400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сабақ жоспары "Қазақстандағы көрікті жерлер" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы көрікті жерлер

Мектеп:№7

Күні: 05.09.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні:Назарова Бибигуль

СЫНЫП: 6А

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Түркістан

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

6 3.5.1Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау құрастырып жазу.

6.3.3.1..Мәтіннің негізгі және қосымша ақпаратты, көрсетілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

Сабақ мақсаттары

Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, мінездеме, құттықтау құрастырып жаза алады.

Мәтіннің негізгі және қосымша ақпаратты, көрсетілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыра алады;

Тілдік мақсат

Пән лексикасы және терминология: көз тоймас жерлер, сілемдер, бірегей табиғи құрылымдар, шатқалдар, көл шөгінділері, таңбалы тас.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер;

  • Менің ойымша, өз ойымды ... сабақтар едім, қызықтырар жайттар т. б.

Бағалау критерийі

- Тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасайды;

- сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Құндылықтарды дамыту

Отансүйгіштік, өз мемлекетінің жетістігі үшін мақтаныш

АКТ қолдану дағдылары

Оқулық, суреттер, әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, өзін-өзі тану, биология, география

Бастапқы білім

Пәнаралық байланысты ескеру және алдыңғы бөлімде дамытылған тілдік түсінік пен дағдыларға сүйенеді. Бөлімнің тақырыбы: «Аспан әлемінің құпиялары», бөлімше: «Ай мен Шолпан». Тілдік дағдылар осы тақырып аясында дамытылады.

Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


І.Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылар таңдаған өлең жолдары бойынша үш топқа бөлінеді. Өздеріне тиесілі өлең жолдарын мәнерлеп оқып, ондағы көркемдегіш құралдарға мән береді, сабақтың тақырыбын болжайды.


Құмы алтын, дәні шекер, қаймағы бал

Елімнің Алакөл атты аймағы бар.

Күн тура көлден шыға келетіндей

Мұнда кеп шомылауға Ай да құмар.

Ғ.Жандыбаев

Тұнықта тұнық бар ма екен-ау тұнығыңдай,

Шарқ ұрған шағалаң да бір ұлыңдай.

Бір сілкіп бұрқыратып Аралтөбе,

Арқаңа тастай салған бұрымыңдай

Айжарық ақын.

Алакөл тамсанамын келбетіңе,

Өзіңдейжербармаекенжербетінде.

Қабанбайбабамыздыңрухыболып,

Толқыныңтолқыпжатыртербетіле

ЕстайӘлекеев

2.Үй тапсырмасын «Қар үйіндісі» әдісі арқылы сұрақтар жазып үй тапсырмасын сұраймын.

үлестірмелер

Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі









Ортасы

10 минут
















Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия

Кері байланыс

5 минут

Тапсырма-1 Сіз - ұлттық нақыштағы заманауи сәнді киім үлгілерін тігетін жаңадан ашылған сән үйінің басшысысыз. Қазақстандықтарға сән үйіңіздің ерекше қызметтері туралы жарнама мәтінін жазыңыз (60-80 сөз).

Бағалау критерийі Білім алушы

Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді

Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды

Дескриптор Білім алушы

- жарнама жанрының талаптарын еске түсіреді;

- жарнама мәтінінде сән үйінің атауы, ондағы қызмет түрлері туралы ақпарат береді;

- мәтін мазмұнында оқырманның назарын аударатын лепті сөйлемдерді қолданады.

Тапсырма-2. Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтап алыңыз. Анықталған ақпараттар негізінде 3 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызға жұбыңыздан жауап алыңыз.


Түркістан, 1879 ж

Түркістан – Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Ясыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.

Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Ясауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..

ХІҮ ғасырда, яғни А.Ясауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, “Хазреті Түркістан” немесе “Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.

ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.


Бағалау критерийі Білім алушы

Мәтідегі нақты ақпараттарды анықтайды

Анықталған ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады


Дескриптор Білім алушы - мәтіндегі 3 нақты ақпараттарды анықтайды; - анықталған ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады. Рефлексия

Екі жұлдыз, бір тілек.

Үйге тапсырма

«Алтын Емел» аталуының себебін қарастырып келу

Үлестірме

лер














Мәтін







Үлестірме

лер


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

оқушыларға антоним сөздер жазылған үлестірме парақшалар беру, сұрақ құрастыруда қыстырма, қаратпа сөздер ұсыну, тіркестің мағынасын ашатын жетекші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетемін. Басқаларға қарағанда қабілетті оқушылардың деңгейлік тапсырмаларды орындау сапасын бақылаймын


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


ынталандырушы бағалау әр тапсырмада тұрған құлыптың кілтін алу

Бақылау парағы:оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалыптастырушы бағалау нәтижесі бойынша бақылау парағына түртіп отырамын.


Денсау-лық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Менің ойымша, сабақтың оқу мақсаттары мен міндеттері орындалады. Себебі, тапсырмалар оқу мақсатына сай беріледі. Сабақта оқылым дағдысына көп көңіл бөлдім.

Тапсырмаларды орындау үшін «Дара диаграмма », «Семантикалық карта» белсенді әдістерді қолдандым.

«Сәйкестендіру» әдісі бойынша оқушылар нақты ақпаратты табуға үйренеді.

Саралау талапқа сай іске асырылды деп ойлаймын.

Қритериалды бағалауды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алдым.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




МДОІЖО: Ш.Құлажанова












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қазан
2018
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі