жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары. Қазақстанның топырақ түрлері
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3.4 Биосфера |
Мектеп: |
||||||||||||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||||||||||||||||
|
Сынып: 7 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстанның топырақ түрлері
|
||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
7.3.4.3- Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды |
||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Қазақстандағы топырақ түрлерін, таралуын білу; Топырақтың таралу заңдылықтарын түсінеді; Биіктік белдеулік бойынша топырақ түрлерін салыстыра алады, таралу заңдылықтарын түсіндіріп, бағалайды. |
||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі |
Топырақ түрлерін және таралуын біледі. Топырақтың таралу заңдылықтарын түсінеді Қазақстанда топырақ түрлерінің таралу заңдылықтарын дәлелдей алады |
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: топырақ түрі, топырақ жамылғысы, қарашірік, биіктік белдеулік терминдеріне түсіндірме бере алады. Ауызша және жазбаша сөзге
арналған қажетті сөйлемдер:
Топырақтың ауысуы тек жазықта ғана емес, тау етегінен тау
басына Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және алуан түрлі,
бірақ Қазақстанда топырақ жамылғысының зоналылығы Топырақ түрлер мен таралуын біледі, түсіндіре алады. |
||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Қарым-қатынас жасау қабілеті, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау. ынтымақтастық, өмір бойы білім алу. Сөйлеу дағдысын қалыптастыру. |
||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Биология( өсімдіктер) химия(күрделі қосылыстар) математика |
||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
7.3.4.2 Топырақ және оның құрамы туралы біледі. Түрлерін анықтап, құрылымын графикалық түрде көрсетеді. |
||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Дереккөздер, ресурстар |
|||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру. 2 мин Психологиялық ахуал туғызу. Топқа бөлу. Қара, қоңыр, сұр қоңыр түстер бойынша 3 топқа бөлінеді. Ой қозғау. «My Test» тестісі. 5 мин «Топырақ туралы мен білемін» «Миға шабуыл» 3 мин Сыныптың түстер бойынша топтарға бөлінуі бүгінгі сабаққа қандай қатысы болуы мүмкін? Бүгінгі сабақтан не күтесіз? Топырақ түстерінің әртүрлі болу себебі неліктен деп ойлайсыңдар? Жаңа сабаққа ену. Сабақ мақсаты мен критерийлермен таныстыру. 1 мин. «Стоп кадр» әдісі. 3 мин Топырақ түрлерінің таралуы туралы видео көрсетіледі. Сұрақтар. 1.Топырақ жамылғысы туралы 2.Топырақ түрлерін ата 3. Таралу заңдылықтарын сипатта Кері байланыс : Жеке жұмыс
|
Стикерлер «My Test» бағдарламасы Презентация
Бейне материал
БББ кестесі
|
|||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы |
Ж. Деңгейлік тапсырмалар ұсынылады: 8 мин. А деңгейі. Атласты қолдана отырып, суретте көрсетілген топырақ түрлерінің қайсысы Қазақстанда кездесетінін анықтаңыз (күлгін топырақ, батпақты топырақ, орманның сұр топырағы, қара топырақ, сұр топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ). В деңгейі. Осы топырақ түрлерін кездесетін аймақтарына қарай
топтастырыңыз Дескриптор - А деңгейі. Атласпен жұмыс жасап, топырақтың Қазақсанда кездесетін түрлерін анықтайды; - В деңгейі. Осы топырақ түрлерін кездесетін аймақтарына қарай топтастырады; - С деңгейі. Топырақ түзуші факторларды ескере отырып, таралу себептерін зерттейді, қорытынды жасайды.
