400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Сабақ жоспары. "Шәкірт ойы" Сұлтанмахмұт Торайғыров 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Туған жерім -аялы алтын бесігім

Педагогтің аты-жөні:

Көрпебаева А.

Күні: 14.11.23ж.


Сыныбы:6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Шәкірт ойы»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.3.2.1 кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру;

6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;

Сабақтың мақсаты

- кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға береді;

- көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру


Үй тапсырмасын сұрау

Ойқозғау

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Қызығушылықты ояту

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда кім болам?!

  • Балалар, Сұлтанмахмұт атамыз алдына «халықтың көзін ашсам, еліме пайдам тисе» деген ұлы мақсат қойды. Сіздер келешекте қай салада халыққа пайда тигізіп, ел игілігіне бағытталған жұмыс атқарғыңыз келеді?


Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне бүгінгі сабаққа қатысты ойларын шығады.



Т иімділігі:оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады



Оқулық, жұмыс дәптерлері


Жаңа білім



1-тапсырма.

2-тапсырма. Жеке жұмыс.

«Шәкірт ойы» өлеңін оқиды.

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр - бірі де
Бұл мақсаттан бұра алмас;
Қаһарман, Рүстем, Әлі де
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі,
Алдандырмас бірісі.

Дескриптор:

көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды

Сабақтың ортасы

.


Берілетін тапсырмалар:

Тапсырма

Топтық жұмыс










1-топ. Қараңғылықтың кегі, мұздаған елдің жүрегі, надандық теңізі сөздерін қандай сөздермен алмастырар едік?

2-топ. Өлең жолдарының негізгі идеясын басшылыққа алып, еліне, халқына қызмет ететін тұлғаның моделін жасайық. Оны сынып алдында қорғайық.

2-топ. Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!- деген өлең жолдарын «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңімен салыстыра отырып талдаңдар. Төмендегі кестеге салыңдар.

Ақын өмір сүрген кездегі шәкірт ойы

Бүгінгі шәкірттердің ойы




Дескриптор:

өлең кейіпкерінің түрлі қырларын салыстыра отырып баға береді;







ҚБ: «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі арқылы бағалау.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

Сергіту сәті

«Айнаға сурет салу» тәсілі


Балаға 3 жапырақша бересіз. Бұл – «айна». Артында жазылған сөздерге сай өзін салуы керек. Ол сөздер мыналар: «Мен ата-анамның көзімен», «Мен өзімді қалай көремін», «Мен достарымның көзімен».





Тапсырма

Жұптық жұмыс

Өлеңді жатқа оқу сайысы ұйымдастырылады.

Мұғалім сынып оқушыларымен бірігіп, сайыстың ережесі мен бағалау критерийін құрастырады. А3 көлемді қағазға жазып тақтаға іледі.Оқушыларға өлеңнің қалған екі шумағын жаттап, алғашқы жаттаған шумақпен қоса мәнерлеп жатқа оқудан жарысады.

Бағалау Оқушыларға бағалау парақшасы таратылады. Оқушылармен бірігіп жасаған критериий бойынша бағалайды.

(Мұғалім бағалау парақшасын сынып ерекшелігіне қарай өзгертеді).

№

Бағалау критерийлері


1

Өлеңді кідірмей айтады

4

2

Мәнерлеп оқиды

3

3

Сөздерін жаңылмай айтады

3


Дескриптор:

көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді жатқа айтады


Сабақтың соңы

Бекіту

Сауалнама


1. Сендердің ойларыңша жарқын болашақ деген не?

А)Бақытты болашақ

В) Еліміздің өркендеуі

С) Менің ойымша ...

2. Болашағың жарқын болуы үшін қандай әрекеттер жасап жүрсің?

А) Сабағымды жақсы оқып жүрмін

В) Ата-анамның кеңесін үнемі тыңдаймын

С) Мен әлі ештеңе жасап жатқан жоқпын

3. Біздің еліміздің өркендеуі сенің жарқын болашағыңа әсер ете ме?

А) Елімнің өркендеуі менің болашағыма әсер ете ме?

В) Өз дамуым өзіме әсер етеді

С) Мен оны әлі қарастырмадым


Сауалнама қорытындысы жасалады


Үй тапсырмасы


Ақын қолданған көркемдегіш құралдарды тауып, түрлерін анықтаңдар.




Рефлексия

«Бес саусақ»

Балалар қағазға өздерінің қолының контурын сызып шығып, әр саусағына сабақ бойынша алған әсерлерін жазады



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
407
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі