
№: 17
Мұғалімі: _________________________
Сыныбы: 6
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Отбасының жылуы
Құндылығы: Сүйіспеншелік
Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық
|
Мақсаты: Оқушыларға отбасылық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:
|
Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) 3. bilim-all.kz |
|
Сабақтың барысы:
5 Т – ережесі:
Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет! 2. Үй тапсырмасын тексеру. 1. №16 – сабақ. Оқулықта берілген 4 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №17, «Ата - анам ізгі адамдар» мәтінін оқып келу. Сұрақтар:
|
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі. (Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды) Үйінде бақытты адам – әлемде бақытты адам. Л.Н.Толстой Лев Николаевич Толстой - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицист Сұрақтар:
|
|
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы) Асығыс үкім Бір кісінің үйінің төменгі қабатында ағаш өңдейтін шеберханасы бар екен. Ол есік пен терезе жасап күнелтеді. Бір күні жұмыс істеп жатқанда электр қуаты өшеді. Ұзақ уақыт бойы күтсе де жанбайды. Қасарысқандай, сол кеште тапсыруы керек болған бірнеше терезе бар еді. Біраз демалу үшін үйіне көтеріліп бара жатып сақтандырғышқа көзі түседі. Біреу сақтандырғышты өшіріп қойған екен. Ажыратқышты (рубильник) қосқанда цехта жарық жанады. Бірақ мұның мәнісін түсіне алмайды. Жұмысқа қайта кіріскенінде сол нәрсе тағы қайталанады. Бірақ бұл жолы кінәлі адамды көрді. Баласы үй мен цех арасындағы сатыдан дыбыссыз, ақырын түсіп, сақтандырғышты өшіріп жатқан кезінде әкесін дәл алдында көреді. Әкесі он жасқа енді толған баласының мұндай опасыздығын кешіре алмайды. Соның кесірінен бір күні босқа кетті. Бір рет қана істеген болса, бәлкім, үн қатпас еді. Шаштарынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Мүмкін бұл ұрған шапалағы енді қайта опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жастарына қарамастан үйіне кіріп, әйеліне былай дейді: – Мына баланың мектепте кімдермен араласатынын білуіміз керек! Егер бос жіберетін болсақ, басымызға бәле болуы мүмкін! Кейін ең оңай жолын табады. Баласының еш қалдырмай ұстап жүретін күнделігінде достарына қатысты мәлімет бар еді. Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай, оны оқи бастайды. Баласының ең соңғы бетте былай жазғанын көреді: «Бүгін түнде жаман түс көрдім... Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Әкем қауіп – қатерден аман болса екен! Мен қолымнан келгеннің бәрін істеймін!» Сұрақтар:
|
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Оқушылар төрт топқа бөлінеді. 1 – топ: «Жанашырлық» Бала – ананың бауыр еті. 2 – топ: «Мейірімділік» Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың
өмірлік парызы. Ана алдында — құрмет, Ата алдында — қызмет. 4 – топ: «Ізгілік» Ана алақанының аясы — Ақ
шынардың саясы. |
|
|
Топпен ән айту. Қайрат Нұртас. Ой ойлатқан талай -талай өтті күндер алыс, Міне бүгін бізде үй-жай, ол да біздің парыз. Өз үйіміз бір отан бір береке, Қандай қызық бір қыдырсаң жанұямен бірге. Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің, Тосу менен өтті талай күні менен түнім, Шарашап келсем жұмыстан мен үйге, Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. Жанұяның бір қызығы арадағы бала, Онсыз үйде болған емес құт- береке сірә, Жастайымнан еркелетіп өсірген, Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана! Қайырмасы: Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған, Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған. Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған, Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям. |
|
|
7. Үй тапсырмасы. 1. №17 – сабақ. Оқулықта берілген 1 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №18, «Менің анам» мәтінін оқып келу. |
|
Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары Отбасының жылуы 6сынып

шағым қалдыра аласыз