2.Топырақ түрлері және үлесі бойынша диаграмма құру.5 мин. Дескриптор: Табиғат зоналары бойынша топырақ типтерін сәйкестендіреді, Топырақ типтері бойынша диаграмма құрады. Кері байланыс. БББ кестесі Тж. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. 6 мин. І- топ Картамен жұмыс. Картаны пайдалана отырып топырақ түрлерін анықтаңдар. ІІ-топ «Қазақстанның топырақ түрлері» кестесін оқып-үйреніп, қызыл қоңыр топырақ құрамындағы қарашірінді қабатының қалыңдығын және пайыздық мөлшерін анықтаңдар ІІІ-топ Қазақстанның жазық жерлерінде қандай топырақ зонасы тараған? 2. Топырақтың құнарлығын бір қалыпты ұстап тұруға бола ма немесе ол міндетті түрде құнарсыздануы керек пе? Өз ойларыңды фактіге сүйене отырып жеткізіңдер. Дескриптор: Табиғат зоналары және топырақ карталарымен жұмыс жасай алады. Топырақ қарашірігінің қалыңдығын анықтай алады. Топырақтың құнарлығын сақтаудың жолдарын біледі. Кері байланыс. БББ кестесі |
Оқулық материалдары, қосымша материалдар, атлас, топырақ және табиғат зоналары картасы Сәйкестендіру кестесі, Оқулық 115 бет, 2-кесте БББ кестесі БББ кестесі |
|||||||||||||||
|
Сабақтың соңы |
Сыныптық талқылау. 4 мин. Ашық сұрақ. Қазақстан аумағындағы топырақ жамылғысының солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай заңды түрде ауысуы неге байланысты? Түсіндір. Кері байланыс: «Қарлы кесек» |
Қарлы кесек |
|||||||||||||||
|
Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану |
|||||||||||||||
|
Жалпы сынып оқушыларының білімін тексеруде «»Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтуы мүмкін Уақытты тиімді пайдалана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде қолдануға болады.
Мен оқушылар түрлі тапсырмалар орындағанда оларға барынша жұмыс жасауға, тақырыпты түсінуіне жан жақты қолдау көрсетуге тырысамын. Мысалы, Алдыңғы білімін анықтау мақсатында ұсынылған «My Test» электронды тестісін орындау кезінде оқыту мен оқудың тиімді тәсілдерінің Электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану тәсілі көрініс тапты. Себебі, оқушыларда: уәжді арттыра алады; қарым-қатынас жасау, ынтымақтастық орнату және тапсырмаларды тиімді іске асыру үшін қолданылады; оқушылардың ақпарат іздеп, өз тәсілдерін табуына мүмкіндік бере отырып, олардың өз үлесін қосуына септігін тигізеді; сыныптан тыс өз бетінше білім алуға мүмкіндік береді. «Стоп кадр» әдісі Белсенді оқу тәсілінде көрініс тапты. Себебі: жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырады; қателіктер бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады; нәтижесі – терең білім; көзқарасты өзгертеді. Топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бірлескен оқу тәсілінде байқалады:Себебі: тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіреді; ақпарат алу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіреді; тиімді дербестікті дамытады – бірлескен табысқа қол жеткізеді. «Сәйкестендіру» тапсырмасында Саралау тәсілінің мынадай әрекеттері көрініс тапты: Яғни оқушыларда, түсінік пен дағдылар тереңдейді; өзіне деген сенімі мен оқуға деген уәжі артады; оқушыларға идеяларды тереңірек түсінуге көмектесе отырып, шығармашылыққа ынталандырады; барлық оқушылар үшін тиімді; барлық оқушылардан күтілетін нәтижені арттыра алады. |
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдерді жазыңыз.
Сабақтағы әр кезең бойынша оқушылар БББ кестесін толтырады. Яғни алған білімдерін таразылай отырып, өз білімдеріне сын көзбен қарап кестені толтырады. Мұғалім тарапынан сабақ бойы ауызша қолдау көрсетіліп отырады. Сабақ соңында оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» кері байланысын толтырады. |
Сізге сабақ жоспарын әзірлеу үшін басқа пән мұғалімінің кеңесі қажет пе? Сабақтағы шаралар барысында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төнбей ме? Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану Оқушылар осы сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?
Алдыңғы білімін тексеру мақсатында оқушылармен «My Test» бағдарламасымен жұмыс істейді. |
|||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген