Материалдар / Сабақ жоспары Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы 8 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сабақ жоспары Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысын салыстырып, прокариоттық және эукариоттық жасушалардың ерекшеліктерін сипаттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2021
1288
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

8-сынып. Биология пәні

Сабақтың тақырыбы: § 1. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы.

Сабақ мақсаты: прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстырып, прокариоттық және эукариоттық жасушалардың ерекшеліктерін сипаттау.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Көрнекілігі: плакат, тапсырма жазылған үлестірме құралдар, видеоролик.

Пәнаралық, пәнішілік байланыстар: химия, технология, экология

Сабақ жоспары:

  1. Амандасу, түгендеу

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Жаңа сабаққа көшу



8.1.А.Жасушалық биология:


Мектеп: КММ «Қаратерек орта мектебі»

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні: Мукашова Динара Камарьяновна

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Прокариоттық эукариоттық жасушалардың құрылысы

(жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру


Сабақтың мақсаттары

  • Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;

  • Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;

  • прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.

Бағалау критерийлері

  • прокариоттық, эукариоттық жасушаларын сурет бойынша ажырата алады;

  • прокариоттық, эукариоттық жасушаларының айырмашылықтарын түсіндіре алады;

  • прокариот, эукариоттарға мысалдар келтіре алады;


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • прокариот және эукариот жасушаларымен байланысты негізгі терминдерге ауызша, жазбаша анықтама береді.

  • прокариот және эукариот жасушаларына тән құрылымдарды атап жасушаларды ауызша сипаттай алады;

  • прокариот және эукариот жасушаларының айырмашылықтарын сурет/сызбада белгілеп жаза алады;

  • ауызша сұрақтар құрастырып, қоя алады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология:

прокариоттық жасуша, эукариоттық жасуша, жасушалық мембрана, цитоплазма, ядро, вакуоль, митохондрия, хлоропласт, рибосома, жасуша қабырғасы, мебраналы органоидтар, ядролық мембрана, талшық, капсула, мезосома, сақиналы ДНҚ. 

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Егер жасушада ядролық мембранасы бар болса, онда бұл ...жасуша. Жасушада мембраналы органоидтар кездесетін болса, бұл...жасуша.

Прокариоттық жасушаның мөлшері эукариоттық жасушаға қарағанда...


Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыс кезінде оқушыларда ынтымақтастықта бола білу, өзгелердің пікірімен санасу, сыйластық, адамгершілік құндылықтарын дарыту жүзеге асырылады. Үлгілеу кезінде өз білімін жетілдіруге деген жауапкершілігі дамытылады. Сабақта алған білімдерін жаһандық мәселелерді шешуде қолдануға қатысты талқылаулар арқылы жаһандық азаматтық қалыптастырылады.

Пәнаралық байланыс

Цитоплазмадағы заттар туралы білім арқылы химия пәнімен,

үлгілеу немесе аппликация жасау дағдылары арқылы технология пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

Оқушылар жаратылыстану курсынан жасуша және ұлпа ұғымдарын біледі. 7 -сыныптан өсімдік жануар жасушаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, жасуша құрамбөліктері (пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана мен жасуша қабырғасы) қызметтерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин


Ой толғау: Тақырыптың өзектілігін ашу үшін «Барлық тірі ағзалардың жасушалары бірдей ме?» сұрағы қойылады.

Сұрақты талдау нұсқаулығы:

1- топтарда талқылау.

Бұл тапсырмадан оқушылар барлық тірі ағзалардың жасушалары бірдей емес, олар тіршілік ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келеді деген қорытынды шығарады.

Бүгінгі сабақтың мақсаты жасушалар түрлеріне байланысты деп, оқушылармен бірге таныстырылымның көмегімен прокариот және эукариот ұғымдарына анықтама беріп, сабақтың мақсаттарын анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -3 слайдтар





Сабақтың ортасы

4-17 мин




































Мазмұнды меңгеру: Ресурс және мазмұн арқылы оқушыларға ақпарат көздері ретінде жасушалардың суреттері/ ақпарат парақшалары, таныстырылым ұсынылады. Осы ресурстармен таныса отырып, оқушыларға жасушалардың сызба/үлгі/апликациясын жасау сұралады. Бұл жұмысты топта, немесе жұпта орындатуға болады.

Нұсқаулық:

1 топ.

1. прокариоттар жасушасының үлгісін жасау

2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасуша қабырғасы, талшық, капсула, мезосома, сақиналы ДНҚ)

3.жасуша өлшемін көрсету

2 топ.

1. эукариоттық жасуша үлгісін жасау

2. жасуша құрылымдарын белгілеп жазу (жасушалық мембрана, ядро, цитоплазма, митохондрия, рибосомалар, ЭПТ, Гольджи жиынтығы, пластидтер, ДНҚ, ядролық мембрана)

3. жасуша өлшемін көрсету

1, 2- қосымша



флипчарттар, маркерлер

желім, қайшы, ермексаз, түрлі-түсті қағаздар, жіп, моншақтар сияқты қол астындағы ұсақ заттар.





4-8 слайдтар

17-27 мин

Оқушылар жасаған макет-үлгілерін қорғайды. Эукариоттық және прокариоттық жасушалардың ерекшеліктерін атап көрсетеді.

Оқушылар басқа топтардың жұмыстарын бағалайды.

Топ жұмыстарын өзара бағалайтын стикерлер

27-36 мин

Прокариоттық және эукариоттық жасушаларын салыстырып Венн диаграммасын толтырады. Толтырылған диаграммаларды салыстырып өзара бағалау жүргізу ұсынылады. Салыстыру нәтижесінде жасшалардың айырмашылығын анықтап, естеінде сақтайды.

3- қосымша

9 слайд

Сабақтың соңы

37-40 мин












Рефлексиялық эссе" тәсілі

- Мен сабақ басында ....... деп ойладым

- Сабақ ортасына келгенде ...... түсінік қалыптасты.

- Сабақ соңында ....... шешімге келдім.

- ....... деп қорытынды жасадым.



Үй тапсырмасы: Сабақ бойы кездескен терминдерді қолданып кроссворд құрастыру (прокариот, эукариот, ядро, рибосома, плазмида т.б)

10– слайд








Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Кейбір алғыр оқушылардан органеллдердің қызметтерін сұрау арқылы саралауды қамтамасыз етуге болады.

Саралау оқушыларға қосымша ресурс түрлері мен мазмұнды саралау және өз мүмкіншілігіне сай жұмыс жасау (сурет салу, аппликация жасау, басқаша үлгілеу), ақпараттың қосымша көздерін ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Қызығушылығы жоғары оқушыларға прокариот жасушаларының генетикалық ақпаратының ерекшеліктерін зерттеу тапсырмасы ұсынылады.

Қабілеті төмендеу оқушыларға, немесе кейбір сурет салуды ұнататын оқушыларға прокариоттық және эукариоттық жасушалардың суретін салу тапсырмасын ұсынуға болады.


Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың ауызша жауаптары, үлгілеу жұмыстары, оларды қорғауы және Венн диаграммасын толтыруы, ауызша жауаптары мен сұрақтар қою арқылы бағаланады.



Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партаға дұрыс отыруына назар аудару.

Үлгілеу кезінде қайшы, желім сияқты жұмыс құралдарымен жұмыс жасау кезінде абай болу.

Үлгілеу кезінде белсенді қозғалыс жасайды










Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!