жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сабақ жоспары: Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» 10 сынып
|
Бөлім: Тарих тағылымы |
Мектеп: Ақсуат МБК |
||||
|
Күні: 11.04.2024 |
Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова Х.Н. |
||||
|
Сынып: 10 А |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» |
||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну. |
||||
|
Оқу мақсаттары |
Барлық оқушылар: «Бесеудің хаты» драмасының сюжетін білу; |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы |
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Жағымды психологиялық ахуал. «Мен - мақсат адамы» психологиялық дайындық Жігер деген - МЕН Күш деген - МЕН Махаббат деген -МЕН Кешірім деген - МЕН Жастық деген - МЕН Денсаулық деген - МЕН Жарқындық деген - МЕН Бар ғажайып деген - МЕН Бәрі маған байланысты - Бәрі менің қолымда! ІІ. Қызығушылықты ояту: Оқушылар «Кластер» әдісімен өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында жұмыс жүргізеді.
Ашар шылық
«Бесеудің хаты»
Драма Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. |
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. |
Қалыптастырушы бағалау
|
10-сынып қазақ әдебиеті |
|
|
Сабақтың ортасы
|
ІІІ. Мағынаны тану. Балалар, біз Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасына арқау болған тарихи оқиғалармен таныстық. Енді драма мазмұнымен таныспас бұрын әдеби-теориялық ұғымдарды еске түсірейік.
Сюжет (фр. sujet - зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Оқулықпен жұмыс: «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды. 1-тапсырма. Шығарманың композициялық құрылысы:
Шығарманың прологін анықтаңдар.
1-топ. Шығарманың 1-бөлімінің 1-сурет бойынша композициялық құрылымына талдаңдар.
2-топ. Шығарманың 1-бөлімін 2-сурет бойынша композициялық құрылымына талдаңдар.
3-топ. Шығарманың 1-бөлімін 3-сурет бойынша
композициялық құрылымына талдаңдар.
4-топ. Шығарманың 1-бөлімін 4-сурет бойынша композициялық құрылымына талдаңдар.
5-топ. Шығарманың 1-бөлімін 5-сурет бойынша композициялық құрылымына талдаңдар.
Дескрипторлар
ҚБ Бекіту тапсырмасы. Тест 1. «Бесеудің хаты» драмасының басты кейіпкері кім екенін табыңыз. A) Сәкен Сейфуллин B) Ғабит Мүсірепов C) Мұхтар Әуезов D) Ахмет Байтұрсынов 2. Пьесада «Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың даусы сізге жетпей жатыр» деген сөзді И.Сталинге айтқан қоғам қайраткері кім екенін табыңыз. A) Мұстафа Шоқай B) Әлихан Бөкейханов C) Тұрар Рысқұлов D) Халел Досмұхамедов 3. Хат авторларын белгілеңіз. A) Сәкен Сейфуллин, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытов, Жаһанша Досмұхамедұлы B) Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфендияров, Мұхамеджан Тынышбайұлы C) Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев D) Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Міржақып Дулатов 4. Пьесада қазақ даласына келген зұлматты жырлайтын ақын кім екенін табыңыз. A) Нартай B) Жамбыл C) Тұрмағамбет D) Мұрын 5. Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» пьесасының кейіпкерлерін белгілеңіз. A) Сталин, Тұрар Рысқұлов, Әзиза, Иман B) Сандуғаш, Малқар, Мүнира, Арман C) Құрамысов, Балым, Жантоқов, Исаев D) Қорған, Елемес, Сәлима 6. Пьесаның негізгі оқиғасы қай жерде өтетінін көрсетіңіз. A) Алматы. Ғабит Мүсіреповтің кабинеті B) Кремль. Сталиннің кабинеті C) Алматы. Казкрайком. Голощекиннің кабинеті D) Мәскеу. Тұрар Рысқұловтың кабинеті 7. Бюро жиналысында: «Рысқұлов – пантюркист! Мүсірепов – ұлтшыл» деп айғайлайтын Бюро мүшесі кім екенін белгілеңіз. A) Иванов B) Исаев C) Елеусіз D) Жантоқов 8. Ғабит Мүсіреповтің «Тамұқ ол кісіге таңсық емес екен-ау» деген сөзі кімге арналып айтылғанын белгілеңіз. A) Қарабайға B) Сталинге C) Голощекинге D) Құрамысовқа 9. Пьесаның эпилогі Данте Алигерьидің «Құдіретті комедия» шығармасының қай бөлімімен үндес екенін табыңыз. A) «Жұмақ» B) «Күнәдан тазару» C) «Тамұқ» D) «Тыныштық» 10. Ғабит Мүсірепов аштық жайлаған елді аралап жүріп, кіммен кезігіп тілдескенін табыңыз. A) Амангелдінің жары Балыммен B) Құснимен C) Күләндамен D) Нұрханмен Дескрипторлар
ҚБ Үйге тапсырма: 2-бөлім бойынша шығарманы композициялық құрылымына талдау. |
Оқушылар драма мазмұнымен таныспас бұрын әдеби-теориялық ұғымдарды еске түсіреді. Ережелермен танысады. Драманың жазылу тарихына тоқталады. «Бесеудің хаты» драмасын рөлдерге бөліп оқиды. Оқушылар шығармаға сатылай кешенді талдау жасайды. Шығарманың композициялық құрылысына талдайды. Оқушылар «Т» кестесі арқылы шығармадағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Бүгінгі тақырып бойынша бекіту сұрақтарына жауап беріп, ой қорытындылайды. |
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау
|
10-сынып «Қазақ әдебиеті» Ш. Мұртаза шығармашылығы Әдебиет теориясы https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B8%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B3 https://www.elana.kz/sherhan-m%D2%B1rtazany%D2%A3-%D2%9Banatty-s%D3%A9zderi/
|
|
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия.
|
|
|||
шағым қалдыра аласыз











Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген