Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: Поэманың көркемдік ерекшеліктері. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Поэманың көркемдік ерекшеліктері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Уақыты: 16.05.2024


Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова Х.Н.


Сыныбы: 10 А

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Тарау:

Поэманың көркемдік ерекшеліктері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

10.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну.

10.1.2.1 - әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану;

Сабақ мақсаты

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

Идеялық мазмұнын түсінеді.

Алдыңғы білімі

Оқушылар алдыңғы сабақта «Жалғыз» поэмасының мазмұнын талдады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған қызмет түрлері:


Ақпарат көздері


Басы

3 мин


Қызығушылықты ояту

https://www.youtube.com/watch?v=Bp4QU9vftqc

Жәркен Бөдештің өлеңін тыңдап, ондағы астарлы ойды анықтайды. Ойларын ортаға салып, автордың айтпақ болған ойын табады. Сабаққа кіріспе жасайды.

Оқушылар 1-ден 5-ке дейін рет санымен саналып, 5 топқа бөлінеді.



Ортасы

34 мин


Оқушыларға тарау тақырыбы, тілдік дағды мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады. 1 мин

Мағынаны тану кезеңі

Поэма эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.

Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен, дәуір, ұлт рухын беруімен, өткен оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді. Жазба әдебиет дамуының өне бойында поэма әдебиеттегі бірден – бір жетекші салаға жатады. Өзінің жанрлық мүмкіндігіне қарай, поэма әр түрлі көркемдік құрылымда, атап айтқанда, сюжетті, сюжетсіз, драмалық, монологтықтолғаныс түрлеріне жіктеледі. Поэмада көтерілген проблемалар, тақырып пен идея, сюжет пен композиция, кейіпкерлер жүйесі эпикалық кең тынысқа негізделеді.

Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.

Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.


1-тапсырма ТЖ.

«Әдеби шеңбер» стратегиясы

(Топтар өздеріне ұсынылған шығарманың бөлігімен жұмыс жасайды. Топтағы оқушылардың рөлі анықталып, әркім өз рөлі бойынша зерттеу жүргізіп, креативті постер әзірлейді).


Талқылаушы – шығарманың жанрлық ерекшелігін ажыратады. Поэманың сюжеттік желісі мен композициялық құрылымына талдау жасайды.

Байланыстырушы – поэмадан алынған үзінділерді тарихи шындықпен байланыстырады, үзінділердің идеяны ашудағы орнын анықтайды. Поэмаға арқау болған тарихи шындық және көркемдік шешімге тоқталады.

Топ шешені – поэмаға негіз болған тақырыпты талқылайды, поэмада көтерілген мәселені тақырыппен үндестіріп түйінді ой айтады.

Белгілеуші – авторға шығарма мазмұны негізінде 2 жуан, 2 жіңішке сұрақ дайындайды.

Қорытындылаушы – поэмадағы автордың тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдап қорытындылайды.


Әр топтан өз тобының жұмысын таныстырушы өкіл сөйлейді.


Бағалау

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау парағындағы критерийлер бойынша бағалайды.

Критерийлер

Рубрикалар

Төмен

Орта

Жоғары

Шығарманың жанрлық ерекшелігін ажыратады. Сюжеті мен композициясына талдау жасайды.




Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын ашады. Мәтіннен нақты мысалдар келтіру арқылы ойларын дәлелдейді.




Постер мазмұнында әр оқушы өз рөлі бойынша зерттеу жүргізіп, ойын креативті береді.




Постерді қорғауда өз ойларын шығарма мазмұнына сүйене отырып, дәлелді түрде сенімді жеткізеді.





«Галереяға саяхат» әдісі

Топтар жұмыстарын «Галереяға» іледі. Барлық постер қорғалып болған соң оқушылар өздеріне ұнаған жұмысқа стикер жапсыру арқылы «Үздік постерді» анықтайды.


2-тапсырма. «Кейіпке кіру» әдісі Ж.

Оқушы автор кейпіне кіріп, топта құрастырған сұрақтарға кезектесіп жауап береді. Шығармадағы негізгі идеяны, астарлы мағынаны, бүгінгі таңдағы өзектілігі жөнінде түйінді ой айтады.





Таратпа қағаз №1

















Таратпа қағаз №2

Маркер, А3 парақтары





























Бағалау парағы




















Соңы

3 минут

Рефлексия

«Табыс сатысы»







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2025
143
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12