Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары: "Қаратпа сөз" 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың топтық жұмыс арқылы жұмыс жасауға баулу. Өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі

Бөлім: Жанды табиғат

Күні:

Сынып: 3


Мектеп: № 1. «Мырзакент» мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні:

Туркменбаева Жанар Тулегеновна

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:


Сабақ тақырыбы

Еңбекқор жәндік. Қаратпа сөз

Осы сабақта қол жеткізі-летін оқу мақсаттары

3.1.6.1 интонацияны, вербальды емес тілдік құралдары (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдаман назарын аудару.

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталаған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және статистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

3.3.7.1 қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

- қаратпа сөздерді анықтай алады; жағдаяттарға байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар:

-диалогқа қатыса отырып, мұғалімнің жетелеуімен мәтіндегі негізгі ойды анықтай алады; сөйлемнің мағынасына сәйкес тиісті тыныс белгілерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар:

-мәтін мазмұнына қатысты өз пікірін білдіріп, ой қорытып, талдау жасай алады.

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

-қаратпа сөздерді анықтайды, тыныс белгілерін ажыратады.

-диалогқа қатысады;

-мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

-мәтін мазмұнына қатысты өз пікірін білдіреді, ой қорытады, талдайды.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер: илеу, өрмек.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

-Илеу деген не?

-Өрмек деген сөзді қалай түсінесің?

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын-тұрғысынан ойлауға, қарым-қатынас жасауға, өмір бойы білім алуға баулу.

Денсаулық, техника қауіпсіздігінің сақталуы

Сынып бөлмесінде, сабақтағы іс-әрекетте, сергіту сәтінде жеке бастың жалпы қауіпсіздігін қатаң ескеру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу пәні аясында мәтіннің маңызды тұстарын анықтау.

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру. («NIS» 2017ж)

Жаратылыстану пәні аясында суретпен жұмыс жүргізу.

3.1.2.1 ақпараттық көзінің түрлерін анықтау. («NIS» 2017ж)

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта:

-ақпаратқа нәтижелі түрде қол жеткізуі арқылы, АКТ-нің сауаттылығы артады,ойлау дағдысы дамиды.

Ресурстар

Бейнежазба, суреттер, жұлдызшалар, смайликтер, оқулық, жұмыс дәптері.

Батсапқы білім

Мәтін туралы түсінік қалыптасқан, оның бөліктері мен түрлерін ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы:


7 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа көңіл бөлдіру.

2. Жағымды психологиялық климат қалыптастыру:

«Арқаға жазылған комплименттер» әдісі.

-Әр оқушының арқасына түйреуішпен ақ парақ бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқасындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды.

3. Топқа біріктіру:

-Еңбекқор жәндіктердің суретін пайдаланып, үш топқа біріктіремін. Әр оқушы өзіне ұнаған жәндіктердің суретін алып, бір топ құрайды.

І топ: «Құмырсқа».

ІІ топ: « Ара».

ІІІ топ: «Дәуіт»

Рисунок 1

(ҚБ) Оқушыларды мақтау-мадақтау. –Жарайсыңдар!

4. (ҰЖ) «Нақты сұрақ, дәл жауап» әдісі арқылы өткен сабақты бекітемін.

Тапсырма:

-Мәтін деген не?

-Мәтін бөліктерін ата.

-Мәтіннің әр бөлігі қалай басталады?

-Мәтін түрлерін ажырат.

Дескриптор:

-мәтін ережесімен таныстырады;

-бөліктерін атайды;

-түрлерін ажыратады.

(ҚБ): Жұлдызшалар арқылы бағалау.




-ақ парақ








-жәндіктердің суреттері

















-слайд; АКТ








- жұлдызшалар

Сабақтың ортасы:


25 мин











































Сергіту сәті:

2 мин






1 – тапсырма: (МК), (ТЖ). «Кейіпкерлер әлемі» әдісі.

Бейнежазба бойынша жұмыс жүргізу.



Тапсырма:

-Табиғатта жәндіктер қорегін қалай табады?

-Жәндіктер де еңбектенеді деп айтуға бола ма?

Дескриптор:

-Жәндіктердің қорегі жайлы айтады.

-Жәндіктер де еңбек ететініне көз жеткізеді.

(ҚБ): «От шашу» әдісі.

2 – тапсырма: (ТЖ) (оқулықпен жұмыс)

«Оқиық және жауап берейік» әдісі.


Тапсырма: (әр топқа тапсырмаларды бөліп беру)

1-топ: Мәтінді оқы, тыңда, мәтін мазмұны бойынша сұрақ қой. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің қолданысына назар аудар. Бұл сөздерді түсіріп айтып көр. Не байқадыңдар?


2-топ: Мәтіндегі қаратпа сөздерді тап, ата, мағынасын түсіндір.


3-топ: Мәтін жалғасын тап, «болжап көр» әдісін пайдаланып, әрі қарай не болуы мүмкін?

Дескриптор:

-Мәтінді оқиды, тыңдайды, сұрақ қояды. Сөздерді түсіріп айтып көреді, не байқағанын айтады.

-Қаратпа сөздерді табады, атайды, түсіндіреді.

-«Болжап көр» әдісі арқылы әрі қарай не болу мүмкін екенін айтады.

(ҚБ): «Үш шапалақ» әдісі.


3 – тапсырма: (ЖЖ) «Сұрақ-жауап» әдісі. (дәптермен жұмыс)


Тапсырма:

-Неліктен еңбек етуге әдеттену керек?

-Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемді ата, дәптерге жаз.

Дескриптор:

-Еңбек ету әдеттерін атайды.

-Қаратпа сөзі бар сөйлемді табады, дәптерге жазады.

(ҚБ): «Басбармақ» әдісі.


«Әдемі ойлай және демала біл» әдісі.


Мақсаты:

Оқушылардың сабаққа белсене қатысуына ықпал ету.


Оқушылар түзу отырады, қолдарын тізеге қояды, көздерін жұмады, терең дем алады да:

Дауыстап: «Мен арыстанмын» деп демін ішке алып, арыстанша дауыстап сыртқа шығарады.

Дауыстап: «Мен құспын» деп демін ішке алып, құстар сияқты дауыстап, сыртқа шығарады.

Дауыстап: «Мен сабырлымын» деп демін ішке алып, сабырлы үнмен сыртқа шығарады.

-Сіз сабырлысыз, сіздің қолыңыздан бәрі келеді...


4 – тапсырма: (ЖЖ) «Айналмалы бекеттер» әдісі.

Тапсырма:

-2-3-тапсырманы басшылыққа ала отырып, әңгіме мазмұнынан не түсінгенін байқа, әр жұп бір-біріне неге? неліктен? не себептен? сияқты пікір білдіруге бағытталған сұрақтар қою, жауап алу; ережемен танысу.

Дескриптор:

-Әңгіме мазмұнына байланысты әр жұп бір-біріне сұрақтар қояды.

-Сұрақтарға жауап алады.

-Ережемен танысады.

(ҚБ): «Смайликтер» әдісі.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
1323
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12